Урок казахского языка Жаз

Раздел Иностранные языки
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жаз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру.
Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе
алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық,

Сабақтың әдіс-тәсілі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, аудару,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең

- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Бүгін нешесі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Үйге не берілді?

ІІ. Үй жұмысын тексеру

2- тап 130 бет аудару

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Тақтадағы суретке қарай отыра сабақтың тақырыбын ашу (Тақтада жаз суреті бейнеленген)
- Балалар, суретте не бейнеленген?
- Бұл жылдың қай мезгілі?
- Жазда қандай өзгерістер болады?
- Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды?
- Ендеше, өздерің түсінгендей біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жаз» тақырыбы.

«Жаз»

Яна Гүл ектік бақтарға.

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалды

Тұратын көз тартып,

(Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту)

2. Жаңа сөздермен жұмыс

Жыл мезгілі -время года
Демалады -отдыхают

Шомылады - купаются

Күнге күйеді- загорают

Маусым -июнь

Шілде- июль

Тамыз- август

а). Тақтада жазылған сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды
б). Оқушыларға тізбектетіп оқыту

в). Жаңа сөздерден сөзтіркесін құру

3.Кітаппен жұмыс

а)мәтінді оқу, аудару (чтение с пометкой) 2- тап 132 бет
Жаз

Жаз - өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары - маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. күйеді. Балалар жазды өте жақсы көреді.


Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

б)3- тап 132 бет керекті сөздерді қойып айт

в) карточкамен жұмыс

Жазда күн .....(қыска, ұзақ ) болады.

Ең ұзақ күндер.... (қырқүйекте, маусымда) болады.

Жазда......(қар, жаңбыр) жауады.

Ең ыстық жыл мезгілі - ......(қыс, жаз)

ІV Сабақты бекіту

4. «жаз» сөзіне кластер құрау

әдемі
ыстық каникул

гүлдер Жаз көл

шомыламыз орман
көңілді

5. Тақтадан оқушылардың «Жаз» тақырыбына салған суреттерін көрсету.

V. Сабақты қорытындылау
1. Әр оқушыға жаз туралы бір сөйлемнен айтқызу.
2 тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау
Жылдың төрт мезгілібар: ..., ..., ..., ... .
Бір жылда ... ай бар.
Жаз айлары: ..., ..., ... .
Ең ыстық жыл мезгілі: ... .

Жазда ....... демалады.

Жазда........жауады.

V. Үй жұмысы:
сөздерді жаттау.

VІ. Бағалау




Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі

« Новая Жизнь негізгі орта мектебі » КММ






Урок казахского языка Жаз

Урок казахского языка Жаз



2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022