Сабақтың тақырыбы: Дауыстылардың жазылуы (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 8.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Дауыстылардың жазылуы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға тіліміздегі дауысты дыбыстардың жазылуы мен айтылуы жөнінде түсінік беру; жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу

3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың жазылуы мен айтылуы жөнінде түсініктерін дамыту, түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Дуысты дыбыстар турылы түсінік.

2.Тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар дегеніміз не? оларды атау.

3.Жақтың қатысына қарай ашық және қысаң дауыстылар дегеніміз не? оларды атау

3.Еріннің қатысына қарай еріндік және езулік дауыстылар дегеніміз не? оларды атау.

246- жаттығу.

Ашық дауысты дыбыстар

Қысаң дауысты дыбыстар:

Жолдасым, бар,жолдас, ол,қайда, барсам, қасымнан, бармайды, жатсам, жазсам, болса, сендерде, жолдас, бар ма?

Бір, тырбиып,

ІІІ.Жаңа тақырып .Дауыстылардың жазылуы.

Ашық дауыстылардың жазылуы

Ереже

Мысалы:

1

А, е дауыстылары сөздің барлық буынында жазылады.

алақан, мақала; ереже, елгезек.

Сөз басындағы ж,ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келгенде келген а дыбысы көбінесе ә болып айтылады, бірақ а әріпі жазылады:

жай-жәй, шай-шәй.

2

Ә дауыстысы көбінесе сөздің бірінші буынында жазылады

ә-сем, ә-леу-мет, дәу-рен, кә-сіп, ән, т. б.

Ескерту:

1).Ә әрпі мына сияқты сөздердің екінші буынында естілуі бойынша жазылады:

сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, күмән, зәмзәм, шүбә, мүсәпір, Күлән, Күләш, Күләй;

2) Ә әрпі біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында жазыла береді:

ендігәрі, әжептәуір, Гүлжәмила, Бейсенәлі, кәп-кәрі, әлсін-әлі.

3) О, ө дауыстылары сөздің бірінші буынында жазылады.

бө-рене, кө-белек, ө-сімдік, оқ, тор, төр.

Ескерту:

1) О әрпі орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында жазыла береді:

кино, синоним, домино;

2) О, Ө әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында жазыла береді:

көркемөнер, төсек-орын, алабота, Айнамкөз, т. б.

Қысаң дауыстылардың жазылуы.

Ереже

Мысалы:

1

Ұ, ү әріптері сөздің бірінші буынында жазылады.

ұзын, ұлы, құ-лын, күн, құн, ұн, жұ-дырық, т. б.

Ескерту: .

1.Ұ, ү әріптері мына тәрізді сөздердің екінші буынында жазылады:

бұлбұл, мазмұн, мақұл, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, байғұс, мағлұмат.

2) Ұ, ү әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буындарында жазыла береді:

қыстыгүні, көкқұтан, мал-мүлік, күп-күрењ, т. б.

2

2. Ы, і әріптері сөздердің барлық буындарында жазылады.

ыдырау, ыстық, абырой, айығу, іскер, көрініс, қабілет, қатынас, ықылас, қыртыс, т. б.

Ескерту: Кейбір сөздердің соңғы буынындағы ы, і дыбыстары тәуелдік жалғауынан басқа қосымшалар жалғанғанда, жазуда түсіп қалады:

орын+а=орна, ойын+а=ойна, бұйыр+ық=бұйрық, жиын+ал=жинал, қорық+ыт=қорқыт.

3

И,й дыбыстарына біткен етістіктерге -у, -а жұрнақтары жалғанда, олар ю, я болып жазылады:

қи+у=қию, қи+а=қия, и+у=ию, кей+у=кею, тый+ады=тыяды

,

Еріндік және езулік дауыстылардың жазылуы.

Ереже

Мысалы:

1

О,Ө әріптері қазақтың бір буынды сөздері мен көп буынды сөздерінің алғашқы буынында ғана жазылады

орақ, қолғап, бөрік, көгершін, және т.б.

Біріккен сөздердің құрамында о,ө әріптері екінші,үшінші буындарында жазылады:

Нарынқол, Сабындыкөл, Жантөре, аскөк және т.б.

2

2.Алғашқы буындағы еріндік о,ө,ұ,ү дауыстылары ауызша сөйлеу кезінде кейінгі буындағы езулік ы,і,е, дыбыстарының айтылуына әсер етеді. Бұлай айтылу қазақ тілінің орфоэпиялық нормасына сай болып саналады. Бірақ жазылуда ы,і сақталады.

орын-орұн, өлең-өлөң,ұлым-ұлым,гүлі-гүлү.

3

Ы,і әріптері сөздің барлық буынында жазылады:

ыс, ыстық, ыдырау,болатын, іс, істік, күнкөріс, күміс,күміст.б.

Үш буынды сөздердің ортасында көмескелеу естілетін қысаң ы,і дыбыстарының әріптері түсірілмей жазылады:

абырой-абырой, жаурын-жауырын, жапрақ-жапырақ, шұғла-шұғыла.

4

Ы,і дыбсытарына аяқталатын сөздерге дауысты дысбыстан басталған қосымша жалғанады, ы,і әріптері түсіріліп жазылады:

алты+ау- алтау, екі+еу-екеу,

5

Ы,і дыбыстарына аяқталатын сөздерге -у жұрнағы жалғанғада , ы,і әріптері түсіріліп жазылады:

оқы+у-оқу, шоқы+у-шоқу, жібі+у-жібу

6

Соңғы буынында ы,і дыбыстары бар сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанады, соңғы буындағы ы,і әріптері сақталып жазылады:

уақыт+ы, уақыты, өсім+і, өсімі, бауыр+ы, бауыры.

Ескерту:

а) тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңданып кететін сөздерде ы,і әріптері түсірілмейді:

көрік+і -(ұстаның)көрігі, білік+і(арбаның) білігі, қорық+ы- (мемлекеттің)қорығы;

Ә) соңғы буындағы ы,і дыбыстары үнді дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанады, ы,і әріптері түсіріліп жазылады:

халық+ы, халқы, орын+ы-орны.

7

Ы,і дыбыстарына аяқталған етістіктерге й жұрнағы жалғанғанда, ый, ій әріптерінің орнына и әрпі жазылады:

ері+й (ді) - ериді, оқы+й (ды) - оқиды.

8

И дыбысына аяқталған сөздерге у,а жұрнақтары жалғанғанда, олар ю,я болып жазылады:

ки+у-кию, ти+у-тию, қи+а- қия, жи+а, жия.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс.

250-жаттығу. Сөздегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар. Керекті әріптер: а,ә,о,ө,е

251-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті керекті әріпті қойып жазыңдар. Керекті әріптер: ы,і,ұ,ү

252-жаттығу . Мына сөздердің қалай жазылатынын біліп алыңдар да, түбір мен қосымшаға бөліңдер.

V.Сабақты бекіту:Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдау жасату

А

жуан, езулік, ашық дауысты;

Ә

жіңішке, езулік, ашық дауысты;

О

жуан,еріндік, ашық дауысты;

Ө

жіңішке, еріндік, ашық дауысты;

Е

жіңішке, езулік,ашық дауысты;

Ұ

жуан, еріндік,қысаң дауысты;

Ү

жіңішке, еріндік, қысаң дауысты;

Ы

жуан,езулік,қысаң дауысты;

І

жіңішке, езулік,қысаң дауысты;

У

жуан да, жіңішке де; еріндік, қысаң, дауысты;

И

жіңішке, езулік, қысаң дауысты;

Э

жіңішке,ашық,езулік дауысты;

VІ.Үйге тапсырма.

254-жаттығу. Тек ашық дауыстылардан құралған сөздерді теріп жазу.

Бағалау.

© 2010-2022