Сабақ жоспары: Кең-байтақ Қазақстан 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кең - байтақ Қазақстан Сабақтың мақсаттары: Білімділік:  «Менің Отаным – Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту. Тәрбиелік:  Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту. Көрнекіліктер: интерактивтік  тақта, нақыл сөздер Әдіс-тәсілдер:...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кең - байтақ Қазақстан

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: «Менің Отаным - Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, нақыл сөздер

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздік жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері, интерактивтік тақтамен жұмыс

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу.

2. Сабаққа көңіл аудару

Әрбір адам? Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адалдық

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

3. Кезекшімен сұхбат

- Сенің атың кім?

- Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Қазір қандай сабақ?

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Қыстың қай айы?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Сабақта кім жоқ?

ІІ.Қызығушылығын ояту.

  • Балалар, сіздер қайда отырсыңдар?

  • Сіздер мектепке қайдан келдіңіздер?

  • Үйлеріңіз қайда орналасқан?

  • Ал, ауылымыз қайда орналасқан?

  • Солтүстік Қазақстан облысы қай мемлекетте орналасқан?

  • Әрине, Қазақстан Республикасында орналасқан.

  • Міне, балалар, Отан қайдан басталады екен?

  • Отан туған жерімізден, өз ауылымыздан, өз үйімізден, өз отбасымыздан басталады екен.

  • Ал, бізге бүгін қонақ келіп отыр. Алдымен біз қонақтарымызға Отан туралы айтып берейік.

Оқушылар шығады, өлеңдерді айтып береді.

Туған ел.

Байтақ дала - туған жердің

Қымбат маған әр тасы

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы - баршасы.

Т. Әлімқұлов

Қазақстан.

Ен даласын

Егін жапқан.

Бар баласы

Бақыт тапқан.

Менің жерім, туған елім-

Күн сәулелі Қазақстан!

Т. Молдағалиев

Туған жер

Кеңсің, дала,

Туған ана,

Көйлегің кең, көк ала.

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана - сен ғана.

С.Сейфуллин

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

М. Хакімжанова

ІІІ.Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, біз «Қазақстан еліне саяхатқа » шығамыз. Ал, бастайық!

  • Саяхатқа біз пойызбен шығамыз, бірақ сол пойызға келу үшін сөздік диктант өткізу керек. (оқушылар сөздік диктан интерактивтік тақтада жазады, содан кейін осы сөзден артық сөздер табады.)

Сөздік диктант: ел, өлке, көл, көмір, мемлекет, Қазақстан

  • Жарайсыңдар! Барлық сөздер дұрыс жаздық қой!осы сөзден қай сөз артық шықты? Дұрыс, Қазақстан. Неге? Өйткені ол сөз басқалармен салыстырғанда жуан.

  • Енді картаға қарайық, біздің бірінші аялдама Алматы қаласы.

1 аялдама. Алматы қаласы. Қаланың тұрғынымен диалог. Үлгі: Сіз Алматыда тұрасыз ба? Алматы қандай қала? Мұнда нелер бар?

Әрі қарай келу үшін ақсақал мынадай тапсырма береді: «Балақайлар, маған Отан туралы бірнеше мақал айтып беріңдер»

2 аялдама. Алатау таулары.

  • Балалар, қараңдар, мынау не? Дұрыс ол бүркіт. Ол Қазақстанның қызыл кітабына жазыпты, сеңдер білесіңдер ме? Міне, бүркіт бізге бірдеме алып келді. Қарайық, мынау - хат.

«Балалар, әрғарай келу үшін мынадай тапсырма орыңдандар!

Аудармасын тап:

Ұлт өкілдері нефть

Салт-дәстүрлер уголь

Кең дала обычаи и традиции

Мұнай представители национальностей

Көмір широкая степь»

3 аялдама. Астана қаласы.

  • Астана қандай қала, кім айтады? Дұрыс ол біздің бас қаласы. Онда театрлар, музейлер, кинотеатрлар көп. Қараңдар, мынау не? Мәдениет үйі. Шығып кірейік, қараймыз онда не бар...

Сергіту сәті.

4 аялдама. Қостанай қаласы.

Мәтінмен жұмыс.

Менің Отаным - Қазақстан Республикасы.

Қазақстанның жері- кең байтақ. Ол Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Жеріміз шикізатқа өте бай. Қарағанды, Екібастұзға көмір, Ақтау, Маңғыстауда мұнай, Балқашта мыс, Өскеменде мырыш өндіріледі.

кең байтақ - широкая, просторная

созылып жатыр - простирается

шикізат - сырьё

5-соңғы аялдама. Біздің Целинный ауылы.

Дәптермен жұмыс. Кітаптың үшінші жаттығуды орындаламыз.

Берілген сөздермен сөз тіркестерін құру: Отан, қала, халық, көмір.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Қазақстанның ұлттық рәміздері?

  • Елімізде мемлекеттік тіл қай тіл?

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма беру: қайталау

-Сабақ сізге ұнады ма? Рақмет. Сауболыңдар!



© 2010-2022