Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы Сабақтың мақсаты: 1.     Білімдік: Шәкәрім ұлы Абайдың заңды мирасқоры, талантты шәкірті, жандақты талант иесі, ғулама қаламгер екенің оқушыларға жеткізу. 2.     Дамытушылық: ақын шығармаларымен, көркем мәтінмен жұмыс. 3.     Тәрбиелік: ақынның өнегелі өмірін үлге ету, оқушыларды туған халқы үшін аянбай  қызмет етуге баулу,  адмгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Көрнекілігі: сабақтың жоспары,  рефераттар, «Мен өтермін, кетермін, жоқтарсың мені бір кезде» атт...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: Шәкәрім ұлы Абайдың заңды мирасқоры, талантты шәкірті, жандақты талант иесі, ғулама қаламгер екенің оқушыларға жеткізу.

  2. Дамытушылық: ақын шығармаларымен, көркем мәтінмен жұмыс.

  3. Тәрбиелік: ақынның өнегелі өмірін үлге ету, оқушыларды туған халқы үшін аянбай қызмет етуге баулу, адмгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сабақтың жоспары, рефераттар, «Мен өтермін, кетермін, жоқтарсың мені бір кезде» атты кітап көрмесі.

Сабақтың түрі: сот сабақ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Сабақтың жоспары (жаңа сабақ):

  1. Шәкәрімнің балалық шағы;

  2. Шәкәрім-Абайдың талантты шәкірті;

  3. Ол-өз заманының озық ойлы ақыны;

  4. Шәкәрімнің поэмалары «Еңлік-Кебек» (үзінді);

  5. Шәкәрім-ғұлама қаламгер (жазушы, аудармашы)

  6. Шәкәрім-тарихшы, аудармашы;

  7. Ақын өлімі.

Сұрақ. 1. Бес арысты атаңдар (тақтаға жаздыру). Бүгін біз бес арыстың бірі, Абайдың немесе інісі-Шәкәрім туралы сот-сабақ өткізгелі отырмыз.

Хатшы: -Тұраңыздар, сот келеді! (сот өз құрамымен келіп жайғасады). Хатшы сотқа қатысуға тиісті кісілердің барлығы келіп қатысып отырғаны жөнінде мәлімдейді.

Сот төрағасы: Сабаққа қатысып отырған бәріңізге де оқиға барысы жақсы таныс.

Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешірді. Әр қилы заманда небір ақындар, ғұлама адамдар өмір сүрді. Солардың бірі-Абайдың кейінгі ірі ақын, немесе, інісі-Шәкәрім. Еңді осы Шәкәрім өмір сүрген қоғам жайлы тергеуші түсіндіреді.

Тергеуші: Шәкәрім Құдайбердіұлы Құнанбаев өмір сүрген (1858-1931) уақыт-қазақ даласында бай мен кедейдің тартысы, қазақтың надандығы, жақсы мен жаманды айыра алмауы, оқу-жазуды білмеуі осының бәрі- Шәкәрім шығармаларының басты тақырыбы.

Шәкәрім Абайдың бір мүшел кіші десек, ендеше ағадан үйренген іні барлық шығармаларында замана көрінісін танысады.

Сот төрағасының «жәбірленуші Шәкәрім кім?» деген сұрағына куәлер мен айыптаушылар жауап береді. (Жоспар бойынша 7 оқушы сөйлейді. «Еңлік- Кебектен» үзінді қойылады)

Сот ағасы Шәкәрімге мінездеме беріп, сөзді ақтаушыға береді.

Ақтаушы: Қазір айтылғандардың қай-қайсысына да таласу қиын. Бәрі де шындық екені әңгіме барысында дәлелденді, бірақ біз бір нәрсені ескермей отырмыз. Данышпан Абай «Адамды заман билейді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват!» - деген ғой. Бір сәт осы түрғыдан ойланып көрейік. Шәкәрімді жамандаған, тұмшалаған заман.

Ғалам болмысы, замана түрпаты. Адам табиғаты туралы көп толғанған Шәкәрім өмірдің мәні, дүниенің баянсыздығы жайында:

Қайғы емес қаза,

Болмаймын наза,

Ноқгалы басқа бір өлім,- деп жырлаған.

Алпысқа аяқ артқан шағында: «Қаласын қай сайда?»,- деп өз өмірінің немен тынарын болжаған ақынның қайғылы қазаға ұшырауы да, көмусіз, отыз жыл бойы ойпанда, құр құдық түбінде қалуы да шын трагедия емес. «Туған жан өлмек, тағдырға көнбек», деген Шәкәрім. Ақын өмірі, ақын тағдыры. Ең үлкен қайғы, шын трагедия - Шәкэрім мұрасының 50 жыл бойы жабулы жатуы. Қысастан өлген ақын жаны бір сәт қана азап шексе, өзінің ең елеулі қайраткерлерінің бірін санатқа қоса алмаған рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа көріпті. Сол кемістіктің орны 1988 жылы толды. Ендеше Шәкәрім өмір сүрген заманды, саясатты соттап, шығармаларын ақтаймыз.

  1. Бекіту. Қорытынды келгенде, «Алдынғының соқтағып артқы түзер» деп ойшыл Шәкәрім айтып кеткендей, қоғам өміріндегі орын аған қателіктерді тарихтың өзі тезге салды, ақиқаттың үстемдігі орнады. Бес арысымыз ортамызға оралып, олардың шығармаларын тануға мүмкіншілік туды.

«Мен өтермін, кетермін,

Жоқгарсың мені бір кезде» атты көрмемен таныстыру.

  1. Бағалау.

Үйге: «Мен кетемін, келеді» (жаттау).

© 2010-2022