Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» (5сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 18,19.2016 оқу жылы .

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың қазақ әдебиетінің классигі, көркемсөз зергері Ғ.Мүсірепов туралы мәліметтерін талдау., "Жаңа достар" әңгімесін әңгімелеу., мағынасы қиын сөздерге көңіл бөлу.
2. Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой - өрістерін дамыту, прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді.)

1.Ғ.Мүсірепов Өмірі жайлы түсінікті сұрау.

2. «Жаңа достар» әңгімесін сұрау.

«Топтастыру» стратигиясы

Кестемен жұмыс

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Адами қасиеттері, мінезі

Портреті

1

Қайрош

2

Шеген

3

Бораш


Дискуссиялық карта 3 топқа 5 сұрақтан берілген, олар қолдарындағы жауап парағына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

І топ сұрақтары

1. Ғ.Мүсірепов 1902 жылы дүниеге келді ме?

2. Әңгіме «Екі ақсақ,бір желаяқ - үш боздақ, енді базарға қарай бет алдық» деп басталады ма ?

3. «Жаңа достар» «Қазақ солдаты» романынан үзінді ме ?

4. Мен қазір ондамын... Бұл Шегеннің сөзі ме ?

5. Оның болмайды, Костия! Оқу керек деген Шеген бе?

ІІ топ сұрақтары

1.Ғ.Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген бе?

2. «Оқимын десең, оқи ғой күнім! Әкеңнің де бір арманы оқу боп өтіп еді» - деген Мария апайдың сөзі ме ?

3.Әңгімеде Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Балалар өмірі суреттеле ме?

4. «Қазақ батыры» «Қазақ солдаты»романының бұрынғы атауы ма?

5. Жас милиционер маған темекі ұсынып еді, мен алдым да, ортасынан бір сындырып лақтырып жібердім. Шегеннің сөзі ме, Бораштың сөзі ме?

ІІІ топ сұрақтары

1.Ғ.Мүсірепов әңгіме жазудың Бейімбеттен кейінгі шебері ме ?

2.Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам... әңгіме осылай аяқтала ма ?

3. Балалар тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетті ме ?

4. Қайрош бейнесі Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бейнесі ме?

5.Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетті ме ?

Топтастыру. Осы кейіпкерлер туралы жалпы не біледі...

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» мазмұндау.


© 2010-2022