Ілияс Жансүгіров «Көкшетау» өлеңі

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып

Әдебиет пәні

Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Көкшетау» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. І.Жансүгіровтің еңбектері жайлы және олардың мазмұнымен жақынырақ таныстыру, өлеңнің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу. Ілиястің ақын болуының негізгі себептеріне көз жеткізу.

2. Дамытушылық. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, дағдыландыру; жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойларын дұрыс ойлап айта білуге төселту.

3. Тәрбиелік. Әдемілікті, өнерді сүйе білуге бір-біріне құрметпен қарауға ;қазақ тілін білу, игеру қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өтілу әдісі: АКТ, сұрақ-жауап, топқа бөлу, шығармашылық.

Сабақтың көрнекілігі: І.Жансүгіровтің суреті, Ілияс туралы айтылған пікірлер.

І. Ұйымдастыру (оқушыларды екі топқа бөлу).

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау (мен көп білемін...).

1. С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңінің негізгі тақырыбы не? Жауап: «Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз», жаңа жыл туралы... .

2. Өлеңде мереке қалай көрініс табады? Жауап: Мерекелік іс-шаралар арқылы көрініс табады. Наурыз көже, қойылым, әндер, құттықтаулар, спорттық ойындар.

3. Наурыздың адам өмірінде маңызы бар ма? Жауабы: Наурыз - мемлекеттік мереке, бұл күнді біз асыға күтеміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Менің кіріспе сөзім (І.Жансүгіров туралы әңгімелеу).

1. Тақтаға сөздік жазамын. (3 минут)

Өлең - Дала -

Тау - Құс -

Көп - Жер -

Жасыл - Әңгіме -

2. Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Тапсырма: өлеңде қандай сөздердің аудармасын білесіңдер? Кім көп сөз біледі екен? Ең көп сөз жазған екі оқушы ортаға шығып оқып, түсінідіреді. (5 минут).

3. «Көкшетау» мәтіні бойынша түсіндіремін. АКТ бойынша көрсетілім.

Көкшетау

Өңірдің сұлу жерлері бейне, фотосурет көрсету.

●Көмекші мәтін.

Көкшетау

Астананың солтүстігінде орналасқан.

Табиғи оазистері

Имантау, Зеренді, Айыртау, Сандықтау, Шалқар, Бурабай т.б.

Тауларында, дөңдерінде қырларында

Қарағай, терек, қайың, бәйтерек, талдар, шыршалар, жапырақтылар, үйеңкілер өседі.

Ормандарында

Саңырауқұлақтар, жидектер, құлпынайлар, шиелер, көп-көп жабайы жемістер өседі.

Ормандарында

Бұғылар, борсықтар, күзендер, түлкілер, қабандар, бұландар, тиіндер, қояндар, қасқырлар т.б. аңдар өмір сүреді.

Көптеген көлдері бар

Тұзды, Шалқар, Айыртаушық, Белое, Лобановское, Имантау

Көкшенің жер атаулары бар

Көкшеде: Жәңке, Үлгілі, Шайтан көл, Жуан қарағай, Тұзды, Елшібай, Үрімқай т.б.

Бурабай

Бурабайдың сұлулығын талай ақындар жырлап өткен, әлемдегі ең әдемі жерлердің бірі.

ІV. Сабақты қорыту үшін ойын ойналады.

Оқушылар өз топтарының намысы үшін білімдерін ортаға салады. Екі топқа:

1. Кімдер көп мақал біледі?

2. Кімдер көп жұмбақ біледі?

3. Кімдер көп жаңылтпаш біледі?

4. Кімдер қандай ертегі біледі?

V. Орындалған тапсырмалар бойынша, топтардың, жеке оқушылардың белсенділігі бойынша марапат айтып өту, сабақты бағалау.

VІ. Рефлексия кезеңі. Балалар бүгін біз қандай жазушының өмірбаяны мен өлеңімен таныстық? Кім түсінбей қалды? Кімге түсінікті?

Үйге: «Көкшетау» өлеңінен үзінді жаттап келесіңдер. (сегіз жолдан үлестіремін).




© 2010-2022