Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:









ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ 8 СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ




ПАВЛОДАР - 2012



Оқу құралының авторлары:

  1. Н. Б. Исабаева - № 11 мектеп

  2. А. А. Жантемірова - №26 мектеп

  3. Л. М. Қайырбекова - № 43 мектеп

  4. А.Т. Оспанова - № 11 мектеп

  5. Н. Ш. Азанбаева - № 16 лицей - мектебі

  6. М. С. Шоманова - № 16 лицей - мектебі

  7. М. Қ. Ахметова - № 26 мектеп

  8. С. Р. Кеңес - № 43 мектеп

  9. А.С. Кабдракишева- № 43 мектеп

  10. С.Д. Атимова- № 43 мектеп

















Түсінік хат

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаты - коммуникативтік ұстанымдарға сүйене отырып, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу біліктері мен дағдыларын іс-тәжірибеде қолдана алатын деңгейге жеткізу, яғни тілдің білімдік қызметіне қоса, оның қарым-қатынастық міндетін меңгерту болып табылады. Оқу құралы мектеп көлемінде осы мақсатты іске асыру үшін ұсынылып отыр.

Ұсынылып отырған оқу құралының негізгі ұстанымы - оқушының қарым- қатынастық мүмкіндіктерінің басты компоненті - сөйлеу әрекетін іске асыру.

Сөйлеу әрекеті тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім, жазылым болып бес түрге бөлінеді.

Тыңдалым бойынша:

Нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсінеді; мектепте, жазғы демалысқа, тамақтануға, Қазақстанның қалалары мен табиғатына, т.б. қатысты тақырыптар бойынша берілген ақпараттарды түсінеді және қолдана алады; сөйлеушілер өз ойларын анық және асықпай айтса, толық түсіне алады.

Оқылым бойынша:

Әр түрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқи алады және түсінеді;

Оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, талдайды;

Айтылым бойынша:

Өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арманы мен үміті, жоспарлары жайлы айта алады; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы сыйластыққа, е - пошта қызметін пайдалануға қатысты өз қөзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алады;

Жазылым бойынша:

Өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алады;

ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша жазбаша білдіре алады.

Тілдесім бойынша:

Әр түрлі жағдаяттарға байланысты сөйлесе алады; күнделікті қарым-қатынаста қандай да бір тақырып аясында өз бетінше диалог, монологты құрады; сөйлесім әрекетінде сөйлеу мәдениетінің нормаларын біледі және қолданады.

Лексика:

990 -1020 лексикалық минимумды біледі.

Сөз құрамы мен сөзжасам:

Сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолданады; туынды және күрделі сөздерді орынды пайдаланады; сөзжасамның негізгі қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолданады.

Грамматика:

Лексикалық минимум көлеміндегі етістіктердің түрлену ерекшеліктерін біледі; етістіктің болымды, болымсыз түрлерін пайдаланады; жай және құрмалас сөйлемдер құрудың тәсілдерін біледі; тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтел түрлерін қолданады.




Мазмұны Әлеуметтік - тұрмыстық ая. Отбасы сыйластығы

Біздің отбасымыз.

Менің атам мен әжем

Әке мен ана

Жанұядағы дәстүрлер

Менің туыстарым

Отбасымның демалысы

Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

Тіл дамыту. Ақыл,ғылым, бақыт

Достық туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Досымның отбасы

Туыстық қарым-қатынас

Сөйлеу әдептеріМенің нағашым

Менің туған күнім

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Қарт атасы мен немересі

Әдепті бала

Мен ата - анама көмектесемін

Мектепте.

Жазғы демалыс

Үйде

Мен ата - анама көмектесемін.Саяжайда

Отан сүйер ұлан бол!Біздің дәстүр

Азамат болу - парызым.Ел ертеңі - жастар

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

Отбасы тәрбиесі

Әке мен бала әңгімесі

Атакәсіп. Мал бағу

Сәулет өнері

Зергерлік өнер

Халық дәстүрі.Қонақ күту

Қазақ халқының ән өнері

Қолөнер

Кәсіби өнер. Қазақтың балуаны

Асханада тамақ ішемін.

Асхана

Тамақтану әдебі

Отбасымыздың сүйікті тағамы

Ас мәзірі

Нанды қастерлей білесің бе?

Асханадағы әңгіме

Кезекшілік

Үзілісте

Асханадағы кездесу

Менің сүйікті асым

Дастарқан басында өзіңді ұстай аласың ба?

Ас туралы мақал-мәтелдер

Ас - адам арқауы

Не тәтті?

Салқын тағамдар

Ұлттық тағамдар

Әлеуметтік - мәдени ая Қазақстан ірі қалалары

Қазақстан Республикасы .......................................................................................................

Тәуелсіз Қазақстан..................................................................................................................

Қасиетті Түркістан қаласы.....................................................................................................

Ежелгі қалалар.........................................................................................................................

Сайрам қаласы.........................................................................................................................

Қазақ елінің бас қалалары.Орынбор қаласы- тұңғыш астана.............................................

Қызы­лор­да - қазақ елінің екінші ас­та­насы (1925-1929) ..................................................

Қазақстан астанасы - Алматы...............................................................................................

Ас­та­на - қазақ елінің төртінші ас­та­насы (1998) ...............................................................

Ежелгі Тараз қаласы...............................................................................................................

Оңтүстік Қазақстан облысы .................................................................................................

Алматы қаласы - мәдениет және қаржы орталығы.............................................................

Солтүстік Қазақстан................................................................................................................

Қостанай облысы Қостанай қаласы ...................................................................................

Көкшетау қаласы....................................................................................................................

Павлодар қаласы ....................................................................................................................

Орал қаласы ..........................................................................................................................

Атырау қаласы .......................................................................................................................

Ақтау қаласы ..........................................................................................................................

Ақтөбе қаласы........................................................................................................................

Қарағанды қаласы...................................................................................................................

Қарағанды облысы .................................................................................................................

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы ........................................................................

Шығыс Қазақстан (Семей) ....................................................................................................

Қазақ балалар жазушылары

Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала» ...............................................................................

Б. Соқпақбаев. «Ағаштар неге ашуланады?» .....................................................................

Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» .....................................................................................

Әлімбаев Мұзафар .................................................................................................................

Е. Ерботин ...............................................................................................................................

М. Жаманбалинов ..................................................................................................................

Ө. Тұрманжанов ....................................................................................................................

Балалар баспа орталығына - 20 жыл ....................................................................................

"Балдырған" журналы.............................................................................................................

Айгөлек журналы ..................................................................................................................

« Бала би» журналы ...............................................................................................................

Облыстық кітапхана ...............................................................................................................

Біздің қаладағы №4 балалар кітапханасы ...........................................................................

Балалар кітапханасы ..............................................................................................................

Ертегілер .................................................................................................................................

Кітап дүкенінде ......................................................................................................................

Жаңылтпаштар ......................................................................................................................

Табиғатты қорғайық

Қазақстан кен байлығы

Мұнай және газ өндіру

Мұнайдың отаны бар ма?

Аймағымызды мекендейтін жануарлар

Табиғат - алтын бесік.

Адам және экология

Туған жерімнің табиғаты

Біз табиғатты қалай қорғаймыз?Жер туралы ой

Табиғат тамашасы. Ақтау - Бозащы қорықшасы

Жорға дуадақ

Хайуанаттар әлемі. Ақбөкен

Қасқыр

Түлкі
Елік

Жыл мезгілдері. Қыс

Жер - Ана жыламасын.

Қасиетті іс Су - тіршілік көзі

Оқу - еңбек ая Менің жұмыс күнім

Менің жұмыс күнім

Менің күн тәртібім

Менің күнім.

Досымның жұмыс күні.

Менің демалыс күнім.

Менің сыныптағы міндетім

Өз ортамдағы міндетім.

Менің сүйікті ісім.

Менің болашақ мамандығым

Сенбілікте.

Менің сүйікті пәнім

Демалыс күні

Қайырлы күн!

Күн тәртібімнің пайдасы.

Менің үйірмем

Адал дос

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

е-пошта

Е-пошта

Компьютер атасы кім?

ИНТЕРНЕТ дегеніміз

Интернеттің ресми туған күні

Интернет не үшін керек?

Интернет қызметтері.

WEB-сайт ақпараттар жинағы

Электронды пошта

Факс байланысы

Техника ғасыры








Біздің отбасымыз

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Қоғамның ең кішкентай бөлшегі - отбасы. Оның отбасылық қоры, қызметі болады. Отбасылардың тұрмысы арқылы мемлекеттің экономикасы мен мәдени деңгейін анықтауға болады. Әр ұлттардың отбасыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Қазақ халқында отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Отбасы мүшелерінің тәрбиесіне, әдепті болуына, қонақты күте білуіне, қарым- қатынастыққа аса мән беріп отырған.

Менің әке-шешем бар. Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, апам, інім, қарындасым және мен. Атам және әжем - егде адамдар, олар - зейнеткерлер. Әкем - инженер. Зауытта жұмыс істеп жүр. Жасы 45-те.Шешем - мұғалім. Апам тұрмыста. Інім 9 жаста, мектепте оқып жүр. Мен мектепте оқып жатырмын. Екі ағам - қызметкерлер. Олар Астанада министрлікте жұмыс істейді. Апам тұрмыста. Інім мектепте бірінші сыныпта оқиды. Қарындасым кішкентай, балабақшаға барып жүр. Ата-анам балаларды үлкен қуанышпен қарсы алған.

«Ата - бәйтерек, бала - жапырақ»- дейді халқымыз.

Менің отбасым тату-тәтті тұрады. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Біздің үй қашанда думанға толы.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын орыс тілінде айтып беріңдер.

2. Өз отбасы мүшелерін атап, бес сөйлем құраңдар.

3. Мәтіннен тәуелдік жалғау бар сөздерді теріп жазып, жалғаулардың астын сызыңдар.

II деңгей

1. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

2. Мәтінді негізге ала отырып, өз отбастарың туралы әңгімелеңдер.

I деңгей

Қазақта «қара шаңырақ» деген қасиетті ұғым бар. Оны қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.



Менің атам мен әжем

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Менің атам мен әжем алпыс жетіде. Олар - құрдас. Атам мен әжем ауылда тұрады. Атам аудандық емханада дәрiгер болып жұмыс iстедi. Әжем аудан әкімшілігінде қызмет атқарды. Олар - зейнеткерлер. Атам - ұзын бойлы, шымыр денелі, қалың қасты, түсі суық адам. Бірақ ол кісі өте мейірімді. Әжем - орта бойлы, толық денелі, аққұба адам.

Өткен аптада ауылға бардық. Ата-әжемізге көмектестік, көп жұмыс істестік. Жер қазыстық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинастық, оларды сыртқа шығарыстық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесістік. Үйдің алдындағы ауланы сыпырыстық. Шайға су әкелістік. Мен тамақ пісірістім. Содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік.

Менің атам мен әжем бізге көп өсиет айтты. Мысалы:«Кешірім сұрағанға кешірім ете білу, кешірім беру - бұл да кісілік, қарапайымдылық белгісі. Кешірімшіл болсаң - кең боласың». Осы сөздердің астарында қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе?

Алыстан туысқанымыз келді. Біз хал-жағдайымызды сұрастық, сонан соң шай іштік. Біраз сөйлестік те, қайтадан жұмысқа кірістік.

Халық арасында ризашылық - алғыс, бата түрінде беріліп жатады. «Ата-анаңның ризашылығын алсаң азамат боласың», - дейді халқымыз.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Етістіктерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеңдер.

II деңгей

1. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

2. Мәтінді негізге ала отырып, ата мен әже туралы әңгімелеңдер.

3. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

I деңгей

«Менің атам мен әжем» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.


Әке мен ана


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.

Әке мен ана - өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті. Ананың өз балаларына «ақ сүтімді ақтады» деуі үлкен баға.

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ата-ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелеріне қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Бірінші сөйлемдегі жүрнақтарды ажыратыңдар.

II деңгей

1. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара жұпта сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, оның жасалу жолын түсіндеріңдер.

3. Өз анаң туралы не айта аласың?

I деңгей

«Әке мен ана» мәтінін әрі қарай өз ойларыңнан жалғастырып жазыңдар.



Жанұядағы дәстүрлер

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Біздің жанұямыз өте тату. Жанұямызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, сәлем беру, асар, мерекелерді бірге қарсы алу.

Мысалы: Наурыз күні ежелгі дәстүр бойынша тал, ағаш, гүл егеміз. Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.

Аса киелі саналатын дәстүріміздің бірі - асар. Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, шөп шабуға тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырушылар еңбегі үшін ақша талап етпейді. Бұл тәрбиелік пен сыпайлықтың белгісі, әрі халық дәстүрі де солай үйретеді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2.Төменде берілген сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдарып, сөйлемдер құрастырыңдар.

Семья, дружная, традиция, праздник, гости, помогать, встретить, весело проводить.

3. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

ІІ деңгей

1.«Жанұядағы дәстүрлер» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

2. Мәтіндегі екі сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

І деңгей

«Жанұядағы дәстүрлер» тақырыбына өз жанұяңдағы дәстүрлер туралы әңгіме жазып беріңдер.



Менің туыстарым

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Мен өсе келе бауыр мен туыстарды ажырата бастадым. Сөйтсем, туыстар мынадай топтарға бөлінеді екен: нағашы, жиен, бөле, қайын, қайнаға, қайын ата, қайын ене, қайын сіңлі, бауыр, балдыз, келін, күйеу бала, қайын бике, құда, құдағи, құда бала, құдаша т. б.

Ал бауырға: аға, іні, сіңлі, апа, қарындас жатады екен.

Әрине, кез келген халықтың дәстүрінде той-думандарында, бауырлары мен туыстары келіп қуанышты бірге бөліскен. Әркім өз мерекесін, қуанышын бірге өткізіп, олармен бірге тойлап отырған. Менің әке-шешем көп ағайынды. Сондықтан біздің туыстарымыз өте көп. Шешемнiң екі сiңлiсi, екі бауыры бар. Бiр сiңлiсi мектепте мұғалiм, ол - 30 жаста, екiншiсi - 27 жаста, банкте бөлiм бастығы болып жұмыс iстейдi, екеуінiң жеке отбасылары бар.

Бiз мейрамдарда жиі кездесiп, бiр-бiрiмiзге көмектесiп тұрамыз. «Туысы бірдің - уысы бір» дейді халқымыз. Біздің отбасын олар барлық кезде өздерінің отбасылык мерекелеріне шақырып отырады. Біз тату-тәтті қарым-қатынастамыз.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Дәптеріңе екі сөйлем жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.

II деңгей

1. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

2. Мәтінді негізге ала отырып, туыстарың туралы әңгімелеңдер.

I деңгей

«Менің туыстарым» деген тақырыпқа бір сахналық көріністің сценарийін жазыңдар.


Отбасымның демалысы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа асықпайды. Бұл күні ұйқыларын қандырғысы келеді. Кейбір адамдар демалыс күні ешқайда шықпайды. Үйде отырып теледидар көреді, демалады немесе демалыс күнін пайдаланып үй шаруасымен айналысады. Содан кейін жалқауланып теледидардың алдында отырады. Ал кейбір адамдар ерте тұрып, үй жұмысын тез бітіруге тырысады. Сонан соң қыдырады, қонаққа барады, қаланың сыртына шығады. Үйде отырып демалыс күндерін босқа өткізгілері келмейді.

Көктем мен жазда біз демалысымызды таза ауада өткіземіз. Сенбі күні ата-анаммен саяжайға барамыз. Онда үйдің жанында өзен бар, сонда жүземіз. Өзеннің жағалауында тоғай бар, сонда саңырауқұлақ, жидек тереміз. Егер далада жаңбыр жауып тұрса, үйден шықпай, кітап оқып, теледидар көреміз. Мен үйде отырып демала алмаймын. Жолдастарыммен кездесіп, қыдыруды ұнатамын. Кейде жолдастарымды үйге шақырып аламын. Олармен музыка тыңдап, бейнетаспа көреміз, ғаламтор жүйесінен жаналықтарды оқимыз, әңгімелесеміз.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей 1. Мәтінді оқып, аударыңдар. 2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар. 3.Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар. Адамдардың, демалысымызды, жағалауында, жолдастарыммен.

II деңгей 1. Сызба бойынша тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрастырыңдар. Есімдік+зат есім Зат есім+етістік Сын есім+зат есім Үстеу+етістік 2. Мәтіннің көмегімен өз отбасыңның демалысы туралы әңгімелеп бер.

I деңгей Берілген тақырыпқа газетке мақала жазыңдар.


Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Тапсырма. Ата-ана туралы мақал-мәтелдерді оқып, орыс тіліне аударып, жаттаңдар, мәнін түсіндіріңдер. Өзің қалаған мақалды талдап, ауызша әңгімеле.

1. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

2. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

3. Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.

4. Атаға қарап, ұл өсер,

Анаға қарап, қыз өсер.

5. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.

6. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.

7. Атаңа не қылсаң, алдына сол келер.







Тіл дамыту

Ақыл, ғылым, бақыт

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Ақыл, ғылым, бақыт - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып, таласып, сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті:

Бірінші - бақытқа: «Сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында, бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен байланыс, сонда көп жасайсың», - депті.

Екінші - ғылымға: «Дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бірақ та ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбады дегенді әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен байланыс, сонда абыроймен ұзақ жасайсың», - депті.

Үшінші - ақылға: «Дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ. Бірақ та ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да, кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де, ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді. Барыңдар, ақыл, сен адам бол, ғылым, сен ат бол, бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, ешбір мұқтаждарың болмайды» - депті.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

2. Мәтіннен төл сөз бен автор сөзі бар екі сөйлемді теріп жазыңдар.

3.Жазған сөйлеміңдегі тыныс белгілердің қойылуын түсіндіріңдер.

II деңгей

1. Рөлге бөліп, өзара оқыңдар.

2. Төл сөз бен автор сөзі бар сөйлемдердің сызбасын дайындаңдар («Т», - а.).

3. Соңғы абзацтағы бірінші сөйлемді көшіріп жазып,

қаратпа сөзді табыңдар және синтаксистік талдау жасаңдар.

I деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2. «Ақыл, ғылым, бақыт» мәтінінің мағынасын қалай түсіндіңдер?


Достық туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдерді талдап, орыс тіліне аударып, жаттап алыңдар. Мақалды пайдалана отырып, өз досың туралы шағын әңгіме құрап жазыңдар.

1. Адам досымен мықты,

ағаш тамырымен мықты.

2. Жаман аттан аяғым артық,

жаман жолдастан таяғым артық.

3. Басыңа іс түссе,

жақсы көмек етеді,

жаман күліп өтеді.

4. Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер,

Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.

5. Жақсыны жолдасынан таниды.

6. Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

7. Күлме досыңа - келер басыңа.







Досымның отбасы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың. «Көп көтерген жүк жеңіл», - дейді халық мақалы.

Менің жан жолдасым бар, есімі - Айдос. Біз балабақшадан доспыз. Екеуіміз бір сыныпта оқимыз.

Досымның отбасы үлкен емес. Отбасында бес адам бар. Олар: нағашы атасы, әкесі, шешесі, ағасы және досым. Отбасы спортпен айналасады. Қыста жексенбі күндері шаңғы тебуге кетеді, ал жазда велоспортпен шұғылданады. Айдос қоғам жұмысына да, мектептегі үйірме жұмысына да белсене қатысады. Кейде күн жылы болса, саяжайға барып, әке-шешесіне көмектеседі: жер қазады, тырмалайды, арам шөптерді жұлады, ағаштарды суарады, үйдің айналасын сыпырады.

Атасы - зейнеткер, ол 69 жаста. Әкесі - 42 жаста, ол дәрiгер. Әкесі қалалық емханада жұмыс iстейдi. Шешесі 40 жаста, ол экономика колледжiнде оқытушы болып қызмет атқарады. Ағасы Павлодар экономика және статистика институтының 2-інші курсында оқиды. Досымның отбасы тату-тәтті тұрады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Дәптеріңе екі сөйлем жазып, тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңдар.

II деңгей

1. Диалогты оқып, өзара жалғастырып сөйлесіңдер.

Сенің досыңның аты кім? Ол нешеде?

Сендер бір сыныпта оқисыңдар ма?

Досыңның отбасы үлкен бе ?

2. Мақалдарды аяқтаңдар, орыс тіліндегі баламасын табыңдар.

Досы ... сыйлас, досы ... сырлас.

Жаман аттан ... артық, жаман жолдастан ... артық.

Заттын ... жақсы, достың ... жақсы.

I деңгей

Достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Осы тақырыпқа шығарма жазыңдар.

Туыстық қарым-қатынас

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Тәртіп көрген адам бала күнінде, өнерімен қуандырар түбінде (Жүсіп Баласағұн).

Бұрын балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ата тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген.

«Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3.Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Нағашы, бауыр, бажа, іні, аға, сіңлі, қарындас.

II деңгей

1. Сызба бойынша тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Есімдік+зат есім

Зат есім+етістік

Сын есім+зат есім

Үстеу+етістік

2. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

I деңгей

Қосымша әдебиеттерді пайданалып, «Туыстық қарым-қатынас» деген тақырыпқа реферат жазыңдар.

Сөйлеу әдептері

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз. Анық, қысқа сөйлеңіз. Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді. Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын. Адамның адамдығы тілін сақтау екенін ұмытпаңыз. Тіл тигізіп, сөз жүргізбеңіз. Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзетіңіз. Өзіңіз қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сөзін қайталамаңыз. Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз. Біреудің сұрағына жауап бере алмасаңыз, кешірім өтініңіз, айып емес.

Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап, әнгімелесіңіз. Өзіңіз сөйлегенде, ойыңызды анық жеткізіңіз. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпа. Жақсы кісі кешірімді болады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Мәтіннен екі сөйлемді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.

II деңгей

1. Берілген сөздерден күрделі сөз құрап жазыңдар.

Тіл, оқу, адам, әдеп,ой,кісі.

2. Мәтіннің мазмұнын айтып беруге дайындалыңдар.

I деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2. Төмендегі тыйым сөздерді оқып, мәнін түсіндіріңдер.

Көп сөйлеме. Сөйлеп тұрғанда есінеме. Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме. Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама. Даусыңды тым бәсеңдетпе, тым екпіндеп те кетпе.


Менің нағашым



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Нағашы. Ананың төркін жұрты нағашы деп аталады. «Нағашы жұртың сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар.

Менің нағашы ағам - өте жақсы адам. Жасы жиырма тоғызда. Нағашы ағамның көзі қара, бойы ұзын, мінезі жұмсақ. Ол Ұлттық банкте жұмыс істеп жүр. Оның үйі Алматыда, тоғыз қабатты үй. Оның жұмыс күні сағат алтыға дейін.

Ол мені әрқашан еркелетіп, сұрағанымды беріп отырады. Нағашы ағамның жолы үлкен деп есептеймін. «Нағашымен күрескен жиен жығылады» деген сөз жиеннің қанша ерке, батыл болғанымен нағашысы алдында ізетті, әдепті болуын ескертеді.

Өзімді нағашы ағамды қастерлеуді, өскен ортамды сыйлауды парыз деп санаймын.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3.Төмендегі сөздерге морфологиялық талдау жаса:

Жиеннің, Алматыда, қара, әдепті, деп, аталады.

II деңгей

1. Өзіңнің нағашыңа мінездеме жаз. Түрін, бой сымбатын да суреттеп бер.

2. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

I деңгей

Қосымша әдебиеттерді пайданалып, «Үш жұрт» деген тақырыпқа реферат жазыңдар.



Менің туған күнім

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

«Туған күнің құтты болсын! Денсаулығың мықты болсын! Аспанымыз ашық болсын! Достарымыз көп болсын! Үлкен жігіт бол! Еліміздің үлкен азаматы бол!» - деп қонақтар құттықтайды.

Өткен жексенбіде мен ағамның үйінде қонақтарды қарсы алдым. Мен туған күніме көп қонақ шақырдым. Ең алдымен таныс емес қонақтарды ағама және бұрын келген қонақтарға таныстырдым. Мені бәрі құттықтады, сыйлыққа сағат берді. Жеңгем дастарқан жайып, ең алдымен қымыз, шұбат, содан кейін түрлі салаттар, қуырылған балық, құстың етін, қазы, қарта, шұжық берді. Ыстық тамаққа палау мен бешбармақ, сонан соң шай дайындады. Шайға түрлі самса, тоқаш, тәтті тағамдар қойды. Қонақтар би биледі, ән салды, ойын ойнады, үй иелеріне риза болды. Кеш, әдеттегідей, тамаша, көңілді және қызықты өтті.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Туған күнім, қонақтар, сыйлық, дастарқан.

II деңгей

1. Сызба бойынша тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Есімдік+зат есім

Зат есім+етістік

Сын есім+зат есім

Үстеу+етістік

2. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

I деңгей

«Қонақта» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.


Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Тапсырма. Мақалды түсініп оқып, орыс тіліне аударып, жаттаңдар. Мақалды пайдалана отырып, бала тәрбиесі туралы шағын әңгіме құрап жазыңдар.

1. Өтірік өрге озбас.

2. Ашу - дұшпан, ақыл - дос.

3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

4. Жалқаулық - жаман ауру.

5. Өз білменгеніңді кісіден сұра.

6. Талабы жоқ жас - қанаты жоқ құс.

7. Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады.

8. Өнер-білім берем десең басынан,

бер оқуға балаларды жасынан.







Қарт атасы мен немересі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Тістен тіс қалмады. Ішкен асы езуінен ағып отыратын болды. Ұлы мен келіні оны үстел басына отырғызбай, тамағын тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжесін шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарт ыдысты жерге түсіріп алды. Келіні: «Үйдегі шыны аяқты шағып бітірдің. Бұдан былай тамақты итаяққа құйып берем», - деп зіркілдеді.

Бірде ерлі-зайыптылардың көзі ойнап отырған ұлдарына түсті. Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендерге қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын», - деді Мақсат.

Ерлі-зайыптылар жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қысылды. Содан бастап қартты қайтадан үстел басына жайғастырып, қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын орыс тілінде айтып беріңдер.

2. Мәтін бойынша бес сұрақтар дайындап, оларға қасыңда отырған оқушыдан жауап алыңдар.

3. Мәтіннен септік жалғау бар сөздерді теріп жазып, жалғаулардың астын сызыңдар.

II деңгей

1. Мәтін бойынша күрделі жоспар құрап жазыңдар.

2. Мәтінді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

3.Төменде берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Ерлі-зайыптылар жылап жіберді.

Өздерінің қартты ренжіткендеріне қысылды.

I деңгей

Әңгіменнің негізгі ойын анықтаңдар. Өз пікірлеріңді айтыңдар.



Әдепті бала

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады. Қасынан жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған оқымысты басын одан да төменірек иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай:

- Тақсыр, осыншама біліміңіз бар ғалымсыз, сөйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? - деп сұрапты.

Сонда ғалым тұрып:

- Ешбір ғылым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, - депті.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын орыс тілінде айтып беріңдер.

2. Мәтін бойынша бес сұрақтар дайындап, оларға қасыңда отырған оқушыдан жауап алыңдар.

3. Берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.

Кісі, жұрт, жарлы, сәлемдесу.

II деңгей

1.Мәтінді түсініп оқып, төл сөз бен автор сөзін төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.

Байдың сөзін, ғалымның сөзін.

2. Мәтінді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

3. Мәтіннен етістіктерді теріп жаз, оның қай шақта тұрғанын анықта.

I деңгей

Әңгіменнің негізгі ойын анықтаңдар. Өз пікірлеріңді айтыңдар.



Мектепте


Адамның негізгі өмірі мектептен басталады. Әр мектеп баланы жақсы тәрбие беріп, оқытып шығаруға тырысады. Мектептің ұстазы балаға шамасы келгенше мейірімділігін, қамқорлығын, махаббатын бере алады. Біз үшін мектеп - бұл екінші үй. Біз мектепте ақылдасамыз, бір-бірімізге кеңес береміз, осымен қатар есейеміз. Үлкендердің айтуы бойынша өмірдің ең керемет кезеңі - бұл мектеп. Адам көп білім алған сайын өзін, қоршаған ортаны, жақын адамдарды танып, түсіне алады. Адамның бір бөлшек кезеңі, балалық шағы мектепте өтеді.

Сондықтан «Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, зылыммен жақын болсан басың кетер» дейді.

Сөздік

Тырысады - стремиться

Шамасы келгенше - по силе возможности

Есейеміз - взрослеем

Тапсырмалар:

III деңгей

1. Мектеп тақырыбы бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

2. «Ғалым», «адам» деген сөздерді жіктеңдер, тәуелдеңдер.

II деңгей

1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.

I деңгей

Мәтінді негізге алып «Мектепте» атты өз әңгімеңді құрастыр.






Жазғы демалыс


Сөздік

Нағашы апам - сестра со стороны матери

Азанда - утром

Ояндым - проснулсы

Бие сауып - подоив кобылу

Өріске - погнать в стадо

Жазғы ас үйде - в летней кухне

Ұршық - веретено

Демалыс күні


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі Өткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған дауысымен ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы- лақтарды қораға шығарып, құстарға жем салдық. Осы кезде апам бізді дастарханға шақырды. Барлығымыз жазғы ас үйде отырып таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Ал өзі ұршық иіруге кетті. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбықан тептік. Осылайша, бір күннің қалай өткенін білмей қалдым.

Түнде жұлдыздарды қызықтап жатып, қатты ұйықтап кеттім.

Тапсырма:

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Оқиға қашан болды?

2. Таңертең баланың апасы не істеді?

3. Бала атасы екеуі не істеді?

4. Олар таңғы аста не ішті?

5. Кешкісін не істеді?

6. Астан соң апасы не иірді?

2- тапсырма а) Сен бос уақытыңда не істейсің? Айтып бер.

ә) «Ауыл өмірі» деген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.



Үйде

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Әрине, үйге де көмектесемін: үй ішін жинаймын, кілемдерді қағамын, еденді сыпырамын, жуамын, жиһаздың шаңын сүртемін, кірімді жуып, үтіктеймін, содан кейін оларды шкафтың сөрелеріне тәртіппен қоямын, ілемін. Тамақты да өзім пісіремін, дүкенге, базарға барып, азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек әкелемін. Кейде күн жылы болса, саяжайға барып, әке-шешеме көмектесемін: жер қазамын, тырмалаймын, арам шөптерді жұламын, оларды және түскен жапырақтарды сыртқа шығарамын, өртеймін, ағаштарды суарамын, үйдің айналасын сыпырамын.

Мен жазда ауылға барамын. Ауылда әке-шешеме көмектесемін. Үйді ақтаймын, терезелерді, есіктерді сырлаймын, Перделерді жуамын, үтіктеймін және оларды терезелерге қайтадан ілемін. Қабырғаларға әдемі суреттер, сағат, кітап сөресін ілемін. Бөлмелердегі жиһаздардың шаңын сүртемін. Еденге тоқылған кілемдерді төсеймін. Төбеге жаңадан шам орнатамын. Содан кейін үйіміз жайнап кетеді!

Сөздік

Үтіктеу - гладить

Сырлау - красить (краской)

Тоқылған кілем - ковер ручной работы

Төсеу - постелить (на пол)

Тапсырмалар:

III- деңгей

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  2. Әр адам үйде не істейді?

  3. Саяжайға барып не істейсің?

  4. Үйді қалай безендіресің?

  5. Үйде қалай демаласың?

II- деңгей

Берілген мәтінді аудар.

Дома я провожу большую часть времени. Утром я просыпаюсь в 7 часов утра. Иду умываться, завтракаю, одеваюсь и иду в школу. После школы я прихожу, мою руки, сажусь обедать. В моей квартире 3 комнаты. Это спальная, детская, зал, а также есть прихожая. В зале я смотрю телевизор и отдыхаю. В детской комнате я сплю, делаю уроки, играю в компьютер. На кухне я люблю вкусно поесть. В общем квартира у меня уютная.

Сөздік

Большую часть времени - уақытымның үлкендеу бөлігін

В общем - жалпы

Уютная -жайлы

І-деңгей.

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып шағын әңгіме құраңдар.

Отбасы мүшелері, құрмет көрсету, көмектесемін, қалыптасқан дәстүр,

дастархан жаю.

Мен ата-анама көмектесемін


Саяжайда


Өткен аптада саяжайға бардық. Әкемізге көмектестік, көп жұмыс жасадық. Жер қаздық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинадық, оларды сыртқа шығардық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесіп отқа жандырдық. Үйдің алдындағы ауланы сыпырдық. Шайға су әкелдік. Мен тамақ пісірдім. Содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік. Алыстан туысқанымыз келді. Біз бір-бірімізден хал-жағдайымызды сұрасып, әңгімелесіп, біраз демалып, қайтадан жұмысқа кірістік.


Сөздік

Қураған жапырақтар - высохшие листья

Бұтақтар - стволы

Туысқан - родственник

Хал - жағдай - дела и здоровье

Кірісу - приступить

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп , оқу, аудару, сұрақ құрастыру.

2. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

3. Сен ата-анаңа қалай көмектесесің? Шағын әңгіме жаз немесе диалог құрастыр.








Отан сүйер ұлан бол!


Біздің дәстүр

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Қазақ халқында туған ел және Отан сөздері бір ұғымды білдіреді. Туған ел сөзінің орнына Отан сөзін, Отан сөзінің орнына туған ел сөзін қойып айтуға бола береді.

Қазақ халқында туған елін өзінің туған үйінен де артық сүйетін дәстүр бар. Отансүйгіштік қазақтар үшін ең жоғарғы қасиет саналады. Жас ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеген. Туған елге сүйіспеншілік туралы көптеген мақалдар, өсиет сөздер бар.

Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны бола алмайды. Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам Отан сүйер адам болады. Сондықтан туған үйіңді, туған еліңді, Отаныңды сүйетініңді іс жүзінде дәлелдеу - үлкен абырой.

Сөздік

Ұғым - понятие

Отансүйгіштік - патриотизм

Өсиет - назидание

Елінің қорғаны - защитник Родины

Абырой - честь

Тапсырмалар:


  1. Мәтінді түсініп оқып, аударып, сұрақтар құрастырыңдар.

  2. Берілген сөздердің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріңдер: жоғары қасиет, өскен ауылым, туған ұлтын, сыйлаған бала, туған ел, отаншыл.

  3. Синонимдік қатарға жатпайтын сөздерді табыңдар.

* сыйлау, құметтеу, сынау, қадірлеу, ардақтау, қастерлеу.

* тату, дос, бауырмал, қонақжай, жарасқан, сыйласқан.

* отансүйгіш, отаншыл, елжанды, батыл, намысшыл.

4. Берілген сөйлемдердегі сөйлем мүшелерін шартты белгілермен сызып көрсетіңдер.

Біз отаншыл болуымыз керек. Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Ол әке-шешені құрметтеу. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Мен Отаныма көп пайда әкелемін.

Азамат болу - парызым


Ел ертеңі - жастар

ХХІ ғасыр Қазақстан жастарының алдына жаңа талап қойды. Жоғары оқу орнын бітіру - өте жақсы. Бірақ ең бастысы - әр адам өз ісінің шебері болуы керек. Нарық экономикасы жастардан білікті маман болуды талап етеді.

Сондай-ақ адам өз туған халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін білгені дұрыс. Мемлекеттік тілді жақсы білуі керек.

Қазіргі жастар бірнеше шет тілін үйренеді. Әрбір жас адам бірнеше мамандықты игеруге ұмтылады. Қазіргі нарық заңы - осындай. Әрине әр адам өз өмірін айқындап, уақытын дұрыс жұмсай біліп, сонымен қатар көздеген мақсатына жете алуы керек.

Сөздік

Талап - требование

Шебер - мастер профессионал

Игеру - освоить

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп, оқып, негізгі ойды жеткіз.

  2. Берілген мәселелерді талқылаңдар.

* Егер мүмкіндік болса қай елде білім алар едің?

* Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

* Болашақта неше тілді меңгергің келеді?

* Болашақта кім болғың келеді?

3. Асты сызылған сөйлемдерді сөз құрамына талдаңдар.

Өз елімнің азаматымын

У кажого человека на планете есть страна, которую он считает своей Родиной. Для меня таким местом является Казахстан. Потому что я здесь родился и вырос, получил образование. Я горжусь, что являюсь гражданином Казахстана. Каждый гражданин должен знать и соблюдать законы своей страны, а также необходимо знание истории развития родного государства.

Гражданин - это человек, владеющий правами. Слово «гражданин» употребляется в различных смыслах: во-первых, это жители какой-то страны, имеющие право на гражданства. Во-вторых, начиная с античных времен и до наших дней, оно имеет более глубокий смысл, связанный с правами человека, его свобода и ответственностью. В древней Греции быть гражданином могли не многие, это было почетно. Гражданином называли не всякого свободного человека, не говоря уже о рабах. Гражданин обладал важными правами как в личной, так и в политической жизни. У него были и серьезные обязанности: прежде всего, соблюдать законы и защищать Отечество.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, негізгі ойды өз сөзіңмен қазақша әңгімеле.

  2. Берілген сөйлемдерді аудар.

Гражданин - это человек, владеющий правами.

Гражданин обладал важными правами как в личной, так и в политической жизни.

У него были и серьезные обязанности: прежде всего, соблюдать законы и защищать Отечество.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

«Мақал -мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық

формасы, шебер берілген терең, тіпті философиялық мән

мағынасы - осындай тамаша үздік шығармалар тудырған қазақ

халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның

сарқылмас даналығының анық айғағы».

Мұхтар Әуезов.

Сөздік

Егіз - близнецы

Ажарлайды - /здесь/ украшает

Абырой - честь

Тапсырмалар:


  1. Берілген мақал-мәтелдерді оқып шығыңдар. Мақал-мәтелдерден септік жалғауы бар сөздерді табыңдар.

* Бақыт кілті - еңбек.

* Еңбек адамның екінші анасы.

* Еңбек пен бақыт егіз.

* Еңбек өмірді ажарлайды.

* Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абыройды кеткізер.


  1. Берілген мақал-мәтелдерді қалай түсінесіңдер. Бір таңдаған мақал-мәтелге шағын әңгіме жазыңдар.



  1. Ұнаған үш мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.







Отбасы тәрбиесі

Сөздік:

Жауапты - ответственная

Жағдай - условие

Ұқпаған жерлерімді - непонятное

Гүлтаж - цветочная корона

Кеш батқан - вечером


  1. Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, сыныптасыңмен өзара сөйлесіңдер, сұрақ құрап жазыңдар. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

Менің отбасым

Менің отбасым үш адамнан тұрады. Әкемнің жұмысы өте жауапты. Отбасының жағдайын жасау үшін, көп жұмыс істейді. Демалыс күндері мен отбасыммен көп уақыт өткіземін. Менің отбасым - мәдениетті, тату және біз спортты жақсы көреміз. Біз кинотеатрға, бассейінге және спорттық кешенге барамыз. Менің анам өте мейірімді жан. Анам әрқашан көп көмек көрсетеді, ұқпаған жерлерімді түсіндіреді, үйге берген тапсырмаларды орындауға көмектеседі.

Біздің отбасымызда бірнеше дәстүрлер бар. Әсіресе Наурыз мейрамына дастарқан жайылып, наурыз көже әзірлейміз. Үлкен-кішіні құттықтап, жақсы тілектер білдіреміз.

Жазғы демалыста біз табиғатқа шығамыз, балық аулаймыз, өзенде шомыламыз, әр түрлі гүлдерден гүлтәж жасаймыз. Кеш батқан кезде алау жағып, картоп күйдіреміз. Отбасымды сүйемін, қадірлеймін, мақтан тұтамын. Мемлекетімізде жақсы отбасылар көбейе берсін!


  1. тапсырма: Берілген сөздерді жалғау түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар Үлгі:

Тәуелдік жалғау

Жіктік жалғау

Көптік жалғау

Септік жалғау

Әкем

оқушымын

дәстүрлер

отбасымызда

Мейрамына, дәстүрлер, дастарқан, кешен, анам, үйге, гүлтәж, картоп, тапсырмалар біздің, жұмыс, уақыт.


  1. тапсырма: «Туған» сөзі төменде берілген сөздердің қайсысымен тіркесе алады? Жазыңдар.

Үлгі: туған қала, туған бала.

Аға, ана, бауыр, Отан, дос, отбасы, халық, өмір.


  1. таспырма: Жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, «Менің жанұям» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.


Әке мен бала әңгімесі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


  1. тапсырма: Мәтінді оқыңдар және мазмұнын айтыңдар. Таныс емес сөздерді теріп жазып талдау жүргізіңдер.

Менің әкем

Мұраттың әкесі өзінің жұмысын ықыласпен істейді. Әрқашан қиналған адамдарға көмек береді. Сондықтан оны барлық адамдар құрметтейді. Кешке қарай Мұрат үй тапсырмасын орындағанда әкесі әрдайым оған көмектеседі. Бір күні Мұраттың дәптерінен «3» деген бағаны көріп қойды. Бірақ әкесі ашуланбады. Таңғы астан кейін әкесі оны өзімен бірге жұмысқа ертіп әкетті. Жаңадан соғылып жатқан үйлерді көрсетіп оған былай деді: - Балам, мен құрылысшымын. Егер мен үйдің іргетасын дұрыс қаламасам немесе қабырғаның арасында қуыс қалдырсам ол үй құлап қалады. Егер шатырында тесік қалса, үйге су кіреді. Сонда ол үйді ешкім ұнатпайды. Міне, сен де мектептен білім алу арқылы өзіңнің болашақ өмір - үйіңді салып жатырсың. Егер сен білім алмасаң, өміріңнің іргетасын дұрыс қаламаған боласың. Үйренгеніңді өмірде қолданбасаң, өміріңнің бос өткені. Ал өмірде қолдану арқылы тапқан тәжірибеңді басқаға үйретпесең, өміріңнің шатырында қуыс қалғаны. Осы айтқан кеңестерімді есіңнен шығарма.

... Мұрат кешке үйге келгеннен кейін, қазақ тілі кітабын алып сабаққа дайындала бастады.


  1. тапсырма: Мәтін бойынша төмендегі сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңдар.

  1. Мұраттың әкесі қиналған адамдарға көмек береді.

  2. Мұрат үй тапсырмасын әкесі үйде жоқ кезде орындайды.

  3. Мұрат түстен кейін әкесімен бірге өзенге барды.

  4. Егер үйдің іргетасы дұрыс қаланбаса, ол үй құлап қалады.

  5. Үйренгеніңді басқаларға үйрет,- деп әкесі оған өз ақылын айтты.

  6. Мұрат әкесінің ақылын тыңдады.


  1. тапсырма: Берілген мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Әңгіме не туралы?

  2. Адамдар Мұраттың әкесін не үшін құрметтейді?

  3. Мұрат сабағын қалай оқиды?

  4. Әкесі үшті көргенде не істеді?

  5. Әкесі Мұратқа қандай ақыл айтты?




Атакәсіп


Мал бағу


Мал шаруашылығы қазақ халқының атакәсібі болды.

Ертеде амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» - деп сұраған. Осы сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғуға болады. Малдың сүті, жүні, еті, терісі - халықтың тағамы, киімі, баспанасы, көлігі болған, тұрмысына жараған.

Қазақ халқы малды, қой-ешкі, жылқы, түйе, сиырды төрт түлік деп санаған. Әрбір түліктің пірі бар деп түсінген. Қойдың пірі - Шопан ата. Ешкінің пірі - Шекшек ата. Жылқының пірі - Қамбар ата. Түйенің пірі - Ойсыл қара. Сиырдың пірі - Зеңгі баба.

Сөздік

Атакәсіп - (здесь) традиционное занятие

Төрт түлік - (здесь) вид

Орны - (здесь) значение

Баспана - жилье

Тұрмысына жараған - (здесь) обеспечивает жизненную необходимость

Пір - покровитель

Тапсырмалар:


  1. Мәтінді түсініп оқу, аудару, әңгімелеу.



  1. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.

Ұғуға аман ба

Мал-жан өмірі

Қазақ болу

Малдың ерекше

Орны болады

Баспана терісі

3. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

* Атакәсіппен жастар айналыса ма? Неге?

* Жастар бұл жұмысты қиын көре ме?

* Қай мал түлігі адамдарды қызықтырады?

* Бұл кәсіптің пайдасы неде?













Сәулет өнері


Сөздік

Сәулет - архитектурное искусство

Ант - клятва

Ұста - кузнец

Жерлеген - похоронили

Қожа Ахмет Йасаудің кесенесі - ортағасырлық сәулет өнерінің озық үлгісі. Бұл ғажайып ғимаратты бірнеше жыл тұрғызған. Сәулетті шебер ұста Ғұбайдолла Садыр жүргізеді.

Ғимарат 35 бөлмеден тұрады. Солардың бірі «қазандық» деп аталған. Қазанды Әбіләзиз деген шебер Қарнақ деген жерде құйған. Оған жеті жылқының еті сыяды.

Бұл ғимараттың салынғанына 600 жылдай болды. Оның өздігінен бір қышы сынбаған, бір шегесі босамаған, сыры кетпеген.

Хандар таққа отырған кезде, осында ант беру дәстүр болған. Ал өлген соң оларды осы жерге жерлеген. Көне Түркістан топырағында сексен бір хан, би, батырдың сүйегі жерленген.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аудар, төмендегі жоспар бойынша әңгіме.

Жоспар:

1. Сәулет өнерінің озық үлгісі.

2. Ғимарат құрылысы.

3. Әбіләзиз.

4. Хандар дәстүрі.

2. Пікірлесейік.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қожа Ахмет кесенесін көрдіңдер ме?

2. Қожа Ахмет кесенесін кім салған?

3. Кесене құрылысы қалай жүрген ?

4. Қазанды жасаған шебер кім?

5. Ғұбайдолла Садыр кім?

3. «Қасиетті Түркістанға саяхат» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.




Зергерлік өнер


Сөздік

Былғары - кожа

Әшекей - украшение

Тұмарша - украшение от сглаза

Түйреуіш - булавка

Өңіржиек - колье

Күміс оймақ - наперсток


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


  1. тапсырма. Мәтінді түсініп, оқып, сұрақтар құрастырыңдар. Мәтін бойынша әңгімелесіңдер.

Зергерлік өнер бұйымдары дәстүрлі өнердің бүгінгі заманға сай ең бір дамыған түрі болып саналады. Мұндай бұйым жасаушыларды зергер деп атайды. Зергерлік өнер әрбір адамның қолынан келе бермейтін өнер. Зергерлік өнерде бейнелеп құю, қалыпқа салып қысу, бір затты бір затқа оюластыру, өру, күмістеу, алтындату т.б әдістер қолданылады.

Зергерлік бұйымдардың түрлері: әсіресе әйелдерге, қыздарға арналған (жүзік, білезік, алқа, сырға, шолпы, сақина, өңіржиек, түйреуіш, тұмарша, күміс оймақ), батырлық қару- жарақтары, үй іші мүліктерін, аңшылық жабдықтарын, музыкалық аспаптарын, киім- кешектерді әсем жасаған. Осы зергелік бұйымдардың көптеген түрлерін мемлекеттік өнер мұражайынан көруге болады.

(«Қазақ тілі және елтану кітабынан»)


  1. тапсырма. Мәтіндегі жай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.


Халық дәстүрі


Қонақ күту


Қазақ халқының дәстүрі бойынша сырттан келген жолаушы рұқсатсыз үйге кірмеген. Ол үйдің сыртында тұрып:

  • Үйде кім бар? - деп сұраған.

Содан соң оны қарсы алып, үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі.

Қонақ төрге отырады. Оған алдымен қымыз беріледі. Содан кейін шай береді.

Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған.

Сыйлы қонаққа бас тартылады. Дастарқан басында домбыра тартады, ән салады.

Сөздік:

Жолаушы - путник

Төр - почетное место

Сыбаға сақтаған - берегли предназначенную для гостей часть согыма

Арнайы қонақ - званый гость

Сыйлы кісі - уважаемый человек

Тапсырмалар:

1. Мәтіннің мазмұнымен таныстыңдар, енді, қонақ күтуге байланысты негізгі деректерді айтып беріңдер. Мысалы: Кіріңіз! Халіңіз қалай?....... .

2. Мына сөздерге түбірлес сөздерді жазыңдар.

Жол-

Қонақ-

Сый-

Төр-

От-

Дос-

3. Мәтінге сүйене отырып қонақ күту жайлы диалог құрастырыңдар.




Қазақ халқының ән өнері

Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса сияқты әнші-композиторлар өшпес мұра, рухани байлық қалдырған. Олар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алар әсем әндер сыйлаған.

Қазақтың ән мен жырының ғажайып сыры, сан ғасыр бойғы тарихы бар. Сәбидің бойына ән мен жыр ана сүтімен дариды. Жыр тыңдап өскен баланың қабылдау қабілеті, сана-сезімі, ақылы айрықша дамиды. Ән - адам өмірі мен сезімінің, көңіл-күйінің айнасы. Адамның ой-сезімін білдіреді, тәрбиелейді. Ән адамды қуантады, жылатады, мұңайтады, жігерлендіреді.

Сөздік

Өшпес мұра - наследие

Рухани байлық - духовное богатство

Дариды - впитывает

Қабылдау қабілеті - способность восприятия

Жігерлендіреді - окрыляет

Тапсырмалар:

III- деңгей


  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

  2. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

ІІ- деңгей


  1. Мәтінге тірек - сызба дайындап, әңгімелеңдер.

  2. Етістіктерді теріп, жазып шағын, жағын, райын анықтаңдар.

І- деңгей

Берілген мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастырыңдар.





Қолөнер


Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған.

Әйелдер киіз басып, кілем, ши тоқып, киім тіккен. Еркектер киіз үйдің қаңқасын, жиһаздарын, қару-жарақтар жасаған. Киіз үй жасайтын шеберлер өте көп болды. Олар кереге, уық, шаңырақ, есік, домбыра, ыдыс-аяқ, әр түрлі құрал-жабдықтар, басқа да бұйымдар жасаған.

Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты. Әйелдер қой жүнінен кілем, мата тоқыды, киіз басты.

Сөздік

Қолөнер - рукоделие, ремесло

Киіз басу - валять, валять войлок

Тоқу - вязать

Тігу - шить

Қаңқа- скелет, каркас

Кереге - остов, решетчатая часть юрты

Соғу - ковать

Уық- специальные согнутые палки, на которых держатся верхний круг юрты

Тапсырмалар:


  1. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер.



  1. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңдар.



  1. Мәтін ішінен салалас құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.


  1. Қолөнерге байланысты презентация даярлаңдар.






Кәсіби өнер


Қазақтың балуаны


Қажымұқан Мұнайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.

Ол орасан күштің иесі болған. Қажымұқан күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Ол теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған.

Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келіпті. Кейбір зерттеулерде оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп күреске түсіп, тойтомалақтарда елге көрініп, «бала балуан» деген атқа ие болған. Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, алтын медаль алады. Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны «Маньчжурия чемпионы» деп атап кетеді, әрі оған «Мухинура» деген лақап ат беріледі.

Сөздік

Кәсіпқой балуан - профессиональный борец

Орасаң күштің иесі - (здесь) могущий, сильный

Қазақ алыбы - силач из Казахстана

Жалданған - нанимался на работу

Даңқын аспанға көтереді - слава до небес

Тапсырмалар:


  1. Мәтіннің мазмұны бойынша екеуара сұхбат құрыңдар.

Сұхбаттасу барысында мынадай сөздерді қолданыңдар: «сен маған айтып берші...», « сен білесің бе...», «сенен сұрағым келеді...», « менің сұрағым келеді...».

  1. Сөйлемдерді сөз тіркесіне қарай ажыратып жазыңдар.

  1. Спортшы мен жай адамды салыстыруға болмайды.

  2. Жігерлі, табанды спортшы көп жеңістерге жете алады.

  3. Берілген сөздердің сәйкес мағынасын тап.

Кәсіпқой, кейбір, күш, ірі, атқа, даңқын, бәйге, (алыбы, алу, көтеру, балуан, табысқа, зерттеулер, ие болу)

  1. Қазақстан Республикасының атақты спортшылары туралы реферат жазыңдар.

Тақырыптары: «Әлемді дүр сілкіндерген жеңіс», «Менің сүйікті спортшым», «Жаңа спорт түрі».

  1. Берілген сөздерді осы шақ формасына қойып, жіктеңдер: күресу, аралау, зерттеу, олжалау.



Асхана

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Асхана

  • Мынау - асхана. Асхана екі қабатты. Бірінші қабатта ұлттық тағамдар әзірлейді. Екінші қабатта өзге ұлт өкілдерінің тағамдарын даярлайды. Ұлттық тағам жеуге қалай қарайсыз?

- Әрине, маған өте қызық. Не бар екен? Кіріп көрейік.

-Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі Мәнті, қуырдақ, палау, бар екен. Жас қияр, қызылша салаты да бар екен. Не жейсіз?

- Білмеймін, сіз көмектесіңізші.

- Ендеше мәнті жейміз. Сүт қосқан қазақша шай ішеміз.

- Жақсы. Айтқаңыз болсын.

- Ас дәмді болсын!

- Рақмет.

- Даулет, мәнті өте дәмді екен, маған ұнады. Бұны қалай даярлайды?

- Ет, асқабақ, пиязды ұсақтап турап, оған бұрыш, тұз қосып араластырады. Содан кейін жайған қамырға орап, шетін жапсырады да, буға пісіреді. Оны пісіруге арнаулы ыдыс керек.

- Тамаша. Маған мәнті жасауды үйретесіз бе?

- Мәнтіні қалай жасауды білемін, бірақ өзім жасап көрмедім.

- Менің үйіме қонаққа келесіз ғой, сонда бірге мәнті жасаймыз.

ІІІ деңгей

1) Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Асхана қанша қабатты?

2. Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?

3. Мәнтіні қалай жасайды?

4. Дәулет не деді?

2) Мәтіннен екі сөйлем көшіріп жазып, оларға синтаксистік талдау жасаңдар.

ІІ деңгей

1) Бір тақырыпты таңдап, сөйлесу құрастырыңдар.

1.Тамақтанайық.

2. Ас дәмді болсын!

3. Өте дәмді екен.

4. Не жейсің?

5. Дәмін татыңыз?

2) Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

І деңгей

Егер де саған қонақ келсе, сен қандай тағам жасай аласың? Ол қалай әзірленеді?

Тамақтану әдебі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Үстел басындағы үйлесімді тәртіп:

1. Еш уақытта тамсанып, ерінді сылп еткізіп жеуге, тым үлкен порциялар салып алуға, шанышқыға тым үлкен кесектерді түйреуге, өз тәрелкеңізді ыбырсытуға, ауызға тамақ толтырып алып сөйлеуге, тым жылдам жеуге болмайды.

2. Орындықта қозғалмай, түзу отырыңыз.

3. Қолыңызды үстелдің астында емес, үнемі үстелдің үстінде ұстаңыз. Үстел басында шынтағыңызды тіреп отыруға болмайтынын ұмытпаңыз.

4. Асхана құралдарымен ойнамаңыз.

5. Үстелдің шетін саусақтарыңызбен тарсылдатпаңыз.

ІІІ деңгей.

Үстел басында өз-өзін ұстау туралы сұрақтар құрастырыңдар.

ІІ деңгей.

Үстел басында өз-өзін ұстау туралы сөйлесу құрастырыңдар.

Ідеңгей.

«Тамақтану әдебі» тақырыбына шығарма жазыңдар.






Отбасымыздың сүйікті тағамы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі










Манас қуырдақ

Менің есімім - Айбек. Мен сегізінші сыныпта оқимын. Менің отбасымда бес адам бар. Әкем, анам, ағам және әпкем. Отбасымыздың сүйікті тағамы - қуырдақ. Қуырдақтың бірнеше түрі бар. Солардың бірі сирек кездесетін "Манас қуырдақ" деп аталатын тағамды ұнатамыз. Бұл негізінен аң етінен (киік, арқар, елік) қуырылып, пісіріледі. Алдымен ет туралып, тұз салынып, қазанға пісе бастаған кезде қаймақ құйылып араластырған соң ұн себіледі. Піскеннен кейін, табаққа немесе ыдысқа салынып ұсынылады.

ІІІ деңгей.

1) Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

2) Етістіктердің формаларын теріп жазып, құрамына қарай талдаңдар.

ІІ деңгей.

1) Мәтіндегі екінші, үшінші сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

2) Тағамдардың жасалу құрамын пайдалана отырып, сөйлесу құрастырыңдар.

І деңгей.

Сіздің үйіңізге қонақ келсе, қонаққа арнап қандай дәмді тамақ дайындайсыңдар?

Тамақтарды қалай жасауға болады?

Ет салаты. Піскен етті ұсақтап жіңішке турау керек. Содан кейін піскен картоп, жұмыртқа және пиязды жіңішкелеп турап, тұз сеуіп ыдысқа салады да, үстіне қаймақ құяды.

Қуырдақ. Жас етті жіңішкелеп турап, пиязбен бірге сұйық майға қуырады. Тұз салып, үстіне аздап су құяды. Дайын болған етке көк пияз сеуіп, дастарқанға әкелуге болады.

Мәнті. Ет, асқабақ, пиязды ұсақтап турап, оған бұрыш, тұз қосып араластырада. Содан кейін жайған қамырға орап, шетін жапсырады да, буға пісіреді.


Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Тапсырма: мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Мейрамханада

Мынау - мейрамхана. Мейрамхана «Жұлдыз» деп аталады. Біз осы мейрамхананы ұнатамыз. Себебі мейрамхананың тағамдары өте дәмді. Мұнда қазақтың үлттық тағамдары әзірленеді. Мейрамхананың әзірлеген қазақша ет, қазы, қарта, жая, қуырдақ сияқты тағамдары өте дәмді. Сусындардан қымыз, шұбат, айранға тапсырыс беруге болады. Мейрамхананың бауырсағы, құрты мен ірімшігі өте дәмді.

Біз отбасымызбен мейрамханаға келдік. Маған мейрамхананың әзірлеген салаттары ұнайды. Дастарқан мәзірінде балықтан жасалған тағамдардың түрі көрсетілген. Анам қызыл балыққа тапсырыс берді. Анама балықтан жасалған тағам ұнайды. Інім өзіне шырын алды. Әкем шұбатқа тапсырыс берді.

ІІІ деңгей

1. Мәтінді түсініп оқып, 5сұрақ дайындаңдар. Өзара сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен екі сөйлемді теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.

ІІ деңгей

1. Диалогты толықтырыңдар.

- Түскі уақыт болды ма?

--------------------------

  • Ендеше асханаға барып тамақтанайық?

---------------------------------------------------

  • Сәлеметсіз бе!

----------------------------------------------------------

  • Сіздерде ұлттық тағамдардан не бар?

------------------------------------------------

  • Ұлттық сусындардан не бар?

--------------------------------------

  • Не алайық? Бізге қандай кеңес бересіз?

---------------------------------------------------

  • Кеңес берген үшін, рахмет.

--------------------------------------------------

- Аспазшы тағамды дәмді даярлайды екен.

2. Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

І деңгей

Мектеп асханасының ас мәзіріне сүйене отырып, шығырма жазыңдар.

Нанды қастерлей білесің бе?


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Нан - ас атасы. Қазақ ұлтының дастарқанында нанның орны мен бағасы өте зор. Дастарқан басында әрбір түйір нан қаншама адамның еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нан қазақ ұғымы мен салтында қасиетті, киелі ас. Оны жерге тастамайды, үстінен аттамайды. Үстіне зат қоймайды. Нанды бір қолмен үзудың өзі күнә. Нан - астың басы, құдіреті әрі символы. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды. Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде де алдымен нан ұсынады. Қауіпті, алыс сапарға шыққанда, ауырып емделуге кетіп бара жатқанда қазақтар бір тілім нанның жартысын жеп, жартысын үйіне таза жерге сақтатып тастап кетеді. Нан - қасиетті тағам. Нан дастарқан құты. Нан - тоқтық, нан - байлық. Бірақ осы асыл тағамның қасиетін кейбір балалар түсінбейді. Жерде жатқан нанды аяқтарымен теуіп өте шығады. Сендер нанды қастерлей білесіңдер ме?

ІЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріІІ деңгей

1. Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

2. Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беріңдер. Мысал келтіріңдер.

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сөйлесу құрастырып, өзара жұптасып сөйлесіңдер.

2. Мәтінге күрделі жоспар құрыңдар.

І деңгей

Мақал-мәтелдерді келтіре отырып, «Нан» туралы шығарма жазыңдар.

Асханадағы әңгіме

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Тапсырма: Сөйлесуді оқып, түсініп, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

- Уақыт қанша болды?

- Сағат сегіз. Тамақтанайық.

- Әрине, Тамақтануға болады.

- Жүр кеттік.

- Не алайық?

- Кәне, дастарқан мәзірін көрейік.

- Мен дүнген кеспесін аламын, сен ше?

- Маған қуырылған балық ұнайды.

- Екіншіге не аласың?

- Ыстатылған жаяны жеуге болады, өзің ше?

- Маған да жылқы еті ұнайды. Мен қазы жеймін.

- Тәбетің ашылсын!

- Сенің де асың дәмді болсын!

- Рақмет, Ас дәмді болсын!

ІІІ деңгей

Сөйлесуді жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.

ІІ деңгей

1. Оқулықты жауып қойып, сөйлесуді қысқаша жазыңдар.

2. Үш сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І деңгей.

«Асханадағы әңгіме» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Кезекшілік

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі










Кезекшінің міндеттері:


1. Мектепке кірерде оқушының ауыстыратын аяқкиімін тексереді.

2. Киім ілетін орындағы тәртіпті қадағалайды.

3. Мектептегі өздеріне бөлінген орындардың тазалығы мен тәртібін қадағалайды.

4. Оқу-тәрбие үрдісінде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге керекті көмекті көрсетеді.

5. Күнделікті сабақ біткен соң кезекшілер өздеріне бекітілген орындарды қалпына келтіріп әкімшілікке немесе сынып жетекшісіне тапсырады.

Сыныптағы кезекшінің міндеті:


1. Кезекшілер сынып кезекшілігіне сәйкес белгіленеді.

2. Кезекшілер мұғалімге сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектеседі, жинастыру жұмыстарын жүргізеді.

3. Үзіліс кезінде кезекші оқушы сыныпты желдетеді, мұғалімнің келесі сабаққа керекті көрнекіліктерін ілуге көмектеседі, мұғалім өтінсе, дәптерлерді таратады.

4. Сабақ соңында кезекші оқушылар сынып бөлмесін келесі оқу күніне дайындайды.

ІІІ деңгей

1. Орыс тіліне аударыңдар.

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.

ІІ деңгей

1. Сөйлесу құрастырыңдар.

2. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:

Оқушылар киім ілетін орындағы тәртіпті қадағалайды.

Сабақ соңында кезекші оқушылар сынып бөлмесін келесі оқу күніне дайындайды.

І деңгей

«Кезекшінің міндеті» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Үзілісте

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Тапсырма: Сөйлемдерді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.


Оқушылардың үзілісте тәртіп сақтау ережесі

1. Оқушының үзіліс кезіндегі міндеті:

1) Өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру, тазарту;

2) Мұғалім өтінсе, сыныптан шығу;

3) Мұғалімнің талаптарына бағыну.

2. Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тыйым салынған (мектептің төбесі, жертөле, физикалық, химиялық лаборотория) орындардан басқа жерлерде еркін жүруіне болады.

3. Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің және сынып жетекшінің рұқсатынсыз мектеп ауласынан шығуға болмайды.

4. Үзіліс кезінде оқушыларға бірін-бірі итеруге, бір нәрсені лақтыруға, күш қолдануына болмайды.

5. Өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады.

6. Сынып бөлмесінде жүгіруге, айқайлауға, дене күшін қолдануға тыйым салынады.

ІІІ деңгей

1. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңдар.

2. Мәтін бойынша 6 сұрақ құрастырыңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сөйлесу құрастырыңдар.

2. Үзіліс кезіндегі оқушы міндетінің қысқаша мазмұнын айтып беріңдер.

І деңгей

Үзіліс кезінде оқушының тағы қандай міндеті болуы мүмкін ? Өз пікірлеріңді жазыңдар.

Асханадағы кездесу


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Тапсырма: Сөйлесуді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

- Сәлеметсің бе, Әлия?

- Сәлем, Болат! Қандай жаңалық бар?

- Емтихандарымды тапсырып, қазір бос уақытым көп.

- Мен емтихандарымды тапсырып бітпедім, бос уақытым аз.

- Сен таңертеңгі асты іштің бе?

- Жоқ, қазір сағат неше болды?

- Сағат сегіз жарым. Мүмкін, бірге тамақ ішерміз?

- Табылған ақыл.

- Міне дастарқан мәзірі. Не қалайсың?

- Мен палау жеймін. Сен ше?

- Мен алдымен ыстық сорпа ішемін, содан соң балық жеймін.

- Палау қанша тұрады екен?

- Білмеймін.

- Шырын алайық?

- Жақсы.

ІІІ деңгей

Сөйлесуді жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.

ІІ деңгей

1. Оқулықты жауып қойып, сөйлесуді қысқаша жазыңдар.

2. сөйлесудің ішінен үш сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І деңгей

«Асханадағы кездесу» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Менің сүйікті асым

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі






Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.


Cүйікті асым


Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар: нан, сүт, ет тағамдары. Менің сүйікті ұлттық тағамым - қазақша ет. Нан салынған қазақша етті жеп, сорпасын ішемін. Қазақша ет - құрметті кісілерге ұсынатын орны бөлек тағамдарының бірі. Ұлттық тағамның ұнауы ұлттық ерекшелігімізге байланысты деп ойлаймын. Бұл ас қазақ үшін құнды, нәрлі, сүйікті тағам деп есептеледі.

ІІІ деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Ұлттық тағамдар неше түрге бөлінеді?

2. Нан, сүт, ет тағамдарына не жатады?

3. Қазақша ет қандай тағам?

4. Бұл тағамның қандай ерекшелігі бар?

5. Бұл ас қазақ халқы үшін қандай тағам болып есетелінеді?

ІІ деңгей

1. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлесу құрастырыңдар.

2. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

І деңгей

  1. Дайындау, пісіру, тазалау, аршу, қуыру, қайнату, езу, буға пісіру, турау, келтіру, жуу, бөлу деген сөздерді пайдалана отырып, сүйікті тағамыңыз туралы әңгіме құрастырыңдар.

  2. Ас туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Дастарқан басында өзіңді ұстай аласың ба?»

"Астан үлкен нәрсе жоқ" дейді халық.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.


Дастарқан басында өзіңді ұстай аласың ба?


Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Соңдықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады.

Дастарқан қазақ тұрмысында қастерлі, қасиетті ұғым. Таза ұсталып, одан аттамайды, дастарқан басында жақсы кеңестер беріліп, ұрыс-керіске тыйым салынады. Дастарқанның жайылуы қонақжайлылықтың белгісі. Қонақжай қазақтың кең дастарқаны жиналмаған.

Қазақ адамның мырзалығын, адамгершілігін дастарқанына қарап бағалаған.

ІІІ деңгей

1. Мәтіннің идеясын ашатын бір сөйлемді оқып шығыңдар.

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

2. Мәтінге сөйлесу құрастырыңдар.

І деңгей

«Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген мақал-мәтелді қалай түсінесіңдер?

Ас туралы мақал-мәтелдер

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1) Ас атасы - нан

2) Асы бар аяқ әдемі.

3) Ас - тамағым, тыныш - құлағым.

4) Ет дегенде бет бар ма?

5) Ет етке, сорпа бетке.

6) Тас, тасты жібітетін ас.

7) Аш кісінің ашуы жаман.

8) Ағайынмен ішкен ас тәтті.

9) Ас - адамның арқауы.

10) Асты аттама, досты даттама.

1-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді түсініп оқып, аударып, жаттап алыңдар.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар

Иә

Жоқ

Сіз нанды жақсы көресіз бе?



Нанды басуға бола ма?



Нанмен ойнаған дұрыс па?



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Түсініңіз.

Әжем екеуіміз көшеде келе жатырмыз. Жерде жатқан жарты күлше нанды көрдік. Әжем нанды алды. Оң қолының саусағын алдымен нанға бір тигізді, сонан соң маңдайына бір тигізді. Кейбір балалар нанның қадірін білмейді, - деді әжем ренжіп, нанды жерге лақтырып тастайды. Сосын әжем нанды алды. Қол орамалына орады. Екеуіміз үйге келдік. Әжем нанды қайда қоярын білмей, сәл ойланып тұрды да: Бұл нанды торғайлар жесін, - деп әжем нанды үгітті. Оны тақтайға салды. Нанды терезенің алдына қойды.

4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сойлемдердің ретін қойыңыз.

ӘЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріжем нанды алды.

Нанды терезенің алдына қойды.

Жерде жатқан нанды көрдік.

Әжем нанды маңдайына тигізді.

Нанды үгітіп торғайларға берді.

Әжем екеуіміз келе жаттық.

Екеуіміз үйге келдік.

5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс (+) немесе дұрыс емес (-) сөйлемдерді белгілеңіз.

Сөйлемдер

Дұрыс(+)

Дұрыс емес(-)

Әжем үшеуіміз келе жаттық.


Жерде жатқан нанды көрдік.



Әжем нанды алмады.



Әжем нанды маңдайына тигізді.



Ас - адам арқауы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі













Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.


Ас - адамның арқауы

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт арасында «ас - адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен да жоғары қойған. Сол себепті күнделікті үш мезгіл тамақтануымызды бойға қуат сыйлайтынын білуіміз керек. Бірақ көп жағдайда дұрыс тамақтанбаудан ба, әйтеуір асқазанға «көрінгенді тығып», ақырында түрлі ауруларға жол беріп алатынымыз бар. Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін бүгінгі медицина саласы дәлелдеуде.

ІІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, өзара сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

2. Мәтінге сүйене отырып, сөйлесу құрастырыңдар.

І деңгей

«Ас - адамның арқауы» деген мақал-мәтелді әңгімелеңдер.

Не тәтті?

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Тапсырма: Таныс емес сөздерді сөздіктен тауып, аударып, жаттап алыңдар. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.


Тәттілер:


Қант - қант қызылшасынан өндірілетін ақ түсті тәтті.

Науат - балқыта қайнатып қатырған мұз түсті мөлдір қант.

Бал - гүл шырынынан ара арқылы алынатын қоймалжың, шипалы тәтті тағам.

Халуа - күйдірген майға қуырылған ұнды шекер ертілген суға шылап әзірленген тәтті нәр.

Алуа - шекер-шырынды тәтті нәр.

Сарышекер - құмшекерге су, сүт құйып қайнатып дайындалатын тәтті.

Қауыншек - қауынның жіңішке тіліктерін ішекше өріп кептірген тәтті татым.

Қауынқұрт - қайнатылған қауыннан жасалған тәтті құрт.

Қауынқақ - қауынды жіңішкелеп тіліп, күн көзіне кептірген тәтті тағам.

Қақ - кептірілген жеміс.

Көк - көкөніс, жеміс тағамдарының жалпы атауы.

ІІІ деңгей

Жоғарыда берілген «Тәттілер» тақырыбы бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

ІІ деңгей

"Тәттілер" тақырыбына сөйлесу құрастырыңдар.

І деңгей

"Тәттілер" тақырыбына шағын шығарма жаз.

Салқын тағамдар

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1-тапсырма. Тыңдаңдар, оқыңдар, түсініңдер.

Менің анашым сәбізден салатты дәмді және тез жасайды.

Досым Ақылбек кейде кешкі аста дәмді картоп пісіреді.

Әдетте, Райгүл отбасына арнап түскі асқа түрлі көкөністермен дәмді борщ дайындайды.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Сіз көкөністен, картоптан қандай тағамдар дайындайсыз?

Сіз қандай тағамдарды тез пісіре аласыз?

3-тапсырма. Сөйлемдерге сүйене отырып, өз сөйлемдеріңді құрастырыңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Әдетте, Райгүл әріптесіне арнап кешкі асқа түрлі көкөністермен дәмді борщ дайындайды.

Менің анашым сәбізден салатты дәмді және тез дайындайды.

Досым Ақылбек түскі аста дәмді картоп пісіреді.

4-тапсырма. Оқыңдар, белгілеңдер.

Үлгі: Мен орамжапырақтан дәмді тағам жасаймын.

Мен Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі дәмді тағам жасаймын/жасамаймын.

Мен Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі дәмді тағам жасаймын/жасамаймын.

Мен Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі дәмді тағам жасаймын/жасамаймын.

Мен Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі дәмді тағам жасаймын/жасамаймын.

Мен Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі дәмді тағам жасаймын/жасамаймын.

Тағамның неше түрі бар?

Үлгі: сәбіз,_____________________________________

5-тапсырма. Сыныптасыңызбен сұхбаттасыңыз.

Үлгі: - Арман, сіздің сүйікті тағамыңыз қандай?

- Менің ______________________.

Сұхбатыңызды тобыңызға айтыңыз.

Үлгі: Арманның сүйікті тағамы - _____________.

Сұхбатты жазыңыз.

6-тапсырма. Мәтінді аяқтаңдар.

Әдетте, Райгүл түскі аста отбасына арнап түрлі көкөністермен борщ дайындайды. Оның досы Ақылбек____________________________.

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Сіздің үйіңізге қонақ келді. Қонаққа арнап қандай дәмді тамақ дайындайсыңдар?

Сіздің досыңыз қандай тағамдарды дәмді дайындайды? Жазыңдар.

ҰЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірілттық тағамдар

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Сіз қандай ұлттық тағамдарды білесіз?

Сізге қымыз ұнай ма?

Сізге шұбат ұнай ма?

Сізге қандай ұлттық тағамдар ұнайды?

2-тапсырма. Сөздерді суреттермен сәйкестендіріңдер, әңгімелеңдер.

  • Сорпа а) Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

  • Қымыз ә) Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

  • Кеспе б) Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

  • Қазы-қарта в) Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

  • Қуырдақ г) Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

  • Шұбат ғ) Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

  • Құрт д) Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

3-тапсырма. Орыс тілдеріндегі сөздерді қазақ тілі сөздерімен сәйкестендіріңдер.

  • Бульон а) Құрт

  • Курт ә) Сорпа

  • Мясо по казахский б) Қазы-қарта

  • Наурыз коже в) Қазақша ет

  • Куырдак г) Наурыз көже

  • Бауырсак ғ) Баурсақ

  • Казы-карта д) Қуырдақ

  • Домашняя лапша е) Қымыз

  • Кумыс ж) Шұбат

  • Шубат з) Кеспе

ОЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қымыз, шұбат - қазақ халқының ұлттық сусындары. Олар денсаулыққа пайдалы. Құрамында А, В1, В2, С дәрумендері бар.

Сізге қымыз//шұбат ұнай ма?

Қымыз бен шұбатты жиі ішесіз бе?

Осы сусындар денсаулыққа пайдалы ма?

Мен қазақ халқының көптеген тағам атауларын білемін. Мысалы: қазақша ет, баурсақ, кеспе, шұбат, қымыз. Сіз қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіз?

4-тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

1. Сіз қаңдай ұлттық тағам атауларын білесіз?

а) қазақша ет; ә) палау; б) манты; в) лағман; г) қымыз; ғ) шұбат

2. Сіз қандай тағамдарды дайындай аласыз?

а) қуырдақ ә) палау б) наурыз көже

в) бауырсақ г) қазақша ет ғ) ірімшік

3. Сізге ұллтық тағамдар ұнай ма?

а) ұнайды ә) ұнамайды

4. Қандай сусындар денсаулыққа пайдалы?

а) қымыз ә) айран б) шұбат в) шырын г) су ғ) сүт

5. Қымыз бен шұбатта қандай дәрумендер бар?

а) А ә) А, В1, В2, С б) С, Д

5-тапсырма. Сұхбатты оқыңдар, түсініңдер.


  • Бағжан, түскі асқа қашан келесіз?

  • Әнел, түскі асқа сағат 13:00 барамын.

  • Сүйікті асыңыз кеспені дайындадым.

  • Рақмет, Әнел!

6-тапсырма. Әдетте, сіз қандай тағамды сүйіп жейсіз? Белгілеңіз.

ұлттық тағам

әдетте

сирек

анда-санда

еш уақытта


қазақша ет

кеспе

бауырсақ

наурыз көже

қымыз

қазы-қарта

шұбат

құрт






7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Өзіңіз ұнататын ұлттық тағамдарың жайлы айт. Жаз.

Сен қандай тағамдарды дайындай аласың? Тізімін жаса. Дайындау әдісін жаз.

Қазақстанның ірі қалалары


Күрделі сөздер. Біріккен сөздер

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріҚазақстан Республикасы



1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

ҚЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте - Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста - Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте - Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста - Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.

Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері - Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.

Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.

Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжай, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.

2-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жаз, орыс тіліне аудар.

Мысалы: 16-дан астам ірі - более 16 крупное

3-тапсырма. Мәтін ішінен көне қалаларды теріп жаз.

4-тапсырма. Сызбамен таныс, есіңе сақта.

Күрделі сөздер - екі не бірнеше сөздің өзара бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған сөздер.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Біріккен сөздер мысалы: тасбақа, Ақтау, итмұрын

Тіркескен сөздер мысалы: Арал теңізі, қазақ тіліЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Қосарланған сөздер

мысалы:

ата-ана, ел- жұрт

Қысқарған сөздер

мысалы: ПМУ,см,


5 - тапсырма. Мәтінде кездесетін көлдерді бір бағанға, ал өзендерді бір бағанға теріп жазыңдар.

6 - тапсырма. Тұр етістігін жіктеңдер

7- тапсырма. Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар

Тәуелсіз Қазақстан

1-тапсырма. Мәтін мазмұнын мұқият тыңдап, мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.

Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Ата заңы, ұлттық валютасы(төл теңгесі) бар. 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Н. Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдау туралы» Президенттің Жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық ақша - теңге айналымға түсті.

Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлем тани бастады. Қазақстанда 50 мемлекеттің елшілігі бар. Біздің мемлекетіміз аса беделді бірқатар халықаралық ұйымдарға, оның ішінде БҰҰ-ға(1992), Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.

Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді. Бүгінгі Қазақстан - тәуелсіз, дербес, егеменді мемлекет. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз.

2- тапсырма. Мәтін ішінен жалқы есімдерді, күрделі сөздерді теріп жазыңдар

3-тапсырма. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Халықаралық, ауыл шаруашылығы.

4-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • ...

  • Жер көлемі қанша?

  • ...

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар

Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз.

6-тапсырма. Сызба бойынша әңгімелеңдер.

Қазақстан Республикасының рәміздері


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Қасиетті Түркістан қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Түркістан - Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ - ХҮІІІ ғ.) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Бері де Қазақ хандығы ордасы болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.

1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан - тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене - сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.

Бүгінгі Түркістан - үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.

І деңгей

1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

2. Жаңа сөздердің аудармасын табыңыз. Олармен сөз тіркестерін құрыңдар.

Қасиетті, көне, саяси, ордасы балған, кесене, ғибадатхана, сәулет өнері

ІІ деңгей

1. Мәтін бойныша мына сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Түркістан қандай қала?

2. Түркістан қаласы еліміздің қай жерінде орналасқан?

3. Түркістан қаласын басқаша қалай атайды?

4. Бұл қалаға алғаш темір жол қашан келген?

5. Бұл қалада кімнің кесенесі бар?

6. Кесене неше бөлмеден тұрады?

7. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын не бар?

8. Түркістан қаласының орнында ІҮ - Ү ғасырларда қандай қала болған?

2. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңдар.

3. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Аймағында, халықтарының, орталығы, келгендер.

ІІІ деңгей

1.Төменде берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.

Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

2. Бұл өлең жолдарын кім жазған?

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

ЕЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Сөздік:

Ежелгі - древний,

Орта тұсындағы - по середине

саяси - политический,

щаруашылық - хозяйство

мәдени орталық - центр культуры,

кесене - мавзолей,

ғимарат - здание

сәулет өнері - архитектурное исскуство


желгі қалалар




Ежелгі қалалардың бірі - Отырар. Ол ҮІ- ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

ҮІІ ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажы кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы - Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.

Х- ХІІ ғасырлар - қаланың ең гүлденген кезі.

ХҮІІ ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналды.

І деңгей

  1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын орыс тіліне аударыңдар.


  1. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді теріп жазып, оны аударыңдар. Олармен сөз тіркестерін құрыңдар.

ІІ деңгей

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.

  2. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Өзенінің, ескерткіштері, ғасырларда

ІІІ деңгей

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:


  • Сен тұратын қала көне қалаларға жата ма?

  • Ол бұрын қалай аталды. Бұл қала облыс орталығы ма?

  • Өз облысыңда қандай аудандары бар?

  • Бұл жерден шыққан қандай атақты адамдарды білесің?

  • Оларға арналған ескерткіш, мұражайлар бар ма?

  • Қалаларыңда қандай өзен, көлдер бар?

Сайрам қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Қазақта «Сайрамда бар сансыз бап» деген сөз бар. Ежелгі Сайрам қазақ жерінің рухани орталығы болған. Ойшылдар, философтар, әулиелер, дін таратушылар шыққан жер. Бірнеше рет көшіріліп, өзгеріске ұшыраған «Сайрам рысалы» - атты ортағасырлық кітап біздің заманымызға жеткен. Мұнда Сайрамнан шыққан атақты адамдардың, қолбасшылардың, әулие адамдардың өмірбаяны, қаланың тарихы баяндалады.

Сайрамда бүкіл түрік халықтарының рухани көсемі Ахмет Ясауи 1103 жылы дүниеге келген. Сайрамның Х-ХІІІ ғасырлардағы аты - Испиджаб, соғды тілінде «Ақсу» дегенді білдіреді.

Сайрам - орта ғасырда қолөнерімен атағы шықты. Мұнда ақ мата, былғары, қару- жарақ шығарылды. Алтын-күмістен асыл бұйымдар дайындалды. Қалада жер асты жолдары, хауздар мен бақтар, үлкен мешіт, Нуджкет, Фархан, Шақпан, Бұхара дарбазалары болған.

Тапсырма:

  1. Мәтінді мұқият оқы, мазмұнын айтып беріңдер.


  1. Мәтінге сүйене отырып кестені толтырыңдар.

Көптік жалғаулы сөздер

Септік жалғаулы сөздер

Күрделі сөздер



  1. Мына сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар

Мешіт, Бұхара


  1. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

1) Ежелгі Сайрам қазақ жерінің рухани орталығы болған.

2) Сайрамда бүкіл түрік халықтарының рухани көсемі Ахмет Ясауи 1103 жылы

дүниеге келген.

3) Сайрам - орта ғасырда қолөнерімен атағы шықты.


Қазақ елінің бас қалалары

Орынбор қаласы - тұңғыш астана

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



1-тапсырма. Мәтінде оқып, орыс тіліне аударыңдар

1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын.

1737 жылы Әбілхайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген. Сөйтіп, Орынбор бекінісі Ресейдің бүкіл Орталық Азияны басып алуының кілті болған. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары аталған. Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер және тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» журналы осы қалада шыққан.

Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай және т.б. қазақ зиялылары жұмыс істеп, еңбектер жазған.

Сөздік:

Құрамындағы - в составе

Өлкесі - край

Бекінісі - крепость

Зиялылары - авторитеты, интелегенция

Қоғам қайраткерлері - общественный деятель

Үндеген - призвал

2-тапсырма. Төменде берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Жарияланды, құрамдас, зиялылар.

3-тапсырма. Мәтін мазмұның ашатын сұрақтар құрастырыңдар.

4-тапсырма. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.


  1. 1737 жылы Әбілхайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген.

  2. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» журналы осы қалада шыққан.

  3. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған.

5- тапсырма. Қазақ зиялылары туралы шағын шығарма жазыңдар.


Қызы­лор­да - қазақ елінің екінші ас­та­насы (1925-1929)


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


1 -тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Қала негізі Қамысқала ат­ты елді ме­кен­де 1817 ж. са­лынған Қоқан хан­дығының Ақмешіт бекінісі ретінде қалан­ды.

1854 жыл­дың та­мызы­нан басқын­шы, ге­нерал В.А. Пе­ровс­кийдің аты­мен бекініс Перовск пор­ты атал­ды. 1857 ж. Пе­ровскіге қала мәрте­бесі беріліп, уъезд ор­та­лығына айнал­ды. 1922 ж. қала­ның Ақмешіт аты қай­та­рылғаны­мен 1925 жыл­дың наурызында Қызы­лор­да деп қай­та өзгертіліп, Қазақстан ас­та­насы­ның мәрте­бесі берілді (1929 жылға дейін).

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. Аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ жерінен қазақтың оқыған азаматтары, ақындар, әншілер жиналды. Қала­да 1926 жы­лы 13 қаңтар­да Қазақ дра­ма те­ат­ры (қазіргі М. Әуезов ат. Қазақтың мем­ле­кеттік ака­деми­ялық те­ат­ры) ашыл­ды. Ден­са­улық сақтау, білім бе­ру орын­да­ры көбейді.

2-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер.


  • Қызылорда қаласы бұрында қалай аталды?

  • Қаланың ірге тасы қашан қаланды?

  • Ол қала қашан уъезд орталығына айналды?

  • Қай жылдары Қазақстан астанасы болды?

  • Қалада тұңғыш театр қашан ашылды?

3-тапсырма. Мына сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.

Ақмешіт, ақындар.

4-тапсырма. Мына сөздерді тәуелдеңдер.

Бекініс, ме­кен.­

5-тапсырма. Мына сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді.

Қала­да 1926 жы­лы 13 қаңтар­да Қазақ дра­ма те­ат­ры ашыл­ды.

6-тапсырма. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңдар.


  • Қызылорда, астана, бастап, 1925 жылдан, арасында, 1929 жылдар, қаласы, болды.

  • Тұңғыш, қалада, ашылды, театры, қазақ.

  • Ақмешіт, аталды, Қызылорда, деп, қаласы, алғашында.

Қазақстан астанасы - Алматы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Ас­та­на Ал­ма­тыға 1929 жыл­дың жа­зын­да көшіп келді. Ал­ма­ты ас­та­на мәрте­бесін алған­нан кейін қала эко­номи­касы өсіп, ха­лықтың са­ны арт­ты. 1930 жы­лы 19-шілде­де Түркістан - Сібір темір жо­лы іске қосыл­ды. Ал­ма­ты - Ор­та­лық Ази­ядағы өрке­ни­ет­тегі ірі қала­лар­дың бірі бол­ды.

Қала­да ор­та, ар­на­улы және жоғары оқу орын­да­ры, ғылы­ми, мәде­ни ме­кеме­лер ашы­ла бас­тай­ды. 50-жыл­да­ры қала­да Үкімет үйі, Ғылым ака­деми­ясы­ның бас кор­пу­сы, Ор­та­лық ста­ди­он, Абай атын­дағы опе­ра және ба­лет те­ат­ры­ның ғима­раты са­лын­ды. Ал 60-70-ші жыл­да­ры бой көтер­ген зәулім құры­лыс­тардың қата­рына Рес­публи­ка са­райы, Дос­тық үйі, Не­ке са­райы, «Ме­деу» мұз ай­ды­ны, «Ала­тау» қонақ үйі, Бей­не­леу өнері мұра­жайы және т. б. сәулет нысандары бар.

1966 жыл­дың 21 қаза­нын­да қала­дан 18 км жер­дегі Ме­деу шатқалын­да жа­рылыс жасалып, биіктігі 100 метр бөгет са­лын­ды. Ол 6-2 млн тек­ше метр су мен басқа қауіпті зат­тарды ұстап тұра ала­ды.

Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қала­сы Ал­ма­ты 1991 жыл­дың 16-жел­тоқса­нынан 1997 жыл­дың 10 жел­тоқса­нына дейін еге­менді Қазақстан Рес­публи­касы­ның бірінші астанасы бол­ды.

Ал­ма­ты қала­сы 70 жыл бойы еліміздің ас­та­насы ста­тусын­да бол­ды.

2-тапсырма. Мәтіннен өзіңе таныс емес, жаңа сөздерді теріп жаз, оны аудар.

3-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға диалог ретінде жауап жаз.

  • Алматы қаласы Қазақстанның нешінші астанасы?

  • Алматы қаласы қай жылы астана болып тайындалды?

  • Қай жылы Түркістан-Сібір темір жо­лы іске қосыл­ды?

  • Алматы қаласы қай жерде орналасқан?

  • Қай жыл­ы қала­дан 18 км жер­дегі Ме­деу шатқалын­да жа­рылыс жасалып, бөгет салынды, оның биіктігі қанша метр?

  • Алматы қандай қала?

4-тапсырма. Мына сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Жыл­да­рын­да, көшірілді, нысандары.

5-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңдар

Ал­ма­ты қала­сы 70 жыл бойы еліміздің ас­та­насы ста­тусын­да бол­ды.

Ал­ма­ты - Ор­та­лық Ази­ядағы өрке­ни­ет­тегі ірі қала­лар­дың бірі бол­ды.


Ас­та­на - қазақ елінің төртінші ас­та­насы (1998)

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


1997 ж. 20 қазан­да ҚР Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев «Ақмо­ла қала­сын Қазақстан Республи­касы­ның ас­та­насы деп жа­ри­ялау ту­ралы» жар­лыққа қол қой­ды. 1998 жыл­дың 6 ма­мыр­да Ақмола қаласын Ел­ба­сының жар­лығымен ҚР-ның ас­та­насы - Ас­та­на қаласы бо­лып атал­ды, ал 20 ма­мыр­да «Қазақстан Рес­публи­касы ас­та­насы­ның мәрте­бесі ту­ралы» ҚР-ның Заңы қабыл­данды. Сол жылғы 10 ма­усым­да тәуелсіз Қазақстан­ның жаңа ас­та­насы­ның сал­та­нат­ты ашы­лу рәсімі бо­лып өтті.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.
Қазір Астана - Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.
Астана 20-шы ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Ол өте көркем қала.

Сөздік:

жар­лық - приказ

жа­ри­ялау - правозгласил

мәрте­бесі - статус

қабыл­данды - принят

сал­та­нат­ты ашы­лу рәсімі - торжественное открытие

ескерткіштер - памятник

оң жағасында - на правом берегу

таң қалдырды - удевил

саналады - считает

Тапсырма:

  1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып орыс тіліне аударыңдар.


  1. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, оларды есімшеге, көсемшеге айналдырып жазыңдар.

Мысалы: қойды - қойған - қойып (қойғалы)

  1. Мына сөздерді жіктеңдер:

Пре­зиденті, сұлу

  1. Мына сөздерді тәуелдеңдер:

Қала, болашағы

  1. Морфологиялық талдау жасаңдар.

Қонақтарды, экономикалық

  1. Мәтінге диалог құрастырыңдар.

Ежелгі Тараз қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



1- тапсырма. Мәтін мазмұнымен таныс, ауызша мазмұндап беріңдер.

Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі қала болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылдан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз қаласы өзінің 2000- жылғы мерейтойын қарсы алды. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көптеген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.

Таразда Қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Облыста үш бірдей зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауыт, автожөндеу зауыт, «Автобөлшектер» зауыты, тағы басқа зауыттар жұмыс істеп тұр.

Сөздік:

Атауы - название

Алқабының - территория

Мерейтойын - юбилей

Қамалы - крепость

Бөктерінде - у подножья

Кесенелерді - мавзолей

2- тапсырма. Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар.

Қала-

Ғасыр-

Әйгілі-

Мерейтойын-

Дәулет-

Тәуелсіздік -

3- тапсырма. Мәтінде кездесетін септік жалғаулы сөздерді рет-ретімен тізіп жазыңдар.

4- тапсырма. Мәтін ішінен есімше, көсемшелі етістік сөздерді теріп жазыңдар.

Мысалы: орналасқан.

5- тапсырма. Мәтінге жоспар құрастырыңдар.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Шымкент - Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Шымкент негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталық болып табылады.

Шымкент - инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), "Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек өндіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш" (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы бөлшектер және құрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Сөздік:

Дамыған - развитый

Мұнай өңдеу - переработка нефти

Түсті металлургия - цветная металлургия

Қорғасын - свинец

1-тапсырма. Мәтін мазмұнымен танысып, ауызша мазмұндап беріңдер.

2-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар.

  • Шымкент қаласы қайда орналасқан?

-

- Шымкент қаласы қай облыстың орталығы?

-

3-тапсырма. Мәтінде кездесетін күрделі сөздерді теріп жазыңдар.

Мысалы: АҚ - күрделі, қысқарған сөз.

4-тапсырма. Мына сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар:

Орталықтарының, өнеркәсіп

5-тапсырма. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:

Шымкент - Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.

Мойынқұм шөлінде алтынның аса сапалы қоры, мұнай мен газ бар.

Шымкент қаласының инфрақұрылымы жақсы дамыған.



Алматы қаласы - мәдениет және қаржы орталығы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Алматы - әлемдегі сұлу қалалардың бірі. Ол өте көрікті Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқан. Алматының жасыл желегі, қазіргі заманғы аса сәулетті ғимараттары, гүлді алаңдары, сарқырап аққан бұлақтары, өзендері, көлдері, орманды таулары оны таңғажайып көркейтеді.

Алматы - ірі мәдениет және қаржы орталығы. Алматы қаласының мәдени өмірі бай. Онда опера және балет, драма, қуыршақ театрлары, көптеген кинотеатрлар бар. Әдебиет, музыка, көркемсурет, сәулет өнері, кино, дизайн өнерлері жақсы дамыған. Мұнда әлемдік фестивальдар, конкурстар, конференциялар, көрмелер ұйымдастырылады, олар өнердің дамуына ықпал етеді.

Алматы қаласындағы осы заманғы сәулет өнері үлгісінде салынған мәдени орындар кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Республика алаңы, Тәуелсіздік монументі, Абай ескерткіші, Республика сарайы, Студенттер сарайы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, Неке сарайы, Президент резиденциясы, Халық аспаптар мұражайы және т.б. әсем ғимараттар бар.

Тапсырма:

І деңгей

1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

2. Төменде берілген сөздердің аудармасын табыңыз. Олармен сөз тіркестерін құрыңдар.

көрікті, қаржы, ғимараттар, кешендері, алаңдары.

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңдер:

1) Алматы қандай қала?

2) Алматы қаласы еліміздің қай жерінде орналасқан?

3) Алматы қаласын бұрын қалай атаған?

4) Алматы ненің орталығы саналады?

2. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Тауларының, үлгісінде, қызықтырмай, ұйымдастырылады.

ІІІ деңгей

Төменде берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.

Алматы қаласындағы осы заманғы сәулет өнері үлгісінде салынған мәдени орындар кімді болса да қызықтырмай қоймайды.

Солтүстік Қазақстан

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Петропавл - Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, 1936 жылдан облыс орталығы.

Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді.

Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. Оның ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтан ықпал етті. Ол Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.

2- тапсырма. Мәтінге сөздік құрастырып, олармен жаңа сөйлем құрастырыңдар.

3- тапсырма. Мәтінге диалог құрастырыңдар.

4-тапсырма. Төмендегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Патшалық, орталығын.

5 - тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Петропавл қаласы 1936 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығы.

Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.



















Қостанай облысы. Қостанай қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын ашыңдар.

Қостанай облысы Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Ол 1936 жылы құрылған. Облыс республиканың 4 басқа облыстарымен шекаралас (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және СҚО) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Корған) шектесіп жатыр.

Облыс орталығы - Қостанай қаласы. Қостанай 1979 жылы құрылған. Ол Тобыл өзені жағасында орналасқан. Облысты халықаралық "Екатеринбург-Алматы" автокөлік жолы кешіп өтеді.

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай: магнетиталық және оолиталық темір рудасы, боксит, қоңыр көмір, асбест, отқа төзімді және кірпішті саз балшық, цементті және қосынды әк тас, песок, құрылыс тастары және т.б. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер - Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торғай өзені (390 км). 2004 жылы "Алтынсары-Хромтау" темір жолы салынған.

Сөздік:

Шекаралас - граничит

Өзен жағасында - на берегу реки

Халықаралық - международный

Жер қойнауы - земля

Пайдалы қазбаларға - полезные ископаемые

2- тапсырма.

  1. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен екі зат есімді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.

3- тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінен жай сөйлем құрастырыңдар.

Тобыл өзені, Қостанай облысы, темір жолы.

4-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді тіркескен сөздерімен қоса теріп жазыңдар. Олардың мағыналық түрлерін анықтаңдар.

5-тапсырма. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, Қостанай облысы туралы әңгімелеңдер.

Көкшетау қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Көкшетау қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан.

Көкшетау - Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері - Көкше шоқы (947 м).

Көкшетау - Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.

Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, "Бурабай" курорты, "Оқжетпес", "Щучинск" санаторийлері, "Жеке Батыр", "Голубой Залив", т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан.

Көкшетау ұлттық табиғи саябағы - Көкшетау қаласынан 60 км жерде орналасқан қорықтық аймақ.

Сөздік:

Шектесіп жатқан - граничит

Аумақ - край

Жергілікті - местный

Ұлттық табиғи саябағы - Национальный природный парк

Қорық - заповедник

2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

3-тапсырма. Көкшетау сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

4-тапсырма. Мәтінде кездесетін жалқы есімдерді теріп жазыңдар.

5-тапсырма. «Жер-жаннаты Бурабай» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.


Павлодар қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



1-тапсырма. Мәтін мазмұнын түсініп оқыңдар.

Павлодар Қазақстанның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің оң жағында орналасқан. Х-ХІ ғасырларда осы өлкеде қимақтардың қалалары және астанасы болған. Бертін қалаланың іргетасы 1720 жылы Коряковский қамалы деген атпен қаланды. Қазақтар арасында Тұзкент, Тұзқала атауларымен белгілі. Павлодар 1861 жылы қала, ал 1938 жылдан бері облыс орталығына айналды.

Облыс жері негізінен ойдым-ойдым жазықты келеді. Тек оңтүстік-батыс жағы көтеріңкі, Сарыарқаның Қызылтау және Баянауыл тауларына ұласады. Биік жерлері - Әулие (1055м) және Ақбет (1026м). Павлодардың жер қойнауы көмірге бай. Мұнда түсті және сирек кездесетін металдар, ас тұзы өндіріледі.

Қалада көптеген көрікті жерлер бар. Олар: Өлкетану мұражайы; орталық жағажай, Астана мұз айдыны, Чехов атындағы орыс драма театры, Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театры т.б.

Қалада машина жасау, түсті металлургия, мұнай айыру, металл өңдеу, құрылыс материалдар және т.б. үлкен кәсіпорындары бар. Маңызды кәсіпорындары: Павлодар трактор зауыты, Павлодар алюминий зауыты, Павлодар электролиз зауыты.

Павлодар облысына қарасты 12 аудан бар.

2-тапсырма. Мәтінге сөздік құрастырыңдар.

3-тапсырма.Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Павлодар қаласы қайда орналасқан?

  • Бұрын қаланы қалай атаған?

  • Қаланың іргетасы қашан қаланды?

  • Облыс орталығы болып қай жылы бекітілді?

  • Павлодар облысының ең биік шыңдарын ата?

  • Павлодар облысы қай жерлермен көрікті?

  • Павлодар облысында неше аудан орталығы, неше қаласы бар?

4-тапсырма. Мына сөздерді құрамына талдаңдар:

Атауларымен, орталығына, Сарыарқаны.

5-тапсырма. «Менің туған қалам» - атты тақырыпқа әңгіме жазыңдар.


Орал қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Орал - Батыс Қазақстан облысының орталығы. Орал - Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала 1584 жылы қаланған. Бірақ ресми қаланған жыл 1613 жыл болып саналады.

Сол жылдары Оралда көптеген қазақтардың ұлттық көтерілістері де болды. Олардың ішінде Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы болған.

Сол кездегі қала тұрғындарының негізгі шаруашылығы балық аулау, мал шаруашылығы болған. 1846 жылы Орал негізгі сауда орталығына айналып, үлкен қалалар қатарына енгізілген. Ол қаланың дамуына көп үлес қосып, жұмысшылар ұйымдарының пайда болуына әсер етеді. 1905 жылы Оралда социал-демократиялық және қазақ ұлттық ұйымдары өз жұмыстарын бастайды. Революцияға дейін қалада 15 шіркеу, 4 мешіт, театр, мұражай, бірнеше аурухана мен кітапхана, түрлі оқу орындары болған, газеттер басылған. Ұлы Отан соғысы кезінде Оралға көптеген ұйымдар көшірілген.

Сөздік:

Көтерілістері - забастовка

Шаруашылығы - хозяйство

Тұрғындары - жители

Енгізілген - включили

2-тапсырма. Мәтіннен етістіктен болған баяндауыштарды тауып, оның қай шақта тұрғанын көрсетіңдер.

3-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып диалогты жалғастырыңдар.

- Орал қай облыстың орталығы?

- Орал - Батыс Қазақстан облысының орталығы.

- Қай жылы қаланың ірге тасы қаланған?

- Қала 1584 жылы қаланған.

4-тапсырма. Бірінші абзацтағы сөйлемдерді сөз табына ажыратыңдар.

5-тапсырма. Төмендегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар:

Жағалауында, көтерілісіне, шаруашылығы.



Атырау қаласы


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1-тапсырма. Мәтінді мәнгерлеп оқып, мазмұнын өз сөзіңмен айт.

Атырау - Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан байырғы қалаларының бірі. Ертеде Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына ел қоныстанып балық және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640 жылы ағайынды орыс көпестері Гурьевтер осы жерге қала салдырған. Сол себепті алғашында Гурьев аталған. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. Ал 1992 жылдан бері Атырау деп өзгертілді.

Атырау 1938 жылдан Атырау облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Облыс негізінен Каспий маңы ойпатында орналасқан. Қала маңында ежелгі Сарайшық қаласының орны бар.

Атырау өнеркәсібінің басты саласы - мұнай-химия өндірісі. Мұнда мұнай өңдеу зауыты, «Ембі мұнайгаз», «Атырау жылу электр орталығы» және т.б. өндіріс орындары орналасқан.

Облыстың Жылыой ауданындағы Аралтөбе қорымынан шамамен б.з.б. ІІІ және б.з. ІҮ ғасыр аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататын екінші «Алтын адам» табылған.

2-тапсырма. Мәтінге сөздік құрастырыңдар.

3-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасаңдар.

мал шаруашылығымен, әкімшілік орталығы.

4-тапсырма. Мәтінге диалог құрастырыңдар.

5-тапсырма. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, құрамына қарай талдаңдар.

Атырау 1938 жылдан Атырау облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Облыс негізінен Каспий маңы ойпатында орналасқан. Қала маңында ежелгі Сарайшық қаласының орны бар.



Ақтау қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Ақтау - Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған.

Өнеркәсіптік қала болып табылады. Қалада ядролық қалқанын жасау, уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен жұмыс істейді.

Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966) КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы сыйлық (1975) берілді.

Тапсырма:

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Мәтінде қай қала туралы айтылған?

  • Қай жылдары бұл қала Ақтау деп аталды?

  • Бұл қала 1964-1991 жылдары қай ақынның есімімен аталды?

  • Қаланың негізіг жоспары қай жылы құрылды?

  • Ол жобаны кім жүргізді?

  • Бұл қала қай теңіздің жағасында орналасқан.

2. Сөздерге синоним жазыңдар Сөздерге антоним жазыңдар

Алғашқы- оңтүстік-

Мекен - жер-

Жоба - жүргізу-

Сыйлық - алтын-

3. Сызба арқылы шағын әңгіме құрастырыңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріорналасқан

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріаталды

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріАқтау қаласы табылады

бекітілді.

жүргізілді

4. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар:

Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді.

Ақтау - Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы.

Ақтөбе қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




1-тапсырма. Мәтін мазмұнын оқып, орыс тіліне аударыңдар.

Ақтөбе қаласы - Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.

Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Бірінші «Триумф» синематографы 1910 жылдан бастап жұмыс істеді.

1901 жылы алғаш Ташкентте, ізінше Орынборда осы екі қаланы Ақтөбе арқылы жалғастыратын темір жол құрылысы басталды. 1904 жылы болат жолдың бойымен уақытша қатынас ашылды, одан кейін тұрақты қозғалыс басталды.

Бүгінгі Ақтөбе - өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.

Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмір өркендеген.

Сөздік:

Шектесетін - граничит

Бекінісі - крепость

Халық санағы - перепись населения

Жалғастыратын - соединяющий

Қозғалыс - движение

кәсіпкерлік - коммерческий

қаржылық құрылымдары - финансовые

әлеуметтік - социальный

2-тапсырма. Жаңа сөздерді қатыстыра отырып жай сөйлемдер құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мәтін ішінен есімше, көсемшелі етістіктерді теріп жазыңдар.

Мысалы: басталған - баста етістік, -ған есімше жұрнағы.

4- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

5- тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың

негізі қаланған күн болып есептеледі.

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.

Қарағанды қаласы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды.

Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті.

Осы өнірдің өнеркәсібінің басты саласы - тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады. Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы.

Сөздік:

Өсетіндіктен - растущие

Тас көмір - каменный уголь

Өңірін - край

Төңкерілісінен - революция

Меншігіне - частный

Қоры - фонд

Барлау - разведовательные работы

Кеншілері - шахтеры

Кәсіби - профессионально

Тапсырма:


  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

  2. Төмендегі сөздердің сөз құрамын анықтандар:

  • өсетіндіктен

  • кәсіпкерлері

  • төңкерілісінен

  • дүниежүзілік

  1. Мәтін сөздерін қолдана отырып кестені толтырыңдар.

    Жалқы есімдер

    Септік

    Тәуелдік

    Көптік


  2. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар:

Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын

Досы көпті жау алмайды, сөзі көпті дау алмайды.

Еңбекке етте, міндет ет.

Еңбектің наны тәтті.

Қарағанды облысы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Қарағанды облысы 428 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бұл республикадағы ең үлкен аймақ. Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы - Қарағанды қаласы.

Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған, облыс экономикасының ірі орталығы.

Тапсырма:

  1. Мәтінді түсініп оқыңдар.


  1. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Қарағанды облысы қай жылы құрылған?

  • Қарағанды облысы немен танымал?

  • Облыс аумағы қанша шақырым?

  • Облыста қанша қала бар?

  • Облыстың әкімшілік орталығы қай қала?

  • Бұл облыста қай ғалымның есімімен аталатын қала бар?


  1. Мәтінді пайдалана отырып сөйлемдердің дұрыс не бұрыстығын анықтаңдар

Сөйлемдер

дұрыс

Бұрыс

Облыс аумағы 856 мың шаршы км

Облыс 1932 жылы, 10 наурызда құрылған.

Әкімшілік орталығы - Жезқазған қаласы.

Бұл аймақта көмір, түрлі-түсті металл өндеріледі.

4 тапсырма:

Мәтіннен етістіктерді теріп алып, тұйық етістікке айналдырыңдар.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған және республиканың шығысында орналасқан (1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды). Облыс территориясы 283,3 мың шаршы км.

Өскемен - Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және әкімшілік орталықтардың бірі. Қала негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің құйылысында қаланған. Көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Өскемен қаласы - егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік ҚР Консититуциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі болып саналады. Аймақтың жетекші салалары - түсті металдар өндіру, машина жасау.

Тапсырма:

  1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын ашыңдар.


  1. Сөздікте берілген жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Құрамы - сөз құрамы, ағаш құрамы және т.б.


  1. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

- Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?

- Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысына жата ма?

- Өскемен қаласының іргетасы қай жылы қаланды?

- Шығыс Қазақстан облысында не өндіріледі?


  1. Мәтіннен сан есімдерді теріп оларды сөзбен жазыңдар.

Мысалы: 1932 - бір мың тоғыз жүз отыз екі.


  1. Төменде берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Қала негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің құйылысында қаланған. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған және республиканың шығысында орналасқан. Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі болып саналады.






Шығыс Қазақстан (Семей)

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Семей -1718 жылдан бастап қала. Семейдің ежелгі аты - Доржынкит. Мұнда бұрын бірнеше елді мекендер болған. Солардың бірі - Жетішатыр. 600 жылдан бастап белгілі болды. Сол Жетішатырдың сәл төмендеу жерден 1718 жылы Семейдің іргесі қаланды. Семей қаласында өте көп зауыттар мен фабрикалар бар. Сондай-ақ қалада халықтың ұлы перзенттері Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлиханов тұрған. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев өзінің еңбек жолын осында бастаған. Академик жазушы Мұхтар Әуезов алғашқы шығармаларын Семейде жазған.

Ертіс өзені қаланы екіге бөледі. Ескі көпірден машиналар ағылып жатады. Жапон фирмасы жаңа көпір салды. Семейдің мақтанышы - қарағай орманы, жаңа көпір. Еуразия континентінің кіндігі аталатын Семей шаһарына 2008 жылы 290 жыл толды. Алғашында қамал ретінде салынған Семей талай ғасырлардан бері айтулы орталық ретінде танымал. Ұлылар мекеніне айналған шаһар тек саяси оқиғаның ғана емес, өркендеген, өндірістің, сауда кешенінің орталығы.

Сөздік:

Ежелгі - древний

Төмендеу - нижний

Көпір - мост

Кіндігі - центр

Тапсырма:

  1. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.


  1. Мәтіннен баяндауыштарды тауып, қай шақта тұрғанын көрсетіңдер.


  1. Мәтіндегі бірінші сөйлемдегі сөздердің қай сөз табына жататынын анықтаңдар.


  1. Төменде берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Жетішатырдың, континентінің, өндірістің.

5. Абайдың бір өлеңін жатқа жазыңдар.




Ыбырай Алтынсарин

«Әке мен бала»

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда бір ескі таға жатын екен, соны көріп баласына айтты:

- Балам, анау тағаны ала жүр,- деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,- деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі манағы тағаны үш тиынға сатты, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі, артында келе жатқан бала қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып аузына салды, аздан соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:

- Көрдің бе, балам, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаласың,- деді.

Сөздік:

таға - подкова

жаяу (жүру) - пешком

темірші - кузнец

манағы - это

2-тапсырма. Мәтінге бірнеше сұрақ қойыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

3- тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер.

1. Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

2. Алдындағы арба қайда жүрсе,

Соңғы арба сонда жүреді.



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі Бердібек Соқпақбаев

«Ағаштар неге ашуланады?»

1- тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Сенің жазығың сол: біздің бірнеше шыбығымызды үйіңнің қасына отырғызбақ болып, қазып әкеттің. Нағыз азап халге салып қойыпсың. Түбі босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суалып, құрып бара жатқан көрінеді. Осы қылығың адамшылыққа жата ма? Ағаштан көрген не жамандығың бар? Жайқалып өсіп тұрсақ, қыстақтың көркі емеспіз бе? Жаздыгүні ми қайнатқан ыстықта саямызға паналайсың. Қыстыгүні азынаған бораннан қорғаймыз. Астыңдағы орындығың мен алдыңдағы үстелдің, қалам-қағазына дейін - бәрі ағаштан істеледі. Үйіңе қабырға болып та қаланамыз. Сен осыны неге түсінбейсің, неге бағаламайсың? - деді қарт емен.

Сөздік:

шыбық - ветка; прут

түбі; түп; тамыр - корень

адамшылық - человеческие качества

қыстақ - зимовье; зимнее жилье

2- тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

3- тапсырма. Мәтінді пайдаланып, төмендегі сөйлемдердің мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

Экология, алдымен, өзіңен басталады. Ол үшін табиғат пен адамның біртұтас екенін ұмытпаған дұрыс. Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып келетінін білген.

4- тапсырма. Жоғарыда берілген сөйлемдерге талдау жасаңдар. Екі жай сөйлемнен бір құрмалас сөйлем жасаңдар.





Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі Б. Соқпақбаев

«Менің атым Қожа»

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселем, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да бұлар жоғары идеялы есімдер. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды. Әттең, қолдан келсе, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едім. Менің атым - Қожа. Бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай айтады.

Сөздік:

таңдай - нёба

иемдеу - присвоить

аймақ - округ

қолайсыз - несподручно

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

3-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңдар, мағынасына қарай түрін ажыратыңдар.

4-тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады.

5-тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер. Сөйлемдерден анықтауыштар табыңдар. Сұрақ қойыңдар.

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін.

Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар.

Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.




Әлімбаев Мұзафар

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.


Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Қазақ ақыны, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1948-58 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1958-86 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңдерін 1939 жылдары жазды. Бірінші кітабы - «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрді. «Менің Қазақстаным», «Құрыш қазақ» атты лирикалық поэмаларында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті жырлайды.

Ол 140 әңгңме мәтіндерін жазды. Олар 19 тілге аударылған.

Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал.

Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды. Жазушы А.Пушкин, М.Лермонтов, Фирдауси, Сағди т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. М.Әлімбаев қырғыздың әйгілі «Манас» эпосын қазақ тіліне аударушылардың бірі.

Сөздік:

Мемлекеттік сыйлық - государственная премия

Сүйіспеншілік - любовь

Танымал - известный

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мұзафар Әлімбаев кім?

2. Алғашқы өлеңдер жинағы қашан шықты?

3. Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетіне қандай үлес қосты?

4-тапсырма. Түбірлес сөздерді жеке бағанаға жазыңдар.

Әнші, шебер, саз, көрме, сазгер, қалам, әншілік, саздылық, қаламгер, шеберлену, әндету.

5-тапсырма. Берілген сұлба бойынша сөйлем құраңдар.

1. «Төл сөз», - автор сөзі.

2. Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі.

3. Автор сөзі: «Төл сөз».

6-тапсырма. «Қазақ балалар әдебиетіне зор еңбек сіңірген тұлғалар» тақырыбына реферат жазыңдар.


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Есентай Ерботин


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. 1959 жылы онжылдық мектеп бітіріп, әскери қатарға шақырылған. Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институтың филология факультетін 1967 жылы бітіріп, біраз уақыт ауылда мұғалім болады.

Әдебиет мұғалімі Е.Ерботин енді өзін журналистика саласында байқап көргісі келеді де облыстық «Қызыл ту» газетінде және кейіннен Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып жұмыс істейді.

Есентай Ерботин көптеген кітаптардың авторы, ақынның «Серік пен Берік», «Менің досым», «Далаға саяхат» сияқты шығармалары оқырмандарға таныс. Еңбектерінің бірі - «Балалар бала болғанда» атты жинағы. Бұл жинаққа өлеңдер, аңыздар мен толғаулар енген. Шығармаларының тақырыбы туған өлкенің тарихы, көркем табиғаты, бүгінгі тынысы.

Сөздік:

тілші - корреспондент, журналист

оқырмандарға - читателелям

толғаулар - размышления

2-тапсырма. Мәтіннен бір-бірімен байланысты екі жай сөйлем алып, сол екеуінен бір сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңдар.

3- тапсырма. Мәтіндегі зат есімдердің септік жалғауларын белгілеңдер.

4-тапсырма. Берілген сөздерге антоним жазыңдар: жиі, бітірді, тұңғыш.





Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Жаманбалинов Мүбәрак

(1924 - 2010 ж.ж.)

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Жаманбалинов Мүбәрак 1924 жылы 7 қарашада Павлодар облысы Железинка ауданының Тәттімбет ауылында дүниеге келген.

1958-1990 жылдары ақын Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газетінің Ертіс, Краснокутск, Железинка ауданындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Ақынның таңдамалы өлеңдерінің бір томдығы алғаш рет 1974 жылы «Балғын гүлдей балақан» деген атпен балаларға арналған өлеңдерінің таңдамалары жарыққа шықты. Өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған. Ақынның өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латыш тілдеріне аударылған.

«Батыр ұстаз» поэмасы Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткеновке арналған. Поэмада Серікбай мұғалімнің Отан соғысы кезіндегі жан қиярлық ерлігі, елге деген сүйіспеншілігі шабытпен жырланады.

Сөздік:

Кеңес Одағының батыры - Герой Советского Союза

меншікті тілші - собственный корреспондент

шабыт - вдохновение

2-тапсырма. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: қабылдаңды.

3-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын белгілеңдер.

4-тапсырма. Берілген сөздерге синоним жазыңдар: қызмет, ұстаз, танымал.





Тұрманжанов Өтебай


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1-тапсырма. Мәтінді түсіп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Тұрманжанов Өтебай 15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген.

1927 жылы Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген. 1927-1978 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы болып жұмыс істеген. Әрі оқытушы, әрі жазушы ол Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы болады. Шығармалары негізінен балаларға арналған: "Таң өлеңдері" жинағы, «Қошан кедей» әңгімелер жинағы, «Таң сыры» өлең кітабы және тағы басқа. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Ө.Тұрманжанов қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен де шұғылданып, «Қазақтың мақал-мәтелдерін», «Асыл сөздер» атты балаларға арналған ақылдарды 1963 жылы құрастырып шығарған.

Ардақты азамат - ақын, жазушы Тұрманжанов Өтебайдің еңбегі лайықты бағаланған, ол Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Сөздік:

марапатталған - награжден

Жазушылар одағы - Союз писателей

2-тапсырма. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: шығармаларын.

3-тапсырма. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді белгілеңдер.

4-тапсырма. Берілген сөздерге синоним жазыңдар: еңбек, тұңғыш, дүниеге келген.






1-тапсырма. Мәтінді түсініп, мазмұнын айтып беріңдер.

Балалар баспаорталығына - 20 жыл


Павлодар облыстық Оқушылар сарайының баспаорталығы өзінің 20 жылдығын атап өтті.

Өткен он жылдық ішінде мұнда қаланың жүздеген оқушылары журналистиканың бірінші сабақтарын алды. Балалар он жылдан астам уақыт бойы облыстық радиода республикалық және облыстық жас тілшілер конкурстарында белгіленген өздерінің «Пинг-Понг» бағдарламасын шығарады.

Оқушы-журналистердің шығарған «Дубль-2» телебағдарламасы құрдастарының арасында танымалдылығымен әйгілі. Баспаорталығының басшысы Елена Вайберт балалармен мектептен тыс білім беру қызметкерлерінің республикалық конкурсында Гран-при жеңіп алған өзінің жеке авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді. «Біздің орталығымыз - кәсіпқойларды дайындайтын курс та емес, оқу орын да емес, - деді ол. Біз балалардағы шығармашылық әлеуметті ашуға тырысамыз және мамандық түрлерімен таныстырамыз». Баспаорталықтың дарынды түлектері болашақ мамандықтарын осында таңдады және журналистика факультетіне оқуға түсті.

Жергілікті газеттердің, теледидар және радионың көптеген жас журналистері Оқушылар сарайының тілшілер мектебін әлі де ұмытқан емес. Оқушылар сарайындағы мерейтойлық мерекеде олар өмірлік жолды таңдауда жастар журналистика орталығының маңызы туралы сөз қозғады.

Сөздік:

құрдастарының арасында - среди сверстников

тырысамыз - стремимся

сөз қозғады - затронули (проблему)

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мәтіндегі біріккен сөздерді белгілеңдер.

4-тапсырма. Берілген сөздерге синоним жазыңдар: әйгілі, жұмыс істейді, болашақ.





1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

"Балдырған" журналы

«Балдырған» бастауыш сынып балаларына арналған әдеби-көркем журнал. 1958 жылы шілде айында алғаш нөмірі жарық көрді. Айына 1 рет шығады. «Балдырған» бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылым. Журнал бетінде қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі-аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланады.

«Балдырған» журналының бас редакторы - Тұманбай Молдағалиев болатын.

Айрықша журнал, өйткені ол жарты ғасырға жуық балалардың сүйікті серігі мен тәрбиешісі болды. Журнал бетіндегі тәрбиелік мәні бар шығармалар балаларды әдебиет пен өнердің таңғажайып әлеміне жетелейді. Отанымыздың тарихы мен географиясымен таныстырады. Сол себептен «Балдырғанды» оқып, ана тілін толық меңгеруді үйренеміз, сөздік қорымызды молайтамыз.

Сөздік:

Әдеби-көркем - художественно-литературный

Жарық - свет

Ақпарат - сведение

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. «Балдырған» журналы қай жылдан бастап шыға бастады?

  2. Бұл қандай басылым?

  3. Журналдың қандай ерекшелігі бар?

3-тапсырма. Мәтіннен есімше тұлғалы етістіктерді тауып жазыңдар.

4-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар.

5-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңдар.

6-тапсырма. Жоспар бойынша әңгімелеп беріңдер.















Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі 1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Айгөлек

Айгөлек журналы - 2000 жылдан бастап шығатын балаларға арналған қазақтілді журнал. Бас редакторы - Қымбат Әбілдәқызы (Әбілдина). Журнал алғаш шыққанда редакциясында 2-3 адам ғана жұмыс жасаған. Ал қазір журналдың танымалдылығы мен таралымы артып, он жылдың ішінде журналдың бет саны 32 бетке жетті. Алғашында, 2000 жылдың күзінде 22 бет болып шыққан. Айгөлектің 2010 жылғы таралымы 48 мың дананы құрады. Үнемі жас оқырмандарымен хат алмасып, олардың шығармаларын журналда жариялап отырады.

Сөздік:

алғаш рет - впервые

Оқырман - читатель

Танымал - известный

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

3-тапсырма. Журнал туралы сөйлесіңдер.

4-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін анықтаңдар.





















1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

«Бала би» журналы

Барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған республикалық "Бала Би" танымдық журналы 2001 жылдың желтоқсан айынан бері шығып келеді. Адам болар бала алысқа қарайды. «Бала би» тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін қадірлейтін балалар журналы. Ұлттық қазақи қасиетімізді, тілімізді, салт-сана, дәстүрімізді, дінімізді жоғалтып алмасақ екен дейміз. Өзімізді, өз халқымызды құрметтейтін бүлдіршіндердің жырлары мен халқымыздың тарихын, өзекті сұрақтарға жауаптарды осы журналдан табасыздар. Негізгі мақсаты - қазақ балаларын өз елін сүюге, туған табиғатының жұмбақ әлемін түсіне білуіне, яғни ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, қадірлеуге үйрету. Журналда: «Менің Қазақстаным», «Ұлттық тәрбие негіздері», «Адамзат дамуы», «Тағылым», «Жеті жұрттың тілін біл», «Ауыл+қала», «Көп білгенің өзіңе жақсы», «Дарынды достарың», «Кел, ән шырқайық!», «Экономика», «Өмір қауіпсіздігі» т.б. тұрақты айдарлармен көптеген мағлұматтар беріледі.

Сөздік:

Меңгеру - освоить

Айдар - рубрика

Мағлұмат - сведения

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

1. «Бала би» журналы қандай журнал?

2. Журналдың негізгі мақсаты қандай?

3. Журналда қандай айдарлар бар?

3-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңдер.












Облыстық кітапхана

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Павлодар Ертіс өңірі - бұл жоғары мәдениетті әлеуметті аймақ, бұнда жүздеген кітапханалар бар. Бұл қатарда маңызды орынды Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхана алады. Ол Павлодар облысының басты кітапханасы болып келеді.

1896 жылды кітапхананың құрылған уақыты деп санауға болды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана - Қазақстандағы ең үздік кітапханалардың бірі. Кітап қоры облыстағы ең ірі ғылыми, оқу, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Жыл ішінде кітапханаға 32 мың оқырман келеді және 900 мыңға жуық кітап, журнал беріледі. Бүгін де әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 14 бөлім бар.


Сөздік:

Өңір - окрестность

Қор - фонд, запас, резерв

Әлеумет - народ, публика

Аймақ - регион, зона, край

Өлкетану - краеведение

Оқырман - читатель

Тапсырма:

ІІІ деңгей

Берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

ІІ деңгей

Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемді тауып, мағыналық түрін анықтаңдар.

І деңгей

Мәтін бойынша 4-5 сұрақ құрастырыңдар.




Біздің қаладағы №4 балалар кітапханасы

1969 жылы №4 балалар кітапханасы негізін салды. Қазіргі кезде кітапхана қорында 25, 168 кітаптар сақтаулы. Кітапхана балалар аудиториясына және жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Кітапхана «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Кітапхана әртүрлі көрмелермен безендірілген. Әр жазушының мерейтойына арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Кітап қорынан басқа газет-журналдар «Айгөлек», «Бала Би», «Балдырған», «Пайдалы кеңестер», «Денсаулық» т.б. баспа басылымдары бар. Балаларға халық ауыз әдебиеті, балалар әдебиеті, шетел әдебиеті, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, сөздіктер, түрлі энциклопедиялар, анықтамалар т.б. маңызды кітаптар көп.

Жылда кітапхана жаңа кітап қорларымен толықтырылады.

Сөздік:

көрме - выставка

безендірілген - украшан

мерейтой - юбилей

іс-шаралар - мероприятия

1-тапсырма:

Сұрақтарға жауап бер:

1. Сен қандай кітапханаларға барасың?

2. Біздің қалада қандай кітапханалар бар?

3. Сенің ойыңша, үлгі ететін кітапханашының қандай қасиеттері болу керек?

2-тапсырма:

Мәтіннен зат есімдерді теріп, жалқы және жалпы зат есімдерді екі бағанаға бөліп жаз.

3-тапсырма:

Күрделі сөздерді (біріккен сөз, қос сөз, сөз тіркесін) теріп жаз.





1-тапсырма. Мәтінді оқып түсініңдер, мәтіннен біріккен сөздерді дәптерге көшіріп жазыңдар.


Балалар кітапханасы


Балалар кітапханасы. С. Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы - мәдени-ағарту ісіне маманданған республикалық мекеме. Балалар кітапханасында жасөспірімдерге арналған газет-журналдар, күйтабақ, диафильм, слайд, фильм көшірмелері мен музыкалық жинақтар бар. Жыл сайын 14 мыңдай оқырманға қызмет етеді. Сондай-ақ, мұнда ғылыми-әдістемелік, анықтамалық-библиография, қызмет көрсету, эстетика, кітаптарды топтастыру, өңдеу, кітаптарды сақтау бөлімдері жұмыс істейді. Балалар кітапханасы әдістемелік, ақпараттық орталық ретінде республика кітапханаларының жұмысына басшылық етеді. Облыс кітапханаларға арналған ақпараттық-әдістемелік, библиография бағыттағы басылымдар шығарып тұрады. Басылымдар "Этносаралық қарым-қатынастар мәдениеті", "Қазақстанды таны", "Қазақ өнері", т.б. кітаптар жарық көреді.

Сөздік:

мәдени-ағарту - культурно-просветительный

жасөспірімдер - молодежь, подростки

күйтабақ - диск

фильм көшірмелерi - копии фильмов

өңдеу - переработка

2. Мәтін бойынша диолог құрастырыңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Ертегілер

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Олар ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келеді. Адамдар жақсы өмірді аңсаған, алыс жерге тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның негізінде ертегілерге туындаған. Сондықтан да ертегіде халық қиялы, арманы, даналығы, ғасырлар бойы жинақ талған өмір тәжірибесі бар деуге болады. Ертегілердің хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер сияқты түрлері бар.

Сөздік:

Аңсаған - сильно желать, мечтать.

Ғажап - удивительно, чудо.

Қиял - воображаемый, в мечтах

Қиял-ғажайып - фантастически

Шыншыл - правдивый

1-тапсырма:

Ертегілер туралы сұрақтар құрастырыңдар.

2-тапсырма:

Білетін ертегілердің аттарын атап шық.

3-тапсырма:

Ертегілердің үш түріне мысалдар тауып, дәптерге жаз.

4-тапсырма:

Үйде оқушыларға ұнайтын ертегінің суретін салып келіңдер.






Кітап дүкенінде

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Мұхтар кітап дүкеніне өзіне қызықты кітап сатып алуға келді:

― Сәлеметсіз бе!

― Қайырлы күн!

― Маған өте қызықты, балаларға арналған кітап керек еді.

― Біздің дүкенде өте көп балаларға арналған кітаптар бар. Олар: ертегілер, қызықты әңгімелер, сөзжұмбақтар, жан-жануарлар туралы журналдар, кітаптар бар.

―Жақсы, мен мына бір «Мен әлемді танимын» кітабын таңдап алдым.

― Өте тамаша таңдау. Бұл кітап дүниетанымыңызды кеңейтеді.

― Бұл кітаптың құны қанша?

― Бес жүз теңге.

― Рақмет. Қызмет көрсеткеніңізге!

―Мархабат! Келіп тұрыңыз.

―Сау болыңыз!

― Келесі кездескенше. Сау бол!

1-тапсырма:

Диалогты дауыстап, рөлге бөлініп, мәнерлеп оқыңдар.

2-тапсырма:

Осы диалогқа көрініс қоюға дайындалып, сценарийін жазыңдар.

3-тапсырма:

Осыған ұқсас диалог құрастырыңдар.




Жаңылтпаштар

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Жаңылтпаш қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Ол екі түрлі міндет атқарған: 1. Ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; 2. Баланың тілін жаттықтырып, жаңылтпаштың әр сөзін асқан шапшаңдықпен айтуға үйрету.

Жаңылтпаштың сөздері жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, сөздері қара сөз немесе өлең түрінде кездеседі.

Жаңылтпаштар ана тілінің бай қорын бала жастан дұрыс игеруге, тіл тазалығын сақтауға, көркем сөзді құрметтеуге тәрбиелейді.

Қазіргі кезде жаңылтпаш жаңа мазмұнға ие болып, түр, мән жағынан байи түсті.

Жаңылтпаштар қоғамдағы тәрбие мұраттарын көздеп, жаңа ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

Сөздік:

Шапшаң - быстро

Ұрпақ - поколение

Құрал - орудие, средство

1-тапсырма:

Сұрақтарға жауап бер:

1. Жаңылтпаштарды не үшін жаттатқызады?

2. Жаңылтпаштар қандай болып келеді?

3. Жаңылтпаштар неге тәрбиелейді?

2-тапсырма:

Мәтіннің екінші сөйлемін ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемге айналдыр.

3-тапсырма:

Мәтіннен етістіктерді теріп жаз және олардан болымсыз етістік жаса.

Жаңылтпаштарды бәрің бірге бірнеше рет қайталап айтыңдар.



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Қазақстан кен байлығы



Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар.

1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры бар және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалардың кен орындары ашылған. Республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы орында, ал мұнай, темір және қалайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие.

Сөздік:

Жүйелі - систематизированный; последовательный

мол - много

қор - накопленный запас; богатство

жуық - около

қойнау- недро

2- тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.

3-тапсырма. Қарамен жазылған сөйлемді себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем түріне айналдырыңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




1-тапсырма. Мәтінді оқып мазмұндаңдар.


Мұнай және газ өндіру


Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында бар. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау, Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да қуатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), т.б кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ орынды жерлер 14 алап және 207 кен бар. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды.

Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ қоры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

Сөздік:

ұңғы - скважина

қуатты- сильный

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, сөйлем құраңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



1-тапсырма. Мәтінді оқып, диолог құрастырыңдар.


Мұнайдың Отаны бар ма?

Мұнайды ертеректе «тас майы» деп атаған. Орыс ғалымы М.В. Ломоносов 1763 жылы, Пенсильванияда мұнайдың шығуы жайлы өзінің теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан зат жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылады. Бұл дегеніміз - сирек және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнай...», - деп жазады. Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайларда жиі табылады. Теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жиналғаннан болар, өйткені онда су ағысы болмайды, ауа бармайды. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бұл қалдықтар мұнайға ұқсас. Сол себептен мұнадай сұрақ туады: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Жауап: онда өсімдіктердің жасыл түсі және екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған.

Сөздік:

Ертеректе - раньше

Сирек - редкий

Жиналу - скопление

Тотығу - ржаветь

Ұқсас - похожий; подобный; сходный; аналогичный; идентичный

Тұрақсыз - нестабильный

2-тапсырма. Мәтінде қарамен жазылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсініңдер.


Аймағымызды мекендейтін жануарлар


Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, т.б мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларынан тағы басқа құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі.

Сөздік:

Сарышұнақ - суслик

Суыр - сурок

Кезқұйрық - коршун

Күйкентай - кобчик

Қырғи - ястреб-перепелятник

2-тапсырма. Сурет бойынша талғаулы салалас құрмалас сөйлемді құрастырыңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Табиғат - алтын бесік

Табиғатты сүйе білуіміз керек. Оның біздерге беретін пайдасы көп. Табиғат - асыл қазына. Оны үнемі қорғауымыз керек. Табиғатта бәрі де бар: өзен, көл, орман, әр түрлі мәдени ескерткіштер - мұның бәрі табиғаттағы зор байлық. Бұларды қорғай білу - бәріміздің азаматтық борышымыз. Елімізде қазір Арал теңізін сақтап қалу үшін қызу жұмыстар істеліп жатыр. Бұған арнайы есеп ашылды. Арал теңізін сақтап қалу керек. Қазақстанда мәдени ескерткіштер де көп. Оларды да ұқыптылықпен сақтау үшін құрылыс жұмыстары үнемі жүргізілуі керек.

Сөздік:

Алтын бесік - золотая колыбель

Борыш - долг

Құрылыс жұмыстары - строительные работы

Үнемі - всегда, постоянно

2-тапсырма. Берілген сөзді септеңдер

Табиғат, бесік

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

1. Бұған арнайы есеп ашылды. 2. Қазақстанда мәдени ескерткіштер де көп.

4-тапсырма. Мәтіннен есімдікті, зат есімді, сын есімдерді теріп жазып түрлерін анықтаңдар.

Зат есім

Сын есім

есімдік


5-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

1- нұсқа 2- нұсқа

борышымыз, жұмыстары, Елімізде, сақтаймыз,

қорғадық, біздерге. байлық, бәріміз.



1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Адам және экология

Экология алдымен, адамның өз басынан басталады. Яғни адам экологиялық тазалықты сақтауы керек. Ол үшін табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екенін ұмытпаған дұрыс.

Бұрындары әр көктем сайын ата-әжелер балаларды бұлақтардың көзін ашуға жіберетін. «Су бар жерде - тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, астық та, шөп те, гүл де жайқалып өседі. Бұлақтың көзін ашсаңдар, өмір- тіршіліктің көзін ашқандарың», - дейді үлкендер.

Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынын жақсы түсінген.

Сөздік:

Біртұтас - одно целое

Жайқалу - колыхаться

2-тапсырма. Пікірлесейік. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мәтінде не туралы айтылған?

2. Экологиялық апат аймақтарын білесіңдер ме?

3.Үлкендер қандай тыйым жасап отырған?

3-тапсырма. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Экологиялық, бұлақтардың, қасиетті, жақсылық.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерден дара және күрделі баяндауыштарды табыңдар.

1. Нұрлан мектепте оқиды. 2. Келе жатқан үшеу екен. 3. Інім маған көмектесті. 4. Ол келуге тиіс екен. 5. Ертең жаңбыр жауады.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Туған жерімнің табиғаты

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол 1991 жылы орын алды. Біздің мемлекет Еуразия құрылығының тура ортасында тұр. Еліміздің шығысы мен оңтүстігінде аспанмен таласқан таулар созылып жатыр. Ал елдің орталығында, шығыс бөлігіне таяу аумақта қазақтың алып даласы Сарыарқа орын тепкен.

Қазақстан - контрасттар елі. Республикадағы ең төмен жер - Қарақия ойпаты. Ол Әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен, Каспий маңы ойпатында орналасқан. Ал Қазақстанның ең биік нүктесі - Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі 6995 метр. Ең ыстық жер - Қызылқұм, онда жазды күндері 47 градус ыстық болады. Ең суық жер де Қазақстанда. Жауын-шашын Алтай мен Жоңғар Алатауында көп жауады.

Сөздік:

құрылық - материк

ойпан - впадина

шын - вершина

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін мәндес сөздермен түсіндіріңдер.

Ежелгі ел, орын тепкен, таяу аймақта, жауын-шашын, көп жауады, алып даласы.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Біздің мемлекет Еуразия құрылығының тура ортасында тұр.

5-тапсырма. Мәтіннен бір-бірімен байланысты екі жай сөйлем таңдап алып, олардан бір құрмалас сөйлем құрастырыңдар





1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Біз табиғатты қалай қорғаймыз?


Жер туралы ой

Жер-ана деп тегін айтпаған ғой ертеде. Адамды асырайтын да, өсіретін де жер. Жер де ана сияқты, күтпесе, қадірлемесе иілмейді. Егер жерді бүлдіріп, былапыт, салақ, ұқыпсыз пайдаланса, ұрпақ күнін немен көреді? Жері аз, жері кедей елдің - халқы да кедей. Бұл жердің қойнында ғасырдан-ғасырға жетерлік байлық, дәулет жатыр. Жерімізді қадірлей білейік! Ойланатын кез туды, ағайын: әр гектар жер - халық мәдениетінің, жігер-күшінің, талабының айнасы.Соны ұғатын уақыт жеткен жоқ па?

Сөздік:

Қадірлеу - уважать,почитать

Тегін - незря

Ұқыпсыз - небрежно

Талап - требование

2- тапсырма. Сен білесің бе?

Ең алғаш «Қызыл кітап» 1966 жылы жарық көрді. «Қызыл кітап» табиғатта қорғауды қажет ететін құстар мен жан-жануарларға, өсімдіктерге арналған.

3- тапсырма. Әр қатардан синонимдік қатарға жатпайтын сөздерді көрсетіңдер.

  1. Былапыт, салақ, ұқыпсыз.

  2. Жігер, күш, талап.

  3. Күтпесе, қадырлемесе, сыйламаса.

4- тапсырма. Мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді таңдап алып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

5- тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңдар.

Ғасырдан-ғасырға, жетерлік байлық, кез туды, халық мәдениеті, қадірлей білейік.





Табиғат тамашасы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріАқтау - Бозащы қорықшасы

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Ақтау-Бозащы республикалық мәні бар зоологиялық қорықша. Ол 1982 жылы Маңғыстау облысында ұйымдастырылған. Қорықша аумағына Бозащы түбегінің оңтүстік-батыс, Ақтаудың солтүстік-батыс бөліктері мен Каспий теңізінің шекаралас жатқан жазық жағалауы енеді. Табиғаты шөл мен шөлейт аймақтарға тән. Онда қысқа мерзімді шөл өсімдіктерімен қатар, жантақ, көк кекіре, көкпек, жусан, күйреуік, изен, мортық, киікоты және тағы басқалар өседі.

Ақтау-Бозащы қорықшасындағы бірқатар аң-құстар (жорға дуадақ, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, ителгі, бүркіт, жұртшы, шұбар күзен, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы, арқар, үстірт жабайы қояны - муфлон тағы басқалары) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

1-тапсырма. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырыңдар.

2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ΙΙΙ Деңгей

Мәтіннің орысша мазмұнын айтыңдар.

ΙΙ Деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

2. Өз таңдауларың бойынша 5 есімдікпен сөйлем құрастырыңдар.

Ι Деңгей

1. Басқа да қорықшалар туралы мәліметтер жинастырыңдар.

2. «Қызыл кітапқа» енген басқа жан-жануарлар мен өсімдіктер туралы зерттеу жұмысын жүргізіңдер.

Жорға дуадақ

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Дуадақтардың жаға тәрізді қауырсынды, шағын денелі түрі жорға дуадақ деп аталады. Оның салмағы 1,5-2,5 килограмға дейін жетеді. Қимылы едәуір шапшаң, бір сағатта 35-40 шақырым жерді жүгіре алады. Негізінен шөл мен шөлейт аймақтарды мекендейді, шөлге өте төзімді, жемінің құрамындағы ылғалға-ақ қанып қалады.

Жорға дуадақ Республикамыздың Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарында кездеседі.

Жорға дуадақ күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Өзінің таралу аймағының әр жерінде жойылып кету қаупі бар.

Республикамыздағы жалпы саны 30 мың шақырым шамасындай. Етінің дәмділігі үшін оларды көп аулап, санын азайтып жіберген. Үстірт қорығында тіршілік ететін популяцияның шамалы бөлігі қорғалады.

1-тапсырма. Жоғарыда берілген сөздікті пайдаланып, жаңа сөздерден сөз тіркесін құрастырыңдар.

2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ΙΙΙ Деңгей

1. Мәтінді оқып шығып, оны орыс тіліне аударыңдар.

2. Есімдіктің түрлері туралы айтыңдар.

ΙΙ Деңгей

1. «Мұнда», «өзі», «біз», «онда» деген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

2. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

Ι Деңгей

1. Табиғатты қорғау туралы мақала жазыңдар

2. «Табиғат ғажайыптары» атты буклет жасаңдар.

Хайуанаттар әлемі

Ақбөкен

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ-тобымен жайылады. Суаттан су ішеді. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарап, қауіп төнсе, пысқырып дыбыс береді. Сол кезде олар жел қуған қаңбақтай жөңки жөнеледі де, лезде көзден ғайып болады.

Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Айырмашылығы тұмсығы жалпақтау, басы үлкен. Олардың жүгіру жылдамдығы сағатына 100 шақырым.

Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері мөп-мөлдір, қайнар суындай тұп-тұнық, кіршіксіз.

Ақбөкен өте сақ, селт еткен шөптен де үркеді, қарайған қарадан қорқады. Аса қатты шошынған кезде суатынан безіп, апталап су ішпей жүреді.

(Табиғат тамашалары кітабынан)

1-тапсырма: Төменде берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар:

Суат, ақбөкен, сақ, тұмсығы, безу.

2-тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздермен сөйлем құрастыр: ғайып болу, жөңки жөнелді, үрку, кәрі.

3. Мәтін ішіндегі антоним, синоним сөздерді тап.

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақтар әзірле.

2. Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыр.

3. Сөздерге сөзжасамдық талдау жаса: ақбөкендер, топ-тобымен, суатынан, тұмсығы.

І деңгей

1. Ақбөкенді сипатта.

2. Мәтіннің мазмұнын әңгімеле.



Қасқыр

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Ежелден-ақ қасқыр - адамның және басқа да көптеген жануарлардың қас жауы. Ірі аңдар да, құстар да қасқырдан құтыла алмайды. Аяз бен боранда далада тұрақсыз қаңғырып жүретін қасқыр ғана.

Бір жерге жатқызбай, тоғайларды, даланы кездіріп жүрген - аштық. Қалың қарда кейде аяңдап, кейде жортып, тістерін сақылдатып, тамақ іздеп жүргені.

Қасқыр елік пен ақбөкендерді, жабайы қабандарды да аулайды. Қасқырлар мал шаруашылығына зиянын тигізеді. Олар қойларға шабуыл жасайды. Жабық қойқораға да қасқыр түседі. Мұндай жағдайларда қойлар үркіп, бірінің үстіне бірі шығып, бірін-бірі басып, тұншығып өледі.

1-тапсырма: Сөздікте берілген сөздерді қолданып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.

2-тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Етістіктерді теріп алып, олардың болымсыз түрін жасаң.

2. Диалог құрастыр.

ІІ деңгей


  1. Мәтінге сұрақтар құрастырып, мазмұнын әңгімеле.

  2. Етістіктің болымсыз түрімен бірнеше сөйлем құрастыр.

  3. Сөзжасамдық талдау жаса: жануарлардың, шаруашылығына.

І деңгей


  1. Мәтінді басқа мәліметтермен толықтыр.

  2. «Жабайы аңдар» тақырыбына реферат жаз.

Түлкі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Біздің ормандарымызда жабайы аңдар түрі көп. Солардың бірі - түлкі. Түлкінің бірнеше түрі болады. Қазақстан жерінде қызыл және қаракүрең түлкі, екі түрі ғана мекендейді. Түлкі - өте қу аң. Төңірегіндегінің бәрін тіміскілеп жүретін аң. Ол дыбысшыл, иісті алыстан сезеді. Түлкі балық, тауық, басқа да құстар, сондай-ақ тышқанмен қоректенеді. Жолбарыс, аю, қасқыр т.б. ірі жабайы аңдармен салыстырғанда адам үшін қауіпті емес.

Тапсырмалар:


  1. Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастырыңдар.

  2. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей


  1. Басқа жабайы аңдарды атап беріңдер.

  2. Мәтіндегі етістіктің түрлерін ажыратып, болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.

ІІ деңгей

  1. Сөздерді сөз табына ажыратып, кестені толтырыңдар.

Зат есім

Сын есім

Етістік

Есімдік

  1. Диалог құрастырыңдар.

І деңгей

  1. «Жабайы аңдар пайдасы» атты әңгіме құрастыр.

  2. Басқа жабайы аңдар туралы мәлімет жинап, альбом жасаңдар.


Елік

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Маған елікті бірнеше рет тамашалаудың сәті түсті.

Денесі сымбатты бұл тұяқтылар маралға туыс болып келеді. Жотасынан есептегенде биіктігі 80-85 сантиметрге жетеді.

Жазда жануардың терісі күңгірт сары болып келеді, ал қыста сұрғылт қара қошқыл теңбілді.

Жас төлдерінің жотасында бірнеше қатар қара қошқыл таңбалары болады.

Еліктің лақтары мамыр айының аяғы - маусымның басында өмірге келеді. Олар өте тез өседі. Екі айдан кейін өз алдына шөппен қоректенеді.

Тапсырмалар:


  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

  2. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар: елік, күңгірт сары.

ІІ деңгей

1. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырыңдар.

2. Берілген сөздерге сөзжасамдық талдау жасаңдар: айының, сұрғылт қара қошқыл, жотасынан.

І деңгей

1. Мәтінді мазмұндаңдар.

2.«Менің сүйікті жануарым» атты шағын әңгіме құрастырыңдар.




Жыл мезгілдері

Қыс

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Өзеннің, көлдің үстінен жұрт жүре бастайды. Қысты күні аяз күшті, үскірік борандар да көп болады.

Орман қарайған, ішінде құстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүргені. Иелері жылы қораға шөп салып, бағып қақса да, қысты күні үй жануарлары да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дайын жұмыстарынан қала алмайды. Қысты күні жылқышыларға өте қиын: қандай суық боранда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан бір қорқып бейшараларда тіпті рахат жоқ. Жалпақ аяз көбінің беттерін қарыған.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар:

ІІІ деңгей

Мәтінді сөзбе-сөз орыс тілінде мазмұндаңдар.

ІІ деңгей

1. Берілген сөздерге сөзжасамдық талдау жасаңдар: жылынбайды, құстарды, жылқышыларға.

2. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

І деңгей

1. Табиғат туралы өлең-жырларды жинастырып, кітапша жасаңдар.

2. «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.




Жер-Ана жыламасын

Жер-ана - біздің ортақ үйіміз, тіршілік етіп отырған ғаламшарымыз. Ол бізді асырап отыр.

Барлық тіршіліктің көзі - Жер-ана.

Бүгін де жерімізге төніп тұрған үлкен қауіптің бірі - ядролық жарылыстар.

Қазіргі кезде тәуелсіз Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет. Бірақ бұрынғы кеңес үкіметі кезіңде үш сынақ полигоны болған. Соның ең үлкені - Семей сынақ полигоны. Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні жарылған. Семей полигонында барлығы 456 жарылыс өткізіліпті.

1989 жыл қазан айының 19-ы. Бұл ақырғы сынақ күні еді. Семей полигоны жабылды. Мұндай жеңіске жету оңай болған жоқ. 1989 жылы ақпанда ядролық қаруға қарсы «Невада - Семей» қоғамдық қозғалысы басталды. Бұл қозғалысты ұйымдастырушы және оның жетекшісі - белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов. Осы қозғалыстың арқасында полигон жабылды. Бірақ атом бомбасы жарылыстарының қасіреті әлі де бар.

1989 жылдың өзінде дүние жүзі бойынша барлығы 19 жарылыс болса, соның үшеу - Семейде, жетеуі - АҚШ-та, екеуі - Қытайда, бесеу - КСРО-да болған екен.

Біз Жер-Ана жыламаса екен дейміз. Бұл бүкіл ғаламшар адамдарының ойы.

Сөздік:

ортақ үйіміз - общий дом

асырап отыр - кормит

қауіптің бірі - один из опасностей

сынақ полигоны - испытательный полигон

жарылыс - взрыв

қоғамдық қозғалыс - общественное движение

тәуелсіз - суверенный

маңызды мәселе - главный вопрос

жетекшісі - руководитель

қасірет іздері - следы

1-тапсырма. Түбірлес сөздерді бағанға бөліп жазыңдар.

Ортақ, тірі, пана, тіршілік, уландырылған, орталау, баспана, улы, тірілеу, ортақтас, паналау, уланған, панасыз, у, тірілген.

2-тапсырма. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерде анықтаңдар.

Жер - біздің ортақ үйіміз. Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы жарылған. Семей полигоны 1989 жылы жабылды. Әлемде барлығы 19 жарылыс жасалған екен. Біз Жер - Ана жыламаса екен дейміз.

3-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді тауып, талдап жазыңдар.

4-тапсырма. Мәтін бойынша өз ойларыңды қысқаша жазыңдар.


Қасиетті іс


Экология, алдымен, адамның өз басынан басталады. Яғни адам жанының экологиялық тазалығы сақталуы керек. Ол үшін табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігін ұмытпағанымыз дұрыс.

Кішкене кезімізде әр көктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын балаларын тегіс жинайтын. Оларға бірнеше ересек жігіттерді басшы етіп, бұлақтардың көзін ашуға жіберетін. Сонда ата-әжелеріміз: «Бұлақтың көзін ашыңдар. Су бар жерде -тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, астық та, шөп те, гүл де жайқалып өседі. Бұлақтың көзін ашсаңдар, өмір - тіршіліктің де көзін ашқандарың», -дейтін.

Үлкендер: «Жаңа шыққан көк шөпті, жабайы гүлдерді көктей жұлма, көктей соласың», -деп, жұлуға, таптауға тыйым салатын.

Ата бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынын жақсы түсінген.

(З.Ахметова «Кәусар бұлақ»).

Сөздік:

Қасиетті іс - доброе дело

Өзінен - с самого себя

Бөлінбейтін бір тұтас - одно целое, неразделимое

Ойын балаларын - маленьких детей

Ересек жігіттер - взрослые парни

Бұлақтардың көзін ашуға - расчищать родник

Жайқалып өседі - хорошо вырастут

Таптауға - топтать

Тыйым салатын - запрещали

Айналып соғатынын - вернется обратно, воздается

1 тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мәтінде не туралы айтылған ?

2. Экологиялық апат аймақтарын білесіңдер ме?

3. Үлкендер қандай тыйым жасаған? Неліктен?

4. «Бұлақтың көзін ашу тіршіліктің көзін ашу» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды білдіріңдер.

2 тапсырма: Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар. Сөйлем құраңдар.

Экологиялық, бұлақтардың, қасиетті, жаксылық.

3 тапсырма: Сөйлемдердегі баяндауыштардың орнын толықтырыңдар.

А) Адам баласы табиғатты ..............

Ә) Біз бұлақтардың көзін ................

Б) Су мол болса, астық та ....................

В) Көк шөпті таптауға .....................

Г) Ата бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен ............

Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.

4 тапсырма: Мәтінде асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

Су - тіршілік көзі

Су - тіршілік негізі. Сусыз өмір жоқ. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ сол судың 90 % адам өмірі үшін, өсімдіктер мен жан-жануарлар тіршілігі үшін жарамсыз тұзды сулар. Оның тек 2,5 пайызы ғана тұщы су. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

Ата-бабамыз «Судың да сұрауы бар» деген екен. Ол - шындық. Біздің ғасырымызда су мәселесі аса өзекті болып отыр. Қазір 1,7 миллиард адам тұщы су тапшылығына ұшырап отыр. Бүгінде таза су тауарға айналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы бүкіл дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан қиындық көреді екен. Бұл - ойланатын жағдай.

Біздің елімізде су қоймалары көптеп саналады. Біздің өзіміздің экологияға жауапсыз қарауымыздан қаншама көлдер, өзендер, теңіздер ластанып жатыр. Балқаш көлі - жер бетіндегі ең таза су қоймасы. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Қазіргі кен металлургия комбинатының қалдықтары Балқашты ластап жатыр. Көлдің деңгейі төмендеген. Балқаш жайында аз айтылып жатқан жоқ. Табиғатқа қауіптің бәрі адамнан келіп жатыр.

Біз судың тазалағын сақтауымыз керек. Ең бастысы, жауапкершілікті түсінуіміз тиіс.

Тіршілік көзі- источник жизни

Ауыз су- питьевая вода

Жарамсыз- непригодный

Аса өзекті мәселе- очень актуальная проблема

Су тапшылығы- нехватка воды, дефицит воды

Текше метр- кубический метр

Жауапсыз қарауымыздан- из-за безответственности

Қалдықтары- отходы


  1. Берілген жоспарды рет- ретімен жазыңдар.

Суды сақтау керек.

Су- өмір мәні.

Балқаш тағдыры.

Болашақтағы су.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанда су қоймалары көп пе?

2. Арал теңізінің жағдайы қалай? Оның тағдыры шешілді ме?

3. «Ауыз су тапшы, ол үлкен проблема» дегенге сенесің бе?

3. Берілген синонимдердің мәнін түсініп, сөйлем құрап жазыңыз.

Қорғау, сақтау, күту, аялау, мәпелеу, қамқорлық көрсету;

Қиындық, ауырлық, зардап, қиямет;

Таншылық, жоқшылық, қатшылық, жетіспеушілік.

4. Қиындық, тапшылық сөздерінің антонимдердің жазыңыз.


Менің жұмыс күнім


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Менің атым - Нұрболат. Менің жұмыс күнім сағат сегізден басталады. Яғни бұл мектепте басталатын жұмыс уақытым. Ең қызығы мен жұмысшы емеспін, мен сегізінші сыныпта оқитын оқушымын. Таңертеңнен түске дейін сабақтар өтеді. Сонда сабақтарға белсенді қатысып жақсы баға алуға тырысамын, бағалармен қатар білімім шыңдалып отырады.

Ең жақсы көретін уақытым - сабақтан кейінгі уақыт. Мен сурет салуды жақсы көремін, сондықтан «Суретшілер» тобының мүшесімін. Біз мейрам күндері, сыныптастарымыздың туған күні қарсаңында қабырға газетін шығарамыз. Біздің суретіміз құрбы-құрдастарымыздың көңілінен шығады. Біз суретті қарындашпен, не болмаса бояумен саламыз. Сурет салу қиын өнер, бірақ біз тырысамыз. Мен өз міндетіме жауапкершілікпен қараймын.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін қай жақта жазылған? ІІ жаққа қойып айтып көріңдер.

2-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып өз жұмыс күнің туралы әңгімеле.

1. Сен қай сыныпта оқисың?

2. Сен бос уақытта немен айналысасың?

3. Ең жақсы көретін ісің?

4. Сенің құрдастарың саған көмектесе ме?

5. Сенің айналысатын міндетің саған ұнай ма?

3-тапсырма. Мәтінде асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

4-тапсырма. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Менің бос уақытым жоқ. Мен - оқушымын. Ол арнайы шараларға белсенді қатысады. Біздің сыныптастарымыздың күн жоспары бар.

5- тапсырма. Сөйлемдерде жақшаға алынған сөздердің бірге не бөлек жазылатындығын анықтап, көшіріңіз.

Бұл (ел арасы) еді. (Атқа мінермен) ашық айтысуға дәрмен жоқ. Қазір біз (көп бұрыш) сызамыз. Менің үйімде (шаң сорғыш) бар. Кешегі думанда (бет ашар) өте қызықты өтті.



Менің күн тәртібім


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


1-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар, сөйлемдерді күрделендіріп жазыңдар.

1. Девочка убирает постель. 2. Ученик сидит в классе. 3. Мальчик делает зарядку. 4. Ты принимаешь завтрак. 5. Он подметает пол. 6. Мурат нарисовал картину. 6. Я чищу зубы.

2-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, өзіңнің күн тәртібің туралы әңгімеле. Құрмалас сөйлемдерді жаса.

Тірек сөздер: ерте тұрамын, жаттығу, таңертеңгі ас, сабаққа дайындаламын, анама көмектесемін, мектепке барамын, түскі ас, кешкі ас.

3-тапсырма. Жақша ішіндегі тиісті жалғауды жалғап, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Менің інім мектепке (-қа, -ке) барады.

2. Ол ерте тұра (-ды, -ді).

3. Терезе (-ның, -нің) желдеткішті ашады.

4. Жаттығу жасай (-ды, -ді).

5. Жуына (-ды, -ді), тіс тазалайды.

6. Таңертеңгі асын іше (-ды, -ді).

7. Мектеп (-қа, -ке) кетеді.

4-тапсырма. Сөйлемдері толықтырыңдар, құрмалас сөйлем құрастырыңдар.

1. Менің досым үйшік ... . 2. Сіз қайыққа ... . 3. Анам ас ... . 4. Мен теледидар қарап, ... .5. Ол пәтерді жинады ... .

5-тапсырма. Берілген мәтіндегі модаль сөздердің астын сызыңдар.

Панфилов Москва түбінде немістерге қарсы соққы дайындалып жатқанын сезген болуы тиіс. Бірақ осы қиын кезде қосымша әскер бермей, майдандағы шағын күшпен немістерді тоқтатуға әмір берді. Жағдай өте қиын. Осы ащы шындық қабырғасына да батса да, көнбеске шарасы жоқ.

(Б. Момышұлы).

Менің күнім

1-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құраңдар.

а) биылғы жылы, келесі жылы;

ә) ізет, құрмет, пана;

б) атақты, әйгілі, белгілі;

в) сынып, сенбілік.

2-тапсырма. Күн тәртібі туралы кестені толтырыңдар.


Сағат 7.30 - Мен тұрамын.

Сағат 7. 45 - Жуынамын, төсек жинаймын.




3-тапсырма. Демалыс күніндегі күн тәртібіңді жаз.

4-тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құраңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріБіз сабақтан соң барамыз.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріБіз баруға (әке, шеше, әже, ...) рұқсат сұраймыз.


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

5-тапсырма. Берілген сөздерден біріккен сөздерді теріп жазыңдар. Олармен сөйлем құраңдар.

Түркістан, сағат, таңертең, ҰБТ, ҚазМұнайгаз, суретшілер, демалу, Қаратау.




Досымның жұмыс күні



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Менің досым - Әсет. Ол тоғызыншы сыныпта оқиды. Ол өте ұйымшыл бала. Мектепте болсын, үйде болсын қандай жұмыс тапсырса, барлығын істеп қоймай тынықпайды. Оның жұмыс күні сағат жетіден басталып, кешкі онға дейін созылады. Осы уақыт аралығында ол тоқтамай жұмыс жасай береді. Ешқашан шаршамайды, тағы не істеуге болатынын ойлап жүреді. Мен өз досымды мақтан етемін. Ол сыныптастарына әрдайым көмектесіп жүреді.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар және оны жалғастырыңдар. Өз ойларыңды білдіріңдер.

2-тапсырма. Сыныптастарыңмен диалогты жалғастырыңдар.


  • Оқушының ең басты міндеті неде?

  • ...

  • Үйде болғанда сен жоспар құрайсың ба?

  • ...

  • Балаларға күн тәртібі керек пе?

  • ...

3-тапсырма. Әсеттің бойындағы қандай қасиеттер ұнайды? Сыныптастарыңда мінез-құлқы Әсетке ұқсайтын оқушы бар ма?

4-тапсырма. Берілген синонимдер мен антонимдерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Айналысамын - шұғылданамын

Жақсы дос - жаман дос

Басталады - аяқталады

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтексистік талдау жасаңдар.

1. Аптасына екі рет түстен кейін мектепке барып, ағаштарды суарамын.

2. Егерде менің күн тәртібім болмаса, мен ештеңеге үлгермес едім.

3. Жоғары сыныптың оқушылары көше бойын сыпырады, кейде ағаш отырғызады.

4. Жоқ, менің сабақтан басқа ештеңеге қолым тимейді.



Менің демалыс күнім


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Бүгін - демалыс күні. Арман ерте тұрып, беті-қолын жуды, дене шынықтыру жаттығуларын жасады, таңертеңгі тамағын ішті. Содан соң үй ішін жинап, досына барды. Демалыс күні Арман досы екеуі спорт кешенінде өтіп жатқан хоккейді тамашалады. Өйткені олар осы спорт түрін ұнатады. «Динамоның» қарсыластары мықты болды. Сондықтан хоккей өте қызықты өтті.

Арман бос уақытын досымен бірге өткізеді. Олар бүгінгі өткізген кештеріне өте риза.

2-тапсырма. Сөйлемдегі пысықтауыштың орнын толықтырыңдар.

1. Арман ... тұрып жаттығу жасады.

2. Досы екеуі ... спорт кешеніне бармақшы еді.

3. Олар хоккейді ... ойнайды.

3-тапсырма. Мына пікірлерді оқыңдар. Қай пікірге қосыласыңдар? Не себепті? Өз ойларыңды білдіріңдер. Бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?

1. Мен өзіме ризамын, өйткені мен бос уақытымды тиімді өткіземін.

2. Сабақтан басқа да атқаратын міндеттерім көп, сондықтан менде бос уақыт болмайды.

3. Атқаратын жұмыстар көп болса да, мен достарыммен киноға баруға, футбол ойнауға уақыт табамын.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Зат есімдердің септік жалғауларын анықтаңдар.

Демалысқа қайда барамын? Аман қайдан келе жатыр? Досыма Мектептен

Ауылыма театрдан

Киноға достарынан

Концерке өзеннен

5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, үлгі бойынша бос уақыттарың туралы сөйлесіңдер.

- Ерлан, сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

- Өте жақсы.

- Бос уақытыңда не істейсің?

- Бос уақытымда күрес үйірмесіне барамын, ал кешке қарай футбол ойнаймын.

- Үйірмеге қашаннан бері қатысып жүрсің?

- Екі жыл болды.

Менің сыныптағы міндетім


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Мектепте әртүрлі сыныптағы міндеттер бар. Соның бірі - кезекшілік. Сыныпта бүгін Әли мен Ажар - кезекші. Олар гүлге су құйды. Тақтаны сүртті. Үзілісте терезені ашып, ауаны тазартты. Сынып бөлмесіндегі заттарды өз орнына қойды. Сыныптағы тәртіпке де жауап береді. Кеше Айдар сынып ішінде жүгіремін деп, байқамай құмыраны сындырып алды. Сондықтан бүгін Әли мен Ажар сыныпта жүгірмеулерін қадағалады. Бүгін бәрі тыныш, тәртіп сақтап жүр.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мазмұнын айтып беріңдер.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Үзілісте терезені ашып, ауаны тазартты. Кеше Айдар сынып ішінде жүгіремін деп, байқамай құмыраны сындырып алды.

3-тапсырма. Кезекшінің міндетіне жатпайтынын табыңдар.

Тақта сүрту, ән айту, гүлге су құю, еденді сыпыру, тауға шығу, терезені ашу, оқушыларға баға қою, серуендеу.

4-тапсырма. Мәтінге 4 күрделі сұрақ қойыңдар.

5-тапсырма. «Сүрт, жу» сөздерін жекеше, көпше түрде жікте.

6-тапсырма. Біріккен сөздерге мысал келтіріңдер. Олармен сөйлем, әңгіме немесе диалог жазыңдар.

7-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі біріккен сөздерге сұрақ қойыңдар.

1. Шөл далада қояндар мен қосаяқтар мекендейді. 2. Биыл күн жақсы болады екен. 3. Оларды арбамен әкетті. 4. Газет пен журналдар баспасөзге жатады. 4. Қабанбай батыр мен Малайсары батыр Қазақ хандығының әйгілі қолбасшылары. 5.Ешкім бұларды көрген емес.


Өз ортамдағы міндетім


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




Менің атым - Нариман. Менің ойымша, барлық жасөспірімнің басты міндеті - әке-шешесін сыйлау, үлкенге ізет көрсету, кішіге қамқор бола білу. Сондықтан мен қолым боста үй шаруасына көмектесемін. Дүкеннен нан, сүт әкелемін, үйді жинаймын, қарындасыма сабақ дайындауға көмектесемін.

Егер бала күніңнен әдепті болып өссең, қоғамдық жұмыста белсенді болсаң, ата-анаңның, өз ортаңның мақтанышы болсаң. Әр оқушы сапалы білім алып, халқына, қоғамға пайда келтіруді мақсат етуі керек. Өйткені еліміздің болашағы - біздің қолымызда. Менің құрбы-құрдастарыма айтарым - әдепті, білімді болайық!

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін кім туралы? Мәтін қай жақта жазылған? (І ж, ІІ ж, ІІ ж, ІІІ ж). Мәтіннің мазмұнын ашатын бір-екі сөйлемді оқыңдар.

2-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазыңдар, оларға сұрақ қойыңдар.

3-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар.

Жасөспірім - ...

Әке-шешесі - ...

Қарындас - ...

Халық - ...

4-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Міндеті, шешесін, кішіге, шаруасына, әкелемін, дайындауға, еліміздің, құрдастарыма, болайық.

5-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер. Мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңдар.

Оқусыз білім жоқ, Оқу - білім бұлағы,

Білімсіз күнің жоқ. Білім - өмір шырағы.

Ақыл азбайды, Білімдінің алды - жарық,

Білім тозбайды. Білімсіздің түбі - ғарып.



Менің сүйікті ісім

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1-тапсырма. Берілген синонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Қатысу - атсалысу

Мақсат - міндет

Белгілеу - айқындау

Биылғы жылы - осы жылы

Ендігі жылы - келесі жылы

Жинақтау - топтау

Дайындау - әзірлеу

Топ - жиын

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Биылдан бастап біздің мектебімізде «Жас қаламгер» клубы ашылды. Клубқа 8-10 сынып оқушылары қатысады. Клуб мүшелері қыркүйек айында жылдық жоспар құрды. Клубтың әр мүшесіне міндеттер бекітілді. Кім қандай тақырып бойынша материал жинақтайтыны белгіленіп, топтарға бөліндік. Мен «Суретшілер» тобына жазылдым, өйткені сурет салуды жақсы көремін. Менің досым Арман «Техниктер» тобына жазылды. Ол компьютерде жұмыс істеуді жақсы көреді. «Техниктер» тобы дайындалған материалдарды компьютерде басып шығарады. Ал Нұрлан «Журналистер» тобында. Олар мектептегі қызықты сәттер, әр түрлі оқиғалар туралы мақала жазады. Сондай-ақ оқушылардан, мұғалімдерден сұхбат алады.

Клубтың алға қойған мақсаты - мектептің өмірімен таныстыру, бір ай ішінде өткізілген іс-шаралар, қызықты оқиғалар, мейрамдар туралы жазу. Әр ай сайын «Мектеп Таймс» атты газет шығарылады. Ендігі жылы журнал шығармақпыз. Мен мектебімізде газет шығаруға атсалысатыныма қуанамын.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мәтін не туралы?

2. Мектепте қандай клуб бар?

3. Клубқа қай сыныптың оқушылары қатысады?

4. Клубтың атқаратын міндеттері қандай?

5. Мәлік, Арман қай топтарға жазылған?

6. Топ мүшелері не істейді?

7. Нұрлан немен айналысады?

4-тапсырма. Өздеріңнің сүйікті істерің туралы тізім құрастырыңдар.

5-тапсырма. Бір тақырыпқа газет шығарыңдар. Сол газетте қандай мақала жазасыңдар?

Менің болашақ мамандығым


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1-тапсырм. Берілген синонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Көмек - жәрдем

Сырқаттану - ауру

Тәуір болу - жазылу

Шыдамдылық - төзімділік

2-тапсырма. Анкеталық сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

2. Қандай мамандық таңдайсың?

3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?

4. Мамандығыңның өзіндік ерекшелігі қандай?

5. Бұл заман талабына сай ма?

6. Сен таңдаған мамандықтың еңбек нарығында қажеттілігі бар ма?

7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?

3-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделеді. Терең білім алуға талпынады, көп ізденеді.

Мен болашақта дәрігер болғым келеді. Дәрігер болу үшін, біріншіден, білімді болу керек. Өйткені оның қолыңда - адам өмірі, тағдыры. Мен қазіргі кезден бастап жаратылыстану пәндерін оқып, адамның дене мүшелерін жаттап жүрмін. Екіншіден, менің ойымша, дәрігердің мінезі мейірімді, шыдамды болуы қажет. Өйткені науқас адам 1-2 аптада жазылады. Сондықтан осы кезден бастап өз мінезіме көңіл бөліп, оны өзгертуге тырысамын.

Дүние жүзінде мамандықтың түрі өте көп. Олар: инжинер, дәрігер, журналист, заңгер, т.б. соның ішінде тек бір ғана мамандық саған лайық. Оны дұрыс таңдай білу - өз қолыңда.

4-тапсырма. Сөйлемде бірге жазылатын сөздерді тауып, бірге жазылу себебін түсіндіріңдер.

1. Біз сабақта Құрманғазының өмірбаянымен таныстық. 2. Енді ол Зикен Ахметұлы болып оянды. 3. Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйінің тарихына шолу жасасақ. 4. Ол әйгілі ақын Қыпшақ Рысбаймен де айтысқан.

5-тапсырма. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлемдер құраңдар.

Баспасөз, сүтқоректі, бірқазан, Сарысу, Жандос, тоғызқұмалақ, автоқалам.

Сенбілікте


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Біздің мектепте әр апта сайын сенбілік өткізіледі. Мектеп оқушылары бұл іс-шараға белсене қатысады. Әр сыныптан екі-үш оқушы, көбінесе қыздар, сыныпты тазалауға қалады.

Бастауыш сынып оқушылары мектептің ауласын жинайды, сыпырады, жасыл желектерді суарады. Ал жоғары сыныптың оқушылары көше бойын сыпырады, кейде ағаш отырғызады. Оқушылар сенбілікке еңбек құралдарымен келеді. Біреуі - сыпырғыш әкелсе, екіншісі - күрек, үшіншісі шелек әкеледі. Біз сенбілікте тәртіп сақтап, берілген тапсырмаларды тиянақты орындаймыз.

Қоршаған ортаны, мектеп ауласын, сынып бөлмелерін таза ұстау - әрбір жасөспірімнің міндеті.

Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңдер.

2. Төменде берілген сөз тіркестерін аударыңдар. Оларды пайдаланып құрмалас сөйлемдер құрыңдар.

Проводим субботники, убираем территорию, зеленые насаждения, сохраняем чистату, окружающая среда.

ІІ деңгей

1. Мәтінге тірек сызба дайындаңдар. Сол сызба бойынша әңгімелеңдер.

2. Мәтінде асты сызылған сөйлемдерге синткасистік талдау жасаңдар.

3. Мәтінге диалог құраңдар.

І деңгей

Мәтінге байланысты қосымша мәлімет жинақтап, мазмұнын әңгімелеңдер.


Менің сүйікті пәнім


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Әсет - оқушы. Оның сүйікті пәні ағылшын тілі. Көп тіл білу - қазіргі заман талабы. Сондықтан Әсет қазақ тілімен қатар ағылшын тілін жетік меңгерді.

Ағылшын тілі сабағы өте қызықты өтеді. Сабақта Әсет диалог, мәтін құрастырады, қойылым қояды, суреттерді әңгімелейді, жаңа сөздермен танысады. Сондай-ақ ол көптеген өлеңдерді жатқа айтады. Үзілісте ол достарымен қазақша сөйлеседі.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Мәтін кім туралы?

Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар.

2-тапсырма. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Ағылшын тілі сабағы өте қызықты өтеді4. Сабақта Әсет диалог, мәтін құрастырады, қойылым қояды, суреттерді әңгімелейді, жаңа сөздермен танысады4.

3-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып сыныптастарыңмен сүйікті пәндерің туралы әңгімелеңдер.

Сызу математика неміс тілі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Физика химия әдебиет

4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдредің мағынасын түсіндіріңдер.

Оқу - білім азығы,

Білім - ырыс қазығы.

Оқу түбі - тоқу.

Оқымаған бір бала,

Оқыса екі бала.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Демалыс күні

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Бүгін - демалыс күні. Арман ерте тұрып, бет-қолын жуды, дене шынықтыру жаттығуларын жасады, таңертеңгі тамағын ішті. Содан соң үй ішін жинап, досына барды. Демалыс күні Арман досы екеуі спорт кешенінде өтіп жатқан хоккейді тамашалайды. Өйткені олар осы спорт түрін ұнатады. «Динамоның» қарсыластары мықты болды. Сондықтан хоккей өте қызықты өтті.

Арман бос уақытын досымен бірге өткізді. Олар бүгінгі өткізген кештеріне өте риза.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мәтін не туралы?

2. Арман бос уақытында не істеді?

3. Арман кімге барды?

4. Спорт кешенінде не өтті?

5. Арман мен досы бос уақытын қалай өткізді?

3-тапсырма. Мәтінде асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

4-тапсырма. Сөйлемдерді жалғастырыңдар.

1. Сабақтан соң үйге қайтуымыз керек, себебі ... .

2. Атқаратын жұмыстар көп болса, ... .

3. Арман үй ішін жинап болған соң, ... .

4. Олар спорт түрін ұнатады, өйткені ... .

5-тапсырма. Берілген сөздердің түрлерін анықтаңдар. Оған сұрақ қойындар.

Талдықорған, біртұтас, халықаралық, ақбөкен, мектепшілік, «Жезкиік».

6-тапсырма. Демалыс күнінді қалай өткізетініңді жазып, оған жоспар құрыңдар.

7-тапсырма. Сызба бойынша әңгімелеңдер.

Саябақта серуендеу

Суға түсу, жүзу

Гүлдерді күту


Балық аулау

Компьютерде ойнау

Коньки тебу

Теледидарды көру



Қайырлы күн!


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


1-тапсырма. Берілген сөйлесуді жалғастырыңдар.


  • Қайрлы күн, Әлия!

  • Қайырлы күн, Досжан!

  • Сен қайда жиналып жатырсың?

  • Мен мектептегі үйірмеге барамын.

  • Бұл үйірмеде не істейсің?

  • ...

2-тапсырма. Адамдар бір-бірімен кездескенде қандай сөздер айтады екен? Сол сөздерді жазыңдар.

3-тапсырма. Біріккен сөздер дегеніміз не? Біріккен сөздерге мысал келтіріңдер.

Үлгі: Тасбақа (тас+бақа), Екібастұз (Екі+бас+тұз)

4-тапсырма. Берілген сөйлемдергі сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Досжанның демалыс күндерге арналған күн тәртібі бар. Оның әр сағаты жоспарланып қойған. Оның бос уақыты да болмайды екен. Демалыс күні де ол спорт үйірмесіне барады.

5-тапсырма. Сөйлемдегі асты сызылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Біздің мектебімізде сенбілікте ағаш отырғызады. Біздің сынып жетекшіміз бізбен бірге отырғызылған ағаштарға су құюға көмектеседі. Ал жаздың басында мектеп ауласына әдемі гүлдер егеміз.

6-тапсырма. Төменде берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құраңдар.

1. Мен жиырма алтыншы мектепте оқимын. Мектептің ауласында ағаштар өседі. 2. Біз тоғызыншы сыныпта оқимыз. Биыл мемлекеттік емтихан тапсырмамыз. 3. Менің досым өте жақсы бала. Ол маған түсінбеген тақырыптарды түсінуге көмектеседі.

7-тапсырма. Мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңдар. Бұл мақал-мәтелдер не алуға бағытталған.

*Оқы да біл,

Ойна да күл.

* Оқусыз білім жоқ.

Білімсіз күнің жоқ.

* Ойна, бірақ жұмысты да ойла!

Күн тәртібімнің пайдасы


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



Менің атым - Нұрымжан. Менің күн тәртібім бар. Сондықтан менің әр күнім жоспарланған. Мен күнде ерте тұрамын, содан кейін далаға шығып, аулада жүгіремін. Таңертеңгі асымды ішкеннен кейін сабаққа дайындаламын. Бос уақытымда көркем шығармаларды сүйіп оқимын. Кейбір шығармалардың кейіпкерлері мені адамгершілікке, адал дос болуға тәрбиелесе, екіншісі өмірдің қиындықтарын жеңуге үйретеді. Кітап - менің адал досым.

Егер де менің күн тәртібім болмаса, мен ештеңеге үлгермес едім. Сондықтан менің айтарым - бәріміз өз уақытымызды қадірлейік, тәртіпті болайық! Әр күнімізді жоспарлайық: сонда ғана мақсатымызға жетеміз.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге сүйеніп сөйлесім дайындаңдар.

2-тапсырма. Берілген синонимдер мен антонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

айналасамын - шұғылданамын

пайдалы - керекті

адал дос - жаман дос

қиын - жеңіл

ас - тамақ

3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мәтіннің негізгі ойы неде?

2. Бас кейіпкері кім?

3. Нұрымжан бос уақытында немен айналысады?

4. Кітаптардан ол не алады?

5. Нұрымжан қандай бала?

6. Нұрымжан сендерді қандай болуға шақырады?

4-тапсырма. Берілген сөздерден біріккен сөздерді анықтап, оларға сұрақ қойыңдар.

Бүгін, биыл, апар, үлкен, бағдар, Ботагөз, Екібастұз.

Менің үйірмем


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Менің ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Биыл ол қаламызда өткен шахмат жарысына қатысты. Ол тоғызқұмалақтан мүмкіншіліктен бес ұпай жинап, үшінші санатының нормасын орындады. Ағам күн сайын үш-төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы - болашақта шахмат ойынының шебері болу.

Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерін талап етеді. Сондықтан, менің ойымша, Қайрат ағамның адамгершілік қасиеттері мол. Мен ағамнан үлгі аламын.

2-тапсырма. Үлгі бойынша диалог құрыңдар.


  • Сандуғаш, сен қандай үйірме түрлерін білесің?

  • Үйірмелердің түрлері өте көп: тоғызқұмалақ, дойбы, кесте тігу, би, т.б

  • Сандуғаш, сен қай үйірмеге қатысып жүрсің?

  • Мен тоқыма үйірмесіне қатысамын.

  • Үйірмеге қашаннан бері қатысасың?

  • Үйірмеге төртінші сыныптан бері қатысып жүрмін.

  • Сен не тоқи аласың?

  • Мен бас киім, қолғап, орамал тоқи аламын.

3-тапсырма. Сөйлемдерден пысықтауышты табыңдар. Сұрақ қойып, оның түрін анықтаңдар.

1. Қайрат ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті.

2. Биыл ол қаламызда өткен шахмат жарысына қатысты.

3. Шахмат шебері болу үшін шахмат үйірмесіне қатысу керек.

4. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне белсене қатысады.

5. Қайрат күн сайын үш-төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды.

4-тапсырма. Берілген сөздерді екі топқа бөліп жазыңыз. Бірге немесе бөлек жазылу себебін түсіндіріңдер.

Үлгі: Бірге жазылатын сөздер Бөлек жазылатын сөздер

Әр кім, әр уақыт, түйе табан, ит мұрын, боз торғай, авто тіркес, шаң сорғыш, табиғатқа шығу, радио қабылдағыш, қос аяқ, ала жылан, ақ жүрек, қара торғай.

5-тапсырма. «Менің үйірмем» тақырыбына әңгіме жазыңдар.

Адал дос

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі - Аблан да, екіншісі - Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.

Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Абыз:

- Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды, - деп қатты қорқып, айқайлап жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.

Абыз Абланның жанына келіп:

- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртып тастамас еді, - деп жатыр.

- Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені, сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, - деді Аблан.

- Достар деген осындай болар, - деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.

1- тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мазмұнын айтып беріңдер.

2-тапсырма. Жақша ішіндегі шартты белгілерді орындап сөз тіркестерінің қажетті жалғауын қойыңдар.

Көше бойы (К.с.)

Оның біреуі (Т. ж., Ш жақ)

Жер (Ш. с.) алу

Ит (Б.с.) қарсы ұмтылу

3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерің дұрыс-бұрысын анықтаңдар.

1. Екі дос көше бойымен жылдам әңгімелесіп келе жатты.

2. Абыздың денсаулығы мықты, тез жүгіре алады.

3. Бір үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура арттарынан шыға келді.

4-тапсырма. Біріккен сөздерді пайдаланып 3 жай сөйлем, 2 құрмалас сөйлем құраңдар.


Еңбек туралы мақал-мәтелдер

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді толықтырыңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


2-тапсырма. Модаль сөздер - сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын білдіретін сөздер. Қазіргі қазақ тілінде модальдықты толық мәнді есім де, етістік те, көмекші сөздер де білдіреді.

3-тапсырма. Төменде берілген модаль сөздерді қолданып бірнеше сөйлем құраңдар.

Керек, тиіс, сияқты, мүмкін, бәлкім, рас, шамасы.

4-тапсырма. Жоғарыда берілген мақал-мәтелдің біреуін қатыстырып шағын әңгіме жазыңдар.

5-тапсырма. Сызбаны толтырыңдар. Мысал келтіріңдер.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Е-пошта


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі





Адамдар бүгінде электронды поштаны пайдаланады. Ағылшын сөзі е-mail (ағылш. «electronic mail») - электрондық пошта сөзінің қысқарған түрі. Ол кәдімгі байланыс құралдарынан әлдеқайда ыңғайлы. Әрі жылдам. Компьютер арқылы хат жазсаңыз, ол бір минуттан кейін алушының электрондық байланыс жәшігіне түседі.

Интернет те электрондық байланыс құралы. Оған дүние жүзінің басты-басты электрондық байланыс агенттерінің бәрі қосылған; сондықтан сіз әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан оқиғаларды біле аласыз.

Белгілі бір мәселе бойынша молырақ мәлімет алғыңыз келсе - интернеттің тиісті сайттарын ашасыз. Сол арқылы іздеген ақпаратыңызды таба аласыз. Сөйтіп интернет - жедел ақпараттың сенімді мол көзі болып табылады.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Мәтін не туралы?

  2. Электрондық пошта дегеніміз не?

  3. Компьютер арқылы қалай байланысуға болады?

  4. Интернетке қандай адамдар кіре алады?

  5. Қайдан мол ақпарат алуға болады?

2-тапсырма. Мәтінді жалғастырып көріңдер. Мәтінге тағы не қосуға болады?

3-тапсырма. Берілген сөздердің синоним, омоним, антонимдерін анықтаңдар.

Синоним Антоним Омоним

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Алушы

Жүзі

Мол

Дүние жүзі

Қосылған

Мәлімет

Компьютер атасы кім?



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі




1876 жылы Болгарияда халық көтерілісі бұрқ ете қалды. Сол көтерілісте әке-шешесі мерт болған он үш жастағы Иван ағасына ілесіп Америкаға кетеді. Кейін ол американдық әйелге үйленеді. 1903 жылы Джон атты сәби дүниеге келеді. Міне, осы Джон - компьютердің атасы. Оның әкесі - инженер-электрик, анасы - математик болған. Джон бес жасында әкесінен түрлі ойыншықтардың электр қуатымен қалай жүретінін, қандай сәуле шашатынын біліп өседі. Жиырма бес жасында Флорида университетін аяқтап, математик болып шығады. Кейін Висконси университетінде докторлығын қорғайды. Бала кезіндегі арманы - есепті жылдам шығаратын машина ойлап табу еді. Осы арманын 1933 жылы 40 жасында іске асыруға кіріседі.


Деңгейлік тапсырмалар


ІІІ деңгей


1. Мәтін бойынша 4-5 сұрақ құраңдар.

2. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар, ондағы тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.

3. Төменде берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар.

Поднялось востание, уезжает в Америку, в двадцать пять лет, защищает докторскую, с малых лет.

ІІ деңгей

1. Берілген мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2. Сын-қимыл үстеулерді қолданып, құрмалас сөйлемдер құраңдар.

Кілт, әрең-әрең, етпетінен, шалқасынан, кенеттен, жүгіріп, аюша.

І деңгей


Мәтінді пайдаланып, компьютер атасы туралы мәліметтер жинақтап шағын шығарма жазыңдар.



1-тапсырма. Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар. Өздерің тағы не қоса аласыз?

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


ИНТЕРНЕТ дегеніміз - компьютерлік желілердің бүкіл әлемдік топтастырылымының кооперативтік басқару жүйесі. Әрине, мұндай терминдік сөйлем құрылымын кез келгеннің түсіне қоюы қиын. Ойды қарапайымдау етіп таратсақ, мысалы, өз компьтерімен біртұтас интернет желісіне қосылған адам әлемнің кез келген нүктесінде тұрған келесі компьтерде сақтаулы тұрған ақпаратқа оңай қол жеткізе алмақ. Бұл жүйеде ақпарат алмасу біріңғай тәртіпке негізделген. Әр пайдаланушы интернетке қол жеткізу үшін бірлескен желілердің бірінің пайдаланушысы болса жеткілікті. Мемлекеттік, өңірлік, корпоративтік және басқа да компьютелік желілердің мұндай жиынтығы бір-бірімен түрлі мәлімет тарату арналары арқылы байланыстырылған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда интернет әлемнің барлық елдерін түгел қамтып, оның қызметін 500 милионнан астам адам пайдалануда. Және де ай сайын бұл көрсеткіш 7-10 пайызға өсіп отыр. 60-жылдары аталған агенттіктің негізгі міндеті компьютерлерді бір-бірімен қосу әдісін әзірлеуге бағытталды.

2-тапсырма. Сын-қимыл үстеулерін қайталаңдар. Үстеулердің сұрақтарын анықтап, мысалдар келтіріңдер.

3-тапсырма. Төменде берілген сын-қимыл үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңдар.

Осылай, сөйтіп, бірден, өзінше, тікелей.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер. Мақал-мәтелдерді жаттаңдар.

Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы ортақ

Шешеннің тілі ортақ.

Тіл қылыштан өткір.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Интернеттің ресми туған күні 1969 жылғы 29 қазан болып тұңғыш рет Стэндфорт ғылыми зерттеу институтынан Лос-Анжелестегі Калифорния университетіне алғашқы ақпарат жолданған. Желі арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерімен жедел алмасу тиімділігіне орай ендігі жерде оған АҚШ- тың басқа да университеттерінен компьютерлер қосылуға мүдделілік білдіре бастады. Біртұтас желі арқылы шешілетін азаматтық мәселелердің молынан топтасуы нәтижесінде 1983 ж. АҚШ-тың қорғаныс министірлігі желіні екіге бөлуге мәжбүр болды. ARPA net ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналса, жаңа желі MIL net қорғаныс миністірлігінің құзырында қалдырылды.

1990 жылы 1 тамызда КУРЧАТОВ технология институтында алғашқы отандық компьютерлік желі іске қосылды. Ол бірқатар уақыт жаңа құрылып жатқан коммерциялық құрылымдар, мемелекеттік және қоғамдық ұйымдарды компьютерлік желімен өзара байланыстырды. 1990 жылы 28 тамызда кеңестік желі алғашқы рет халықаралық телефон байланысымен жаһандық интернет желісіне қосылды. Ал араға ай салып жоғары деңгейлі тарату желісі таратылды.

2-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Интертеттің туған жылын қай жыл деп санайды?

2. Қай елде интернетті компьютерге қоса бастайды?

3. Кім желіні екіге бөлуді мәжбүр болды?

4. Қай жылы КУРЧАТОВ технология институтында алғашқы отандық компьютерлік желі іске қосылды?

5. Халықаралық телефон байланысы неге қосылды?

3-тапсырма. Төменде берілген сөздердің синонимі мен антонимін анықтаңдар.

Синоним Антоним

Туған күні

Алғашқы

Желі

Жақан

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерден модаль сөздерді тауып, олардың сұрақтарын анықтаңдар.

1. Рас, Ділдәні Абай сүйіп қатқан жоқ. 2. Мүмкін, олар үйде жоқ. 3. - Иә, мен де солай ойлаймын. 4. Бүгін бізге оқулықтар мен дәптерлер керек. 5. Маған жасыл түсті алма сияқты бір жемісті көрсетті.

Интернет не үшін керек?


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі



ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі. Ғылым мен техниканың дамуы халық өміріне де өзгерістер әкелді. Адамдардың үйде де, жұмыста да, оқу орнында да жиі қолданылатындары - компьютер. Ол күнделікті қажеттілікке айналды.

Қазіргі кезде интернет, электрондық пошта ешкімге де таң емес. Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың. Интернетті қолданатын адамдар саны он миллионнан асады. Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді ғой!

Компьютер жұмыстың сапалы да жылдам жүруіне үлкен ықпал етеді.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мазмұнын айтып беріңдер.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сөздік жұмысын өткізіңдер.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен жай сөйлемдер құрастырыңдар.

Электрондық аппарат, компьютер ғылымы, қазіргі кезде, интернет жүйесі, ықпал етеді.

4-тапсырма. Қимыл есім етістіктің негізгі түбірі мен туынды түбіріне (бұйрық райдың екінші жақ жекеше түрі) -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: өс+у, өсіріл+у, асығ+у, табыс+у. Қимыл есімдерге септік, көптік, тәуелдік жалғаулары жалғана береді.

5-тапсырма. Төменде берілген қимыл есімдерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрыңдар.

Асығуға, дамытуы, келуіміз, жазу, біріру, өтуде.

6-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мән мағынасын түсініп, шағын әңгіме құрыңдар.

*Сөз атасы - құлақ,

Жол атасы - тұяқ,

Су атасы - бұлақ.

*Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле.

*Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Интернет қызметтері



Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі






Интернетте жұмыс істеу немесе оны қолдану туралы сөз айтылғанда, оның кейбір қызметтері ғана айтылады. Желі клиенттері өздерінің мақсатына байланысты керекті қызметтерді ғана қолданады.

Әртүрлі қызметтер әртүрлі құжаттарға ие. Оларды қолданбалы құжаттар деп атаймыз. Олардың жұмыс істеуін арнаулы бағдарламалармен бақылайды.

Сондықтан арнаулы бір интернет қызметімен жұмыс істеу үшін, компьютерлерге арнаулы бағдарлама орнату керек, ол бағдарлама берілген қызметтің құжаты бойынша жұмыс істуі керек. Мұндай бағдарламаларды - клиенттік немесе клиент деп атайды. Мысалы, Интернетте файлды тасымалдау үшін арнаулы қолданбалы құжат, FTP қолданылады (File Transfer Protocol). Осыған байланысты, интернетте файлды қолдану үшін арнайы операциялар жасау керек.


Деңгейлік тапсырмалар


ІІІ деңгей


1. Мәтіннен үстеулерді теріп жазыңдар.

2. Мәтін бойынша 4-5 сұрақ құрастырыңдар.

ІІ деңгей


1. Мәтінде асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

2. Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлемдер жазыңдар.

Адамша, күздей, кенеттен, бірталай, шапшаң, әдейлеп, құр босқа, тіпті, аса, төмен.

3. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

І деңгей


Интернет туралы қосымша мәлімет жинап, презинтация жасаңдар.

WEB-сайт ақпараттар жинағы


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Еліміздегі көптеген заңды тұлғалар бүкіләлемдік байланыс желісі - ғаламторға қосылып, өз алдына жеке арналар ашуда. Себебі компьютер желісі - ақпарат жеделдігінің, жетімділігінің кепілі. Тіпті қазіргідей ақпарат ағымы күшейген кезде ұйымдар қызметінің сәтті болуы да көп жағдайда соған байланысты екендігі даусыз. Мәселен, осыны ескерген Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің Конференциясы (ҚРЖК) жеке WEB-сайт ашты.

Бұл WEB-сайтта еліміздегі күллі жұмыс берушілер туралы орасан мол ақпараттар жинақталған. Сонымен бірге аталған сайттан жұмыс берушілердің мүдделеріне қатысы бар кез келген заң жобасын табуға болады.

1-тапсырма. Мәтінде берілген сөздердің синонимін, омонимін, антонимін анықтаңдар.

Ел, ата, көп, әлем.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айтыңдар.

1. ... ақпараттарды жинауға болады. 2. Жұмыс берушілер ... жеке сайт ашты. 3. Сол сайтта ... ақпарат алуға болады. 4. Компьютерде әртүрлі ... көруге болады. 5. Бүкіләлемдік байланыс желісі - ... қосылып аламыз.

3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер құраңдар.

1. 1876 жылы Болгарияда халық көтерілісі бұрқ ете қалды.

2. Ол терең білім алуға талпынады, көп ізденеді.

3. Оның қызметін 500 милионнан астам адам пайдалануда.

4. Желі клиенттері өздерінің мақсатына байланысты керекті қызметтерді ғана қолданады.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.


  • Жақсы сөз - ... .

  • Өнер алды - ... .

  • Басқа пәле - ... .

  • Тіл - ... .

  • Ең тәтті де - ... .

  • Ең ащы да - ... .

Керекті сөздер: тіл, тиексіз, тілден, қызыл тіл, жарым ырыс.

Электронды пошта

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Бұл қызмет алдыңғылардың бірі болып саналады. Оның интернеттегі жұмысын арнаулы «пошталық сервер» қызметі қамтамасыз етеді. Егер назар аударсаңыздар «сервер» деген сөзді айтқанда оны жекелеген арнаулы компьютерлер деп қараумен бірге, оны тағы да бағдарламалық қамтамасыз етуден, қарастыруға болады. Демек, Интернетте біркомпьютерлік түйін бірнеше серверлердің функциясын атқарады және әртүрлі қызметтердің жұмысын қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол әртүрлі есептерді шешуге қабілетті дербес компьютер болып қала береді.

Пошталық серверден мәлімет алғаннан кейін, оларды тізбек бойынша пошталық сервер адресатына жібереді. Осы жерде олар жинала береді. Адресаттардың арасындағы жалғау анықталғаннан кейін, оның пошталық серверімен автоматты түрде компьютердің адресатына мәлімет жіберіледі.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар. Мәтін бойына диалог құрыңдар.

2-тапсырма. Мәтінде асты сызылған сөйлемдерден пысықтауышты табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден үстеулерді анықтап, оларға сұрақ қойыңдар.

1. Бізге ертең таңертең мектепке келу керек. 2. Бұрын осылай болған емес. 3. Олар балаша күледі. 4. Малды қыс бойы қорада ұстайтыны мәлім. 5. Біздің топ таудың басына әрең көтерілді. 6. Осы жерде кілең қайыңдар өседі.

4-тапсырма. Сөйлемнің қай мүшесі қашан? қайда? қалай? қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді? Мысалы келтіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерден қимыл есімдерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

1. Медеу мұз айдыныңда жарыс өтуде. 2. Жүріп-тұруға өте құмар. 3. Екеуі жол қысқаруына бір-біріне ермек, серік болды. 4. Дене шынықтырудың денсаулыққа пайдасы көп.

6-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер. Мақал-мәтелдерді жаттаңдар.

*Басқа пәле тілден.

*Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

*Өнер алды қызыл тіл.


Факс байланысы


Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі





Факсимальдік байланыс «факс» деп аталады. Факс аппараты арқылы тек қана көлемді мәтінді, құжаттарды ғана емес, әр түрлі кестелерді де тез арада екінші жерге жеткізуге болады.

Қазіргі таңда еліміздің кәсіпорындары мен мекемелерінің кеңселері факс аппаратымен жабдықталған. Факстің жеткізу жылдамдығы жоғары, факс арқылы жіберілген кез келген құжат көшірмесі санаулы минуттардан кейін-ақ алушының қолына түседі.

Содан соң факстің жіберлуі туралы телефон арқылы алушыға хабар беріледі.

1-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді анықтап, оларға сұрақ қойып, түрлерін анықтаңдар.

2-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып 5-6 сөз тіркестерін жазыңдар.

Жоғары, тіркеледі, факс, мәтін, нұсқа, құжат, арқылы, кейін-ақ.

3-тапсырма. Сын-қимыл үстеулерді қатыстырып 4-5 сөйлем айтыңдар.

4-тапсырма. Сөздердің синонимін, антонимін табыңдар.

Жоғары, тез, мекеме, алушы, қол, ел.

5-тапсырма. Сызбаны толтырыңдар. Сызба бойынша әңгімелеңдер.

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзіріЗаманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


Техника ғасыры

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі

Заманауи сабақ жоспары Ас мәзірі


ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі. Ғылым мен техниканың дамуы халық өміріне де өзгерістер әкеледі. Адамдардың үйде де, жұмыста да, оқу орнында да жиі қолданатындары - компьютер. Ол күнделікті қажеттілікке айналды.

Әлемге әйгілі «Майкрософт» компьютер корпорациясының басшысы - Билл Гейтс. Билл Гейтс компьютерлік бағдарламалар жазды. Оның табысы өте жоғары. Ол қазір дүниедегі ең бай адам. Оның есеп шотына әрбір минут сайын жарты миллион доллар түседі екен. Билл Гейтс ми күшін ақылмен қолданып, бүкіл әлемге әйгілі болды. Шындығында ол аса талантты әрі іскер адам.

Қазіргі кезде интернет, электрондық пошта ешкімге де таң емес. Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың. Интернетті қолданатын адамдар саны он миллионнан асады. Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді ғой!

1-тапсырма. Берілген сын-қимыл үстеулерді жазып алыңдар. Олармен сөйлем құраңдар.

Ойнап, жоғары, бүгін, кеш, тез, ауызша, сонда, артқа, оқып, кенет, алыстан, ерте, бүгін.

2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып ғаламтор туралы әңгімелеңдер.

4-тапсырма. Сөздердің синонимін, омонимін, антонимін анықтаңдар.

Жылдам, кезең, даму, жиі, әлем, адам, таң, жүз.

5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді толықтырыңдар. Оларды жаттаңдар.

Шешеннің тілі -

Шебердің бізі.

Бал тамған тілден,

У тамар.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Пайдаланған әдебиет:


  1. Оралбаева Н. Практикалық қазақ тілі. - Алматы: «Ана тілі», 1993 ж.

  2. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. - Алматы: «Ана тілі», 1993 ж.

  3. Арпабеков С. Қазақ тілі (анықтамалық). - Алматы, 2004 ж.

  4. Исаев С.М. Қазақ тілі. - Алматы: «Өнер», 2007 ж.

  5. Дюсебаев С. Қазақ тілі (11 сынып). - Алматы: «Мектеп», 2011 ж.

  6. Дюсебаев С. Қазақ тілі (8 сынып). - Алматы: «Мектеп», 2008 ж.

  7. Интернет сайттары.

  8. «Сен білесің бе?» кітапша.

  9. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. (Жалпы редакциясын басқарған: Жұмағалиев Т.Н., Куандықов Б.М.) - Алматы, 2000 ж. - 328 бет.

  10. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. - Алматы, 2003 ж.

  11. Балалар энциклопедиясы, 6 том. -Алматы, ???

148


© 2010-2022