Баяндама Ағылшын тілін ерте жастан оқыту барысында ақпараттық технологияны қолдану

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту барысында ақпараттық технологияны қолдану

Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.

Мақсаты:

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.

Мiндетi:

Ақпараттандыру жағдайында білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық құралдарды, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

XXI ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етуде. Шетел тілін білмеген адамға жаңаша өмір сүру мүмкін емес екендігін шынайы фактіге айналып отыр. Мемлекеттік деңгейде бұл факт өзінің Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында анықталған.

Психолог Е. В. Жиркованың пікірінше, шетел тілін оқыту және баланың абстрактілі ойлау қабілетін дамытуда баланың сурет салу, сөйлеу қабілетін, есептеу қабілеті шетел тілімен байланысты жоғарылайды. Сол жастағы балалармен салыстырғанда шетел тілін оқыған балалардың оқу қабілетінің деңгейі өте жоғары деген пікір айтады ғалым.

Шетел тіліне оқыту процесінде пәнаралық байланыстың, әсіресе шетел тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жасөспірімдерді тілге үйрету. Оқушы шетел тілдерін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірімен, тарихы мен мәдениетімен таныса отыра, өз елінің өмірін, тарихын, мәдениетін терең түсінетің болады.

Шетел тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамызға мәлім. Жас өспірімдердің:

  • тез қабылдауы;

  • Еліктеуге бейімділігі;

  • Қиялының әртүрлілігі;

  • Ойлау ауызша сөйлеу іскерліктерінің дамуы;

  • Танымдық іс-әрекеттерінің басымдылығы;

  • Есте сақтауы;

  • Қызығушылық қасиетінің молдығы мен әртүрлілігі;

  • Жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі;

  • Еліктеуіш қасиетінің басым болуы;

  • Сезімтал болуы;

  • Іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы;

Жоғарыда айтылған қасиеттерді бала бақшадан, бастауыш сыныптан бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі.

Шетел тілін ерте жастан оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуына әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.

Шетел тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық.

Оқушылардың шетел тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

  • әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.

  • Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктерімен байланысты болуы керек.

  • Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.

  • Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;

  • Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;

Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану.

Қорыта келе, айтпақ ойым - шетел тілдерін ерте жастан оқыту өте тиімді.









© 2010-2022