М. Өтемісұлы ««Тарланым

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатынан хабардар ету, жауынгер ақынның өлеңінің мазмұнын ашу. Жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының поэзиясының негізгі ерекшеліктері туралы толық тарихи мағлұматтар мен деректер келтіру, ғылыми бағытта жұмыстандыру.    Пікір айту, ой түю, сөз саптау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту. Дүниетанымдарын кеңейтіп, әдебиетке деген сүйіспеншілік қабілеттері мен қабылдау белсенділіктерін арттыру.  Елдің ертеңі болар өскелең ұрпақтың бойына ата бабалар аманатын дарыту. Ұлттық рухы мықты, жігерлі, елдің, жердің қамын ойлайтын азамат болуға бағыттау. Ерлікке, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу. Елдің бірлігін сақтар, үмітін ақтар тұлға дайындау.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Рубежин ауылы

Рубежин орта жалпы білім беретін мектебі

Тасимова Әлима Өтегенқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Тарланым»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатынан хабардар ету, жауынгер ақынның өлеңінің мазмұнын ашу.

Пікір айту, ой түю, сөз саптау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

Ерлікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Өміріне шолу, мәнерлеп оқу, сөзмаржан, әдеби ұғымдар туралы түсінік, «Бес жолды өлең»әдісі

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, нақыл сөздер, кітаптар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгендеу.

Сынып тазалығын шолу.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Өтілген материалдарды шолу.

-Д.Бабатайұлы қай жерде туған?

-Дулаттың өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігін ата.

-Аягөз өзені қалай суреттеледі?

-Осы өлеңде қандай тарихи дерек жатыр?

ІІІ.Негізгі бөлім.

Махамбет Өтемісұлы туралы деректер.

(1804-1846)

А) Туған жері: Орал облысы, Нарындағы Бекетай құмы

Ә) Білімі: арабша, орысша хат таниды.

Б) Жырларының ерекшелігі: жауынгерлік бағыт.

В) Өлеңдері: «Мінкен ер», «Менің атым Махамбет», «Исатайға», «Соғыс» т.б.

Топтастыру стратегиясы «Ақын поэзиясы»

М.Өтемісұлы ««ТарланымМ.Өтемісұлы ««ТарланымАқын поэзиясы

М.Өтемісұлы ««ТарланымМ.Өтемісұлы ««Тарланым

Ақынның «Исатай деген ағам бар» атты өлеңін оқи отырып, жан серігі -Исатайға арнаған толғауларына тоқталу.

«Тарланым» өлеңі

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Ақынның арманын, өкінішін ұғындыру.

-Исатай бейнесін ашу.

-Ақын қолданған бейнелі сөздерге түсінік беру.

«Сөзмаржан»

Махамбет өлеңдеріндегі сөздерге түсінік беру.

Кермиық, кербез -паң, сұлу

Керіскедей- келіскен, көз тартатын, үлкен

Шандоз -асыл, ардақты

Жебе-садақтың оғы

Сусар -аң

Әдеби тілдік талдау.

Ақынның Исатайға арнаған теңеулерін түртіп алу.

«Кермиығым кербезім», «Құлжадай айбар мүйіздім», «Арыстан еді-ау Исатай» т.б.

«Сөздер сөйлейді»

«Керіскедей шандозым» сөзіндегі керіске сөзіне түсінік беру.

ІҮ. Сабақты бекіту. «Бес жолды өлең» әдісі

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сөйлем

Ерлік туралы мақал -мәтел

Ү. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.





© 2010-2022