Урок Тәуелсіздіктің таңы Диктант

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 21.12 Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Диктант. Тәуелсіздіктің таңы

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың алған білімдерін , сауаттылықтарын тексеру. Ұқыптылықпен қатар қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру

ІІ. Мақсатын қою.

ІІІ. Жазба жұмысын жазғызу.

Көпсөзділік-ақылсыздықтың белгісі

... Суық сөз сөйлеме. суық сөз де, мысалы, бір арам шөптің ұрығы сияқты, одан дұшпаның пайда болады. Дана болсаң да, өзіңді наданға сана, сонда ғана саған өнер дарбазасы әрдайым ашық болады. Сөз өнеріне жетік болсаң да, оның құрылысын бұзбай, қаз қалпында, дұрысын айтқанда, бірқалыпты ырғақпен сөйле. Қызметкерлер адамдармен қызметкерлерше, қарапайым адамдармен қарапайым сөзбен сөйлегін. Қай кезде болмасын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болсын. Егер сен сөйлегенде бұл тәсілді қолданбай, айтар сөзіңді бар ықыласыңмен дәлелдегеніңмен, жұрт оны тыңдамайды. Тыңдаушылардың талабына қарап, көңілдегісін тауып сөйлген кезде ғана қиын жағдайдан қысылмай шығасың.

Ей, перзентім, сен қанша шешен болсаң да, өзіңді білгір, ділмар шешендерден төмен ұста. сөз үйренуден жиренбе. Көп біліп, аз сөйле. Аз біліп, көп сөйлеме. Көпсөзділік- ақылсыздықтың нышаны. Аз сөйлеу- сау- сәламаттыққа да тән қасиет. Көп сөздіні қанша дана болғанмен, жұрт ақылсыз деп есептпе, керісінше, сөйлемей отырған ақылсыз адамды ақылды жан екен дейді. Егер сен өзің адал жанды болсаң, жаман істен бойыңды тарта ұстаған жағдайда да өзіңді -өзің мақтама, өйткені сен өз пайдаңды ойлап, өзіңе-өзің куәлік берссең, сені ешбі жан тыңдамайды. сені халық мақтасын. Сөйлегенде әрбір сөзің нысанаға дөп тисін. (188 с)

ІІІ. Қорытындылау.

ІҮ.Үйге тапсырма. 95-жаттығу



© 2010-2022