Көкөністер ашық сабақ, 3-сынып

Сабақтың  тақырыбы:  Көкөністер.     Сабақтың  мақсаты:  Қазақ тілінде көкөніс атауларын игерте отырып, тілдік қатынаста қолданып үйрету.  Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.  Көкөністерді жуып, тазалап жеу жайлы, пайдасы туралы тәрбиелік әңгіме жүргізу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ойын элементтері Көрнекілігі: интерактивті тақта, сюжетті суреттер, сөзжұмбақ Сабақтың ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Көкөністер.

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінде көкөніс атауларын игерте отырып, тілдік қатынаста қолданып үйрету. Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту. Көкөністерді жуып, тазалап жеу жайлы, пайдасы туралы тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ойын элементтері

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сюжетті суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық

2. Фонетикалық жаттығу

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір қай ай?

- Бүгін аптаның нешінші күні?

ІІ. Үй жұмысын тексеру: Кім тез? ойыны арқылы үй жұмысын тексеру.

ІІІ.Өтілген материал бойынша білімдерін тексеру.

  1. Сұраулық шылаулар (ережені айтып, мысал келтіру)

  2. Флипчарпен жұмыс жасайды. Сұраулық шылауларды қосу.

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Сөзжұмбақты шешу. (слайд)

  • Сөзжұмбақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Көкөністер.

  1. Сөздікпен жұмыс. Интерактивті тақта.

Көкөністер -

Қызанақ -

Орамжапырақ -

Қияр -

Пайдалы -

Ащы -

Сатып алды -

Сөздерді суреттермен сәйкестіріп аударады. Сөйлем құрастырады.


  1. Тыңдалым. Мәтінмен жұмыс.

  2. Сұрақтар арқылы мәтіннің мазмұнын ашу

  • Мәтін не туралы ?

  • Мирас қайда барады?

  • Дүкенде не бар?

  • Мирас дүкеннен не сатып алды?

  • Көкөністер денсаулыққа пайдалы ма?

  1. Деңгейлік тапсырмалар (топпен жұмыс жасау)

1-топ Көкөністерді көпше түрде жазыңдар.

2-топ Көкөніс атауларына сұраулық шыларларды қосып жазыңдар.

3-топ Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңдар.

6.Жазылым. Топтастыру.

Жемістер. Көкөністер. Жидектер

Құлпынай, пияз, қызанақ, қияр, алма, алмұрт, жүзім, орамжапырақ, бүлдірген, өрік, сәбіз, таңқурай, қызылша.

V. Сергіту сәті.


  1. Тілдесім. 1- топ. Диалог. Көкөністер дүкенінде

2- топ Монолог. Көкөністер

3- топ Постер құру. Жемістер


  1. Венн диограммасы бойынша салыстыру.

1- топ. Қызанақ, қияр

2- топ Сәбіз, қызылша

3- топ Сәбіз, пияз

VІ. Қорытындылау.

Оқушыларға сұрақ қою арқылы қорыту. 1. Көкөністерге нелер жатады ? 2. Көкөністер қай мезгілде піседі ? 3. Қиярдың түсі қандай ? 4. Сәбіз қандай болады ?

VІІ. Білімін бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: Көкөністердің суретін салып, көкөністер туралы тақпақ, жұмбақ жаттап келу.

© 2010-2022