Cабақтың тақырыбы: Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері. (10 cынып)

06.04.2015 Сабақтың тақырыбы: Мекеме , ұйым  жұмыстарына   қатысты  іс қағаздарының  түрлері. Сабақтың  мақсаты:  1.Оқушыларға  тақырып  бойынша түсінік беру;                                     2. Сауатты жазып, сөйлей алуға үйрету;                                     3. Тілді құрметтеуге, тілжанашыры болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың  әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау Көрнекілігі: кеспе қағаздар, кітаптар.   І.Ұйымдастыру  кезеңі. Оқушылармен  амандасу...    Келісімшарт –тараптар   арасында  қандай  да бір  қатынастардың  орнауы  туралы  келісімді  белгілейтін  және  реттейтін  құжат. Келісімшарттың  құрылымы: ·         Құжат аты; ·         Келісімнің  жасалған  орны мен  күні; ·         Тараптардың  аты-жөні, мекен-жайы, жеке  куәліктерінің  нөмірі  мен  сол  куәлікті  берген  мекеменің  атауы; ·         Келісімшарт  мәтіні; ·         Ноториалдық   кеңседе   куәләндырылған  жазба; ·         Келісім  тіркелген  тізбе; ·         Алынатын  м...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

06.04.2015

Сабақтың тақырыбы: Мекеме , ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру;

2. Сауатты жазып, сөйлей алуға үйрету;

3. Тілді құрметтеуге, тілжанашыры болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, кітаптар.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,забаққа зейінін аударту.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақтарды қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Мекеме , ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері.


Келісімшарт -тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Келісімшарттың құрылымы:

  • Құжат аты;

  • Келісімнің жасалған орны мен күні;

  • Тараптардың аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәліктерінің нөмірі мен сол куәлікті берген мекеменің атауы;

  • Келісімшарт мәтіні;

  • Ноториалдық кеңседе куәләндырылған жазба;

  • Келісім тіркелген тізбе;

  • Алынатын мемлекеттік салық;

  • Нотариустың қолы.

Хаттама- алқалық ұйымдардың жиналыстарында , кеңестерінде, конференцияларында және мәжілістерінде мәселені талқылау барысы мен шешімдерін тіркейтін құжат.

Хаттаманың құрылымы:

  • Құжат түрінің аты;

  • Мекеме аты;

  • Мерзімі, индексі;

  • Мәжіліс өткізілген жер;

  • Хатталынатын кеңес аты;

  • Төрағаны, хатшыны,қатысушыларды көрсету;

  • Күн тәртібі;

  • Тыңдалды,сөйледі, қаулы қабылданды, формасындағы мәтін;

  • Төраға, (төрайым) мен хатшының қолы.

Бұйрық -мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт.

Бұйрықтың құрылымы:

  • Бланк штампының реквизиттері;

  • Құжат аты;

  • Күні, нөмірі;

  • Шыққан жері;

  • Мәтін тақырыбы;

  • Бақылау туралы белгі;

  • Қолы;

  • виза;

  • Құжаттың орындалуы туралы белгі.

Хабарландыру - бірдеңе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін.

Анықтама- белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын , сипаттайтын құжат.

Анықтаманың құрылымы:

  • Құжат аты;

  • Негізгі мәтін;

  • Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет;

  • Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;

  • Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның қолы;

Кітаппен, тақтамен жұмыс.

Бұйрық, анақтамаға үлгі жазу.

Сабақты бекіту.

Сұрақ жауап:

  1. Мекеме, ұйымдағы құжаттардың аттарын атаңдар?

  2. Бұйрық дегеніміз не?

  3. Анықтама дегеніміз не?

  4. Келісімшарт дегеніміз не?

  5. Хабарландыру дегеніміз не?

Үйге тапсырма. Осы құжаттардың құрылымын ережесін жаттау, үлгі жазу.


© 2010-2022