Внеклассное мероприятие ко Дню языков

Сабақтың мақсаты: «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту.  Міндеттері: білімділік - ол туралы өз ойларын кеңінен айта білуге дағдыландыру. Грамматикалық тақырып бойынша (сан есім, фразеологизм) білімдерін қайталау; дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ауызекі сөйлеу дағдысын, танымдық қабілетін дамыту. Грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білуге қалыптастыру; тәрбиелік -мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліг...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІ -МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Сабақтың мақсаты: «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту.

Міндеттері: білімділік - ол туралы өз ойларын кеңінен айта білуге дағдыландыру. Грамматикалық тақырып бойынша (сан есім, фразеологизм) білімдерін қайталау; дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ауызекі сөйлеу дағдысын, танымдық қабілетін дамыту. Грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білуге қалыптастыру; тәрбиелік -мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, тыңдалым, айтылым, жазылым, сұхбат, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік әдіс.

Түрі: сайыс сабақ, топтық жұмыс, ойын.

Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспадағы әуен, кеспелер, плакат, бағалау қағазы, фишкалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, ән сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгелдеу

3. Психологиялық сәт.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» модулін бекіту сабағы.

4. Сабағымыздың мақсаты - өткенді тиянақтап-жинақтау сайыс сабағы (Топқа бөлу).

Оқушылар:

1) өзінің ана тілін айтады;

2) бір-біріне тілек тілейді;

3) қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін білдіреді.

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, сондықтан сабаққа белсенді жұмыла қатысуларыңды сұраймын. Сендерге сәттілік тілеймін!

III. Жаңа сабақ.

Мұғалім:

- Қазақ тілім - өз ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қадірлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім, - деп қазақ тілі сабағымызды бастайық.

Қызығушылық ояту.

- Балалар, алдымен жұмбақ шешейік!

Бүгін менің сендерге алып келген бір жұмбағым бар.

Дүниеде ең ащы не?

Дүниеде ең тәтті не? (тіл).

Тіл қоғамда қаншалықты қажет?

1) сөйлеу, қарым-қатынас, әдебиет, мәдениет т.б. қажет.

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл».

Ассоциация.

Әр топ плакатқа орындайды. «Тіл» сөзіне ассо¬циация болатын сөздерді табу.

«Тіл дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік.



- Балалар, тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Тілді білу - халықты, тарихты сыйлау. Тіл - ұлттың, халықтың жаны. Тілді құрметтей білу керек.

IV. Айтылым, тыңдалым әрекеттері. Сыр сандығымыздағы тіл байлығымыз туралы әңгімелеп көрейік.

1. Әр топ тақтадағы берілген жұмыс түрлерінен таңдайды.

1. «Алғырлар» тобы.

II. «Тапқырлар» тобы

III. «Білгірлер» тобы.

I топ «Мемлекеттік тіл» құрастырады.

II топ «Мемлекеттік тіл» ойтолғау жазады.

III топ берілген сөйлемдердің мағынасына қарай орындарын ауыстырып, мәтін құрастырып жазады.

Дайындыққа 3 минут, жауап беруге 5 минут уақыт беріледі.

- Балалар, жазған жұмыстарыңнан сан есімдерді табыңдар.

2. «Ойқозғау».

- Балалар, өткен сабақта қандай грамматикалық тақырыптарды өттік? (сан есім, осы шақ, т.б.)

- Ендеше, сендердің білімдеріңді тексеру үшін ойын ойнаймыз. «Даналық ағашы».

Оқушылар даналық ағашынан алмаларды алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ. 3. Сан есім. 4. Реттік сан есім.

5. Есептік сан есім. 6. Жинақтық сан есім. 7. Болжалдық сан есім. 8. Топтау сан есім. 9. Бөлшектік сан есім. 10. Фразеологизм. 11. Нақ осы шақ.

- Жарайсыңдар, балалар! Міне, біз алдыңғы тақырып бойынша білімдеріңді тексердік. Топ басшылары жауап берген оқушыларды бағалайды.

3. Жазылым, сөйлесім әрекеттері.

Келесі кезеңде грамматикалық тапсырмалармен жұмыс орындаймыз.

I. «Алғырлар» тобы.

ІІ. «Тапқырлар» тобы.

III. «Білгірлер» тобы.

2-тапсырма. Сан есімдерге сипаттама беріңдер.

1) 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы қабылданды. 2) «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде екінші рет қабылданды. 3) «Тіл туралы» Заңда 27 бап қамтылған,ол алты тараудан тұрады.

3-тапсырма. Сан есімнің түрлерін анықтаңдар.

1) Бәрімізге 1-2 кітаптан сыйға тартқан еді. 2) Қазақ тілін жақсы білген біз екеуіміз едік. 3) Бірінші сыныпқа барғанда мен жеті жаста едім.

6-тапсырма. Сан есімді тауып, мағыналық түрін анықтау.

«Ең бірінші бақытым - халқым менің,

ал екінші бақытым - тілім менің.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

«Кім мықты?» десе біреу, Отан дер ем».

М.Шаханов.

Дайындыққа 5 минут, жауап беруге 5 минут уақыт беріледі.

4. Поэзия сәті. Оқылым әрекеті.

- Ал, енді, бір сергіп алайық.

- Балалар, Тіл туралы өлеңдер жаттап келіңдер,- деп мен сендерге үйге тапсырма бергенмін. Әр топтың өлеңдерін тыңдайық. Өлеңді мәнеріне келтіріп оқу (5 минут).

5. «Мақал-мәтел - сөз мәйегі» Айтылым әрекеті. Қазақ халқы сөз өнерін аса жоғары бағалаған. «Сөздің көркі - мақал» дей отырып, қай топтың оқушысы көп мақал біледі, байқап көрейік.

Әр топтан бір оқушы шығып мақал айтады.

- Өте тамаша. Шешендік өнерлеріңді жақсы көрсеттіңдер.

6. 1. Фразеологиялық тұрақты сөз тіркесімен алмастыр.

Батыр, үндемеу, шебер, момын, жуас.

2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аш.

1. Төбе шашы тік тұру

А) үндемеу; ә) қорқу, шошу.

2. Сегіз қырлы, бір сырлы

A) жан-жақты; ә)жақын.

3. Қуанышы қойнына сыймау

А) ұялу; ә) қатты қуану.

3. Сөйлемді тұрақты сөз тіркестерімен толықтыр.

1. Бүгін Әсет...........

А) жұмған ауызын ашпады; ә) ит жанды.

2. Әсел тапсырманы........... орындады.

А) таяқ тастам; ә) көзді ашып-жұмғанша.

3. Айлакер түлкі қасқырды...........

А) мұзға отырғызып кетті; ә) қой ауызынан шөп алмас. (5 минут)

7. Қорытынды. Даналардан шыққан ой.

- Балалар! Сегіз қырлы, бір сырлы екенсіңдер. Тіл білу - өнер. Тіл туралы қандай нақыл сөздер білесіңдер?

1. Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,-

Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырза Әли).

Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл (Мұхтар Әуезов).

Қазақ тілі - сұлу, қонымды да толымды тіл (В.В.Радлов).

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде (Н.Назарбаев).

ҚР-ның Ата Заңында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол - әрине, қазақ тілі. Сондықтан да ҚР-ның әр азаматының парызы - тілді білу, құрметтеу.

8. Рефлексия. Алдарыңыздағы алманың суретіне өз көңіл-күйлеріңізді бейнелеңіздер.

9. Бағалау. Оқытушының қорытынды сөзі:

- Біз бүгінгі сабағымызда тіл туралы көп мәлімет алдық. Енді сабақ бойына алған ұпай есептеледі.

Бағалау парағы бойынша жеңімпаз топ анықталады. Оқушылар бағаланады.

© 2010-2022