XXI ғасыр көшбасшысы

"Описание материала: МБіздің интеллектуалды шоумызға қош келдіңіздер! -Ана тіліміздің құрметіне арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды шоуды бастаймыз. - Бүгінгі сабақ – білім, өнер, шығармашылық ізденіс болмақ. Сайыс 8 кезеңнен тұрады. 1- кезең «Қос тіл - қос қанатың» аударма ойыны. Екі командадан 1 оқушыдан шығып, бірі орыс тілінде сөзді оқып береді, екіншісі аудармасын айтады. Мысалы: Отан - Родина, отбасы - семья. 2-кезең. Жұмбақ шешу. «Жұмбақ шешу – ермегіміз жалықпас ойыны...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

XXI ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін , шығармашылық ізденісін байқау.Қазақ тіліне қызығушылығын арттыру. Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіп жүрген танымдық бағдарламасын негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдағы жаңалықтан сырт қалмауға баулу.

Көрнекілік: интеллектуалды шоудың сұрақтары.

Ашылу сәті:- Құрметті мұғалімдер, оқушылар. Біздің интеллектуалды шоумызға қош келдіңіздер!

-Ана тіліміздің құрметіне арналған "XXI ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалды шоуды бастаймыз.

- Бүгінгі сабақ - білім, өнер ,шығармашылық ізденіс болмақ.

Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1- кезең " Қос тіл - қос қанатың" аударма ойыны.

Екі командадан 1 оқушыдан шығып , бірі орыс тілінде сөзді оқып береді, екіншісі аудармасын айтады.

Мысалы: Отан - Родина, отбасы - семья.

2-кезең.Жұмбақ шешу."Жұмбақ шешу - ермегіміз жалықпас ойыны.Оқушылар келген жұмбақтарын жасырады,жұмбақтың шешуін қазақ,орыс тілдерінде жазады.

XXI ғасыр көшбасшысы

3-кезең. Сұрақ- жауап:

1.Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы кім?

2.Қазақтың батыр қыздарын ата.

3.Қазақтың ұлттық аспабы.

4.Тәуелсіздік күнін ата.

5.Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз.

6.Заттың атын білдіретін қай сөз табы?

7.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата.

8.Қазақтың атақты палуаны кім?

9.Қазақ тілінде қанша жалғау бар?

10.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

11.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.

12.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

13. «Независимость» сөзін қазақ тіліне аудар.

14.Буынның қандай түрлері бар?

15.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

16. «Воскресенье» сөзін қазақ тіліне аудар.

17. «Телезритель» сөзін қазақ тіліне аудар.

18. «Железная дорога» тіркесін қазақ тіліне аудар.

19. «Ласточка» сөзін қазақ тіліне аудар.

20. «Счастливое детство» тіркесін қазақшаға аудар.

XXI ғасыр көшбасшысы

4- кезең.Берілген сөздермен әңгіме құрастыру.

1.Сынып,парта,тақта,сабақ,қыркүйек,мұғалім,үзіліс,оқушы.

2.Отан,ата- ана,Қазақстан,туған жер,ауыл,отбасы,табиғат,ауа.

5-кезең.Мақал-сөздің көркі."Шешендік" ойыны.Бұл кезеңде мақал- мәтелдің бірінші жолын жүргізуші өзі айтады ,соңын сайыскер толықтырады.

Окусыз -білім жоқ ,білімсіз- күнің жоқ.

Өнер алды қызыл тіл.

Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

Мектеп кеме білім теңіз.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Ас атасы - нан.

Ас- адамның қуаты.

6-кезең."Мықты болсаң жаңылдыр" жаңылтпаш сайыс ойыны.

Әр топ ойыншысы қарсыласының жаңылтпашын қателеспей, мүдірмей, тез айтып беруі керек.

1.Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кеште тікті.

2.Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқыш та жақсы,

Үш құс та жақсы.

7-кезең.Ұлттық ойындарды атау.

Алтыбақан.Ақсүйек. Асық.Тоғызқұмалақ.Арқан тарту.Қыз қуу.

8-кезең.Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атау.

Бауырсақ.Қазы- қарта.Құрт.Сүзбе.Айран.Қымыз.Шұбат.Наурыз көже.Бесбармақ.

© 2010-2022