Ыбырай Алтынсарин қазақ тілі сабағынан ашық сабақ

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ыбырай Алтынсарин қазақ тілі сабағынан ашық сабақЫбырай Алтынсарин қазақ тілі сабағынан ашық сабақЫбырай Алтынсарин қазақ тілі сабағынан ашық сабақЫбырай Алтынсарин қазақ тілі сабағынан ашық сабақЫбырай Алтынсарин қазақ тілі сабағынан ашық сабақАбай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тұрбекова Гүлбану Әбілбайқызы

Қазақ тілі. 8сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Балалар әдебиетінің көркемдік қасиеттерін, ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту. Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің өмірдерегі және шығармашылығымен танысу;

2.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуге, ойын айшықты тілмен жеткізе білуге дағдыландыру. Талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлы тұлғаларының ұлағатты сөздері арқылы оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: әдебиет анықтамасы, оқулық, Ыбырайдың суреттері, шығармалары, өмірдерегі мен мұражайы туралы бейнетаспалар (видео роликтер), презентация.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Сабақты «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетумен бастау.

Сұхбаттасу . Бұл қандай фильм? Кімнің повесінің желісімен түсірген? Кейіпкерлері кімдер? Бердібек Соқпақбаев кім?

II. Үй тапсырмасын тексеру: Балалар әдебиеті.

1. Блиц сұрақтар.

1. Әдебиет деген не?

2. Қазақ әдебиетінің тарихын қалай жүйелейміз?

3. ХІХ ғасыр әдебиетінің өкілдері кімдер?

4. Балалар әдебиеті деп қандай шығармаларды айтамыз?

5. Балалар үшін қандай шығармалар тиімді?

6. Балалар әдебиетінің атасы кім?

7. Балалар әдебиетін дамытуға еңбек сіңірген жазушыларды атаңдар?

8. Балалар әдебиетінің мақсаты қандай?

9. Балаларға арналған

қандай басылымдарды білесіңдер?

10. Балаларға арналған газеттерде, журналдарда қандай шығармалар жарияланады?

2. Балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы қысқаша әңгімелеу.

3. Балалар әдебиеті туралы эсселерін оқу.

III.Сабақтың мақсатын қою кезеңі: Бүгінгі танысатынымыз балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсарин.

ІV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнетаспаны көру, керекті деректерді «Мен білемін», «Мен білдім», «Мен білгім келген» парақшасына толтырып отыру.

2.Сатылай кешен бойынша Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен

шығармашылығын талдау. 1.Өмірдерек

2. Өмірбелестері

3. қызметі

4. шығармалары

5. ескерткіштері

2.Хронологиялық сызба жасау.

1841жылы Қостанай облысы Затобыл ауданында дүниеге келді.

1850 жылы Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған 7 жылдық мектепке оқуға барады.

1857 жылы «үздік деген бағамен бітіріп шығады.

1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады.

1864 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып келеді.

1876 жылы Петербург, Қазан қалаларында болады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметін атқарады.

1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысында жаңа мектептер ашады.

1864 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып келеді.

1876 жылы Петербург, Қазан қалаларында болады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметін атқарады.

1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысында жаңа мектептер ашады.

1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысында жаңа мектептер ашады.

1881 жылы Омбы қаласында мұғалімдер мектебі ашылады.

1876 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиеті мен қазақтың салт-дәстүрі үлгісіне негізделген «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазады.

1879 жылы Орынборда басып шығарды.

1889 жылы дүние салды.

Шығармалары:

Өлеңдері: «Кел, балалар оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Жаз» , «Өзен»

Әңгімелері: «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй»,

«Дүние қалай етсең табылады», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа», «Сәтемір хан», «Таза бұлақ», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Атымтай Жомарт», «Шеше мен бала», «Мейрімді бала» және тағы басқа.

Аудармалары: «Егіннің бастары», «Екі шыбын», «Қарға мен түлкі», «Қайрымды түлкі» және тағы басқа.

4.Кітаппен жұмыс. 4.1Жаңа сөздермен жұмыс.

4.2Мәтінді оқу, түсіну.

4.3Сұрақтарға жауап беру.

V.Жаңа сабақты бекіту. 1.Тапсырмаларды орындау.(жазбаша)

2. Ыбырай Алтынсарин атамыздың Қостанай қаласындағы мұражайына бейнетаспа арқылы саяхаттау.

V I.Үй тапсырмасы :1. Ыбырай Алтынсарин туралы эссе жазу.

2.Әңгімелерін оқу,мазмұндау.

VIІ.Сабақты қорытындылау. ХІХ ғасырда қазақ даласына шығып, орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор.

Қ. Жұмалиев.

VIІІ. Бағалау



© 2010-2022