Қысқа мерзімді жоспар 7-сынып қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті пәні 7-сынып ҚМЖ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Осербаева Асель БерикбаевнаБұл сабақ жаңа технологияға құрылған.7 модуль ықпалдастырылған. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер кіріктірілген. Қысқа мерзімді жоспар кесте арқылы берілген. Тапсырмалар толық берілген.
Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 «В» сыныбына әдебиет пәнінен арналған қысқа мерзімді жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Мақсаты:

Сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, мысал өлеңнің мағынасын түсіну; жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; Өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; Сахналау барысында әртістік қабілетін бақылау.

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады. Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; Өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; Өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.

Түйінді идеясы:

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

Әдіс-тәсілдер:

Топқа бөлу, топтастыру, ой шақыру, Блум таксаномиясы, «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі, сергіту сәті, постер қорғау

Уақыты

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1минут

Жолдама қағаздар

Топқа бөлу. А В С деген атаулары бар жолдама қағаздар арқылы топқа бөлу

Жолдама қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінді.

3минут

Тапсырма қоржыны

Үй жұмысын тексеру

  1. "Ақын ініме"өлеңін талдау

  2. Ирониялық екпін түсетін етістіктерді болымсыз түрге айналдыру

  3. Ақынның өмірі мен шығармашылығын түсіндіру.

Оқушылар кеспе қағаздарда берілген тапсырмалар бойынша топ болып жұмыс жасады.

2минут

Слайд

Ой шақыру.

Ызыңдап ән салады,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып

Қоқысқа қонады

Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, жаңа сабаққа кірісті.

5минут

Слайд, маркер, А3 қағазы, түрлі-түсті стикерлер

«Миға шабуыл» әдісі Мысал дегеніміз не ?

А тобы мысал туралы ережені теория бойынша талдады. В тобы мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайтынын бұлай көрсетуді аллегория деп аталатынын айтты. С тобы қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуын, кімдерден бастау алғанын тауып, қорғады.

3минут

Слайд, маркер, А3 қағазы, түрлі-түсті стикерлер

Топтастыру. Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері

Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдерін топтастырды.

20минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

Блум таксаномиясы

Блум таксаномиясы бойынша 6 тапсырмасын үш топқа бөлемін. Кеспе қағазды таңдау арқылы өз тапсырмаларын алады.

А тобы. Білу. Түсіну. Өмірмен байланыстырып, осы өлеңнің негізгі идеясын түсіндіреді. Және мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтайды.

В тобы. Қолдану. Талдау. Өлеңді талдап, сахналық көрініс көрсетеді.

С тобы. Жинақтау. Бағалау. Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіреді. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес оқушылардың жауабы.

А тобы тапсырманы толық,түсінікті орындады. Топпен бірігіп «Даналық ойдан дән ізде» айдарымен өлең мазмұнымен мәндес мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтап, ой қорытты.

В тобы қолдану, талдау тапсырмаларында өлеңді құрылысына қарай талдап, сахналық көрініс көрсетті.

С тобы жинақтау,бағалау тапсырмаларында өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын жүйелеп түсіндірді. Фарида өлеңді өмірмен байланыстырып, мектеп өмірінен мысал келтірді.

3минут

Қызыл өрік

Сергіту сәті

Биледі, бойларын сергітті.

5минут

А3 қағазы, маркер,түрлі-түсті қағаздар,сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі

Мысал өлеңнен түйген ойларын ортаға салу

Бұл тапсырмада оқушылар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келтіріп, өлеңнен түйген ойларын ортаға салды.

Бағалау

Топ бір-бірін көңіл-күйді білдіретін смайликтермен бағалау

Мұғалім ынталандыру мақсатында түрлі-түсті стикерлермен бағалайды

Кейінгі тапсырмалар

«Екі шыбын» өлеңін жаттау.


© 2010-2022