Оқу бағдарламасы 5-9 сыныптар 2015 жыл

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып

( аптасына -2сағат, жылына-68 сағат)

I.Оқытудың тілдік бөлімі

Сөйлесімнің фонетикалық сипаты.

Дыбыстардың артикуляциялық айырмашылығы,ағылшын тілінде барлық дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырата және айта білу,сөздер мен сөз тіркестеріндегі екпіннің дұрыс қойылуы, әр түрлі сөйлемдерге дұрыс иртоннацияны таңдау:(жай,сұраулы,бұйрықты сөйлемдер)

Сөйлемнің лексикалық сипаты

Лексика,тақырып ауқымындағы қатысымдық жағдайаттарға қажетті актив және пассив сөздік 130 қор.Ағылшын тіліндегі этикеттік орамдардың қарапайым түрлері, тұрақты орамдар, клишелер.Сөзжасам :-ness,-ship,-ist,-ing,-dom жұрнақтары ,сан есімнің жұрнақтары :-y,-ly,-ian. Лексикалық минимумның орфографиясы.

Сөйлемнің грамматикалық сипаты

Present and Past Continuous Tense, Present and Past Simple шақтарындағы Active voice формасындағы ең көп қолданылатын дұрыс және бұрыс етістіктер,модальді реңкті етістіктерімен олардың эквиваленттердің қолданылуы /must,have to,should/.Сын есімнің шырайлары,соның ішінде ережеге сай емес жасалатын сын есім шырайлары,салалас-құрмалас сөйлемдердің (or),салалас сабақтас сөйлемдер (when,why,who,because,that's why) өздік есімдіктердің абсолюттік түрі /mine/,белгісіз есімдіктер /some,any,/ үстеу /early/,есептік 100-ден жоғары және реттік 20-ға дейінгі сан есімдер.Предлогтар :into,out,of,up,down,over,round,from,to.



II Оқытудың коммуникативтік бөлімі

Сөйлеу .Диалог сөз.Диалог сұрақ. Диалог әрекетке түрткі.Өтініш,өтінішті орындауға дайын болу және бас тарту(екі жақтан 2-3 репликадан).

Монолог сөз.Өзі туралы ақпарат.Суретті,заттарды,аңдарды және т.б.(тақырып шеңберінде) сипаттау. Монолог сөз көлемі 5-6 фраза.

Тыңдап түсіну.Күнделікті өмірдегі қарапайым және нақты жағдайаттарда мұғалімнің,сыныптастарының және сол тілде сөйлеушілердің сөзін тікелей қарым-қатынаста түсіну, жанама қарым-қатынаста жеңіл аутетттік мәтіндердің мазмұнын көрнекілікке және тілдік болжамға сүйене отырып түсіну.

Оқу.Таныс тілдік материал негізінде оқу ережелерін сақтай отырып дыбыстау ритмикалық интонациялық дағдыларды көрсете отырып шағын мәтіндерді мәнерлеп оқу,мәтіннен қажетті ақпаратты алу, түсінгенін сурет,кесте,сұраққа жауап ретінде көрсету.Таныс материал негізінде іштей оқи отырып мәтін мазмұнын толық түсіну,іштей оқи отырып кейбір жаңа сөздері бар жеңіл түпнұсқалы мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну.

Жазу.Жазуда орфографиялық дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.Лексикалық минимумның барлық сөзін орфографиялық жағынан дұрыс жазу,сөздерді орнына қою ,көрнекілікке сүйене отырып жаттықтырушы тапсырмаларды орындау,жазбаша сұрақ қою және жауап беру,қысқа құттықтаулар( туған күнімен,жаңа жылмен) үлгіге сүйене отырып хат жазу,жеке басына қатысты ақпарат қажет қағаздар толтыру.

















9 сынып

( аптасына -2сағат, жылына-68 сағат)

Авторлары: Т.Аяпова,З.Әбілдаева,Ж.Тұтбаева

Алматы "Мектеп" 2013


I.Оқытудың тілдік бөлімі

Сөйлемнің фонетикалық сипаты

9 сынып оқушылары ағылшын тілінде төменгі сыныптарда меңгерілген дыбыстардың айтылуын қайталау және ағылшын тііндегі ырғақ пен әуен,оқу ережелерін білу, әр түрлі сөйлемдердің айтылуындағы ырғақ-интонацияның дағдыларын меңгере түсіну,оларды лингвистикалық және экстралингвистикалық жағдаятарда қолдана білу,тілдің коммуникативтік-фонетикалық варианттарын білу.Монолог және диалогтарды оқи білу,кірме сөздерді айта білу.фонетикалық сөйлеу мәдениетінің продуктивті,аспектілерін ұстану.

Сөйлемнің лексикалық сипаты

9 сыныпта 1500 өнімді лексикалық минимумдар қосылады, олардың ішінде көп қолданыстары тұрақты сөз тіркестері, бағалау лексикасы,ағылшындардың дәстүрін суреттейтін сөйлеу этикетіндегі клишелер.Оқушылар берілген социумның лингво-мәдени нормаларын ұстанады,лексическалық минимумды орфографиясын меңгереді.

1.Зат есім жұрнақтары: -ist,-ian,-ect,-er,(-or),-tion,-sion,-ment,-ity,-ance,-ence;

2.Сын есім жұрнақтары :un-,in-,im-,ir-, al-,il,-able,-ible,-ous,-ly,-y,-ic,-an,-ing;

3.Етістік жұрнақтары : un-,re-,mis-,dis-, -en;

4.Үстеу жұрнақтары : un-, -ly;

5.Сөзжасам(етістік +зат есім): to work- work, to sign-a sign;

6.Күрделі сөз (зат есім+ зат есім): soap opera, science fiction;

7.Зат есім+сын есім : groundbreaking;

8.Синонимдер,антонимдер,көп мағыналы сөздер;

Сөйлемнің грамматикалық сипаты

9 сыныпта сөйлемдердің бұрыннан үйренген түрлерін айыра білу және қолдану дағдылары одан әрі дамытылады.

Етістіктер:Present Perfect Passive Tense,Past Perfect Passive Tense,Past Perfect Continuous Active, Past/Future Perfect Continuous Active, Present Continuous Passive, Past Continuous Passive

Mодальді етістіктер: must,have to,will,should.

Шартты сөйлемдер (1,2,3)

Демеуліктер

Сын есім,сын есім шырайлары

Сөйлем.сөйлем түрлері.

Төл ,төлеу сөздерді қайталау.

Географиялық атауларға байланысты артикльдер

Есімдік.Сілтеу есімдіктер :this, these, here, there

"to be going to"құрылымы

II.Оқытудың коммуникативтік бөлімі

Тілдесім.Диалогтік сөйлем.9 сынып оқушылары диалогтық сөйлеуді әрі қарай бірдеңені сұрай білу,біреуден сұрағанына жауап беру, іс-әрекетке қызығушылығын білдіріп сөйлесу дағдыларын дамытуға тиісті.Алдын ала дайындалмаған тақырыпқа сөйлесе білу, стандартты жағдаяттарда сөйлесе білу.Шетелде жүргенде әртүрлі жағдайаттарда сөйлесе білу. Өзіне таныс тақырыптарда өз ойын ,қажеттілігін білдіру.

Айтылым.Монологтік сөйлем.Өзінің бірдіңеден алған әсерін білдіру,арманын ,ойын, қалауын жеткізе білу.Кітаптың немесе фильмнің желісін айтып бере алу,өз ойын білдіру.Тыңдалған және оқылған мәтінің негізгі мазмұнын айта білу,өтілген тілдік бағдарламадағы күнтізбелік тақырыптарға байланысты қысқаша ақпараттарды жеткізе білу

Тыңдалым. Таныс тақырыпқа, әдеби нормда айтылған әңгімені түсіну.Радио , теледидарда жеке немесе профессионалды қызығушылыққа байланысты асықпай айтылған хабарды, жаңалықтарда илюстрацияларға сүйеніп түсіну

Оқылым.Күнделікті,жеке немесе профессионалды қызығушылыққа байланысты мәтіндерді түсіну.Жеке хаттардағы ойды, сезімдерді түсіну.9 сыныпта оқушылар әр түрлі көлемдегі мәтінді дұрыс интонацямен , екпінмен оқи білу , мәтіннің негізгі және жалпы мазмұнын, танымал-ғылыми , саяси әдеби мәтінді оқи отыра, оның негізгі мазмұнын түсіне білуге тисті.Алынған мәліметті бағалау және өз ойын айта білу.Мәтіннің мазмұнын екі тілдік сөздікті қолдана отырып толық және нақты түсінуі қажет.Мәтіннің тақырыбына қарай отырып оның жалпы мазмұнын түсіну керек.Әр түрлі жанрдағы аутенттік мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну, тақырыбын анықтау , негізгі идеясын мәселелерін айқындау, логикалық байланысты табу.

Жазылым.Өзін қызықтыратын тақырыпқа кішігірім мәтіндер жазу, өз ойын,жеке әсерін білдіріп,үлгіге қарай отырып жеке хаттар жаза білу,анкета мен формулярды толтыра білу, мерекеге,туған күнге арналған сөйлем этикеттірінің құрылымдарын қолдана отырып қысқа көлемді ашық хат жаза білу,өмірбаян\резюме(CV)жазу.

III.Оқытудың сөйлеу тақырыптары

1.Денсаулық.Салауатты өмір салты.Дәстүрлі және дәстүрлі емес медицина.

2.Көңіл көтеру.Теледидар,өнер,кештер,музыка,атақты актер мен актрисалар.

3.Метеп. Бастауыш,негізгі, орта білім беру жүйесі.Мектеп түрлері.

4.Мамандық.Болашақ мамандықтар.

5.Саяхат және география.Транспорт түрлері.

6.Ақпараттық құрал.Газет,журнал,интернет.

7.Қоршаған орта.Экологиялық проблема.к





Түсінік хат

Ұсынылып отырған "Шетел тілі" (ағылшын тілі) оқу пәні білім берудің "Тіл және әдебиет"саласына кіреді.Оқу пәні тіл материалын (фонетика,лексика,грамматика), сөз әрекетінің түрлерін (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу), оқытылып отырған тілдің мәдениетаралық-коммуникативтік қызметін қамтиды.

Негізгі мектепке арналған ағылшын тілі курсы жалпы орта білім беру деңгейінде білім алуға дайындауға бағытталады,яғни ол шетел тілін менгерудің жалпы европалық дейгейлерін (А1),(А2) сәйкес келеді. Ағылышын тілін оқыту тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға бағытталған:негізгі орта мектеп(5-9 сыныптар). Осыған сәйкес негізгі орта мектепте ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталды.

"Шетел тілі"оқу пәнінің жалпы мақсаттары:

  1. көптілдік тұлғаны қалыптастыру:әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау,мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін кеңейту,дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;

  2. мәдиенетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық бөліктерін қалыптастыру:тілдік-тілдік құралдарды және оларды шеттілдік қарым-қатынас жасауда қолдану ережелерін меңгеру,сөздік-сөз әрекетінің 4 түрінде шетел тілінде қарым-қатынасты жүзеге асыру,әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени,компенсаторлык-лингвистикалық құрал ретінде вербальды(синонимдер,антонимдер,парафразалар,дефиниция)және вербальды емес(ым-ишара,мимика, дене қозғалысы) жолдарын қолдана алу қабілетін қалыптастыру;

  3. тілді тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес,сонымен қатар әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану;ағылшын тілі құралдарды арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту:ойлау, есте сақтау, назар аудару, ерік-жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімен жетілдіру үшін қызығушылығын арттыру;

© 2010-2022