Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті қабілетінің дамуындағы сюжетті-рольдік ойындардың тиімділігі

«Знать  много  языков –значит иметь много  ключей  к одному  замку»                                                            Вольтер     1.Ойын  ұйымдастыру -  оқушының  тілге деген  қызығушылығын  арттырудың бірден –бір  әдісі.   2.Ойынның оқыту  мүкіндіктері.   3.Ойынды  ойнатудың орны мен уақыты.   4.Ойынның  бала  өміріндегі пайдасы мен маңыздылығы.   5.Ойын  түрлері мен категориялары.   6.Практикалық бөлімі- түрлі ойындардың сипаттамасы.                                                   ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы



М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі










Шығармашылық жұмыс




Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті қабілетінің дамуындағы сюжетті-рольдік ойындардың тиімділігі.





Дайындаған :

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қарабала Айжан Сайлаубекқызы












Шілік ауыл округі 2013ж



«Знать много языков -значит иметь много ключей к одному замку»

Вольтер



1.Ойын ұйымдастыру - оқушының тілге деген қызығушылығын арттырудың бірден -бір әдісі.

2.Ойынның оқыту мүкіндіктері.

3.Ойынды ойнатудың орны мен уақыты.

4.Ойынның бала өміріндегі пайдасы мен маңыздылығы.

5.Ойын түрлері мен категориялары.

6.Практикалық бөлімі- түрлі ойындардың сипаттамасы.








«...ойын кезінде адам өз мүмкіндіктерін бағалай алады,мұндай рахат сезімді суретші шығармашылықпен айналысқанда сезінеді.»

Ф.Шиллер

Өз сабақтарымды жоспарлағанда мен тек қана оқушылардың жаңа сөздерді жаттау мен ғана шектелмей ,олардың өзіндік дамуына және коммникативті қабілеттеріне аса назар аударып мүмкіндік жасауына тырысамын .Оқушыларды өз пәніме қызығушылығын арттыру үшін қандай әдістерді қолдансам болады деген ойды жадымда үстап жүремін .

Біз шет тілі мұғалімдері тілді үнемі сапалы және эфективті түрде жоғарлату жолдарын ізденіп отырамыз.Менің ойымша ең бастысы - шет тілді оқытудағы қызығушылығын жоғалтып алмауымыз керек .

Осы мәселені шешудің ең тиімді жолының бірі -ойын болып табылады.

Ойынды қолдану үлкен жетістіктерге әкеледі .Біріншіден пәнге деген қызығушылығы артады ,екіншіден меніңше ең маңыздысы осы ізденістерге әкелген себеп ол-сөздік қорын молайтып ,қарапайым жағдайда тіл дамытады және сөйлеу мәнерін қалыптастырады.

Ойынның оқытудағы тиімділігін ертеден ақ айқындалып көптеген әйгілі педагогтар өз деңгейінде зерттеп тоқталып өткен.Қазіргі таңда шет тілінде сөйлеу мәнерінің дамытудағы ойындар жәйлі және оны қолдану жолдары көптеген отандық және шетелдік методикалық әдістемелер шығу үстінде.

Ойын бұл -ақыл-ой мен эмоцияны талап ететін ұйымдастырылған іс-әрекет.

Ойын оқушыларды шығармашыл тұлға болуға ықпал етеді,ал шығармашыл тұлға әр кезде өз ісін сапалы түрде жасап шығатыны анық.

Шығармашылық - бұл үнемі ізденіс ол алға қарай ұмытылыс екені айдан анық.

Ойын балалар мен қоса ересектергеде шығармашылық шаттығын әкеледі. Ал шығармашылықсыз өмір мәнсіз сүр күндерге айналады ,ал шығармашылық мүмкіндіктері арқылы -адамның социумда алатын орны

да белгіленеді .

Шығармашылық баланың бойына табиғаттан берілген .Олар ойдан шығарғанды,қиялдауды ,құрастырғанды ,белгілі бір нәрсені сомдауды жақсы көреді.Бала шығармашылығына дер кезінде дамытып , көңіл бөлінбесе ол сөніп қалады.Ойын ересек пен баланы өзара жақындастырады. Ойын кезінде ақыл-ой, қиялдау және іштей сезіну бірігіп бала ой-өрісін дамыта түседі.

Американдық психолог Д.Мид өз зерттеулерінде ойын кезінде адамның «мен» қассиеттері нық анықталып барынша жан жақты дамып қалыптасатынын айтып өткен .

Ойын бұл өзін-өзі тексеру, өзін-өзі айқындау, өз қабілетін көрсетудін ең тиімді жолы.

Өздеріңізге белгілі медицинада соның ішінде психологияда - ойын терапиясы бөлімі бар.Ойын арқылы баланы диагностикалап ,оны тануға болады.Ойын арқылы көңіл күйін көтеріп ,жақсылыққа үйретіп оның мінез құлқын жөндеп көптеген психологиялық кассиеттерін дамытып ,жақсартуға болады.

Баланың да ересек адам сияқты жұмыс жасау керек екені естен шығармауымыз керек -ол үшін ойын қажет.

Ойын оған шешім қабылдауды ,жауап қатуды,қалай жасаса екен деген сұрақтарға жауап табуына , ойлау қабілетінің тез дамуына әкеледі. Ал егерде бала шет тілінде ойланса,ол сөзсіз пайдасы көп екені белгілі.Ойын бала үшін қызықты іс болып келеді ,ал ойында барлығы да тең.Ол төмен оқитын оқушыларға да бағынады. Теңдік сезімі, қызығушылық пен шаттық сезімі тапсырманы орындай алатыны балалардың ұялшақтықтарын жеңіп өзге тілде еркін сөйлеуге оқыту процессін дамуына жетелейді.Тілдік қоры молайып және өзгелермен теңдей сөйлейтіні жәйлі ой қалыптасырады.

Осыдан келіп мен ойынды ситуативті-вариативтік жаттығу ретінде қарапайым жағдайда тіл дамытудағы көптеген қайталаулар және мейлінше сөйлеу мәнерінің қассиеттерінің эмоционалдық, мақсаттылық және сөйлеу мен ойлау дағдыларының ең тиімді қалыптастыру жолы- деп

айтқым келеді.

Ойын арқылы келесі методикалық мәселелердің шешімі табылады:

-сөйлеуге психологиялық тұғырда дайындығы;

-Тілдік материалды көптеп қайталауды қалыпты жағдай жасау;

-кез келген сөйлеу варианты оқушы таңдауында.

Сабақтың үстінде ойын ойнату өтіліп жатқан материалдың мақсаты мен шарттарына тығыз байланысты болып келеді.Есте сақтау керегі-қаншалықты қызықты болып келсе де оқушыларды зеріктіріп алмау керек.

Рольдік ойындардық құрылымында біз мынадай компонентерге сүйенеміз:

-рольдер;

-қалыпты жағдай;

-рольдік іс-әрекет.

Ал бәрімізге белгілі сөйлеуді дамытатын ең маңызды компоненті ол- ынта.Сөйлеуге ынталандыру рольдік ойындардың ұйымдастырудың ең қиыны болып келеді.

Ойынның түрлері өте көп және оларды мына категорияларға бөлемін.

-Лексикалық ойындар

-Грамматикалық ойындар

-Фонетикалық ойындар

-Орфографиялық ойындар

-Шығармашылық ойындар.

Ойын кезінде орнатылған қарым-қатынасты бұзбау үшін жіберілген қателерге тоқталмай сабақтың соңында ескертіп кей кезде тіпті жоққа шығарған абзал.Өздеріңізге белгілі әдетте социумда адамдар үндемей пікірлерін білдірмей отырады ,өйткені олар айтқан сөзі дұрыс қабылданбай қарама-қайшы пікір туғызады деп ойлайды,сол сияқты егер мұғалім қателіктерін түзилеп тұрса оқушы ынтасы мен сөйлеуге деген қызығушылығын мүлде жоғалып кетеді.Шет тілі сабақтарында түрлі ойындарды қолдану есте сақтау,зейін қою ,тапқырлығын және шет тілге ынтасын арттырады.

Сабақты жоспарлауда тек кана жас ерекшеліктері емес оның жеке дамуына ,біліміне және кей кезде өз ана тіліне де жүгінемін .

Шет тілінде ойындарды қолдану мұғалімнің оқушының бойындағы еңбекқорлық, белсенділік ,бірігіп жұмыс істеуді,өзін-өзі игеруді және т.б. ынта мен қызығушылығын арттыруда үлкен көмек береді.

Ойын түрлерін сарапқа салайық.

Дыбыстау ойындары (аудирование)

Мақсаты:

-оқушыларды мәтінді мағынасын бір айтылғаннан түсінуі;

-Мәтіннің ішінде маңыздысын айқындау;

-есту қабілетін дамыту.

Мұғалім мәтінді қалыпты оқиды және оқушыларға есте қалған сөздерді жазуын талап етеді. Мұғалім мәтінді қайта оқиды да оқушылар және қосымша сөздерді жазып отырады соңынан сол сөздерді құрастырып еске тұсіріп оқылған мәтінді қайта құрастырады.Ойынды мәтінді мағынасын дәлірек айтқан оқушы жеңеді.

Дыбыстау ойындарында ең тиімдісі топтық жарыстар болып келеді екі топ бір-біріне көптеп мәтінге байланысты сұрақтар койылады.Сұрақтарға нақты жауап берген команда жеңімпаз болады.

Және бірден бір қызықты болып келетін мәтінде негұрылым кейіпкерлер көп болса оқушылардың қызығушылығы арта түседі және ондай мәтінді еске түсіру кезінде ролін сомдап шығу қызықты болады яғни бұл жерде баланың бойындағы әртістік қабылетінің оянуына себеп болады.

«Кім сандарды жақсы біледі?»

Ойын топар арасында өтеді әр командадар бір ойыншы шығады.

Тақтаға сандары шатастырылып сандар жазылған мұғалім атған санды тауып түрлі түсті бормен қоршап көрсету керек .Ең көп тауып белгілеген оқушы ұтады.

«Жануарлар жайлы жұмбақтар»

Мұғалім жұмбақтарды оқиды,оқушы тауып айтуы керек.

Мысалы:

1.It is domestic animal.It likes fish. ( cat)

2 It is wild animal.It likes bananas. ( a monkey)

3.It is very big and grey.( an elephant)

«Суретшілер» командалық ойын.

Оқушы көзін жұмып тұрып аңның суретін салады .Мұғалім немесе жұргізуші дене мүшелерін атап тұрады.

Draw a head please.

Draw a body please.

Draw a tail please.

Кай команданың аңы жақсы шықса сол ұтады.

«Жыл мезгілдері»

Мұғалім оқушыға бір жыл мезгілін таңдап сол жайлы айтып беруін өтінеді ,ал оқушылар қай жыл мезгілі екенін анықтау керек.

Мысалы:It is cold. It is white. I ski. I skate. I throw snowbolls.

Лексикалық ойындар

«Дөп тигізу»

Тақтаға бір сөз жазылады сол сөздің сөңғы әріпінен келесі сөз жалғастыру керек.

«Сөмкеңді жина»

Бұл ойында барлық оқушылар қатысады.Сөмкенің ішіне партаның үстінде тұрған заттарды атап салу кажет және сол заттың қасиеттерін айтып беру керек.

Мысалы:This is a book. This is a very nice book. т.б

«Түстер»

Оқушылар алдына бір түсі бірдей заттар қойылады. Әр заттың түсімен қоса атын атау қажет.

Мысалы: A white cat. A white bag. т.б.

«Ең қызықты әңгіме»

Командалық тапсырма болып келеді.Белгілі бір тақырып беріледі соған байланысты әңгіме құрастырылуы қажет.

Мысалы: «Зообақта», «Менің отбасым» т.б. Әңгімені қызықты етіп құрастырған команда ұтады.

«Сөз құрау»

Оқушыларға зат емімнен құралған сөздер тізбесі беріледі.Сол сөздерді біріктіретін бір сөз табулары керек.

Мысалы:

Snow. Foot. Basket

Ball

«Гүл шоғын жина»

Оқушы алдына әр түрлі гүлдер мен жапырақтар қойылады.

Сол гүлдердін түстерін айтып жинау керек.

Мысалы:This is a red flower. This is a yellow flower.

«Пантомима»

Кез келген іс әрекеті немесе аңдарды бейнелеу арқылы оқушылар оны тауып айту керек.

Мысалы:That girl is washing her face. That boy is sleeping. It is cat. It is mouse.

Тіл дамыту ойындары.

Бұл ойындар интонацияны қоюды және лексикалық , граматикалық дағдыларын дамыту үшін өте тиімді.

«Сөзді аудар»

Ойыншыларға сөздер беріледі оны ана тіліне аударып жылдам жауап беру керек.

«Мақалды жалғастыр»

Мақалдың басы оқылады, әр команда соны аяқтау керек.

Фонетикалық ойындар

Мақсаты:ағылшын дыбыстарын айтып үйрену.

«Кім дұрыс оқиды»

Тақтаға өлең немесе жаңылтпаш жазылып қойылады балаларға есте сақтап қалу үшін бірнеше рет оқылады да тақта жабылады неғұрылым дұрыс оқыған команда жеңеді.

«Үздік әншілер»

Әнді жақсы орындаған команда ұтады.

Ағылшын тілі пәнінде өлең орындаған оқушылардың белсенділігін арттырады.

«Sending a telegram»

Сыныптан бір оқушы шығады тақтаға сөздерді әріптеп айтып жазады .Телеграманның мәтінін оқушылар айтып отырады.

Орфоргафиялық ойындар.

«Мозайка»

Сөзді әріптерге бөліп тастап оқушылар алдына үсынылады.Ең бірінші сөзді тапқан ұтады.

«Кезекші әріп»

Оқушыларға әр сабақ сайын белгілі бір әріпті кезекші етіп отырасыз.

Мысалы: Бүгін бізде қонақта М әріпі,осы әріптен басталатын сөдерді еске түсіріп жазамыз .Ең көп сөз жазған оқушы ұтады.

Мысалы: Mother,map,milk…

«Лектор»

Оқушыларға белгілі бір тақырыпта суреттер ұсынылады.Оқушы сол суретке қарап сәйкес келетін сөздерді жазып ,соңынан сол сөздерді қолданып мәтін құрап айтуы қажет.

Алфавитті есте сақтауға арналған ойындар

«Коментатор»

Оқушыға әріптер жазылған карточкалар ұсынылады сол әріптерді мүдірмей жауап берген оқушы ұтады.

«Frendly letter»

Мұғалім тақтаға парақтарға жазылған сандарды іледі .Белгілі бір санның артында әріп жасырылып түрады.Оқушы алфавит бойынша әріптерді есіне түсіріп қандай сөз жасырылып тұрғанын анықтау керек.

«Taking steps»

Оқушылар сыныптың соңында тұрады мұғалім тақтаға сөздер жазады.Оқушылар сөздерді әріптеп айтуы керек әр дұрыс айтқан сайын бір адым алға жылжып отырады.Мәреге алғашқы жеткен оқушылар жеңеді.

«Word building»

Мұғалім тақтаға ұзақ сөз жазады .Белгілі бір уақытта бір сөзден мүмкіндігінше әріптерді пайдаланып көп сөз жазулары керек.Ең көп сөздер жазған оқышалар немесе команда ұтады.

Грамматикалық ойындар.

«Суреттермен ойын»

Белгілі бір іспен айналысып жатқан сурет көрсетіледі.Мысалы: сурет салыпжатқан қыз,ас пісіріп жатқан аспаз, сабақ жазып жатқан бала т.б. және сұрақтар қойылады.Оқушылар жауап беруі қажет.

What he/she doing He/She is doing

What do you like to do?

Мақсаты : сөйлеу мәнерін дамыту to do етістігін қолдануға дағдылау.

Ортаға бір оқушы шығады қалғандары сұрақтар қойады.Сұрақтар оқушының сүйікті ісін анықтағанша қойылады.Дұрыс жауабын тапқан оқушы келесі болады.

Do you like swim? Do you like to play basketboll ?

Have you…

To have етістігін қолданып сұрақтар қоюға дағдылау.

Столдың үстіне түрлі заттар қойылады.Ортаға оқушылар шақырылып заттарды есте сақтап алу керек соңынан ортадан бір оқушы қалып кез келген затты жасырып түрады да қалған заттарды үстінен жасырып қояды.Оқушылар затты жасырып тұрған оқушыға to have етістігін қолданып сұрақтар қоя бастайды

Have you a pen? Have you a bag?


«Changes»

Сыныптан бір оқушы шығады сол уақытта сыныптың ішінде бір өзгеріс енгізіледі сол өзгерісті сыртқа шыққан оқушы анықтау қажет.

Мысалы :What has changed? Жауабы The windows was shat now it is open.

Лексикалық -граматикалық материалдармен ұйымдастырылатын ойын түрлері.

«Келесі»

Ойынды бастаған оқушы алғашқы сөйлемді құрайды сол мәтінді оқушы әріп қатары бойынша жалғастырып отыру керек.

Мысалы: Today I had for dinner some…. Today I had for dinner some apples. Today I had for dinner some apples and bonana. Today I had for dinner some apples, bonanas and cake. деп жалғасып отырады ретін бұзған оқушы ойыннан шығады.












Қолданылған әдебиеттер

1.Ю.Голицинский- «Граматика .Сборник упражнений» Издательство «Каро» Санкт-Петербург 2007 г

2.В.Скульте -«Англиский язык для детей» Издательство Айрис-Пресс г.Москва 2010г

3.Журнал «Ағылшын тілі мектепте» №4.2009ж Алматы қ

ЖК «Оналдинов»баспасы.

4.А.Уилкс.К.Кинг «Ағылшынша-орысша-қазақша суретті сөздік» Алматыкітап 2007ж

5. Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар ,педагог кадырларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы

-- «Шет тілі пәнін оқытудағы және әдістемелік жұмыстарда кездесетін кемшіліктерді жою жолдары. Шымкент 2009ж

© 2010-2022