Кәсіби қазақ тілінен медицина колледжінің студенттеріне арналған мәтіндер мен тапсырмалар жинағы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

44

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды қаласының медицина колледжі



Кәсіби қазақ тілінен «Медбикелік іс» , «Емдеу ісі», «Фармация» «Гигиена және эпидемиология» мамандықтары бойынша медицина колледжінің студенттеріне арналған мәтіндер мен тапсырмалар жинағы



Құрастырушылар: Қарағанды медицина колледжінің «Тілдер дайындау» ЦӘК оқытушылары: Амрина Г.С., Зеитова Қ.Ж.







Қарағанды -2014ж

Алғы сөз

Бұл кәсіби қазақ тілінен көмекші оқу құралы 2013 жылғы типтік бағдарламаға сәйкес медбике ісі бөлімі студенттеріне арналып құрастырылды.

Ұсынылып отырған көмекші оқу құралы медицина колледжі студенттеріне мемлекеттік тілді өз мамандықтарымен байланыстыра оқытуды көздеген.Тіл үйренуші әр сабақ сайын өздеріне қызықты ақпаратты қазақ тілінде ала отырып тілді меңгереді.

Мәтін бойынша құрылған тапсырмалар студенттердің ауызша сөйлеу,жазу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.Осы берілген мәтіндер арқылы олар медицина тарихымен, салауатты өмір салтынын қағидаларымен таныса отырып білімдерін кеңейтеді.

Оқу материалы коммуникативтік, білімділік және тәрбиелік мақсатта құрылған

Осы оқулықта берілген мәтіндер мен тапсырмалар арқылы студенттер грамматикалық материалды менгереді, әрі кәсіби қазақ тілінен жеке және жалпылай жұмыс істеуді үйренеді.











Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Гиппократ

Гиппократ - ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460ж. туып, 377ж. Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді» , «Дәрігер - табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады. Сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.

1.Сөздікпен жұмыс

дүние салған -умер,скончался

науқас -больной

ауыр халде -в тяжелом состояний

жараны таңу -перевязать рану

буын шығуы -вывих сустава

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз?

Гиппократ қай жылдары өмір сүрген?

Гиппократ қандай тұжырым жасады?

Гипократты медицинада қалай атайды?

Гиппократ қандай емдеу әдістерін тапқан?

1-тапсырма

Мәтінді тыңдап Гиппократ туралы өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма.

Мәтінді оқып,Гиппократ туралы түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма.

Гиппократ жөнінде өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Гиппократ- ежелгі грек дәрігері.

Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Гиппократтың медицина саласындағы еңбегі

Гиппократ жыл санауға дейінгі шамамен 460-370 - көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бірімен-бірінің жіктеу арқылы байланысатындығын толық сипаттаған. Омыртқалар мен қабырғалардын, бұлшық-еттердің, ірі қантамырларының кұрылысын зерттеген. Гиппократ - анатомия ғылымының дамуына кезінде үлкен үлес қосқан ғалым.

1.Сөздікпен жұмыс

дене құрылысы - строение организма

омыртқа-позвоночник

ми сауыты - мозговая оболочка

ірі қан тамыр-крупная кровеносная вена

бұлшық ет- мышцы

жалпақ сүйек- плоская кость

жүйе- система

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз?

Гиппократ кім?

Гиппократ қандай ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан?

1-тапсырма.

Мәтінді тыңдап Гиппократтың медицина саласындағы еңбегі туралы өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма.

Мәтінді оқып Гиппократтың медицина саласындағы еңбегі туралы түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма.

Гиппократтың медицина саласындағы еңбегі жөнінде өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Гиппократ - анатомия ғылымының дамуына кезінде үлкен үлес қосқан ғалым.



Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін

алғашқы медициналық жәрдем


Жарақаттану кезіндегі алғашкы медициналык жәрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты - уакытша болса да қан тоқтату , жараны ластанудан және оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бәсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяк киімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Жараны саусақпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек.

Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жоқ болса, шетін этиль спиртімен, арақпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска заттарды алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады. Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын- ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.

1.Сөздікпен жұмыс

жәрдем- помощь таңғыш- повязка

қан кетуді күшейтіп- увеличивает потерю крови жұқпа-инфекция

тыйым салынады-запрещается жараланған-поврежденный

теренде жатқан-расположенный в глубине

танғыш пакеттер-набор повязок

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Жарақаттану кезінде алғашқы медициналық жәрдемді қалай көрсетеді?

2.Алғашқы медициналық жәрдемнің мақсаты не?

3.Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін не істеу керек?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Киім не аяк киімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді.

Тапсырма: Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Алғашқы медициналық көмек

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты - адам өмірін құтқару. Ең бастысы - алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
1.Сөздікпен жұмыс

өмірін құтқару-оберегать жизнь әрекет етуге үйрену- научиться навыкам

кеңестер- советы қайғылы жағдай- несчастный случай

қауіпті жағдай- опасный случай талып қалу-обморок

қысылып қалу- отдышка қан тоқтамау-кровоизлияния

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты не?

Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсетеді?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты - адам өмірін құтқару.

Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз.


Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Жүрек

Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г, ұзындығы 12-15 см, көлденең қимасының өлшемі 8-10 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады. Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, соңдықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады:

1.Құлақшаның жиырылуы, 2. Босаңсуы 3. Үзіліс.

Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.

Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады.

1.Сөздікпен жұмыс

бұлшық ет - мышцы қаныққан - насыщенный

серпімді - упругий тарамдалу - разветвление

қолқа - аорта талшық - волокно

ұлпа - ткань босаңсу - расслабление

жасуша - клетка күретамыр - артерия

құлақша - предсердие қарынша - желудочек

жиырылу-сокращение,сжиматься алқызыл - алый; румяный

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз?

Жүрек адам денесінің қай жерінде орналасқан?

Ересек адамның жүрегі минутына неше рет соғады?

Жүрек неше қабаттан тұрады?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Жүректің жұмысы өте күрделі.Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады.

Тапсырма: Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Улы жыландар шаққанда қөрсетілетін көмек

Жергілікті және жалпы жыландардың шаққандағы анықтауы-шаққан жердін қатты ауырып, соның маңайындағы терінің еті қызарып, тері астындағы қаны ұйып қалады.Бас айналып, жүрегі айнып, тез әлсірейді.Қан қысымынын төмендеуінен талып қалуы мүмкін. Жылан шаққанан кейін алғашқы секундтарда саусақтармен басып жараны ашыңыз,содан кейін уды ауызбенен соруды бастаңыз.Жәбірленуші адамның шаққан жерін қозғамай дәрілеп,ісіктін даму дәрежесіне байланысты кезеңді түрде босатуға мүмкіндік болатын стерильді танғыш салу керек және ол жұмсақ тіндерге баптау қажет.Жәбірленуші адамды жақында орналасқан медициналық мекемеге жедел түрде зембілдерді қолданып апаруға тырысыңыз.

1.Сөздікпен жұмыс

жыландардың шағуы- укус змеии

уды ауызбенен сору-высасывать яд ртом

терінің еті қызару- покраснение кожи

қаны ұйып қалу-сгусток крови

жәбірленуші адам-пострадавщий человек

тырысыңыз-посторайтесь

саусақтармен басып-нажимая на пальцы

зембіл-носилка

2.Мына сұрақтарға жауап беріңіз?

Адамды жыландардың шаққандығын қалай анықтаймыз?

Жылан шаққан адамға қандай дәрігерлік көмек көрсетесің?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге синтаксисік талдау жасаңыз

Жылан шаққанан кейін алғашқы секундтарда саусақтармен басып жараны ашыңыз. Жәбірленуші адамды жақында орналасқан медициналық мекемеге жедел түрде зембілдерді қолданып апаруға тырысыңыз

Тапсырма: Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Сондай-ақ, ол ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе. Зәр шығару мүшелеріне қос бүйрек пен қос несепағар, қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол) жатады. Несепағар қабырғасы қалың,бұлшық етті,түтікше пішінді жұп мүше.Несепағардың ұзындығы шамамен -30 см,оның бас жағының диаметрі-2-4 мм,ол бүйрек түбегінен басталып,төмен қарай жүріп отырып,қуықпен келіп жалғасады.несепағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған.Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай ,несепағарға өтуіне жол бермейді.

Несептің (зәрдің) түзілуі - өте күрделі үрдіс. Ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мг зәр түзіледі. Несеп қаннан түзіледі. Несептің құрамында 2-4% құрғақ зат бар, ал қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады.

1.Сөздікпен жұмыс

зәр шығару жүйесі- система выпуска мочи артық суды-лишнюю воду

тұздар- соли зат алмасу-обмен веществ

ересек адамда- у взрослого человека тәулігіне-в сутки

несеп,зәр-моча

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Зәр шығару мүшелеріне нелер жатады?

Зәр шығару жүйесінің қызметін атаңыз.

Несеп түзу қызметін не атқарады?

Несептің құрамында не болады?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мг зәр түзіледі. Несеп қаннан түзіледі.Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Бүйрек

Бүйректер құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан. Әр бүйректің салмағы,шамамен 120-200 г. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу жатады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну үрдісі жүреді. Сондай-ақ, бүйрек ыдырау үрдісінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп тұрады. Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек. Сонымен, бүйректің қызметі:

қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіледі.

1. Сүзіліп тазарған қан көк тамырларымен жүрекке қарай ағады.

2.Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

3.Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

4.Ағзаның ішкі құрамының тұрақтылығын сақтайды.

5.Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

1.Сөздікпен жұмыс

несеп; зәр; кіші дәрет - моча

ыдырау- распад

несепағар - мочеточник

несеп шығаратын өзек - мочеиспускательный канал

қуық - мочевой пузырь

шап - пах

бүйрек түбегі - почечная лоханка

дөңес - выпуклая поверхность

ойыс - вогнутый

үрме бұршақ- фасоль

жыныс мүшелері - половые органы

2.Мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

Бүйректер адам денесінің қай жерінде орналасқан?

Бүйректің қызметін айтыңыз

Оң жақ бүйректін сол жақ бүйректен айырмашылығы.

Қанның қызметі.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Терінің күюі өртке, кейбір химиялық заттарға, күнге де байланысты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ерітіндісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана түрлі емдік жақпамай жағып, таңуға болады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек. Қышқылға күйген тері алдымен таза сумен, артынан екі пайыздық сода ерітіндісімен жуылады.Күйік оттан, будан, қайнап тұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болуы мүмкін .

Төрт дәрежелі күйік болады:

Бірінші және екінші дәрежелі күйікте сұйықпен толтырылған көпіріктер пайда болады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең тканьдар жарақатталады
Емделуі:
1.Киім жерін киімнен ажыратыңыз.

2. Күйік жерін суық суға немесе ағып тұрған суық суға салыныз және ауыруы басылғанша солай ұстап тұрыңыз (10 минуттан 30 минутке дейін).
3. Содан кейін күйік жерін матамен немесе басқа таза шүберекпен орап қойыңыз.
4.Маймен немесе креммен жағуға тиым салынады.
5.Көпіріктерді жармаңыз, әйтпесе оған микроп түсу мүмкін.
6. Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.

1.Сөздікпен жұмыс

терінің күюі-ожог кожы

химиялық заттарға-химическое вещество

күлдіреген көпіршік-волдыри

бірінші дәрежелі күйік- ожог І степени

екінші дәрежелі күйік- ожог ІІ степени

қаттыкүйік -сильный ожог

күйік жерін киімнен ажыратыңыз- огалите пораженный участок кожи

таза шүберекпен-чистым материалом

2. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдемді мәтіннен тауып жазыңыз?

Бірінші және екінші дәрежелі күйіктің белгісін жазыңыз.

Үшінші және төртінші дәрежелі күйіктің белгісін жазыңыз.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Медицина саласының ұлы ғалымдары

Гиппократ

Гиппократ (б.з.д. 460-377 жж.) - медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым әрі дәрігер. Адам денесіне көптеген бақылаулар жасап, бір жүйеге келтірген. Қабырғалар мен омыртқалардын, бұлшықеттердің, қантамырларының құрылысын зерттеген ғалым. Темперамент пен дене бітімінің төрт типі жайында ілімді тұжырымдады. Гиппократ этикалық тәртібі және адамгершілігі мол дәрігердің жарқын үлгісі. Әлі күнге дейін медицинаға бет бұрған жандар Гиппократ сертін - дәрігердің өнегелік кодексін жаттайды. Гиппократ - "медицина атасы" болып саналады.

Клавдий Гален

Клавдий Гален (б.з.д. 130-200жж.) - рим анотом-физиологі. антикалық дүние дәрігері. Ол адам анотомиясын сипаттады. Гладиаторлар мектебінде хирург қызметін атқарып, анотомиялық білімін кеңейтті. Көптеген мүшелерді алғаш боп сипаттап, артерияда қан болатынын тұжырымдаған алғашқы адам. Бұған дейін артерияда ауа болады деп саналған. Клавдий өзінің дәрістерінде алғаш рет маймылмәйітін қолданған (ол кезде адам мәйітімен жұмыс жасауға рұқсат етілмеген). Оның "Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы" атты еңбегі бар. Бұл кітапта ол өзінің анатомиялық тұрғыдана қарағандағы пікірлерімен бөліскен еді. Клавдийдің еңбектері көпке дейін құндылығын жоймай келеді.

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер дана. Әл Фарабидің еңбектерінен оның медициналық білімі болғандығын дәлелдейді. Ол өмір сүрген заманда медицина жаратылыстану ғылымдарының ішінде дамыған сала болды. Медицина ол кезде "Емдеу шеберлігі ғылымы" деп атады. Әл-Фарабидің ірілі-ұсақты 150 ғылыми еңбегі артында қалған болса соның ішінде бірнеше еңбегі медицина саласына бағытталған.

Әбу Әли ибн Сина

Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) (980-1037 жж.) - шығыстың ұлы энциклопедист ғалымы, тәжік философ әрі дәрігері. Оның "Дәрігерлік ғылымның ережелері"

деген энциклопедиясында сол заманғы медицина жайлы құнды деректер бар. "Адам анотомиясы" кітабы ғасырлар бойғы дәрігерлердің таптырмайтын нұсқау құралы болды. Бұл кітапта адам денесінің қызметі мен құрылысы жайлы жылпы сипаттама берілген. Әбу Әли ибн Синаның медициналық еңбектерімен қатар философиялық трактаттар, математика, астрономия, геология, тіл білімі, музыка теориясы жөнінде жазған еңбектері бар.

Николай Пирогов

Николай Пирогов (1810-1881 жж.) - орыс анатомы, хирург. "Артерия діңінің хирургиялық анатомиясы" деген кітабында "Адам денесінің қолданбалы анатомиясының толық курсын" жария етті. Біраздан кейін Пироговтың "Топографиялық анатомия" атты әлемге әйгілі еңбегі жарық көрді. Ол алғаш рет эфирлі наркозды, сүйек сынғанда гипс таңғышты, жара іріңдегенде спирт пен йодты пайдаланған болатын. Сонымен қатар ол ота жасаудың жолдарын ұсынып, іс жүзінде тәжірибелер жасады. Қазіргі таңда ғалымның үйінде мұражай ұйымдастырылды.

Халел Досмұхамедов

Халел Досмұхамедов (1883-1939 жж.) - біздің республикамызда медицина ғылымының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Оның "Қырғыз аймағындағы халықтар арасында обамен қалай күресу керек?", "Табиғаттану", "Адамның тіршілік әрекеттері", "Адам анатомиясы мен физиологиясы" және тағы да басқа медицина саласына жазған еңбектері бар.

1.Сөздікпен жұмыс

қабырға- ребра омыртқа-позвоночник

бұлшық ет- мыщцы зерттеген ғалым-исследовавший ученый

сүйек сынғанда-перелом костей

гипс таңғыш-загипсованный

қан тамырларының құрылысын-строение артерия крови

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Медицина саласының ұлы ғалымдарын атаңыз.

Гиппократтың медицинаға сіңірген еңбегі.

Клавдий Гален кім, қандай сала бойынша зерттеді?

Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) еңбектері.

Николай Пирогов алғашқы рет медицина саласында нелерді пайдаланды?

Халел Досмұхамедовтың еңбектері.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Гиппократ адам денесіне көптеген бақылаулар жасап, бір жүйеге келтірген.

Әл- Фарабидің еңбектерінен оның медициналық білімі болғандығын дәлелдейді.

.



Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Медициналық этика

Медициналық этика немесе медициналық деонтология яғни бұл -медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.

Медициналық деонтология дегеніміз - медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім. Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек.

Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді

Деонтологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.

1.Сөздікпен жұмыс

адам баласы алдындағы- перед человеком

қайырымдылық-милосердие

қоғам алдындағы- в обществе

өтеуге тиіс борышы-долг который должен выполнить

атқаруға тиіс- обьязан выполнять

кәсіптік парызы -профессиональный долг

Төрт этикалық қағидаттар -четыре этических принципа

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Медициналық деонтология деген ұғымға анықтама беріңіз.

Медициналық этика деген ұғымға анықтама беріңіз.

Деонтологияның негізгі принципін айтыңыз.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

ипаттама бергеніміз жөн болар.

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Гиппократ адам денесіне көптеген бақылаулар жасап, бір жүйеге келтірген.

Әл- Фарабидің еңбектерінен оның медициналық білімі болғандығын дәлелдейді.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Мейірбикенің міндеттері.

Мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты:

Қажет көлемде сапалы, қолжетімді және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету

Міндеттері:

1)қызмет көрсетілетін ауданның тұрғындарына тікелей емханада және үйде білікті көмек көрсету;

2)бекітілген тұрғындар, мектеп, колледж және ЖОО оқушылары мен студенттері арасында профилактикалық шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3)науқастардың, экстрагенитальді патологиясы бар фертильді жастағы әйелдердің диспансерлеуін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4)жіті және кенеттен ауырғанда, жарақаттарда, улану және басқа да жазатайым жағдайларда науқастарға алғашқы және жедел көмек көрсету;

5)аурудың бейініне қарай науқасты алдын- ала тексеріп, стационарлық емдеуге жататын тұлғаларды уақытылы ауруханаға жатқызу;

6)профилактикалық тексерістердің барлық түрлері (жұмысқа орналасуда алдын ала тексерістен өту, мерзімді, мақсатты және басқа), соның ішінде ақылы;

7)тұрғындарды диспансеризациялау, соның ішінде динамикалық бақылауға жататын тұлғаларды іріктеу;

8)эпидемияға қарсы шаралар: егулер, жұқпалы ауруларды анықтау, «ошақтарда» бақылау;

9)уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы;

10) еңбек қабілетінен тұрақты айырылу белгілері бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына жолдау.

1.Сөздікпен жұмыс

қауіпсіз медициналық көмекпен- безопасной медицинской помощью

уақытша және тұрақты еңбекке- временно и постоянному труду

тұрғындарды диспансеризациялау-диспансеризировать жителей

еңбек қабілетінен тұрақты айырылу-терять постоянную работоспособность

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Мейірбикенің негізгі мақсаты.

Мейірбикенің емдеу мекемесіндегі міндеті. сараптамасы; әлеуметтік сараптау

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Мейірбикенің негізгі мақсаты қажет көлемде сапалы, қолжетімді және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Емдеу мекемелеріндегі мейірбикелердің міндеттері

Емдеу мекемелеріндегі мейірбикелердің міндеттері:1. Зақымданушылар мен науқастарды күту,емдеу жұмыстарын атқару.2.Науқастарды қабылдап ,оларды аурухана бөлімшелеріне орналастыру.3.Дәрі беріп оларды дұрыс ішуді қадағалау.4.Ауыр науқастарды тамақтандырып,сусын беру,компресс ,оңқа қою, және қышқағаз жапсыру.5.Дер кезінде кіші дәрет,үлкен дәретке отыруын қадағалау,науқастарды операцияға дайындау,оттегін беру.6.Сондай -ақ төсек қасындағы тумбочканың тазалығын тексеру де (қабылданбаған дәрі дәрмектер мен желінбеген тамақ қалдықтары болмау керек,бұдан науқастың улануы мүмкін).7.Палатаны жинастырып ,желдету де кезекші мейірбикенің міндеті болып есептеледі.Палатаны жинастырып ,желдеткенде салқын тиіп қалмау үшін науқасты жақсылап қымтап қою керек Жазда палата торланған болса,өтпежел болмайтындай етіп,терезені тәулік бойы ашық қалдыруға болады 8.Палатада ауа таза,ал температура -20-22 С аралығында тұрақты болуы тиіс.

1.Сөздікпен жұмыс

Науқас-больной

Аурухана-больница

Торланған болса-если установлена сетка

Өтпе жел-сквозняк

Желдету-проветривать

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Емдеу мекемелеріндегі мейірбикелердің міндеттері.

Палатаны қалай жинастыру керек?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.Ауыр науқастарды тамақтандырып,сусын беру,компресс ,оңқа қою, және қышқағаз жапсыру



Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Созылмалы панкреатит - ұйқы безінің созылмалы қабынуы.

Созылмалы панкреатит - бұл - ұйқы безінің созылмалы қабынуы. Әдетте орта жастағы және қарт адамдарда, көбінесе әйелдерде кездеседі. Ұйқы безі қабынуының ұзаққа созылған түрі оның созылмалы ауыр түріне айналып кетуі әбден мүмкін. Алайда, ол көбінесе өт қалтаның созылмалы қабынуынан, өт жолына тас байлану сырқатынан немесе ретсіз тамақтанудың әсерінен, тым ащы және майлы тамақтарды көп жеуден, әсіресе тамақ құрамында нәруыз бен дәрумендердер тапшы кездегі созылмалы алкоголизмнің салдарынан болады.Сырқаттың белгілері:сырқат адам сол жақ қабырғаларының астының ауырып тұратынына, тоя тамақтанғанда немесе майлы тамақ ішкен кезде оның бұрынғыдан да күшейе түсетініне, асқазанының жоғарғы жағының ауырсынып тұратынына шағымданады. Әлсін-әлсін лоқсиды, ауыз ішінде жағымсыз ащы дәм пайда болады.
Ұйқы безінің қабынуы кезіндегі ем-дәм:Ұйқы безінің қабынуымен сырқаттанатын адамдар алкогольді ішімдіктерден, майлы, қуырылған, тұздалған және бұрышталған, қақталған тамақтардан, кофеден, шоколадтан, аулақ болуы керек. Олардың тамақтарының құрамында көкөністен жасалған көжелердің, суға пісірілген көкөністердің, ботқалардың, балық пен еттің майсыз сорттарының, суға пісірілген макарон тағамдарының, жеміс-жидектердің көбірек болғаны жөн

1.Сөздікпен жұмыс

ащы дәм- острая пища ұйқы безі- панкреатит

алкогольді ішімдік-алкогольные напитки газдалған-газированные

майлы тамақ- жирная еда саңырауқұлақ-гриб

созылмалы қабынуы-продолжительные отеки сусын-напиток

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Созылмалы панкреатит қандай ауру?

Созылмалы панкреатиттің себептерін анықтаңыз?

Сырқаттың белгілері қандай?

Ұйқы безінің қабынуы кезіндегі емдәмді жазып шығыңыз

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Ұйқы безінің қабынуымен сырқаттанатын адамдар алкогольді ішімдіктерден, майлы, қуырылған, тұздалған және бұрышталған, қақталған тамақтардан, жаңадан пісірілген ақ наннан, газдалған сусындардан, кофеден, шоколадтан, саңырауқұлақтан жасалған көжелерден аулақ болуы керек

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз

Суға бату кезінде көрсетілетін көмек

Алғашқы көмек көрсету: 1.Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізу, жағдайын толық білу қажет.

2.Есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы жерге әкеліп, ыстық шай, кофе немесе шарап беру керек.

3.Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып (асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек.

Дәрігер келгенше жасалатын алғашқы көмек

1.Зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-мұрнын лай-құмнан тазартыңыз.

2.Таза орамалдан істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек;

3.Тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.

4. Зардап шеккенді етбетінен жатқызып, аяқтарын иіп, кеудені қырынан қысып (10-15 секунд ішінде) осыдан кейін зардап шеккенді арқасына аударады.

5.Егер тістерін аша алмаса, ауызын қолмен ашып, арнаулы «Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем береді.

«Ауыздан ауызға» жасанды дем беру техникасы.

1. Зардап шеккеннің қаптал жағынан тұру керек;

2.Бір қолды зардап шеккеннің маңдайына, екінші қолды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменгі жақты жоғарғы жаққа көтеріп, қысу керек.

3. Саусақтармен иегін ұстап, төменгі ерінді қысып зардап шеккеннің ауызын жабу керек;

4. Ауаны терең алып зардап шеккеннің мұрнын ауызбен жауып «ауа шықпайтын күмбез» жасау қажет;

5.Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек.

Адамның аузын саусаққа мата орап алып тазалайды. Ашу қиындаса, төмендегі жақты басу керек. Тыныс жолдарын судан тазалау үшін арнаулы сорғыш қолданылады..

1.Сөздікпен жұмыс

зардап шеккен-потерпевший ауыздан мұрынға әдісі-из рта в рот

тұншығып- задахнувшись арнаулы сорғыш-специальная

иегін ұстап- держа подбородок өкпе ісігі-рак легких

лай-құмнан -из песков и грязи

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Суға бату кезінде көрсетілетін көмек

Дәрігер келгенше жасалатын алғашқы көмек

«Ауыздан ауызға» жасанды дем беру техникасы.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек.

Адамның аузын саусаққа мата орап алып тазалайды. Ашу қиындаса, төмендегі жақты басу керек.








Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.

Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Тері үсіген кезде теріде ақ дақтар пайда болады, тері еш нәрсені сезбейді. Мұрын, құлақ, бет үсігенде жұмсақ матамен ептеп ысқылайды. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды, өйткені қар түйіршіктері үсіген теріні жарақаттап жіберуі мүмкін. Үсіген жердің сезімталдығы қалпына келмесе, тез арада қаралу қажет. Қолы немесе аяғы қатты үсіген адамды жылы бөлмеге жатқызып, үсіген жерді жылы затпен орап тастау керек. Үсіген жердің жайлап жылығаны пайдалы. Терісі үсіген адамға жылытатын сусындар ішкізу керек.

1.Сөздікпен жұмыс

тері- кожа орап тастау-укутывать

мұрын-нос құлақ-уха

ішкізу керек - дать выпить бет-лицо

үсіген жердің- место обморожения

жылытатын сусындар- напитки, которые утепляют

2. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Үсіген жердің жайлап жылығаны пайдалы. Терісі үсіген адамға жылытатын сусындар ішкізу керек.



Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз

Жіті панкратит- ұйқы безінің қауіпті сырқаты.

Жіті панкреатит - ұйқы безінің ұлғаюымен, ісінуімен қатар жүретін ауыр қабыну сырқаты. Кейде ұйқы безінің белгілі бөліктері зақымданып, сол жерлерде жұқпа пайда болып, кейін ол ағзадан тыс жерлерге де жайылуы мүмкін. Ұйқы безі ауруларына соқтыратын себептер - алкогольдік ішімдікке үйірлік және өттасы ауруы. Ішімдіктен болған панкреатит аурулардың 25-60%-да, негізінен ер адамдарда кездеседі. Өт қабы ауруларынан туындаған панкреатиттер 25-40% жағдайда, көбіне әйелдерде ұшырасады. Аталған екі топқа тағы үшінші топ - ұлтабардың аурулары қосылады, ал төртінші топқа бұдан басқа әртүрлі себептер жатады. Соңғы топқа жарақаттар, уытты дәрі-дәрмектер қабылдау, В және С гепатиттерін, паротитті қосқанда түрлі жұқпалар, қанда майдың шамадан тыс көп болуы жатады. Созылмалы панкреатит қантты диабет кезінде пайда болуы мүмкін.

Жіті панкреатит белгілері байқалса, не істеу керек? Шұғыл дәрігерге барыңыз. Сізді міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Ол жерде ауырсыздандыру шаралары жасалып, ағзаны тазартатын қарқынды ем жүргізіледі. Егер ұйқы безінде бүліну ошақтары болса, оталау қажет.

1.Сөздікпен жұмыс

жіті панкреатит- зоркий панкреатит зақымдану-повреждение

ұлтабар- желудок ағза-организм

бүліну ошақтары- очаги того, что испортится

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Созылмалы панкреатит қай кезде пайда болуы мүмкін?

Ұйқы безі ауруларына соқтыратын себептерді атаңыз?

Егер ұйқы безінде бүліну ошақтары болса не істеу керек?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер (диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Жіті панкреатит - ұйқы безінің ұлғаюымен, ісінуімен қатар жүретін ауыр қабыну сырқаты.

Аталған екі топқа тағы үшінші топ - ұлтабардың аурулары қосылады, ал төртінші топқа бұдан басқа әртүрлі себептер жатады.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз

Флоренс Найтингейл

Флоренс Найтингейл 1820 жылдың 12 мамырда ағылшындардың виллада Флоренцияда ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бес шетелдік тілді,математика,тарих,философияны меңгерді,сурет салумен және музыкамен айналысты. Флоренс Лондонның шеткі жағындағы ауылға,ауыратын кедейлердің баспанасына барады,ол үйді «жұмыстық үй»деп атады.Онда жаткан науқастарды көргенінде -ақ барлық өміріне әсерін тигізеді.Ол үйден өлі денелерді,сабан төсектерде жатқан жұқпалы және жұқпалы емес аурумен ауыратын адамдарды көреді.Осыдан кейін Флоренс тез арада әке-шешесіне ауруханаға бақылау жұмысына баратынын хабарлайды.Мұны естіген анасы жүректен ауырып қалады,әкесі екі күн бойы тіл қатпайды,бірақ Флоренс өзінің айтқанынан қайтпай төрт апта ауруханада жұмыс істейді.Осы арқылы өз өмірінің жолын табады.Кейінгі жылдары Флоренс науқастарды емдеуде өзі әдіс-тәсілдер ойлап таба бастайды.

1854 жылы Англиядағы Крым соғысына шақырту алады.Қараша айында 38 медбикемен соғыс алаңына аттанады.1856 жылы соғыс аяқталған соң Флоренс инсульт алып арбаға таңылады.

1858 жылы мисс Найтингейл «Денсаулыққа әсер ететін факторлар және британдық тиімді басқарма» атты кітабын жазып шығарады.Көп ұзамай 1860 жылы «Жазба хаттар туралы госпитальдық күтім» атты екінші кітабы жарыққа шығады.

1883жылы Найтингейл қызыл крест және 1907 жылы «Ел алдындағы еңбегі үшін» король Георг орденін тағады.

Флоренс қартайған шағында туыстарының ішінде жалғыз қалады.Соңғы он төрт жыл бойы төсек тартып қалады.Сексен жасында көзі мүлдем көрмей қалады,осыған қарамастан қасындағы медбикелер көмегімен халыққа көмегін аямады.Флоренс Найтингейл 1909 жылы 13 қарашада 90жасында дүниеден озады.Ажалынан бұрын жазған күнделіктерін және дербес хаттарын жойып жібереді.

1.Сөздікпен жұмыс

ақсүйектер- аристократ жұмыстық үй-рабочи дом

өлі денелер-мертвые тела сабан төсектер-салома постели

жатқан- лежачий жұқпалы- инфекционные

ел алдындағы еңбегі- труд в стране дербес хат-персональное письмо


2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Флоренс ауыратын кедейлердің баспанасын қалай атады?

Қай жылы Флоренс инсульт алып арбаға танылады?

1858 жылы мисс Найтингейл жазған кітаптарды атаңыз?

1907 жылы «Ел алдындағы еңбегі үшін» Найтингейл қандай орденмен марапатталады?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4 -тапсырма. Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Флоренс Лондонның шеткі жағындағы ауылға,ауыратын кедейлердің баспанасына барады,ол үйді «жұмыстық үй»деп атады.








Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз

Эндокриндік жүйе

Эндокринология ішкі секреция бездерінің физиологиясы мен патологиясын зерттейтін ғылым.

Бездер адам ағзасында арнаулы заттар - секреттер бөліп шығаратын мүшелер. Олар өздерінің атқаратын қызметіне қарай сыртқы - экзокринді секреция бездері және ішкі эндокринді секреция бездері болып бөлінеді.

Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне бөледі.

Ішкі секреция бездеріне мидың төменгі қосалқы безі (гипофиз) және жоғары қосалқы безі (эпифиз), қалқанша без, оның қасындағы бездер, ұйқы безі, бүйрек үсті бездері жатады. Эндокринді бездерде түтікше болмағандықтан, олар сөлін қанға бөледі. Адамның тіршілік етіп, өсіп дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады.

Гормон - ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттары. Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді. Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады.

Гипофизді ішкі секреция бездерін орталық безі деп атайды. Ол мидың түп жағында орналасқан, салмағы 0,5-0,6 гр. Гипофиздің қызметі бұзылса, бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ақуыз, май, көмірсу алмасуы нашарлайды. Ұйқы безі аралас безге жатады, себебі эндогендік те, экзогендік те секрециялық қызмет атқарады. Ол он екі елі ішек пен көкбауырдың арасында орналасқан. Ұйқы безінің қызметі бұзылса, қант диабеті дерті пайда болады.

1.Сөздікпен жұмыс

без - железа

ұйқы безі - поджелудочная железа

қалқанша без - щитовидная железа

бейімделу - приспособиться, адаптация

нәруыз (ақуыз) - белок

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Эндокринология нені зерттейтін ғылым?

Эндокринология атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

Сыртқы секреция бездері дегеніміз не?

Ұйқы безінің қызметі бұзылса қандай дертке шалдығады?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Бездер адам ағзасында арнаулы заттар - секреттер бөліп шығаратын мүшелер.

Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады.

Ұйқы безі аралас безге жатады, себебі эндогендік те, экзогендік те секрециялық қызмет атқарады









Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

Гипертония қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мумкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындайды. Осының салдарынан күретамырларда қан қысымы жоғарылайды. Қажу, түрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу - гипертонияның пайда болуына әсер етеді. ¥дайы майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші боладыАуру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды.. Ал, ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен башпайлары ұйиды. Кезі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті кемиді.

Соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр ұлғайып, дене ісінеді, бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Егер қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.

1.Сөздікпен жұмыс

құлақ шуылдайды- шум в ушах қан қысымы- давление

басы айналу- головокружение жүрек ентікпесі-одышка

саусақ-палец башпайлары ұйиды-пальцы онемели

қажу- утомление жүйке жүйесі-нервная система

тұрмыстың жағдайсыздығы- бытовые неудобство

қайғы-қасірет шегу- пострадать

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Гипертонияның пайда болуына не әсер етеді?

Аурудың белгілерін көсетіңіз.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Егер қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз

Туберкулез

Туберкулез- жұқпалы ауру. Бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш- микробактериясы енгенде пайда болады. Туберкулездің қоздырғышы- микробактерияны неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.) Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде,жөтелгенде беріледі. Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілері:1.Ұзаққа созылған жөтел;салмақ жоғалту2.Кеуде қуысының ауыруы;тұрақты дене қызуы3.Түнгі уақыттағы терлеу;әлсіздік пайда болу4.Қан аралас қақырық түсу5.Қатты шаршау;тәбеттің төмендеуі

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал, жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды

Емдік шаралары: Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі. Уақытында құнарлы, витаминдерге бай азық - түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеу арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нағайтуға болады.

1.Сөздікпен жұмыс

туберкулез таяқшасы-туберкулезные палочки

салмақ жоғалту-терять вес

түнгі уақыттағы терлеу-потеть ночью

құнарлы- тұрақты

әлсіздік пайда болу-слабость

ашық түрінде-в открытом виде дене қызуы-температура

ұзаққа созылған жөтел-долгий кашель

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Туберкулез- қандай ауру?

Туберкулездің қоздырғышы қалай аталады?

Емдік шаралары қандай?


1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Туберкулез- жұқпалы ауру. Бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш- микробактериясы енгенде пайда болады. Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады













Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз

Жұқпалы сары ауру

Сары ауру немесе гепатит - бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Бұл ауру жас балаларда жеңіл түрде өтеді, ал қарт адамдар мен екіқабат әйелдерде өте ауыр болады.Жұқпалы сары ауру бір адамнан екінші адамға тарайды.Сары аурумен енді ауырып жүрген адамның дәрет алған,түшкірген,қақырған кездерінде басқа адамға сары ауру қоздырғыштарын жұқтырады.Жұқпалы дерт ретінде қоздырғышта сары аурудың жеңіл,белгісіз түрімен ауырып жүрген адамдар қауіпті болады.өйткені олар өзін аурумын деп сезбейді де,кезіккен сау адамға ауру тарата береді.Сары ауруды таратуға ластанған су себепші болады.жұқпалы сары ауруды таратуға масаның да әсері мол.Себебі олар лас жерден пәтерге,азық -түлікке,ыдыс-аяққа жұқтырады.Сары ауру қоздырғышы адамның ағзасына түскеннен кейін 10-15 күн жасырын күйде болады.Сары ауру сезіле бастағанда адамның тәбеті нашарлап,майлы тамақтан жүрегі айниды,құсады,қарнының оң жақ бүйірі мен оң жауырынының маңы сыздайды.Ауыздың дәмі кетіп,кіші дәреттің түсі өзгереді.Сырқаттың осы алғашқы кезеңінде бауырдың,көк бауырдың үлкейгендігі байқалады.Адамның сарғая бастауы сырқат басталғаннан кейін 7-12 күннен кейін білінеді.

1.Сөздікпен жұмыс

сары ауру-гепатит маса -комар

себебі-потому что лас-грязный

байқатпайды-не замечается жүрегі айниды-тошнит

қоздырғыш-возбудитель іш өтеді-бывает понос

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Жұқпалы сары ауру қалай тарайды?

Сары ауру белгілері?

Сары ауру қалай тарайды?


1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Жұқпалы сары ауру бір адамнан екінші адамға тарайды. Ауыздың дәмі кетіп,кіші дәреттің түсі өзгереді.Сырқаттың осы алғашқы кезеңінде бауырдың,көк бауырдың үлкейгендігі байқалады.

Мәтінді оқып ,орыс тіліне аударыңыз.Сұрақтарға жауап беріңіз








Мешел

Мешел Д витаминінің жетіспеуі салдарынан нәрестеде пайда болатын, ағзаның сүйек,нерв, бұлшық ет ,тағы басқа жүйелерін зақымдайтын ауыр науқас.

Ағзаны Д витаминімен толық қамтамасыз етпеген жағдайда жоғарыда айтып кеткеніміздей,фосфор-кальций тұздарының сіңімділігі нашарлайды,олардың қан құрамындағы қорының сапасы мен мөлшері төмендейді.Осыдан барып баланың бас сүйектерінің мезгілінде қатаймау салдарынан бастың пішіні өзгеріп,қабырғалары жуандап майысады.Кеуде сүйектерінің өсуі тоқтайды.Бұлшық еттер босап,баланың өсіп-жетілуінде артта қалу байқалады. Әр түрлі жұқпалы ауруларға ,суыққа қарсыласу қабілеті(иммунитеті) төмендейді.Аяқ-қолдары қисайып,тістері бүлінеді.Міне ,енді көзіңіз жеткен болар,мешел-жеңіл -желпі ауру емес.Нәрестеңізді осындай халге жеткізбеу үшін аурудың алдын- алу -бөбегіңізге де,өзіңіз үшін де әлдеқайда тиімді.

1.Сөздікпен жұмыс

нәресте- новорожденный мезгілінде-во время

жеңіл -желпі ауру емес- болезнь не из легких тиімді-эффективный

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Мешел дегеніміз не?Мешел ауруының себептері?

Мешел ауруының белгілерін анықтаңыз.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Мешел Д витаминінің жетіспеуі салдарынан нәрестеде пайда болатын, ағзаның сүйек,нерв, бұлшық ет ,тағы басқа жүйелерін зақымдайтын ауыр.

Әр түрлі жұқпалы ауруларға ,суыққа қарсыласу қабілеті(иммунитеті) төмендейді.



Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды.Егер сынғанда тері бүлінбесе, ол жабық сынық деп аталады.Сынықтың белгілері:зақымданған жер қатты ауырады,аяқ -қолды қозғалтпайды,кейде сүйек сынықтары сықырлайды,жұмсақ тіндер қанталап ісінеді.өз бетінше сынықты түзетуге мүлдем болмайды.Сынған адамға алғашқа медициналық көмек көрсетіп,тез арада ауруханаға жеткізу керек.Ауыр жарақат алған адамды аурухананың хирургиялық бөлімінде немесе арнайы травматологиялық бөлімінде емдейді.Ондай бөлімдерде маманданған -хирург- травматологтар жұмыс істейді.Олар сүйек жарықшақтарын қалпына келтіріп,гипспен таңады.Күнделікті өмірде адамның жарақатқа ұшырауы жиі болады.Жарақат әртүрлі болады (денеге бөгде заттың кіріп кетуі немесе кесіп кетуі,жұлып тастаған тістің орны,оқ тию,құлап,бір жеріңді сындыру, тағы басқалар) Жарақаттанбаудың ең негізгі жолы-одан сақтану.Ол үшін әрбір адам ұқыпты ,сақ жүруі қажет.

1.Сөздікпен жұмыс

сынық- вывих түзету- исправление арнайы - специальный

сүйектің зақымдануы-повреждение кости мыжылу -быть мятым

жабық сынық -закрытый перелом ашық сынық- открытый перелом

жұмсақ тіндер- мягкая ткань қанталау- кровоподтек

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Сүйектің сынуы неше түрге бөлінеді?

Морт сынғанды қалай атайды?

Сынықтың белгілерін атаңыз?

Жарақат түрлерін атаңыз?

Жарақаттанбау үшін адамдар қалай жүру қажет?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін.

Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді.

Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Дәрумендер

Дәрумен (Витамин)- адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену- пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Витамин жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда ағзада витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніспен жемістерді көбірек пайдалану қажет.

1.Сөздікпен жұмыс

бери-бери сырқаты-болезнь бери-бери

ауа райының қолайсыз жағдайы-неподходящее состояние погоды

адам ағзасын әлсіретеді-ослабляет орган человека

қарсы тұру қабілеті нашарлайды- способность противостояния слабеет

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Витамин жетіспегеннен қандай ауруға шалдығады?

Витамин жетіспегеннен жануарларда қандай ауру тудырады?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді.

Витамин туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.

Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Аллергиялық дерттер

Аллергия - ағзаның бөгде затқа деген сезімталдығының әсері. Ол ауадан, күннен, шаң-тозаң, гүл, өсімдіктер, тағам, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттардың денеге кері әсерінен пайда болады.

Аллергияның пайда болуына екі фактор әсер етеді. Бірінші фактор - тұқымқуалаушылық, екіншісі - жүре пайда болатын аллергия. Әдетте өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның түрлері өте көп. Бұл - маусымдық поллиноз, аллергиялық коньюктивтің кең таралған түрі. Сонымен қатар темекі түтіні, қоршаған ортаның ластануы, жәндіктердің әсерінен де аллергиялық дерт жиі пайда болады. Соңғы жылдары бұл ауруға шалдыққандардың саны 30 %-ға өскен.

Аллергия - жұқпалы ауру емесАллергиямен ауыратын науқастарға дәрумендер жетіспеуі мүмкін. Сол себепті мамандар төмендегідей кеңес береді.

- Күніне бір грамм С дәруменін қабылдау;

- Тағам құрамында ақуыз, май, көмірсутегі жеткілікті болуы шарт.

- Бөлмені желдетіп, ауасын жиі тазартып тұрған дұрыс.

- Науқас жататын бөлмеде кілем, палас, жұмсақ ойыншықтар мен ортақ заттардың болмағаны жөн.

Аллергияның белгілері: Науқастың көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады. Мұрнынан су ағып, бітеді, көп түшкіреді. Аяқ асты жөтел пайда болып, терісі бөртеді. Сондай-ақ, тыныс алуы нашарлап, өкпесі тарылады. Науқастың денесі ісініп, тамағы тітіркенеді. Аллергиялық естен тану болады.

1.Сөздікпен жұмыс

шаң-тозаң-пыль

маусымдық поллиноз-сезонный поллиноз

естен тану- терять сознание

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

ХХІ ғасырда ең көп таралған аурулардың бірі қалай аталады?

Аллергия пайда болуының факторларын атаңыз

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Науқастың көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады. Науқастың денесі ісініп, тамағы тітіркенеді. Аллергиялық естен тану болад

Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Тістің құрылысы

Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және тубірі болады. Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседіТістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.

Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.

Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақсүйектерде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналаскан жалпақ тістерді курек тістер деп атайды. Жалпы күрек тістердің саны- 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдак тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12.Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.

1.Сөздікпен жұмыс

Өте берік бекіген- крепился очень крепко

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі қалай аталады?

Тіс кіреукесі кальций фосфатының қанша пайыз қосылысынан тұрады?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.

Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Өкпе,өкпе құрылысы

Өкпе - адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 - 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық - өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпе ішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауа тамыр түзеді, бөліктік ауа тамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы - 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б.

1.Сөздікпен жұмыс

қосмекенді- амфибия

өкпеқап -плевра

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Өкпенің құрылысы?

Өкпенің атқаратын қызметі?

Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы қанша?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды.

Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтары жүйесі толтырады.


Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Тұмау ауруы,оның алдын алу

Тұмау бірнеше қоздырғыштар арқылы пайда болатын вирусты ауру.Тұмаудың вирустары үш түрге бөлінеді А,В және С. А вирусы өте өзгергіш,құрылысын жеңіл құбылтады.В вирусы да өзгергіш болып келеді. С вирусы өзгермейді,сондықтан да ол барынша жақсы зерттелген.Тұмау ауа арқылы жұғатын вирусты инфекция.Ауру адамнан сау адамға жылдам жұғады.Сондықтан бір ғана күзгі қысқы маусымда тұмаумен бірнеше рет ауыруға болады.Тұмаумен ауырған адамның қызуы көтеріледі,денесі дел сал болады,буындары қақсайды,басы қатты ауырады.Тұмауда жөтел де ,дауыстың қырылдауы да болады,тыныс алу мүшелерінің қабынуы,яғни мұрын,құлақ,тамақ ауырады.Мұрыннан су ағады.тұмау көбіне суыққа шалдыққаннан болады.Адамның тәбеті нашарлап,кейде жүрек айнуы ,құсуы мүмкін.тұмау асқынған кезде өкпе ауруына душар етеді.

1.Сөздікпен жұмыс

грипп- тұмау қоздырғыш -возбудитель

бөлінеді -делятся өте өзгергіш- очень изменчив

жақсы зерттелген -хорошо исследован

жұқтыру- заразить тәбет -аппетит

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Тұмау дегеніміз не?

Тұмаудың вирустарының неше түрі болады?

А,В және С вирустары қандай вирустар?

Тұмаумен ауырған адамда қандай белгілер байқалады?

Тұмау қандай жолмен жұғады?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Тұмау ауа арқылы жұғатын вирусты инфекция.Ауру адамнан сау адамға жылдам жұғады.Сондықтан бір ғана күзгі қысқы маусымда тұмаумен бірнеше рет ауыруға болады.



Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Қант диабеті

Аурудың қант диабеті деген атының өзі гректің - «тәтті қант» деген сөздерінен шыққан.Көне замандағы дәрігерлерге қант диабетіне шалдыққан адамдардың зәрінің дәмі тәтті екендігі белгілі болған.Қант диабеті ұйқы безінің В клеткалары бөліп шығаратын сөл,инсулиннің жетіспеуіне байланысты пайда болады.Инсулин- ағзадағы зат алмасу процесін,көмірсутегін,май мен белокты реттейтін гормон.Инсулиннің тапшылығынан денедегі зат алмасуы,әсіресе, көмірсутегі заттардың химиялық ажырауы мен денеге сіңу процестері бұзылады да қанның құрамында қанттың қалыпты деңгейі жоғарлаған кезде бүйректен сүзіліп өткен глюкоза несеппен бөлініп шығады.Аурудың негізгі белгілері:шөл,ауыз қуысы құрғайды,жиі және көп мөлшерде зәрдің бөлінуі.Диабет асқынып кетсе өте қауіпті.Науқастарды екі топқа бөледі.Қан құрамындағы қант деңгейін төмендету үшін арнайы препараттар беріледі.Қант диабетіне шалдыққан Қазақстан азаматтарына арнайы төлқұжаттар беріледі.

1.Сөздікпен жұмыс

қант диабеті- сахарный диабет зәр- моча

ұйқы безі- поджелудочная железа көмірсутегі -углевод

химиялық ажырауы -химическое разъединение

шөл- жажда асқыну -обостриться

көп мөлшерде -в большом количестве

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Қант диабеті деген сөз қандай мағына береді?

Қант диабеті неге байланысты пайда болады?

Инсулин қандай гормон?

Инсулиннің тапшылығынан ағзада қандай өзгеріс болады?

Аурудың негізгі белгілері қандай?

Ауруды қалай емдейді?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Инсулин- ағзадағы зат алмасу процесін,көмірсутегін,май мен белокты реттейтін гормон. Қант диабетіне шалдыққан Қазақстан азаматтарына арнайы төлқұжаттар беріледі.

Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Асқазан

Асқазан ас қорыту жолының кеңейген бөлігі.Ас қорыту жүйесінің ішінде ең көп жұмыс жасайтын осы асқазан.Біздің жеген тамағымыз біраз уақыт асқазанда жатады,сонан кейін барып,қоректік заттар асқазан сөлімен араласады.Асқазанның кілегей қабығында орналасқан кішкентай бездер тәулігіне 2 литрдей сөл бөліп шығарады.Бұл сөлдің құрамы тұз қышқылы мен әртүрлі ферменттерден тұрады.Қоректік заттар асқазан сөлінің әсерінен ыдырайды,мұны ас қорыту деп атайды.Ыдыраған қоректік зат бірнеше сағаттан кейін жартылай қоймалжың ботқаға айналып,бөлек бөлек күйінде онекіелі ішекке түседі.Асқазанның жоғарғы және төменгі тесіктерінде жұмыр бұлшық еттер болады.

1.Сөздікпен жұмыс

кеңейген бөлігі -расширенная часть бездер -железы

ас қорыту жүйесі- система пищеварения ыдырайды -расщипление

қоректік заттар -питательные вещества жұмыр бұлшық -мускулы

онекіелі ішекке- к двенадцатиперстной кишке

қоймалжың ботқа -густая каша кілегей қабығы -слизистая оболочка

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Асқазан дегеніміз не?

Асқазанның кілегей қабығында орналасқан кішкентай бездер тәулігіне неше литрдей сөл бөліп шығарады?

Сөлдің құрамы нелерден тұрады?

Қоректік заттар қалай онекі елі ішекке келіп түседі?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Бұл сөлдің құрамы тұз қышқылы мен әртүрлі ферменттерден тұрады.Қоректік заттар асқазан сөлінің әсерінен ыдырайды,мұны ас қорыту деп атайды.



Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Нашақорлыққа қарсы күрес

Есірткі адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп ,керемет бір сезімге бөлейтін заттар.Есірткіге белгілі бір уақытқа ауырсынуды басатын ,тыныштандыратын, ұйықтататын заттар да жатады.Сондықтан оларды қатаң дәрігерлік бақылаумен дәрігерлік мақсатта: операция жасағанда наркоз ретінде ,қатерлі ісік ауруларында белгіленген мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат беріледі.Егер адам есірткіні жиі қолданса,оның ағзасы соған тәуелді болып қалады.Ондай адамдар есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді.Есірткіге әбден үйреніп кеткен адам,оны қабылдаған сайын көңілі көтеріліп,керемет бір сезімге батқандай болады.Естеріңде болсын,мұның бәрі «уақытша бақытқа бату».Біраздан соң ,есірткінің күші кеткеннен кейін адамның көңіл күйі күрт төмендеп ,денесінің барлық жері ауырады,себебі, есірткі ағзадағы қуатты өзіне сіңіріп алады.адам тағы да есірткі қабылдағысы келіп тұрады,осылайша адам есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға шашақорлыққа жетеді.Мұны есірткіге құмарлық дейді.Бұл ұзақ емделуді қажет ететін ауру.Есірткі адамның денсаулығын бұзып,көп жағдайда өлімге алып келеді.

1.Сөздікпен жұмыс

есірткі- наркотик орталық жүйке жүйесі- ЦНС

ауырсынуды басу- подавлять тяжесть

тыныштандыру -успокоить

белгіленген мөлшерде- в определенной дозе

уақытша бақытқа бату -быть временно счастливым

қуатты өзіне сіңіріп алу- вбирать в себя силу

есірткіге құмарлық- наркотическая зависимость

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Есірткі дегеніміз не,оған нелер жатады?

Оларды қандай жағдайларда пайдалануға рұқсат беріледі?

Егер адам есірткіні жиі пайдаланса оның ағзасында не болады?

Бұл қандай ауру?

Есірткі адамды неге алып келеді?

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Мұны есірткіге құмарлық дейді.Бұл ұзақ емделуді қажет ететін ауру.Есірткі адамның денсаулығын бұзып,көп жағдайда өлімге алып келеді.

Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыз.

Жүйке жүйесі

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады.Жүйке жүйесінің маңызы мынандай:

Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді.Мысалы:жүрек пен бұлшық еттің жиырылуы,сүйектердің қозғалысқа келуі,тер,сілекей ,сүт,асқазан сөлінің бөлінуі және т.б .Жүйке жүйесі орталық және шеткі болып екіге бөлінеді.Орталық бөлім ми мен жұлыннан тұрады.Шеткі бөлімге жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады.Жүйкелер адам денесінің барлық жерінде таралған,олар мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады.Жұлын омыртқа жотасының өзегіне орналасады,оның диаметрі -1см,ұзындығы -42-45 см, ал салмағы -38-48 г.Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады,төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады.Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар.Жұлын екі түрлі қызмет атқарады:рефлекстік және өткізгіштік.Жұлынның қызметін ми реттеп отырады.Жұлын зақымдалғанда рефлекстік және өткізгіштік қызметі жойылып кетеді.Ми бас сүйек қуысына орналасады.Оның орташа салмағы -1300-1400г.Адамның миы 20 жасқа дейін өседі.Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары,аралық ми,ортаңғы ми,мишық,сопақша ми.Бұлардың атқаратын қызметі әртүрлі болғанымен,бір бірімен тығыз байланысты.

1.Сөздікпен жұмыс

Жұлын- спинной мозг

мишық-мозжечок

Өткізгіштік қызмет- проводниковая функция

Жүйке түйіндері- нервные узлы

2.Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді не басқарады?

Жүйке жүйесінің маңызы қандай?

Жүйке жүйесі қалай бөлінеді?

Жұлынға сипаттама беріңіз,қызметін анықтаңыз? Ми қайда орналасқан және неше бөліктен тұрады?

.


1-тапсырма. Мәтінді тыңдап өз ойларыңды жүйелі жеткізіп ,пікір айтып бағалаңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

3-тапсырма. Мәтін бойынша өзара әңгімелесіңдер(диалог)

4-тапсырма.Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады.Жұлын зақымдалғанда рефлекстік және өткізгіштік қызметі жойылып кетеді









Мазмұны:

1.Гиппократ …………………………………………………………………………………….......………3 бет

2.Гиппократтың медицина саласындағы еңбегі ……………………………………………….....…....…4бет

3.Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін

4.Алғашқы медициналық жәрдем …………………………………………………………….....……...…6бет

5.Алғашқы медициналық көмек ……………………………………………………………….........…….бет

6.Жүрек …………………………………………………………………………………………….......…..6бет

7.Улы жыландар шаққанда қөрсетілетін көмек ………………………………………………….....…....7бет

8.Зәр шығару жүйесі …………………………………………………………………………………........8 бет

9.Бүйрек ……………………………………………………………………………………………........…9 бет

10.Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдем …………………………………………………........ 10 бет

11.Медицина саласының ұлы ғалымдары ………………………………………………………..…......11 бет

12.Медициналық этика …………………………………………………………………………….........13 бет

13.Мейірбикенің міндеттері ………………………………………………………………………..........14 бет

14.Емдеу мекемелеріндегі мейірбикелердің міндеттері ………………………………………….........15 бет

15.Созылмалы панкреатит - ұйқы безінің созылмалы қабынуы ………………………………...........16 бет

16.Суға бату кезінде көрсетілетін көмек ………………………………………………………..….......17 бет

17.Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем …………………………………………………….......19 бет

18.Жіті панкратит- ұйқы безінің қауіпті сырқаты. ………………………………………………........20 бет

19.Флоренс Найтингейл …………………………………………………………………………….........21 бет

20.Эндокриндік жүйе …………………………………………………………………………...……......23 бет

21.Жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары ……………………………………………...…...…..26 бет

22.Туберкулез ……………………………………………………………………………………....….....27 бет

23Жұқпалы сары ауру ……………………………………………………………………………...........28 бет

24.Мешел ………………………………………………………………………………………..….......…29 бет

25.Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек ………………………………………………........…30 бет

26.Дәрумендер ………………………………………………………………………………………........31 бет

27.Аллергиялық дерттер …………………………………………………………………………............32 бет

28.Тістің құрылысы ………………………………………………………………………………........…33 бет

29.Өкпе,өкпе құрылысы ………………………………………………………………….………...........34 бет

30.Тұмау ауруы,оның алдын алу ………………………………………………………………...…........35бет

31.Қант диабеті ………………………………………………………………………………….…..........35 бет

32.Асқазан ……………………………………………………………………………………….…..........36 бет

33.Нашақорлыққа қарсы күрес .................................................................................................................37 бет

34.Жүйке жүйесі ........................................................................................................................................ 38 бет

© 2010-2022