«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

Мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер А.Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерін насихаттау, қазіргі оқушылардың Абай мұрасын оқып- білуге, түсінуге талаптандыру.Көрнекілігі: Ақын туралы қанатты сөздер, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі. Техникалық құралдар.«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршыӨлмейтұғын артында сөз қалдырған »,- деп төрелігін шешкен Абай бүгін де жарқын бейнесімен, жалынды жырымен бізбен бірге. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын тан...
Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Л.К.Кастуганова

Орал қаласы

26 орта жалпы

білім беретін

мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

Мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер А.Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерін насихаттау, қазіргі оқушылардың Абай мұрасын оқып- білуге, түсінуге талаптандыру.

Көрнекілігі: Ақын туралы қанатты сөздер, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі. Техникалық құралдар.


  1. жүргізуші.

Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...,- деп ақынның өзі айтқандай «

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір сүрген, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұнарын, асау жүрегінен ағыта, шабыта жыр ғып төккен Абай туралы кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмыз.

Ұлы суырып салма ақын Абайдың суретіне қарап отырып

Мына тұрған Абайдың суреті ме,

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне,

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?!- деген екен.

Біз ғажайып талант иесі, қазақ поэзиясының патшасы- көркем табиғат туралы, сұлу қыз туралы, жүйрік ат туралы, достық пен махаббат туралы өлеңдері эстетикалық тәлімнің қайнар бұлағы дана ақын, философ, сазгер

Абай Құнанбаевтың поэзиясына арналаймыз.

Туған жері- Семей облысы, Шыңғыстау. Руы- Тобықты, әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай . Білімі - мешіт молдасынан бастап, өз бетімен оқып, түрік, парсы, араб, орыс тілдерін жақсы меңгерген. Сүйіп оқыған ақындары мен ойшылдары- Хожа Хафиз, Физули, Фердоуси, Сағди, Қожа Ахмет Иассауи, Гете, Тушкин, Толстой.

  1. жүргізуші. «Желсіз түнде жарық ай» әні Абайдың махаббат лирикасы тақырыбына байсалды, бірқалыпты, мәнерлі әні, махаббат мұңы, табиғат үнімен шебер ұйымдастырылған әсем әннің қоңыржай үні, айлы түнде бозғылт тұманға бөккен өзеннің сылдырын, тау жаңғырығын, сыбырласқан ғашықтар үнін тыңдатады.

«Желсіз түнде жарық ай» әнін оқушы орындайды.

  1. жүргізуші. Жеткіншек шақтың он бестен басталып, жігіттік шаққа ауысатын отыздың арасындағы аздаған жылдар екенін Абай жырлаған.

Осы жастық шақтың өтпелілігін айтып, бұл жаста өмірден өз орныңды тап, әр нәрсеге ере берме, қате баспа, ойлан дегенді ескерте отырып, әркімнің өмірде өз орны болатынын айтады ақын.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқушы оқиды.

2- жүргізуші. Ғашық болып, асық болып, махаббаттың сырға толы сезімдерін өз бойынан өткізген ұлы ақынның «Айттым сәлем, Қаламқас» әні жүрек толқынысының нәзік пернелерін басады. Енді осы сағынышқа толы сазды әнді тыңдап көрейік.

1- жүргізуші. Табиғат адам баласының өніп- өсетін ортасы болғандықтан оны барлық ақындар да жырлай білді. Ал ұлы Абайдың табиғатты жырлауы өзгеше әсерлі еді. ( Оқушылар табиғат туралы өлеңдерін оқиды.)

2- жүргізуші. Ұлы ақын жастардың алдындағы зор міндет - ғылым мен білімді меңгеру , қалайда соған қол жеткізуді жырлай отырып, әрбір жастың арманы оқып, білім алып, ғылымды меңгеру болу керектігін айтады. Жастық шақта бос ойнап, күлмей, ғылымға қол созу керектігін талап етеді. Ойын- күлкі, бос жүрісті қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, қалымдарды үлгі тұт, солардай болуға талпын дейді.»Ғылым таппай мақтанба » өлеңін жатқа оқу.

1 - жүргізуші. Абай ұлы ақын, сұлу сазгер, ұстаз ғана емес, шебер аудармашы. Ол қазақ поэзиясында аударма өнерінің,соның ішінде шебер, дәл аударманың, еркін аударманың нәзира әдісімен жарысудың шебер үлгілерін жасаған. Ол Крыловтың мысалдырынасқан шеберлікпен аударып, қасиеттерін ерте тани білген. ( «Қарға мен түлкі» мысалынан сахналық көрініс).

2- жүргізуші. Абай қарасөздеріндегі ой- толғам, пікір- көзқарастар шынайы да өміршең. Оның дәлелді пікірлері көкірегі ояу кез- келген адамзатқа ой салып, түсінігін молайтады. Үнтаспадан жетінші қарасөзін тыңдау.

1 - жүргізуші. Абай ақындығы екі жүзді қанжардай. Бір жақ жүзі- жібектей жұмсақ болса, бір жақ жүзі- алмастан өткір. Ақынның сатиралық шығармаларының бірі- «Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңі.Оқушы осы өлеңді жатқа оқиды.

2- жүргізуші.

«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған »,- деп төрелігін шешкен Абай бүгін де жарқын бейнесімен, жалынды жырымен бізбен бірге.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі еліміздің болашағы- жастарымыз оқудан, білуге ұмтылу мен ізденуден жалықпасын деген тілек айтқымыз келеді.


© 2010-2022