Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы ашық сабақ

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сынып әдебиет күні:

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы тілінің көркемдігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік. Махамбет шығармашылығының тарихы негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, жинақтап қорыту.
2. Дамыту. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру, өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру.
3. Тәрбиелік. Туған жерді сақтау, оны аянбай қорғау сезіміне баулу, балалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, топтастыру, ой жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің портреті, ақынға арналған сөздер, бүкпе қағаздары, көрме, түрлі үлестірмелі перфокарталар.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. сабақтың құрылымы мен мақсатын түсіндіру.
ІІ. Сабақтың мақсатын таныстыру.
Ой қозғау. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Мұхтар Шаханұлының өлеңін оқу. ..... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
Болу керек құдіретті төрт ана,
Туған жері түп қазығы айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі.
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама.
Ауыр әрі қасіретті болса да
Төрт анаға әнін жалғай алмаған.
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!

ХҮІІІ -ХІХ ғ.-ғы қазақ халқының басындағы ауыр оқиға жер дауы, жер қайғысы, жер зары болды. Бірі Махамбет елді бостандыққа жеткізу үшін әрі ақын, әрі батыр болған сияқты,балалар.Батырдың әр жыры батылдыққа,батырлыққа толы арман өлеңдер.1 мин
ІІІ. Оқушы білімін тексеру.

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады.Оны өз ішіндегі спикерлері белгілеп отырады.

1. Ақын өмірінен деректер"Өмір - дерек" слайд 5мин

2.Зымыран сұрақтар 2 мин

.Бортовой журнал.Білемін.Үйрендім.Оқушылар білгенін плакатқа жазып шығады.. Махамбет ақын туралы біз төменгі сыныптардан білеміз. Қазір сендер сызған кестені толтырыңдар. Білемін деген бағанға батыр туралы өздерің білетін мәліметтерді толтырып жазыңдар. Білдім деген екінші бағанды сабақтың соңында толтырасыңдар. 3мин.

ІV. Мағынаны тану Бүгін Махамбет Өтемісұлының шығармашылығының көркемдігі туралы сөз етеміз.Махамбет -өз ойын қапысыз жеткізу үшін сөздерді талғампаздықпен қолданған.Бірақ ақын оларды тек әсемдік үшін емес,өмір шындығын терең бейнелеу үшін алған.Ақын жырлары халқын табандылыққа ,жауға мейірімсіз болуға ,қиыншылықты жеңетін қайсарлыққа тәрбиелейді.Ол-асыл сөздің кені,көркем тілдің ұстасы ,ерлікке үндейтін жалынды үгітші.

Оқушыларға енді жаңа сабаққа көшпей тұрып Махамбеттің өлеңін тыңдаймыз.Сол өлеңнен түсінгендеріңді бір сөйлеммен жеткізесіңдер. 2 мин

2.Тақырыптық теннис.Оқушылар тыңдалған өлең туралы өз ойларын бірнеше

сөйлемдер арқылы айтып шығады. 2 мин

Мұғалім сөзі. Махамбеттің поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні болды. «Қара қазан,сары бала қамы үшін қылыш сермедік »деп ұран көтерген Исатай мен Махамбет төңірегіне жергіілікті халықтан мол күш топталды.Олардың ойлағаны-өздерінің қамы емес,көптің,қалың қауымның ,елдің қамы еді.

3. Топтастыру әдісі бойынша тапсырмалар.
А) І. топқа: «Қара қазан сары бала қамы үшін»
Ә) ІІ. топқа « Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері » 10 мин

Сергіту сәті.Күй тыңдау. «Жұмыр қылыш» 2мин

Мұғалім сөзі: Махамбет -лирик ақын.Оның лирикаларының өзекті арқауы -елді күреске үндеу.Енді оқушылар біз топтасып отырып Махамбеттің өлеңдеріне талдау жүргізетін боламыз.махамбет өлеңдерінің көркемдігін,шеберлігін талдаймыз.

4.Махамбет өлеңдерінің ерекшелігі.

А)І топ. «Тарланым» өлеңі.

Ә) ІІ топ. «Мұнар күн» өлеңі 5мин

Екі топтан бір оқушыдан шығып семанткалық картаны толтырады.

4. Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша семантикалық картаны толтыру

А) І. Топқа:
1. «Ереуіл атқа ер салмай»
2.« Қара қазан, сары бала қамы үшін»
3.« Арыстан одан кім өткен ?!»
4.« Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»
5. «Мұнар күн»

ә) ІІ. топқа:
1. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
2. Махамбеттің түрмеге қамалған ж.
3. Қиялымолада болған үлкен айқас.
4. Исатай мен Махамбеттің хан ордасына 2-ші рет аттанды.
5. Ардагер ақынның дүние салған жылы.


1.Ерлікке үндейді
2.Отанына деген сүйіспеншілігі
3.Исатайдың батырлығы .
4.Ақынның ішкі сыры.
5.Ханға наразылығы.

1.ХІХ ғасырдың І ж.
2.1829 ж.
3.1836 ж.14 сәуір
4.1837 ж. 2 қараша
5.1846 ж. 1855 ж. 2 мин


5.Ой жинақтау әдісі бойынша тапсырмалар ( ой. жин. кер.)

а) І топ: «Тұлғаны танып білейік» ақынның портретін жазу. Суреті тұрады тақтада.
ә) ІІ топ: «Менің атым-Махамбет» ақынға мінездеме жазу. 2мин


6.Пікірталас . Жуан және жіңішке сұрақтар

1.Бүгінгі күннің Махамбеті болсам кіммен, немесе немен күресер едім?

2.-Махамбеттей болуға қабілетің жете ме? 2 мин.

6. Рефлекция «Кері байланыс»

-Бүгін мен білдім...

-Қызықты болды...

-Қиын болды...

-Мен тапсырманы орындадым...

-Мен түсіндім нені...

-Енді мен істей аламын...

-Мен үйрендім...

-Бүгін қолымнан келді...

-Мен істей алдым...

-Мені таң қалдырды...

-Сабақ менің өміріме берді...

Мен енді істегім келеді...

Бес жолды өлең


1 - жол - тақырыптың атау
Зат есім -( 1сөз)
2 - жол - тақырыпты сипаттайтын сөз
Сын есім - (2 сөз)
3 - жол тақырып туралы қимылды білдіретін сөз
Етістік (3 сөз)
4 - жол - тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы
5 - жол - тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз бір сөз
«Бес жолды өлең» - ақынға арнап өлең ұйқастыру. 3мин.


ҮІ. Сабақты қорытындылау, бекіту.
1. Оқушы белсенділігін жинақтап, қорыту.
2. Тақтаға жазып ілінген ақын туралы пікірлерді оқып, түсіндіру.
3. Алған ұпайлары бойынша бағалау.
4. Үйге тапсырма: «Аттанып едім көп үшін...» тақырыбында шығарма жазу.



© 2010-2022