Конспект урока по английскому языку на тему: My face

Раздел Иностранные языки
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Unit 3. Lesson2. 2.12.15

Сабақтың тақырыбы: My face.

Сабақтың мақсаты: «My face» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді енгізу, This is a … / These are … құрылымның аясында зат есімнің жекеше және көпше түрін қолдануды, белгісіз артикльді белсендіру, /iә/, /еә/, /δ/, /θ/ дыбыстарын дұрыс айту дағдысын дамыту, тақырыптық сөздіктің орфографиялық дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

пәндік: мұғалімнің, диктордың сөзін тыңдау арқылы ағылшын дыбыстарын дұрыс айту; сабақтың а mouth, an ear, an eye, a nose, hair белсенді лексикасын оқу, жазу және сөйлемде қолдану; белгісіз артикльді, This is a … / These are … құрылымының аясында зат есімнің жекеше және көпше түрін қолдану.

тұлғалық: ағылшын тіліне деген қызығушылықты көрсету, тілдік қарым-қатынас (тілдік этикеттің) техникасын қалыптастыру, әңгімелесушіні ести және тыңдай білу дағдыларын дамыту.

жүйелік-әрекеттік: бұрын үйренген тілдік материалды тақырып аясында ақпарат сұрауда қолдану, жаңа сөздерді ауызша және жазбаша қолдану барысында орфографиялық нормаларды сақтау.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

мұғалім үшін: CD ойнатқыш, көрнекі материалдың жинағы, интерактивті тақта;

оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері

Пәнаралық байланыс: дүниетану (дене мүшелері).


Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тренинг

Суреттер таратамын.

3 топ болады

Eyes, ears, a mouth

Суреттерді жинайды, топқа бөлінеді

1.Ұйымдастыру сәті.

-Hello, children! I'm glad to see you! How are you!

-Hello, teacher! We are fine and you?

2.Сабақтың мақсаты мен тақырыбы:

-Балалар, өткен сабақта біз дененің бірнеше мүшелерін атауға үйрендік. Ал енді, интерактивті тақтаға қараймыз және қайталаймыз.

Оқушылар естеріне түсіреді және дене мүшелерін айтып береді.

3.Іс-әрекет тәсілі мен жаңа білімді меңгеру.

Phonetics

[іә] - ear near here beer
[еә] - air hair bare fair
[ð] - this these mother father
[θ] - three think mouth thanks

Оқушылар қайталайды

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу:

Listen and learn the new words.

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

Show me your nose.

Show me your mouth.

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

What are these?

These are eyes.

Оқушылар жаңа сөздермен танысады. Hair, an eye, a nose, a mouth.

Сөйлемдер құрастырады. This is a mouth.

Дене мүшелерін көрсетеді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

2-жаттығу:

Listen and sing.

Head, shoulders, knees and toes,

Knees and toes, knees and toes.

Head, shoulders, knees and toes,

Eyes, ears, mouth and nose.

Интерактивті тақтаға қарайды және дене мүшелерін көрсете отырып ән айтады.

3-жаттығу:

Choose and say.

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

Суретпен салыстыру арқылы оқушылар дұрыс нұсқаны таңдайды

4-жаттығу:

Listen and repeat.

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

Оқушылар Анар мен Бота арасындағы сұхбатты тыңдайды, қайталайды және аударады.

Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу:

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

Оқушылар жеке орындайды және интерактивті тақтаға шығып жазады.

2-жаттығу:

Remember!

a an

a shoulder an eye

a hand an ear

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

Оқушылар грамматиканы еске түсіреді және жаттығуды орындайды.

3-жаттығу:

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

Оқушылар сәйкестендіреді және интерактивті тақтада орындайды.

4-жаттығу:

Конспект урока по английскому языку на тему:My face

Оқушылар оқиды және сұраққа жауап береді

Сабақты қорытынды-

лау.

Оқушылар сабақтың басында қойған мақсаттарды орындадық па? Жарайсыңдар!

Өз жұмыстарын бағалау парағына бағалайды.

Үйге тапсырма.

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазып алады

Рефлексия

1.Менің сабаққа қатысқаным

белсенді/белсенсіз болды

2.Мен сабақтың үстіндегі өз жұмысыма

қанағаттандым/қанағаттанарлықсыз

3.Маған сабақ

тез өткен сияқты/өте ұзақ болды

4.Мен сабақта

шаршадым/шаршамадым

5.Менің көңіл-күйім

жақсарды/жаман болды

6.Маған сабақтың тақырыбы, мазмұны

түсінікті/түсініксіз

қажетті/қажетсіз

қызықты/қызықсыз

жеңіл/қиын болды



© 2010-2022