Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Разработка урока по казахской литературе на тему "Кыз Жибек жыры" занимает значительное место в преподавании предмета  казахской литературы в 9 классе общеобразовательной школы. На данном уроке расматриваются обряды и традиции казахского народа, которые преподносятся в форме лирических песен. В этом жанре используются такие приемы, как сравнение (Кыз Жибек- лебедь, Толеген - арлан), гипербола, (ярко и выпукло изоброжено почитание родителей, старшее поколение). Это завершающий урок по теме, на ко...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока по теме Кыз Жибек жырыРазработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Б.Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі

Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Жайтикова Д.Т.





2013-2014 оқу жылы

9 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры
Мақсаты:
1. Жырдың тақырыбын, идеясын анықтай отырып, басты кейіпкерлерТөлеген мен Жібек бейнесін жан-жақты ашу. Жыр желісі туралы білімдерін ортаға салып, қорытындылау.
2.Махаббатты, достықты қадірлеуге, сөзге тұрақты, сезімге берік болуға,салт-дәстүрімізді дәріптеуге тәрбиелеу.
3. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын сөз оралымдарын тауып айту.

Типі: СТО

Түрі: қорытынды сабақ

Әдісі: ой шақыру, топтастыру,талқылау кестесі, соңғы сөзді мен айтайын стратегиясы, эссе.

Көрнекілігі: кейіпкерлер суреті, слайдтар, кітаптар көрмесі, «Қыз Жібек» фильмі.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Разработка урока по теме Кыз Жибек жырыРазработка урока по теме Кыз Жибек жыры



Сабақтың мақсатымен таныстырып, үй тапсырмасы ,шығарма мазмұнына құрылған тест жұмысы. (интерак. тақтамен тексеріс өткізу)

15 сұрақтың 13 дұрыс болса-«5» деген баға

10 дұрыс болса - «4»

8 дұрыс болса- «3»

5 дұрыс болса «2» деген баға қойылады.

1. Базарбайдың Төлегеннен бұрын қанша ұлы болды?

А.6. Ә.7. Б.8. В.9.

2. Базарбайдың ұлдары қалай опат болды?

А. Жол апатына ұшырады. Ә. Жау қолында қалды. Б. Оба ауруына ұшырады. В. Шетінеп кетті.

3. Төлеген мен Сансызбайдың арасы неше жас?

А.9. Ә.5. Б.3. В.7.

4. Төлеген қай жасында қалыңдық іздеуге шықты?

А.10. Ә.11. Б.12. В.13.

5. Төлеген өзіне лайық қалыңдық барын кімнен естиді?

А.көршісінен Ә.анасынан Б.досынан В.саудагерден

6. Төлеген елден қанша жорға алып шығады?

А.40 Ә.100 Б.200 В.250

7. Төлеген мен Жібекті таныстыруға кім себепші болады?

А.Шеге Ә.Қаршыға Б.Қасындағы қосшылары В.Жібектің жеңгесі

8. Жібектің әкесі кім?

А.Сырлыбай Ә.Тоқтарбай Б.Қарабай В.Сарыбай

9. Жібектің қанша ағасы бар?

А.3 Ә.6 Б.7 В.5

10. . Төлеген кімнің қолынан қаза табады?

А.Қаршыға Ә. Бекежан Б. Қалмақ В. Қарақшы

11. Төлеген өлген соң, Жібекті кім айттырады?

А.Бекежан Ә.Қорен Б.Шеге В. Сансызбай

12. «Кыз¬-Жібек» фильмі қай жылы шыққан?

А.1980ж. Ә.1960ж. Б.1970ж. В. 1990ж

13. Сценарийдің авторы кім?

А.А. Құнанбаев. Ә.Ғ.Мүсірепов Б.С.Мұқанов В.

14.Жібектің рөлін сомдаған актриса?

А.Айгүл Иманбаева Ә.Меруерт Өтекешова Б.Фарида Шәріпова

15.Жырдың сюжеті қандай?

А.жігіттің елін қорғауы Ә.жігіттің егін салуы Б жігіттің үйленуі

ІІ. Негізгі бөлім: Қызығушылықты ояту

Ит-ның көмегімен «Қазақтың қызы» атты әнді қойып,әрі қарай әңгімеміздің жалғасы қандай болмақ деген сұрақ қоямын (оқушылардың жауабы).

Әрине, бүгін «Қыз Жібек» жыры бойынша білімідеріңізді толық көрсетіп, сарапқа саласыздар.

Топтастыру:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Топтастыру арқылы «Қыз Жібек» жырының мазмұнын айту.


«Қыз Жібек» жырының кейіпкерлеріне топтастыру жасау.

«Қыз Жібек» жырындағы салт- дәстүрлерді топтастыру.

Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Иә, дұрыс айтады. Ендеше сіздерге менің де бүгін шашу шашқым келіп тұр. Бұл шашудың ішінде сіздерге талқылау кестесінің сұрақтары жасырынып жатыр. Әр топ өз сұрақтарының жауаптарын алдарыңдағы флипчартқа түсіреді.

Талқылау кестесі:

Топ

Не болды

Дәлел





І топ






1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі.
2. Төлегенді Ақжайық сұлуларын кім ынтық етеді, Ақжайыққа жөнелуі.
3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды?





ІІ топ

1. Жібек Төлегенді неге менсінбейді?
2. Жібектің Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?
3. Төлеген қандай уәде берді, уәдесін орындады ма? Неге орындамады?











ІІІ топ

1. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?
2. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?
3. Сансызбай деген кім? Жібек неге оған тұрмысқа шығады?

Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Фотожұмбақ:Мына үзіндіде Төлеген мен Жібектің бір-бірімен әңгімелесіп отырғаны берілген. Бірақ дыбысы шықпай тұр. Сіздер Төлеген мен Жібектің не туралы сөйлесіп отырғанын болжап, диалог құрайсыздар. Диалог құру барысында кейіпкерлердің бет- ажарына, бет қимылындағы өзгерістерге назар салып отырыңыздар (диалог тыңдалады).

Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

ІІІ. Қорытынды бөлім:Ал енді соңғы сөзді мен айтайын деп, үш топ өз ойларын қорытындылайды.

І топ





Төлегеннің әкесі Базарбайдың баласына қойған талабы дұрыс па? Теріс бата туралы не айтасыз?

ІІ топ





Төлегеннің жырдың басынан жасаған іс-әрекеті дұрыс па? Қазіргі қоғамда ондай ер азаматтар бар ма?

ІІІ топ





Жібектің Сансызбайға тұрмысқа шығуы дұрыс па?

Разработка урока по теме Кыз Жибек жырыРазработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Разработка урока по теме Кыз Жибек жырыРазработка урока по теме Кыз Жибек жыры

Разработка урока по теме Кыз Жибек жыры

ІV. Бағалау

V. Үй тапсырмасы: «Махаббат деген....» тақырыпқа жырдан алған әсерлерің бойынша эссе жазып келу.



© 2010-2022