Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың тұрлаулы мүшелер жайлы алған білімдерін толықтыру. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылатынын үйрету. Сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
ә) оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;
б) оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу. Өз елін , жерін қорғайтын, тәуелсіздікті бағалайтын өршіл рухты азамат тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тіл дамыту, түсіндіру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2 топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.
Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

III. Оқушыларды жаңа сабақты игеруге даярлау.

IY. Жаңа сабақ
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. астық - біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым - аға шопан. Ерлік - бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл - үлкен қуаныш Ол - қазір звено бастығы.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Қыздардың үлкені - Майра, кішісі - сайра. Үш - тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан - Қарағанды.
4. Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше, бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Менің ұмтылған тілегім - қалайда пайдалы адам болып шығу. Қой бағу - қиын кәсіп.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес - жиырма бес.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай - ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл - жазушының байқағыштығын көрсетеді. жақсы - ісімен жақсы. Көрмес - түйені де көрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін, соңынан сызықша қойылады. Жүз - жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма - беске бөлінеді

Жаңа сабақты бекіту
Жаттығумен жұмыс:
41 - жаттығу.
Көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңдар.
Село үлкен. Бұл - Марқакөл ауданының орталығы. Алтай жайылымдары биыл ерекше. Ең бағалысы - қызыл балық.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық таладау жүргізеді.
Білімді бекіту:

2 топтан шығып , сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізеді.

  1. Күрең ат- Бөжейдің қыс мінетін аты.

  2. Олардың біразы - майданнан келгендер, біразы- жергілікті қазақтардан құралғандар.

  3. Жәукеңнің қызы - үлгілі қыз болды.

  4. Өзі бір тәжірибелі адам көрінеді.

«Талдау - табыс кілті». Оқушыларды екі топқа бөлу, сөйлемдер беріп, талдату.

Бірінші топ. Оларға бастауышқа байланысты сөйлемдер. Бастауышты тауып қай сөз табынан жасалғанын айт

1. Құрмаш (кім?) бұл сөзге көнбеді. (зат есімнен жасалып тұр)

2. Екеуі (кім?) қайтадан Қараадырға бет қойды. (сан есім)

3. Бүгін бұлар (кімдер?) Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек. (сілтеу есімдігі)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

1. Ол - күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. (бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).

2. Бес жердегі бес - жиырма бес. (бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Бастауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Екінші топ. Баяндауышқа байланысты сөйлемдер. Баянщауышты тауып қай сөз табынан жасалғанын айт

1. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. (етістіктен жасалған)

2. Сиыр - төрт жүз, жылқы - мың үш жүз. (сан есімнен жасалып тұр)

3. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік. (сын есім)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

1. Қуаты - ақындық, үміті - халық. (бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр)

2. Бұл - Бәкен. (бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Баяндауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

«Кім көп біледі?» Мақал - мәтел айтудан жарыс.

Бірінші топқа

1. Алып анадан … 2. Ұстазыңды ұлы әкеңдей … 3. Гүл өссе жердің …, қыз өссе елдің …. 4. Жақсы ат - жанға …. 5. Отан үшін отқа түс ….

Екінші топқа

1. Шешен кісі сөз бастар …, адал кісі ел ….. 2. Жақсының ашуы жібек орамал ….. 3. Ат сүрінбей жер …. 4. Әдепті бала - арлы …, әдепсіз бала - сорлы бала. 5. Оқу - білім …, білім - өмір …..

Қорытынды

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. «Сұрақ - жауап». Сынақ өткізу.

- Сынақ өткізу барысында сұрақтың екі жауабын, яғни «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер. Бұл кезеңге тек екі топтың басшылары қатысады.

Сұрақтар

1. . Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен болса, араларына сызықша қойылады (жоқ)

2. Бастауыш кім?, не? деген сұраққа жауап береді. (иә)

3. Анықтауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)

4. Баяндауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)

5. -ның, -нің ілік септігінің жалғауы. (иә)

6. Мен, сен, ол, біздер - жіктеу есімдігі. (иә)

7. -ма, -ме, -ше сұраулық шылаулар. (иә)

8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)

9. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай - ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады

10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)



Үйге тапсырма: 42 - жаттығу.
Өлеңнен жасырын тұрған бастауышты баяндауыш арқылы тауып жазу.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.




№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясы












Сабақтың тақырыбы:

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша






Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Каршығаева Ж.Ж.














2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022