Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы

"Описание материала: "Сабақтың мақсаты: поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту; өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру, талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтуға үйрету; адам бойындағы жақсы қасиеттерге баул... 1. Авторы. Ш.Құдайбердіұлы 2. Тақырыбы. «Еңлік-Кебек» 3. Тегі –эпос 4. Жанры –поэма 5. Идеясы –феодалдық әдет-салт заңының құрбаны болған Еңлік пен Кебектің тағ- Дыры арқылы сол кезеңдегі ең негізгі тартысты ашу. 6. Шумақ -140 7. Тармақ -560 8. Бунақ -3/3 9. Буын саны - 11-12 10.Ұйқас –а,а,б,а –қара өлең ұйқасы "Сабақты бекіту. Автор орындығы. «...Тастады бесігімен баласын да, Обалға өшіккен ел қарасын ба?!» "Қорытындылау "Үй тапсырмасы
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты:

білімділік: поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту;

дамытушылық: өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру, талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтуға үйрету;

тәрбиелік: адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулу, махаббат сезімін қадірлей білуге үйрету, туған жерге, ана тілге деген сүйіспеншілікті қастерлеуге баулу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың тегі: дамыта оқыту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, зерттеу, сатылай кешенді талдау

Сабақтың көрнекілігі: Ш.Құдайбердіұлы портреті, шығармалары, семантикалық карта, концептуалдық кесте, сызба, слайд

Техникалық құрал-жабдық: компьютер, мультимедиа тақтасы

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі, бейнелеу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Үй тапсырмасын сұрау. «Адамдық борышың» өлеңін жатқа айту.

Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыз жаңа ғана айтып өткен «Шәкәрім -махаббат мәселесінің қоғам-ның әлеуметтік саяси дамуымен қатар берген шебер қаламгері» ойына дәл келеді.

«Еңлік-Кебек» поэмасын оқудағы мақсатымыз -поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт заңының құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу. Поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту. Үйде «Еңлік-Кебек» поэмасын оқып-танысу, әр оқушыға ізденушілік жұмыстары тапсырылған. Осы мақсатта түрлі шығармашылық жұмыстар жасауға байланысты сыныпты үш топқа бөлеміз:

1-топ -тарихшылар

2-топ -зерттеушілер

3-топ -әдебиеттанушылар

Әдебиеттанушылар компьютермен жұмыс жасайтын болғандықтан, поэмаға жал-пы талдау жасау үшін шығарманың композициялық құрылымына, кейіпкерлерге сатылай кешенді талдау жасайды, өлеңге, өлеңнің тіліне жалпы талдау жасайды, өлеңді ажарлайды, өлеңдегі құбылтуды талдап, айшықтауды табады.

Тарихшылар поэманың қысқаша жазылу тарихы мен мазмұнына талдау жасап, поэманың кіріспе бөліміндегі тарихи кезеңді суреттейді.

Зерттеушілер «Еңлік-Кебектің» алғашқы нұсқаларына, «Абай жолы» романында-ғы Абайдың Шәкәрімге дастан туралы айтып, поэма етіп жазуына ұсыныс жаса-уын, Мағауия Абайұлы поэмасы мен Мұхтар Әуезов пьесасын салыстыра қарап, поэмадағы жер-су атаулары туралы және қосымша зерттеушілердің іздену жұ-мыстарын талдайды. Поэмамен таныс екенін семантикалық картаны толтыра оты-рып, кітаптан үзіндіні тауып оқи отырып дәлелдейді.

Кейіпкерлер

Еңлік

Кебек

Кеңгірбай

Көбей

Шығармадан үзінді


Поэмадағы кейіпкерлердің өмірге қызығушылығы мен адамгершілік қасиетіне баға беру үшін концептуалдық кестені толтырады.

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Еңлік

Кебек

Кеңгірбай



Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау

1. Басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы

2. Байланысуы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңлік үйіне түсуі

3. Дамуы. Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі. Қара жартаста кездесуі

4. Шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі

5. Шарықтау шегі. Көбейдің Кеңгірбай жұмбағын шешуі. Кеңгірбайдың қатал үкі-

Мі

6. Шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Бесікте шырылдаған

Баласының қалуы

Кейіпкерлерге сатылай кешенді талдау

1. Авторы. Ш.Құдайбердіұлы

2. Тақырыбы. «Еңлік-Кебек» поэмасы

3. Тегі -эпос

4. Оқиға өңірі -Шыңғыс тауында

5. Оқиға кезеңі -1780-жыл

6. Кейіпкерлері: Кебек -бас кейіпкер, Тобықтының батыры, уәдеге берік, ержүрек

батыр. Еңлік -Матай руынан, бай Сыбанның ынжық баласына айттырылған,

батыл. Нысан абыз -балгер. Кеңгірбай -Тобықтының биі, ақылды, әділ би, дала

заңына бағынып, қатал үкім шығарушы. Көбей -Жүзбенбет деген таптан шық-

қан кісі, әрқашан Кеңгірбай бидің жұмбақ сөзін сол шешкен.

7. Тұлпары -Қозыкүрең

8. Жырдағы әдет-ғұрып, салттар: жақынынан қыз алмау, уәдеге беріктік, қалың-

Мал беру, қызды алып қашу, құда түсу, аңшылық, құсбегілік, қонақ күту, ұрын

Келу

9. Жер-су атаулары: Хан, Шыңғыс бөктері, Хақан өзені, Мұғажар, Орда, Ащысу,

Таймақ пен Ералы

Поэмаға жалпы талдау

1. Авторы. Ш.Құдайбердіұлы

2. Тақырыбы. «Еңлік-Кебек»

3. Тегі -эпос

4. Жанры -поэма

5. Идеясы -феодалдық әдет-салт заңының құрбаны болған Еңлік пен Кебектің тағ-

Дыры арқылы сол кезеңдегі ең негізгі тартысты ашу.

6. Шумақ -140

7. Тармақ -560

8. Бунақ -3/3

9. Буын саны - 11-12

10.Ұйқас -а,а,б,а -қара өлең ұйқасы

Поэманың тілі

1. Синоним: батыр, ер; кісі, пенде, адам; жолдасы, досы; т.б.

Омоним: атты кісі, аты шықты.

Антоним: жақын-алыс, кемпір-шал, қыс-жаз, түсім-өңім, т.б.

2. Архаизм: қолбасшы, ұрын келу, барымта, би, қанжармен соғысу, таспен ату,т.б.

Неологизм: елші

Кірме сөз: ғибрат, ғаділ, шафқат.

3. Диалект сөз: жамағайын, мықты, ындын, шарбақ, там, нышан, дым.

4. Мақал-мәтелдер: а) Сақтықта қорлық жүрмес. ә) Жақсы әйел жаман ерді түзе-

Теді. Б) Иесімен ас тәтті. В) Ел құлағы елу.

5. Тұрақты тіркестер: жаны отты, көзі өткір, екі көзін қан жуып, т.б.

Поэмадағы ажарлау

Өлеңді ажарлау: аллитерация, ассонанс

Эпитет: биік қабақ, қара қазан, сары бала, т.б.

Теңеу: сақтанбасаң алғандай ақылды ұрлап, елтіген бөрідей боп жеген уға, талай-

дың таудай күшін талқан қылып.

Өлеңдегі құбылту: ауыстыру, кейіптеу, пернелеу, астарлау, алмастыру, мегзеу, Әзіл, кекесін, мысқыл, ұлғайту, кішірейту, әсірелеу, табу, эвфемизм, дисфемизм.

Поэмадағы айшықтау

1. Поэмада жарлай да, сұрай да, зарлай арнау да бар.

2. Қайталау. Кезекті қайталау: деген кісі, сол кісі, т.б.

Әдепкі қайталау: Кейбіреуі таспенен атпақ болды,

Кейбіреуі дарға да аспақ болды.

Еспе қайталау: Бірі ол деп, бірі бұл деп көп кеңесті,

Біле алмай, не берерін, не бермесін.

3. Шендестіру

4. Дамыту

5. Түйдектеу мен баяулату

6. Сөз тастап кету

7. Сөз орнын ауыстыру

8. Егіздеу

Сабақты бекіту. Автор орындығы. «...Тастады бесігімен баласын да,

Обалға өшіккен ел қарасын ба?!»

(өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, автор орындығына отырып оқиды.)

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы: «Біздің бойымыздан Еңлік пен Кебектегі асыл қасиеттер табыла

ма?» тақырыбында ой толғап жазыңдар.



© 2010-2022