Научная работа по английскому языку

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Zhangalinsky regional department of education

General secondary school by M.Zhunusova









Subject of research work: "The history of my Edge".

Direction: "History Edge"



Done by: Pupil of the 4th grade Ibraimova Aisara

Research supervisor: Teacher of English Buymagambetova I V





Zhanakala region



Contents

  1. Introduction

Historical facts and modern development.

  1. Main part

Native land -gold cradle…………………………………………3-4

  1. Conclusion

The history of my edge-my history ……………………………………………………………………..5

  1. Literature

History. History of Kazakhstan. The Bokey Orda, causes migration of people 6

Review

This research work of Ibraimova Aisara the pupil of the 4th grade. It reflects the love for the motherland, sense of patriotism, historical facts connected with reality.

Teacher of English: Buymagambetova. V I



Introduction

Motherland - my heart,

Motherland - my prop.

With flowers in hand,

I'll be happy.

Every day we hear the word homeland, teachers, parents are introducing the concept of the sacred word widely. In my little understanding the motherland - is where you were born, grew up among relatives, friends... Our ancestors left many valuable about our homeland that we always remember and be proud of. "Motherland - a fortress", "No to the world the best of the native land", "everyone in my native land better," such sacred words, I have often seen from the books, which I read and heard from stories of my grandmother. "Homeland" - is one of the sacred words, which is rich in historical power of the word. «Motherland " blood rich in the history of the power of the word, chronicles the history of a great nation: " Kamys - Samar " noted historical Zhanakala district, starting with the history of the poet composed, with the fresh air pouring into the final song of the singer, with sounds of the status bestowed upon singers traces, of horse heroes who defended the Jañakazan country, my native land. The history of my native land, if you carefully examine began from the XVIII-XIX centuries. So, to get to know the history of my native land, I had carefully examined our local museum, listening to stories of my grandmother's and adults.

The main part (Research)

Yes, it is a long story ... my grandmother said. Earlier this settlement was considered the center of the area Zhanakala and called New Kazanka. Grandma explained why the first call so called. First explained how the name of the grandmother in the village. By the end of the 1770's at the bottom of the Volga River that is to the east and west of Lake Zhaiyk possible because of the formation of Bukey Urda, perhaps it is a policy of Urda remaining under the supervision of Tatars and Bashkirs to find a shelter moved into Kazakh lands. Especially marriage Zhangir Khana to the Tatar's daughter Fatima. Their trade has helped them to visit different areas.

So these merchants Tatars became a member of our settlement. Merchant Tatars one of the many times that this is our country. Merchants who came from the north of our land were a paradise for them, because they had a good trade. So they moved and settled Tatars merchants. They built two-storey houses and shops. They wanted to establish a settlement Zhanakazan, which later became New Kazanka.

He began his career with our school and devoted his life to science, the great Doctor of Law Kalimolda Halikov, saying that it is sacred and educated country. Our school opened office history of Kazakhstan called Kalimolda Halykova.My native land, it is a document of my eternal land, - said Kalimolda Halikov. I think that these sacred words were spoken very well.

I am proud that I study in a famous school where he studied and was a teacher and public figure Seytkali Mendeshov. Now our school is named after a hero of the Soviet Union Mazhita Zhunusova. In our school there is a "Glory" hall. In this hall, we are proud to conduct educational hour about four heroes of the Soviet Union of our native land to the day of the 70 anniversary of the Great Patriotic War.

What a wonderful, no one hero, four heroes...

And indeed our country can be called "Heroes of the homeland". How many characters do not return from the war and how many have returned and gave us the victory?!

Let there be peace in our country!?

I read every issue of our regional newspaper "Zhanargan Onir".

When we are celebrating the 125 anniversary of Dina Nurpeisova, came from capital Astana national writer Abish Kekilbaev, said that he came to his native land after Kurmangazy and Dina. These famous people of his native land that his gift to show your love for the homeland. What a beautiful opinion of Abish grandfather spoke so much about my native land. I am proud to say about the 20-year Assembly of Kazakh people. Because Jañakazan country is a multi-ethnic country. At this time, we live with immigrants Tatar ancestors 1850- 1870 years.

We live next door to the Tatar family Valitovs. They are multinational family. Tatars their ancestors, and mother Valitova Lyubov Sergeevna - Russian woman. She has four daughters and three sons, and son-in- laws are Russian, Ukraine, Belarus. They are solidarity, education, culture, family, and their smallest grandchildren Karina is my best friend.

Our school is an international school. We all are very friendly. Our village has a secondary school, big tall house of culture, historical - ethnographic museum and preserved two-storey house of a merchant Utyakova built in 1871 and registered in London.

On the shore of our village there is a lake Aydin. It gives a beautiful view of our village. And on the other side of the village there is a lake According to my grandmother in 20-30 years there was a lot of water full of fish and to get into the steppe crossed by boat. According to my grandmother there drowned beautiful girl named Raiym. Therefore, the lake was named I am very concerned about the fact that there is no water in Raiym. And now I am interested in Raiym water, because for a long time in the summer, when the wind rises the whole village comprehends sandstorm.

Who does not want that his native land was beautiful, all were green? I too wish that in my native village had a lot of cattle, a good harvest, and the rivers full of white swans.

Conclusion

As they say, the Motherland begins with the family, and I love my parents, grandmother, family and love my life. As far as I miss when I'm next to rejoice.

I am the heir of eternal country, has all the riches in the vast steppes of Kazakhstan, there were a lot of great talent and intellectual heritors! It is one of the most beautiful country my native land - Kamys - Samar! I believe with all my heart that this is a great country!





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жаңақала аудандық білім беру бөлімі

М. Жүнісов жалпы орта білім беретін мектебі







Ғылыми жобаның тақырыбы: «Менің өлкемнің тарихы»

Бағыты: «Өлке тарихы»



Орындаған: Ибрайымова Айсара

4а сынып оқушысы

Жетекшісі: Баймагамбетова. В И

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі











Жаңақала ауданы.



Мазмұны

Аннотация ......................................................................................................

1.Кіріспе :

Тарихи дерек пен қазіргі заманауи даму,шыңдық.

2.Негізгі бөлім: (Зерттеу бөлімі)

Туған жерім - алтын бесігім

3. Қорытынды:

Менің өлкемнің тарихы-менің тарихым

4. Пайдаланылған әдебиеттер:

Тарих. Қазақстан тарихы. Бөкей Ордасы, халықтың аралас қоңыстануы, оның себептері.





Пікір

Бұл зерттеу жұмысымен айналысудағы 4а сынып оқушысы Ибрайымова Айсараның, «Менің өлкемнің тарихы» туралы толғанысы мол, отаншылдығы басым, туған жерге деген сүйіспеншілігі анық байқалатын, тарихи деректер мен шындық, бабалар тұжырымы бар айқын еңбек.







Жетекшісі: Баймагамбетова. В И

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Аннотация

Зерттеудің мақсаты:

Туған жерді, Отанды сүю, отаншылдыққа, тарихи деректерді біліп өсуге үйрету.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Өлке тарихын зерттеу арқылы туған жердің қадірін білуге, отаншылдыққа, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, оны қорғау.

Зерттеу кезеңдері:

1. Отан, отбасы, туған жердің тарихы туралы болжамдармен танысу, ардагерлермен кеңесу, әнгімелесу.

2. Өткен өмірден деректер және тарихи шыңдық.

3. Өскен өлкеңді терең білгің келсе, оқы, тарихи деректерді зертте.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

XVII-XVIII-IXX ғасыр деректері- елдің тарихы, халықтың қоңыстану себептері, тұрғылықты елге айналу, өнер, кәсіп,батырлар мекеніне айналу туралы деректердің шыңдығы.





Кіріспе

Отан - менің жүрегім,

Отан - менің тірегім.

Құшағында гүл жайнап,

Бақытты болып жүремін.

«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүреміз, оның қасиетті ұғымы кең сөз екенін ұстаздарымызда, ата-анамызда құлағымызға сіңдіруде. Менің кішкентай түсінігім, түйсігім бойынша, Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақын-жуықтарымен, өскен ортасымен, достарымен бірге тұратын атамекені. Халқымызда ата-бабаларымыз туған жердің қадіріне жете білуге, оны қорғап, мәңгі сүйіп өтуге тәрбиелеген ұғымды сөздерді мұра етіп қалдырды. «Туған жерің - тұғырың», «Туған жердің тұғыры биік», «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат» - деген қасиетті сөздері оқыған кітабымнан, әжемнің әңгімесінен естіп келем. Осы бір қасиетті «Отан» сөзінің құдіреті дарыған тарихы мол, шежірелі, тарихы мол халқымыз: «Қамыс-самар елі» атап кеткен Жаңақала ауданының тарихи шежіресі, халқының тарихы басталатын ақиық ақындар жырын төккен, саф ауада ақырта ән салған әншінің, күмбірлеген күй төккен күйшілердің, ел қорғаған батырлардың ат тұяғының ізі қалған Жаңақазан елі - менің туған өлкем. Туған өлкемнің тарихы, дәл осы ауылдың тұрақты елге айналып отырықшы болу тарихын зерделесек - мен өмір сүріп отырған ХХІ -ғасырдан әрі ХҮІІІ-ХІХ ғасырларға шегініс жасауға тура келеді. Сондықтан да мен туған жерімнің тарихын жақсы білу үшін, әжемнің әңгімесін зерделеп тыңдауыма, мектеп мұражайын көп зерттеп қарауыма, үлкендер жиналған жердегі әңгімелерді тыңдауыма тура келді.

Негізгі бөлім (Зерттеу бөлімі)

-Иә, бұл ұзақ әңгіме... - деді әжем. Бұрын бұл ауыл - Жаңақала ауданының орталығы - аты - Новая - Казанка аталды. Ауылдың ең бірінші қалай осы атпен аталғанын әжем түсіндірді. 1770 жылдардың соңына қарай 1800 жылдардың бас кезінде Волганың төменгі жағында, яғни шығыс бетінде, Жайық өзенінің шығыс, батыс бөлігіне Бөкей Ордасының тұрақтануы, құрылуы Орданың саясаты болуы да мүмкін, орыс билігінде қалған татарлармен башқұрлар табыс іздеп қазақ жерлеріне қарай ағылды. Әсіресе, Хан Жіңгірдің Фатима атты татар қызға үйленуі, олардың сауда - саттықпен ел аралауына көмектесті. Сол саудагер татарлар еселеген елдің бірі осы отырған біздің ауыл. Солтүстіктен келген саудагерлерге біздің түбектегі ел, құрақ жұмақтай болды, саудалары жүрді, сондықтан да осы елге татар көпестері көшіп келіп елді тұрақтандырды, екі қабатты үйлер салды, дүкендер салып, «Жаңа Қазан» қаласын орнатамыз деп, Новая - казанка селосы осылай пайда болды.

Өзінің өмір жолын осы жерден білім алып, ғылыми жолмен бастау балды дейтін заң ғылымының докторы Калимолда Халықов атамыз: «Бұл жер - шежірелі жер, бұл ел - білімді ел» деген екен. Менің туған елім, мәңгілік елімнің төл құжаты - конституциясын жасауға қатысқан Халықов атамыздың сөзі - осы қаситетті елім үшін өте дұрыс айтылған дер едім.

«Қамыс - Самар» мектебінің алғашқы оқушысы да, ұстазы да бола білген қоғам қайраткері Сейтқали Меңдешов еңбек еткен, 2018 жылы 150 жылдық тарихы, шежіресін күтіп тұрған осы елдегі алғашқы мектепте, қазіргі Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісов атындағы орта мектепте оқығаныма мақтанамын. Біздің мектепте «Даңқ» залы бар. Осы залда, Ұлы Отан соғысына 70-жылдығы алдында қан майданда ел қорғауға аттанып, ұрыс даласында қаһармандық көрсеткен, Кеңес Одағының батыры атағын алған 4-батыр туралы «Батырлыққа бастау» атты тәрбие сағатын тамашалау біздер үшін үлкен мәртебе болды.

Қандай тамаша, бір батыр - емес, төрт батыр...

Шынында да, біздің елімізді Қамыс-Самар елін, «Батырлар елі» деп атау

дұрыс екен деп ойлап қалам. Ал, Отанды қорғауға барып, оралмағандар, елге аман-есен оралып жеңісті жақындатқан біздің аталарымыз қаншама?!

Тек, еліміз тыныш болғай?

«Жаңарған өңір» газетінің әрбір нөмірін оқимын.

Аудан жұртшылығы күй анасы Дина Нүрпейсованың 125 жылдығын тойлағанда ауда орталығына сонау Астанадан келген халық жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Күй еліне келдім, күй атасы Құрманғазы да, күй анасы Дина да осы өлкенің адамдары, олар көшкен құмды, сылдырлап аққан суды, шулаған қамысты, жортқан батырды, сөз бермес шешенді, күй өнері арқылы елге паш етті!» - деген екен. Қандай тамаша пікір, Әбіш атаның менің туған жеріме даналарын, дараларын ел алдында ардақтағаны өте тамаша, мен қуандым!

2015 жылғы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығы туралы да айту мен үшін үлкен қуаныш. Себебі, Жаңақазан елі көп ұлтты ауыл. Мұнда әлі де, бір кезде 1850-1970 жылдары келіп қоныстанған татарлардың ұрпақтары өмір сүруде.

Біздің үймен көрші татар отбасы Валитовтар тұрады. Олар көп ұлтты. Атасы, әкелері татар, аналары Валитова Любовь Сергеевна - орыс, төрт келіні қазақ қыздары, ал күйеу балалары орыс, украин, беларус.

Олар ынтымағы мол, тәрбиелі, мәдениетті отбасы, олардың ең кішкентай немерелері Карина- менің досым.

Мектепте де татар, украин, орыс балалары бар, біз олармен доспыз. Біздің ауылда орысша, қазақша он бір жылдық мектеп, үлкен, биік мәдениет үйі, тарихи - этнографиялық мұражай, 1871 жылы салынған екі қабатты, Лондонда тіркелген татар көпесі Утяковтың үйі сақталған.

Ауыл іргесінде «Айдын көлі, жайқалып өскен құрақ ауылға сән беріп тұрады»

Ауылымның бір бетінде Райым көлі бар. (әжемнің айтқаны) 20 ғасырдың 30 жылдарының шамасында Райым суы көп, балығы мол, ел құмға қарай өту үшін қайықпен қатынапты. Сонда татар байының Райым деген сұлу қызы суға кетіпті. Сонан сол көлмен «Райым» деп аталып кетіпті. Мені толғандыратыны қазір райымда су жоқ. Мен тумастан бұрында көптен болмаған, қазір жаз болса , жел тұрса көк топырақ борайды, кейде дауыл болып көзді бітейді.

-Кім-кімде туған жерінің көркейгенін, әдемі болғанын, ағаштардың жайқалып өскенін, жердің шұрайлы шөптерге мол болғанын жақсы көрмей ме? Мен де ауылымның, туған жерімнің төскейінде малы көп болса, егін алқабы болса, үстінде комбайындар егін орса, аққу -қазы көп сулы көлдер суалмаса екен деп армандаймын.

Қорытынды

«Отан - отбасынан басталады»- дейді, менің өзімді, бауырларымды өсіріп, тәрбиелеп отырған ата-анам, әжем бар, оларды жанымдай жақсы көремін, жанында қуанамын, қашықта сағынамын.

Мен, мәңгілік елдің ұланымын, барлық Қазақстанның ұлан-байтақ даласының байлыққа мол, тамаша таланттар мен зерделі ұрпағы көп болса екен деп қиялға берілемін! Сондай тамаша елдің бірі, менің атамекенім - туған жерім - Қамыс - Самар елі екеніне мен кәміл сенемін! Оған менің кішкентай жүрегім - сенімді







© 2010-2022