Доклад на тему Деңгейлеп оқыту технологиясы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Деңгейлеп оқыту технологиясы

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып,онымен бірге үнемі өзгеріп отырады.Ол ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай үнемі жетіліп,уақыт өткен сайын күрделене береді.Қай кездеде жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып,дамуын қамтамасыз ету.Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та ондағы оқу және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгереді.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технолгияның негіздері болып табылады.Оқушы қызметін активтендіру негізінде қолданылатын технологиялардың бірі-деңгейлеп саралау технологиясы.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.

-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

-деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің 3 деңгейі қарастырылады:ең төменгі деңгей,бағдарламалық деңгей,күрделі деңгей.

Педагогика ғылымдарының докторы,профессор Ж.Қараев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген

1.Репродуктивтік деңгей:Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі.Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.

2.Алгоритімдік деңгей:Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3.Эвристикалық деңгей:Оқушы өзі ізденіп,қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4.Шығармашылық деңгей:Оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады.

Ағылшын тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі:

-оқушыны үнемі әрекетке қосады.

-үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады.

-тілдік категориялардың лексика граматикалық құрылымын игертіп,ауызша,жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

-оқушы әрі талдай әрі салыстыра отырып негізгі бөлімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді.

Ағылшын тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі,әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылымымен іске асады.

1.Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.

2.Жалпы білімді игерудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері(1,2,3 деңгей).

3.Тест тапсырмалары.

4.Өзіндік жұмыс.

5.Қатемен жұмыс.

6.Көп деңгейлік бақылау жұмысы.

7.Рейтинг мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау.



© 2010-2022