Открытый урок по английскому языку Фигуры

Раздел Иностранные языки
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пухальск негізгі мектебі













«Shapes»


ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ



Ағылшын тілі пән мұғалімі: Сатанова Д.К.






2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: Shapes

Мақсаты: Балаларды «Shapes» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру (triangle, circle, square). It is a triangle құрылымымен таныстыру. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді еңгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Жаңа лексикалық бірліктерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту. Мұғалімдерді, бір-бірінді тыңдауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тықырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру сәті:

Мұғалім балалармен амандасады:

  • Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

I am glad to see you!

Оқушылар мұғаліммен амандасады:

  • Good morning, good morning

We are glad to see you!

  • How are you, children?

  • Good, thank you!

  • Sit down, please.

II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін біз математика сабағында пайдаланатын фигуралардың ағылшын тіліндегі атауымен танысамыз.

III Тірек білімді белсендіру.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенің қараңдаршы. Бізге қонаққа Бауырсақ келді. Қане, балалар, бауырсақпен амандасайық.

-Hello, children. How are you?

- Hello, бауырсақ.

- Балалар, бауырсақ бос қолмен келген жоқ. Ол бізге қызық қызық дыбыстарды ала келді. Бұл дыбыстар бүгін оқып үйренетін сөздеріміздің ішінде кездеседі.

Listen to me and repeat:

{ai}, {ai}. {eә}, {eә}. {з:}, {з:}.

  • Енді осы дыбыстарды әндетіп айтып көрейік. (Мұғалім дыбыстарды әндетіп айтады, балалар қайталайды).

Дыбыстарды айтқан кездегі балалардың еріндері мен тілдерінің қозғалысына назар аудыру керек.

Енді осы дыбыстар кездесетін сөздерді айтып көрейік. Listen and repeat after me.

{ai} triangle, my, hi.

{eә} where, chair, square.

{з:} girl, circle, learn.

IV Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс.

1-ші жаттығу. Learn the shapes.

  • Балалар, менің қолымда нені көріп тұрсыңдар?

  • Балалар: дөңгелек, ушбұрыш, төртбұрыш.

  • Дұрыс айтасыңдар. Look at me. It is a triangle. It is a circle. It is a square. (Балаларға пішіндерді көрсету).

Суреттегі дөңгелек, төртбұрыш және ушбұрыш пішінді заттарға қараңдар. Ағылшын тілінде «It is a triangle. It is a circle. It is a square.» деп айтамыз.

Repeat after me (оқушылар мұғалімнің артынан барлығы бірге және жеке-дара қайталайды, одан кейін әрқайсысы суреттегі фигураны атайды).

2-ші жаттығу. See the shapes and say.

  • Мұғалім: шкафтың ішінде не бар екенің көрейік. Мұнда киімілгіштер (үшбұрышты) бар екен. Оның пішінің кім айтады?

1-ші оқушы: It is a triangle.

Мұғалім: шкафты жауып, үстелде не бар екенің көрейік. Ал үстел үстінде апельсиндер бар екен. Апельсиннің пішінін кім айтады?

2-ші оқушы: It is a circle.

Мұғалім: дивандағы көпшіктердің пішіні қандай екенін кім айтады?

3-ші оқушы: It is a square.

3-ші жаттығу. Play the game. Draw the shapes in the air.

Мұғалім: кейіпкерлеріміз ауада фигуралардың суреттерін салуда. Муни ненің суретін салды? Ол дөңгелектің суретін салды.

1-ші оқушы: It is a circle.

Мұғалім: Әлібек те бір нәрсенің суретін салыпты.

2-ші оқушы: It is a square.

Мұғалім: Енді үшбұрыштың суретін салған Мишаға назар аударыңдар.

3-ші оқушы: It is a triangle.

Дидактикалық ойын. «Неге ұқсайды?»

Мақсаты: балаларды пішіндерді ажырата білуге үйрету. Ағылшынша сөйлеу дағдыларын қалыптасытру.

4-ші жаттығу. Listen and sing.

Shapes are here, shapes are there.

Shapes are, shapes are everywhere.

This is a circle, this is a square.

This is a triangle.

Shapes are everywhere.

(Бұл әнді сәйкес дене қимылдарды көрсетеді).

5-ші жаттығу. Look at the picture and name the shapes.

Мұғалім: Мину деген кейіпкеріміз мысықтың суретін салды. Суреттен қандай фигураларды көруге болады? (Балалар салынған мысықтың суретін құрайтын фигураларды айтады). Әр фигураның нөмеріне назар аудару керек, әр фигураны атау керек. Осыдан кейін әртүрлі фигуралардан құрылған үйге назар аударамыз. Осы фигураларды атаймыз.

Сергіту сәті:

One, two

Clap,clap

Three, four

Stamp, stamp

Five, six

Jump, jump

Seven,eight

Hop, hop

Nine and ten

Stop,stop!

Дәптермен жұмыс.

1-ші жаттығу. Color the circles - red, square - green, triangles - blue.

Мұғалім: фигураларды түрлі түсті қарындаштармен бояндар.

2-ші жаттығу. Draw a girl or a boy using shapes. Name the shapes.

Мұғалім: балалар, сабақта үйренген фигураларды ғана пайдалана отырып, ер баланың немесе қыздың суретін салыңдар (ер баланың немесе қыздың суретін салу үшін қандай фигураларды пайдаланғандары туралы сұрақтар қойылады).

V Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Бүгін ата-аналарыңа сабақ туралы не айтасыңдар?

  • Біз бүгін фигуралармен таныстық. Ағылшын тілінде фигуралардың атауларын үйрендік (оқушылар «a triangle, a circle, a square» сөздерін айтады).

  • Балаларды мақтап, сабақ қорыту.

  • Goodbye, children!

  • Goodbye, teacher!


© 2010-2022