Дәрігер Айболитпен бірге көңілді сайыс

Барлың ұлдар мен қыздарды көңілді жарысқа қатысуга шақырамын Балалар, жарыста шапшаңдықты,ептілік пен қайсарлықты, тапқырлықты көрсете біліңдер. Келістікпе! Олай болса,сайысымызды бастаймыз.!Күндей жадырап,Айдай арайлап.Жүлдыздай жарқырап,Судай таза көңілмен,Бүгінгі күнімізді бастаймыз.Айболит (ентігіп,жүгіріп келеді де.балалауды көріп,тоқтайды.) Ох,Балалар,орманды,даланы кезіп әрең үлгердік!Мұнда кім ауырды?Мен оны тез емдеймін.-Сендер ауырып қалдыңдарма?-                    Жоқ.-              ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, мұнда назар аударыңыздар. Барлың ұлдар мен қыздарды көңілді жарысқа қатысуга шақырамын Балалар, жарыста шапшаңдықты,ептілік пен қайсарлықты, тапқырлықты көрсете біліңдер. Келістікпе! Олай болса,сайысымызды бастаймыз.!

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жүлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

Айболит (ентігіп,жүгіріп келеді де.балалауды көріп,тоқтайды.) Ох,Балалар,орманды,даланы кезіп әрең үлгердік!Мұнда кім ауырды?Мен оны тез емдеймін.

-Сендер ауырып қалдыңдарма?

  • Жоқ.

  • Жөтелесіңдерме?

-Жоқ.

  • Тез шаршап қаласыңдарма?

-Жоқ.

Айболит:Қандай тамаша,денсаулықтарың жақсы екен.Мұның сыры неде екен білесіңдерме?

Көбей 1-бала:Үнемі спортпен дос болсаң,¥зақ өмір сүресің!

Нұрсәуле 2-бала:

Өзенде шомылғанда

Күнде сен шыныққанда

Шымыр болып өсесің.

Аяжан 3-бала: Сау дене,таза ақыл,адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болар өмір

Оқу үшін мектепке,

Ашу үшін тәбетті,

Қүру үшін сен саулық

Керек жақсы денсаулық.

Аяулым 4-бала: Біз үнемі көңіл-күйді көтеретін, денемізді шынықтыратын, ауруды жақындатпайтын жаттығуларды жасаймыз.

Жүргізуші: Дәрігер Айболит, біздің спорттық мерекемізге қатысып, балалардың қандай епті әрі күшті екенін көріңіз.

Айболит:Балалар тұрыңдар . Менің айтқанымды орындаңдар!

Демалыңдар,демалыңдар!

Қолдарыңды көтеріңдер!

Жарйсыңдар түсіріңдер!

Еңкейіңдер,түзеліңдер!

Тік тұрып күлімдеңдер!

Айболит:Балалар, күшті болу үшін не істеу керек білесіңдерме? Балалар:Үнемі спортпен шұғылданып жүру керек. Салауатты өмір салтын сақтау керек. Дұрыс тамақтану керек.

Айболит:Ал қазір дәрігер Айболитпен бірге көңіл күйді көтеретін, ауруды жақындатпайтын жаттығуларды жасауға дайынсыңдарма? Дайын болсаңдар кеттік.

Жаттығулар жиынтығы:

  1. «Хайуанаттар бағына барамыз».Жай жүріс,қолды сәл бүгіп жүру.

  2. Аюлар арқасын агашқа тигізеді».Иықты кезекпен,содан кейін ірге жогары котеру,түсіру.

  3. Маймылдар ағаштан банан жұлады.»Өкшені көтеріп қолды ;ары созу.

  4. Кірпі азыгын тексеріп жүр.»Қолдың ұшын жан-жаққа айналдыру.

  5. Құстар ұшып барады.»Алға еңкейіп,қолды жан-жаққа сермеу.

  6. Аланқайда қояндар жүр.»Екі аяқпен секіру.

  7. Қояндарды қуып жетеміз.»Шеңбер бойымен жүгіру.

  8. Жануарларды хайуанаттар багына апарамыз.» Жай жүріс. Сап түзеу.

Айболит: Ой,жарайсыңдар!Маған өте ұнады.

Балалар, спортпен тек жазда ғана емес, қыста да, күзде де әрдайым шұғылдану керек. Сонда барлығыңның денсаулықтарың мықты болып, сергек, көңілді жүресіңдер! Ендеше көңілді сайысымызды бастаймыз. Ал енді жарысқа қатысушы екі топтың ұранын тыңдаймыз:

Жасылдар тобы:

Күннің көзін сүйеміз, күшті епті боламыз,

Ертемен біз тұрамыз, жаттығуды жасаймыз.

Қызылдар тобы:

Әрқашан таза болуды, ән айтуды, ойнауды,

Жүгіруді, секіруді ұнатамыз бәріміз!

Айболит: Сайыста жеңіп шығу үшін тату болу керек. Жаттығуларды бірлесіп орындағанда ғана топ жеңіске жете алады.

Сайыстағы жаттығулар жиынтығы:

  1. «Мергендер» Балалар бастарына қапшық қойып, кеглилер арасымен өтіп межеге келіп, ілінген шарларды үшкір таяқшамен жарып, кері қайтады.

  2. «Өрмекшілер» Балалар төрт тағандап отырып, межеге барып, суреттерді құрастырып, орнына жүгіріп оралу.

  3. «Ким шапшаң» Балалар тунелден өтеді.Тунелден өткен соң, балалар шашылған кубиктерден үй құрастырады.

  4. «Көңілді жұп» Балалар қол ұстасып, тақтай үстімен жүріп өтулері керек. Қол ұстасып, жүгіріп белгіні айналып өтіп орындарына келеді. Келесі жұп жаттығуға кіріседі.

  5. «Кім жылдам» Балалар үлкен доптың үстіне отырып, межеден орнына айналып келу.

Айболит: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар.Шыныменде күшті, епті екенсіңдер. Енді бір жануарға көмектесесіңдер.

Балалар: Ол қандай жануар?

Айболит: Науқасты алып келіңдер.(залға екі үлкен жыланды алып келеді.)

Айболит:Балалар, мына екі науқасты менің бөлімшеме қай топ бірінші апарады екен.

«Жыландарды жеткізу» Балалар жыланның басын көтеріп ұстап, жерге тигізбей, бөлімшеге тездетіп апару керек.Бөлімшеге бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Айболит: Жарайсыңдар,Міне, қандай шапшаңдық, тапсырманы орындадыңдар. Мен сендерден тағы көмек сұрағым келіп тұр.

Балалар:Дәрігер, сен тағы жануарды әкелгің келіп тұрма?

Айболит: Жоқ, маған көмекшілер керек. Сендер дәкені қалай қолдану керек екенін білесіңдерме?

«Дәкені орай» - саусақ моторикасын дамытуға
арналган. Балалар ленталар оаиланган құрсауды айналып тұрады. Лентаның ұшында таяқшалар байланган.» баста» деген белгі естілісімен таяқшаға ленталарды орайды. Қай топ ленталарды жылдам орап шықса, сол топ жеңімпаз болады.

Балалар хормен: Таза ауа,күн,су және спорт.

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз

Бейбіт өмір баршаңызға тілейміз.

Балаларды мадақтау,сыйлықтар тарату.




© 2010-2022