Внеклассные мероприятия уроки сценарии классных часов

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№15 Сабақ, Менің сүйікті пәнім. /My favourite subject

Сабақтын тақырыбы:

Менің сүйікті пәнім. /My favourite subject

Сілтеме:

С.Д.Рахимжанова,А.С.Волкова 3 сынып оқулығы,электрондық оқулық. Голицинский : грамматикалық нұсқаулық. Ғаламтордан алынған суреттер, мәлімет.

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың тіл байлығын кеңейту,өздерінің сүйікті пәндері туралы мәлімет бере алу керек.Жаңа лексиканы қолдануға үйрену, заттарды атауға үйрену. Фонетикалық жаттығулар арқылы оқушылардың тілін дамыту.

Міндеттер:

1.Сөздерді оқу, дұрыс транскрипциялық белгілерін айта алу, тақырып бойынша мәліметті меңгергенің тексеру.

2.Өзара диалог жүргізгенде интонацияны дұрыс ұстауына үйрету.Қиын сөздердін транскрипциясын оқыту,

3.Топ ішіндегі жұмысты нығайту, достық қарым-қатынасты нығайту.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:

1.Транскрипциялық белгілерді тани білу, жатқа жаза алу. Сөздерді түсініп оқып аудармасын жаза алу.

2. Тақырыптық лексиканы меңгергені.

3. Топ ішіндегі жұмыс нығайады, достық қарым-қатынас орын алады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

1.Оқушылардың өздерінің өміріне байланысты мәлімет береді.

2.Өткен тақырыптарды қорту арқылы оқушыларда өздеріне ұнайтын істер тұралы жаңа идеялар туындайды.

Күтілетін нәтиже.

1.Оқушылар жалпы өткен тақырыптық сөздерді біледі. Оларды мысалы ретінде келтіре алады.

2.Пәндер тұралы өз ойларын жеткізе алады.1-2 сөйлеммен.

3.Оқу типтерін ажырата алады -көбі.

Тапсырмалар:

  1. Үлестірмелі карточкалар .

  2. Деңгейлік тапсырма.

  3. Жастарына сай тапсырмалар.

  4. Жұптық жұмыс: диалогті рөлдеп айту.

  5. Топ ішіндегі жұмыс: «Ассоциация» стратегиясын қолдану арқылы.

  6. Бағалау, өзін бағалау, басқаларын бағалау-кері байланыс орнату.

  7. Стикерлер: «Екі жұлдыз, бір тілек»



Көрнекілігі:

1.Слайд.

2.Жануарлардың масқалары.

3.Топтарға бөлу суреттер.

4.Топ ережесі.

5.Үлестірмелі карточкалар.

6.Флипчарт суреттерімен.

7.Бағалау парақшалары.

8.Стикерлер.

Жаңа сабақ

Мұғалімінің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

1.Суреттер арқылы топтарға бөледі.

2.Мұғалім сөздерді тақтаға жазады.

3.Транскрипцияны оқып түсіндіреді.

4. «Менің сүйікті пәнім» деген тақырыпқа топтастыру стратегиясы арқылы, топпен жұмыс істеуге тапсырма береді.

1.Суреттер арқылы 2 топқа бөлінеді.

2.Оқушылар сөздерді мұғалімнің артынан қайталап оқиды.

3.Транскрипцияны түсініп , оқып жазады.

4. «Менің сүйікті пәнім» деген тақырып бойынша өз ойларын жинақтап, ұғып-түсінгенің жазады, флипчартпен жұмыс істейді.

Бағалау:

Мұғалімінң іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

1.Жүргізілген карточкалармен сөздерді аудару нәтижесі бойынша бір-бірін бағалауға тапсырма.

2.Топ басшысына бағалауға тапсырма.

1.Балалар өздерінің үй тапсырмаларын орындағанын бағалайды.

2.Топ басшысы топ ішіндегі оқушыларға баға қояды.

Үйге тапсырма:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1.Тақтаға жазады: 38-бет, 4-жаттығу, сөздерді оқу, транскрипциясын тану, жаттау.

Оқушының іс-әрекеті:

  1. Үй тапсырмамен танысады, күнделіктеріне жазады.

  2. Стикерлерге өткен сабақ бойынша өз ойларын жазады.



© 2010-2022