Сабақ жоспары Алматы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Алматы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықта,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру

Дамытушылық:оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:Алматы туралы мағлумат беру,сөздік қорларын мол айту,елге,туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекіліктер:сызбалар,суреттер,презентация

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Балалар ,екі қолымызды тіземіздің үстіне қойып,көзімізді жұмамыз.Менің айтқанымды қайталаймыз:» Мен ҚР-сының азаматымын.Сондықтан,ҚР-ның мемлекеттік тілі-қазақ тілінде оқимын,сөйлеймін,үйренемін деп уәде беремін.»

2.Фонетикалық жаттығулар

Байтақ дала-туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен-көлі,самал желі,

Асқар тауы-баршасы.

-тән дыбыстарды бар сөздерді айту

-«қ»дыбысы бар сөздерді айту

-жуан,жіңішке сөздерді айту

-септік жалғауларды табу

3.Қайталау

Қазақ тілінде неше септік септік бар?

Біз қандай септіктерді білеміз?

Септіктерді қайталаймыз

Ойын «Орнын тап»

Тапсырма: септік атауларын,сұрақтарын,жалғауларын рет-ретімен қою

Топтық жұмыс

Карточкалармен жұмысы.Тапсырма:септік жалғауларын қай септікте тұрғанын айту керек.

-Туған жердің топырағы да жұмсақ.

-Отан үшін отқа түс-күймейсің.

-Отанды сүю отбасынан басталады.

Мұғалімнің сөзі:

Отан деген не?(менің аылым,жерім)

Сен өз ауылың сүйесің бе?(Отанды?)

Балалар,өз ауылым,Отаным,жерім сүйетін адамды отаншыл дейді.

Отаншыл-орсша-патриот,ағылшынша қалай болады?

Мен отаншылмын,ал сен отаншылсың ба?

4.Ү/т тексеру

5.Әркімнің өз жері жұмақ.Біздің Отанымыз-Қазақстан.ҚР-сының астанасы қай қала?Астана-солтүстік астанасы.Алматы-оңтүстік астанасы.Алматы 1998 жылға дейін ҚР-сының астанасы болып саналды.

Жаңа сөздермен жұмыс

Қонақ үйлер-гостиницы

Көректі жерлер-красивые места

Сирек-редко

Етегінде -у подножия

Емдеу-лечебные

Зат есімдерді айтыңдар

Қонақ үйлер-сөзді септейміз.

Енді дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар!

6. Презентация »Алматы қаласы»

«Алматы»мәтінді оқимыз

1топ-қазақ тілінде айту керек

2 топ-орыс тілінде айту керек

3 топ-сұрақтарға жауап беру керек

7.Қорытындылау

Дұрыс,дұрыс емес

-ҚР-сының астанасы ең алғашқыда Орынбор қаласында,одан кейін Қызылордада болды.

-Алматы 1995 жылға дейін Қазақстан мемлекеттінің астанасы болып саналды.

-Алматыда Республика Сарайы,Достық үйі,Спорт сарайы,мұражайлар бар.

-қаланың батысы мен шығысынан Сырдария,Амұдария өзендері ағып жатады.

8. Ү/т беру

Бағалау











© 2010-2022