Конспект урока по казахскому языку на тему Білім өмір шырағы

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Қазақ тілі 12.11.2015 Сыныбы 9«а,б» мұғалімі Жапарова М.Ш.

Тақырыбы


Білім - өмір шырағы. Мақсатты келер шақ.

Жалпы

мақсаты

Мақсатты келер шақтың жасалу жолын өз беттерімен оқып, білуге үйрету. Қазақ тілінде өлеңді мәнерлеп оқу, сұраққа жауап беру дағдыларын дамыту. Өлең мазмұнын талдау арқылы оқушыларды білімді болуға, көп оқуға баулу.

Сабақтың міндеттері.

1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жүргізуіне жағдай жасау.

2. Ы.Алтынсариннің өлеңімен танысу үшін жаңа сөздермен таныстыру.

3. Бір-бірінің пікірін тыңдау, бағалай білу, өзін-өзі бағалауды дамыту

4. Сабақта оқушылардың жаңа сөздермен танысып, жаттау стратегиясын жүргізу

Оқыту нәтижесі:


1.Оқушылар өлең мазмұнын түсініп, білімді болудың өмірде қандай пайдасы болатындығын айтады.

2.Өлең бойынша берілген сұрақтарға жауап таба біледі. Жаңа сөздерді жаттайды (8 сөз)

3. Өлеңнен етістіктерді тауып талдап, құрамына талдайды, оларды мақсатты келер шаққа айналдырады.

Түйінді идеялар:


Оқушылардың белсенділігін, жадын жаттықтыру стратегиялары, формативті, суммативті бағалау

Көрнекіліктер және жабдықтар

Сілтеме

Оқулық Алматы «Атамұра» 2013,авт.Артықова Т., Боранбай М.Б., негізгі етістіктердің тізімі жазылған кесте, дәптер, тақта.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

уақыт


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс- әрекеті.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

2) Сабаққа психологиялық дайындық. Сәттілік тілеу

4мин

Мейірімділік, өзара көмек,

оқушылардың сенімін арттыру.

«Жыл мезгілдері» атты тақырыпта лексикалық жаттығуды шеңберде жүргізу.

Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, психологиялық дайындық жүргізеді.

Доп алысымен тақырыпқа қатысты сөз, сөз тіркесі, сөйлем айтады да, допты беріп, өзгеге сұрақ қояды.

2. Негізгі бөлім

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Тақырыпқа кіріспе

3мин



Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, жұмбақ шешу:

«Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (білім)

Оқушылардың өздеріне мақсат қоя білуіне қамту. Бүгінгі сабақта мен

  • ................ туралы білгім келеді;

  • .................. үйренгім келеді;

  • .................сабақтарда қолданғым келеді.


Негізгі бөлім. Тапсырмалар



25мин


Сыныпқа тапсырмалар беріледі

А) 194 бет. Ережемен өз беттерінше танысады.

Б) №4 жаттығудан жұмбақты шешеді, етістіктерді тауып талдайды.

В) Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңімен таныстыру.

Г) грамматикалық тапсырма орындайды.

Д) жаңа сөздермен жұмыс.


Әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай орындайды:

-194 б. ережемен өз бетмен танысып, мақсатты келер шақтың формуласын құрайды.

- дұрыс оқып жаттығады,

- мәнерлеп оқиды;

- түсінгендерін айтады;

- жаңа сөздерді табады, сөздікке жазып алады.

- өлеңнің соңындағы сұрақтарға жауап береді.

- өлеңнен етістіктерді теріп жазып, талдайды, оларды мақсатты келер шақта жазады. Жіктейді, сөйлем құрастырады.

-«оқы-жап-қайтала-жаз-тексер» стратегиясы бойынша жаңа сөздерді жаттау (195бет).

Сергіту сәті

2 мин

Белсенділік


Сабақты бекіту

Ой толғау (рефлексия)


7 мин

Оқушылардың бүгінгі өткен тақырып бойынша есте қалғанын жазғызу, белсенділік көрсеткен оқушыларды атап өту.

Бүгінгі сабақтағы жұмысыңды қалай бағалайсың? Разысың ба? Не қиын болды? Рефлексия -«Саты» /стикерді сатыға жапсыру/


Бағалау

Үйге

3 мин


Бағалау. Үй тапсырмасын беру: «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін жаттау. Ережені жаттау.

193бет.Толық жаттаса - «5»,

Жартысынан асса «4», тең жартысы - «3»,



© 2010-2022