Конспект урока 9 кл

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Жас қазақ әйелінің портреті
Сабақтың мақсаты:
а) Н.Хлудов өмірі мен шығармашылығымен танысу.
ә) сөйлемнің біріңғай мүшелерін қайталау, практикалық жұмыстар арқылы меңгерту.
б) оқушылардың өнер адамдары туралы білімдерін тереңдете отырып, өнерге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Портрет, кесте, мәтін.
Сабақтың түрі: қалыпты
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, аудару, баяндау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесіп, келмеген оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабақ барысына дайындықтарын қадағалау.
ә) өткенді қайталау:Сөздік диктант: тақырып бойынша 10 сөз жазу. Оқушылар ол сөздердің аудармасын жазады,5 сөйлем құрайды
2.Жаңа сабақты түсндіру. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Экспозицияны Николай Хлудов 1901 жылы салған «Жас қазақ әйелінің портреті» ашты. Хлудовтың Қазақстанға ХІХ ғасырдың 70 жылдарының соңында келген, этнографикалық экспедицияға қатысқаны, осы жердің табиғатын, жанрлық сахналар мен жергілікті адамдар бейнеленген суреттер мен полотнолардың үлкен бөлігін қалдырғаны белгілі. 1921 жылдан бастап Алматыдағы бірінші көркемсурет студиясын басқарды. Оның барлық жұмысын модельге деген ізгі қарым-қатынасымен ерекшеленбек. Бұл портретте жас та, тартымды әйел мұңая қарап отыр. Суретші оның жүзіне ғана зер салып қоймай, айналадағы бүкіл әлемді де зор ықыласпен суреттейді, оның өмірімен сабақтас бұйымдарға көңіл аударады. Бұдан суретшінің шүбәсіз көркем де эстетикалық талғамға ие екендігін көресің. Классика мәдениеті мен суретшінің шеберлігінен жасалған түрлі-түсті гамма модельдің жастығы мен әсемдігін жан-тәнімен суреттейді. Хлудов әсерлі сәтті бергісі келгендігін байқау қиын емес. Сол иығынан желбіреп ұшқындай түңліктің шеті, алды мен жеңдері көп бүрмелі көйлегі бұл - қозғалыстың белгілі: модель бұрылып, суретшіге имене қарағандай.
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің ең толысқан түрі. Онда көптеген құралдар қолданылады. Әр суретшінің өзіндік бейімі таңдаған жолы бар. Біреулері натюрморт жазуға, екіншісі портрет, үшіншісі пейзаж жазуға, төртіншісі әр түрлі тарихи тақырыпты, тұрмыстық көріністерді, т.б. жазуға құмар. Суретші өзі қалаған, сүйген тақырыптарды қалап алады. Бейнелеу өнерінде бұлай бөліну жанр деп аталады. Жанрлар: натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық картиналар болып бөлінеді . (Слайдтардан бейнефильм көрсету)
Натюрморт ХVІІ ғасырда Голландияда пайда болды. Натюрморт, суретшінің көзқарасын ашып береді. Суретші әр түрлі тақырыпта жұмыс істеуі мүмкін. Натюрмортта сан түрлі тағамдар: нан, жеміс, т.б. бейнеленуі мүмкін. Болмаса тұрмыстық жағдайда пайдаланылатын заттар қойылып, салынады.
Кейде бір затты салу арқылы, белгілі бір ойды, мағынаны ашуға болады. Суретшінің қиялынан туған, табиғаттың әр түрлі образдары берілуі мүмкін.
Пейзаж - табиғатқа қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін беру. Табиғат еш уақытта өзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде қалып отырады. Тек суретші оны уақытына қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны өзінше түсініп, өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық құрылысына байланысты бейнелеген (Слайдтардан бейнефильм көрсету)
Көрмеде жасалу жолдары жақын және Хлудов портреттерінен барлық параметрлерімен ерекше айырмашылығы бар Михаил Гайдукевичтің (1928) «Дунганин» деген графикалық туындысы болды.. Бірінші планға объективті шындық шығарылатын және ол кез-келген уақытта жоғалып кете алатын. Сөзсіз басымдықтар Хлудовтың жағында еді. Оған сыртқы әлемге абайлап қарау сипаты жақын болды.

Бекіту:Қазақ бейнелеу өнерінің тарихынан не білдік?-сұраққа жауап беру,бейнефильмде көргенін талқылау
Суреттегі әйел бейнесін суреттеу, суреттеуде мына сөздерді және сөз тіркестерін қолдану: жас әйел,мұңая қарайды,оның жүзі,бүкіл әлем т.б.

Үйге тапсырма: Қазақ бейнелеу өнері туралы эссе жазып келу.
Реферат дайындау






© 2010-2022