Салауаттылық – денсаулық негізі

Тақырыбы::  «Салауаттылық – денсаулық негізі»   Мақсаты: Білімділік: Зиянды заттар – темекі, алкоголь, есірткіге әуестік туралы, олардың адам организміне әсері туралы айту. Оқушылардың зиянды заттардан бас тарту психологиясын қалыптастыру.Оқушылардың салауатгы өмір туралы ұғымдарын кеңейту. Дамытушылық: сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Тәрбиелік: денесін шындауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да канағатшыл, таза да әдемі б...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:: «Салауаттылық - денсаулық негізі»

Мақсаты:

Білімділік: Зиянды заттар - темекі, алкоголь, есірткіге әуестік туралы, олардың адам организміне әсері туралы айту. Оқушылардың зиянды заттардан бас тарту психологиясын қалыптастыру.Оқушылардың салауатгы өмір туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: денесін шындауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да канағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Түрі: пікірталас

Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау

Көрнекілігі: видеороликтер, суреттер, дәрігерлік кеңес кітапшалары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Жаңа сабақ «Салауаттылық - денсаулық негізі»

  1. Кіріспе сөз.

Адамның денсаулығы- қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені, дені сау адамның көңіл- күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан да құлшына кіріседі. Халқымыз «Тәні саудың- жаны сау» деп орынды айтқан.Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың салауатты өмір салтын сақтау.Бүгінгі әлемде адамзатқа ең күрделі, қауіпті үш апат бар деп қарастыруға болады. Олар: 1. Ядролық апат, 2. Экологиялық апат, 3. Ең күшті қатер - ол рухани апат. Рухани апатқа әкелетін негізгі жағдайлар - көбінесе «зиянды әдеттерге» әуестік, яғни, алкоголь, темекі, есірткі. Осылайша адамдар, әсіресе жастар рухани азғындалуда.

2. Ой қозғау.

Салауаттылық – денсаулық негізі

Егер қалтаңда бір қорап темекі болса...

Қазір Европа мен АҚШ елдерінде темекі шегу қабылданбаған және сәнді де емес. Дүкендерде, қоғамдық көліктерде және ұшақтарда темекі шегуге рұқсат етілмейді. Аэропорттарда темекі шегушілерге тек кішірек арнайы орындар бөлінген. Көшелерде қолында темекісі бар адамдар барған сайын аз кездесуде.

Дені сау және табысты болу озық жетістік, ал денсаулық пен табысты іс спортта да, бизнесте де темекі шегумен сәйкес келмейді.

Кейбір фирмалар темекі тастаған өз қызметкерлеріне сыйлық та береді. Еуропалықтар мен америкалықтардың көпшілігі өз денсаулығына капитал (дүние-мүлік, ақша) ретінде қарауға үйретілген. Сондықтан көптеген жас адамдар келешекте тек дәрі-дәрмекке жұмыс істейтін аутсайдер болмау үшін салауатты өмір салтын таңдайды. Сондай-ақ қатерлі ісікпен де ешкімнің ауырғысы келмейді.

Жанып тұрған темекі 4000-нан астам әр түрлі қосылыстар шығаратын нағыз химиялық фабриканың өзі, соның ішінде 40-тан астамы канцерогенді заттар. Ағза үшін ең улысы- никотин болып табылады.

Никотин - бұл тез дағдылануға және құмарлыққа әкелетін есірткі.

Салауаттылық – денсаулық негізі

Мынаған назар аудар:

  • Адам күніне 1-ден 10 шылымға дейін тартса, онда өз өмірін 5 жылға, ал 20-дан 30 шылымға дейін тартса, өмірін 15 жылға қысқартады.

  • Темекіден залал шекпейтін ағза жоқ

  • Шылым шегу көптеген ауруларға шалдықтырады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық ұйымының деректері бойынша шылым шегушілердің онкологиялық аурулардан 30 пайызы, өкпе ісігінен - 90 пайызы, жүректің талма ауруынан - 20 пайызы қаза табады. Ал 15 жасқа дейін шылым шегуді бастағандар арасында өкпе ісігінен қайтыс болғандар 5 есе жиі кездеседі.

Арақ және оның зияндылығы...

Алкоголь бұл әртүрлі ашыған ерітінділерден алынған наркотктік әсері бар этил спирті. Ол шараптың, сыраның негізіг масайтатын элементтерін құрайды. Алкоголь бүкіл әлемге тараған ежелгі есірткі. Оны кез-келген уақытта, кез-келген жерден табуға болады.

Біздің қоғамымызда алкоголь тұтына күнделікті өмірдегі қалыпты жағдай болып саналады. Алкаголь барлық ішкі құрлысқа әсер етеді., оларды уландырады. Арақ ішуі- адамның өз қолымен өз өмірің 15-20 жылға қысқарту болып табылады. Алкаголь адамның қорғаныш күшін төмендетеді. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулар, оның ішінде туберкулез ауруынан құтылу мүмкін емес.

Салауаттылық – денсаулық негізі

Алкогольдік сусындардың құрамында этил спирті немесе этанол бар. Алкогольді тұтыну алдымен адамның көңіл-күйін жасанды көтере бастайды, одан кейін бас миына қысым түсіреді, агрессия әкеледі. Ағзадағы алкоголь 4 негізгі әсер береді:

  • Ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді «спирттің жоғары энергетикалық құндылығы бар, бірақ қоректендіру заттары жоқ)

  • Орталық нерв жүйесініңжұмысын бәсеңдетіп әрі тиімділігін төмендете отырып, анестезиялау құралы ретінде әрекет етеді.

  • Нысыптің жиналуына ықпал етеді. Алкогольді тұтынғанда адам көп су жоғалтады, сондықтан клеткалар құрғайды.

  • Бауырдың қызметін уақытша төмендетеді. Спирттік ішімдіктің белгілі

мөлшерін тұтынғаннан кейін бауырдың 3/1 бөлігінің жұмысы төмендейді, бірақ бауырдың жұмысы, әдетте, бірер күннен кейін қалпына келтіре бастайды.

Денсаулыққа кері әсерін тигізетін факторлар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Тұқымқуалаушылық.

  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдау.

  6. Тазалықты сақтамау.

  7. Отбасындағы кері жағдайлар.

  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.

Тест. «Менің өмір сүру қалпым»

Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Аңда-санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру

20

10

0

2

Таңертеңгі дене қозғалысы

10

7

0

3

Мектепке келу

10

6

0

4

Дене шынықтыру сабағына қатысу

30

10

0

5

Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес)

10

5

0

6

Денені шынықтыру

5

3

0

7

Үйдегі дене еңбегінің орындалуы

5

3

0

60 - жоғары

45 - орташа

25 - төмен

Қорытынды:

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол - бұл жолдан аулақ жүру

Кез-келген адам өмірде үнемі өзінің таңдауын жасайды. Біздің биікке самғауымыз немесе құзға құлауымыз - бұл, ең алдымен, сенің өз таңдауыңның салдары. Сенің өмірің өз шешімдеріңнен қалыптасады. Сен қауіпке өзің барасың. Соңынан не болатынын білу керек сәтте тоқтай алуға және кейде ұзақ уақыт бойы қымбат төлем төлеуге тура келетін қателіктер жібермеуге мүмкіндіктер береді.



























































© 2010-2022