Ішкен-жегенің де маңызды

Бұл сабақ үлгісі 8-сыныпқа арналған. Сабақтың мақсаты : Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу. Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру. Мәтінді түсініп оқып, аудара білуге үйрету. Сабақ барысында мәтінді рольге бөліп оқыып, оның негізгі идеясын ашамыз. Сұрақтарға жауап беріп, алған білімдерімізді бекітеміз. Берілген мақалдарды толықтыра отырып, ойлау қабілетімізді дамытамыз. Олардың мағынасын ашып, түсіндіру барысында өз ойларымызды еркін жеткізе білуге дағдыланамыз. Сонымен қатар синонимдік қатар...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Ішкен-жегенің де маңызды

Сабақтың мақсаты : Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу.Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру.Мәтінді түсініп оқып, аудара білуге үйрету.Денсаулықта күту.

Сабақтың көрнекілігі : перфокарта

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру

ІІ. Тіл дамыту

1. Сұрақ-жауап

2. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Тақырып

1. 103- беттегі мәтінді рольге бөліп оқу.Аудару.Сұрақтарға жауап беру.

  1. Бұрын халық қанша өмір сүрген ?

  2. Адамның өмір сүруіне не әсер етеді ?

  3. Ол үшін не істеу керек ?

  4. Жүзім шарабында не бар ?

  5. Брокколи қырыққабатының қандай пайдасы бар ?

  6. Жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардың алдын алу үшін не жеген дұрыс?

  7. Ұзақ өмір сүрудің дұрыс жолы - не ?

2. 103-беттегі тапсырманы орындау.Мақалды аяқтау,мағынасын түсіндіру.

  • Дені саудың - жаны сау.

  • Денің сау болса, көңілің жай болады.

  • Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды.

  • Бас сау болса, басқа бөрік табылады.

  • Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық - байлық негізі.

3. Синонимдік қатарын табу.

  • Ықпал -

  • Тамақтану -

  • Айналысу -

  • Құштар болу -

  • Ас -

4. Ас сөзін тәуелдеу.

Менің ас + ым Біздің ас + ымыз

Сенің ас + ың Сендердің ас + тар + ың

Сіздің ас + ыңыз Сіздердің ас + тар + ыңыз

Оның ас + ы Олардың ас + тар + ы

5. Сөйлемнің дұрыс, бұрысын анықтау

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1.

1897 жылы қазақтар орта есеппен 66 жыл өмір сүрген

2.

Таңертең көк шай ішіп, көкөніс жеп, жүгіру керек.

3.

Немістер жүзім шарабын қолданғандықтан, ұзақ өмір сүреді.

4.

Қарбыз, томат және қызыл бұрыш онкологиялық аурулардың алдын алады.

5.

Ұзақ өмір сүрудің ең дұрыс жолы - өмірді жақсы көру.

6.

Көп ұйықтап, аз қозғалып, тамақ іше беру керек.



ІҮ. Бекіту

Ү. Қорытынды

1. Үйге тапсырма : 104 - бет, тапсырма

2. Бағалау

© 2010-2022