Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің хан сынағына түскені

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.11.2015

Сынып: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің хан сынағына түскені

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Жиренше шешен туралы аңыздаздармен таныстыру, түсінік беру,

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Аңыз - әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы әңгімелеу.

«Ыстық орындық» әдісі

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Жиренше неге үйленбей көп жүреді?

  2. Жиренше жолаушыға не дейді?

  3. Жиреншеге кезіккен қандай қыз еді?

  4. Жиренше қызға неге ғашық болып қалады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мазмұндау жоспары:

1.Ханның Жиреншені шақыртып, 40 сиыр беріп ішек-қарнын тірідей тазалап әкелуге тапсырма беруі;

2.Жиреншеге әйелі Қарашаштың 40 сиырдың ішек-қарнын қалай тазалауға болатынын айтуы;

3.Ханның Жиреншеге жолмен де жүрмесін , жолсызбен де жүрмесін деп үйіне шақыртуы;

4.Ханның үйіне Жирншенің ит пен ешкіні қосақтап алып баруы;

5.Ханның Жиреншеге 80 еркек қой (қошқар) беруі;

6. Жиренше мен Қарашаштың ақылдасып, ханға жауабын соңында Қарашаштың өзі беруі


ІV. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Хан Жиреншеге қырық сиыр беріп қалай сынады?

  2. Хан Жиреншеге: «Біздікіне келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін» - деген сөзіне қалай жауап берді?

  3. Хан Жиреншеге сексен еркек қой беріп : «Көктемде қой қоздағанда осы қойларды қоздатып кел» - деген сөзіне қандай айла тапты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтіннен қазақ халқының ақыл иесі әйелдерді қадірлейтінін аңғарыңдар.

  • Ханның аталы сөзден жеңілгендігін мойындаған жерін тауып оқыңдар

  • Аңыздан қандай тәлімдік өнеге алуға болады?

Топтастыру:

V.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

VІ.Үй тапсырмасын беру.

  1. Жиреншенің хан сынағына түскені туралы аңызды әңгімелеу.



© 2010-2022