Үш тіл білу - баянды болашақтың кепілі

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үш тіл білу - баянды болашақтың кепілі


Алматы қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінде 28 қыркүйек күні «Үш тіл білу - баянды болашақтың кепілі» атты тілдер мерекесінің ашылу салтанаты өткізілді. Ұстаздар мен оқушыларды ұлттық нақышта киінген қазақ тілі пәні мұғалімдері қарсы алып, тілдер мерекесіне арналған эмблемалар тақты. Тілдер мерекесі әнұранымызбен ашылып, үш тілде жүргізілді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, өзге ұлт өкілдері қазақ ақындарының өлеңдерімен қатар, өз шығармашылығынан өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа айтты. Бұл еліміздің үш тұғырлы елге айналып, дарынды, ақындық өнерге қабілетті оқушылардың өсіп келе жатқандығын аңғартады. Вокалдық топ орындаған «Жаса, жаса қазақ тілім!» әнін оқушылар қосыла айтып, ана тіліне, қазақ тіліне деген ерекше құрметін көрсетті. Үш тілді әуенге флешмоб қойылып, іс-шара соңында сахнаға шаңырақ әкелінді. Бұл еліміздегі бір шаңырақ астына біріккен халықтар достастығының айқын көрінісі еді.

Елімізде барлық ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілмен бірге өз ана тілін, мәдениетін дамытуға да жағдай жасалған. Қазақ тілі - осы достықтың киелі шаңырағы, берік қазығы, басымызды біріктіретін ортақ құндылығымыз. Мемлекеттік тілді дамыту, оқушылардың қазақ тіліндегі шығармаларға қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханада «Туған тілім - далам тілі, өз тілім» атты кітап көрмесі қойылды. «Reading times» уақытында оқушылар қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқыды. Led экрандардан өзге ұлт өкілдері оқушыларының қазақ тілінде оқыған өлеңдері, қазақ тілінің тарихына қатысты презентациялар көрсетіліп тұрды. «Тілдер күніне арналған іс-шара «Ұлттық ойындар», «Салт-дәстүрлер», «Ойна да, ойла», «Бинго» секілді төрт танымдық бекеттерге бөлініп, атриумдарда өтті. Жеңімпаз оқушылар жинаған ұпайларын сыйлықтарға айырбастады. Барлық оқушылар белсенділік танытып, ойындарға аса қызығушылықпен қатысты. Мұғалімдермен өткізілген «Алтын қақпа» лингвистикалық-танымдық ойынында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастырған тілдер мерекесіне арналған іс-шара өз деңгейінде өтіп, орыс және ағылшын тілі пәні бірлестіктері ұйымдастырған шаралармен жалғасын тапты. Осындай іс-шаралардың тамыры терең қазақ тілінің мәртебесі мен мерейін арттырып, үш тұғырлы тілдің қолдану аясын кеңейте түсетіні сөзсіз.


© 2010-2022