Сыныптан тыс оқу 1001 мақал 101 жұмбақ

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Сыныптан тыс оқу.( «1001 - мақал - 101 - жұмбақ ».)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды

жаңылмай айтуға дағдыландыру, арқылы сөздік қорларын толтыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды қазақ тілін құрметтеуге, отанды сүюге

тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тіл байлығын арттыру, сөйлеу мәнерін, жазу

үлгісн дамыту.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес. (Сыныптан тыс оқу сабағы)

Әдіс - тәсілдері:Сұрақ-жауап, аударма, ойын.

Көрнекілік құралдар:Сандық, кәмпит, тақырып, плакаттар, слайд, қоржын.

Пәнаралық байланыс:Орыс тілі, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал: Оқушыларды шеңберге тұрғызып бір-біріне жылы лебіз білдіру арқылы өрмекші торын тоқыту.

1.Ұйымдастыру:Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасы

2.Үй тапсырмасы:

Қайталау.

3.Жаңа сабақ:

Миға шабуыл: (Сұрақтар арқылы өткен мақал-мәтел, жұмбақтар және жаңылтпаштар тақырыбын естеріне түсіру.)

« 1001 - мақал - 101 - жұмбақ »

Балаларды топқа бөлу.

Топтың атын қою. «Жалын», «Отан»

1 ойын: «Аудармашы.» Қазақ тіліне аудар

1.Школа - корабль,

Знание- море

2.Без родины человек,как соловей без леса.

3.Родина горячее огня.

4.Много знай,мало говори

5.Дедушка - дерево,

Ребенок - листья

Ойынды қорыту: Көп аударған топ, кәмпит алады, топтың қоржынын толтыру.

2 ойын: «Кім көп біледі?» Әріптерден жұмбақ, мақал-мәтелдер,

жаңылтпаштар құра

«Ж», «М», «Б», «Е», «А», «О».

Мысалы: Ж «Жақсы бала - қызық,

Жаман бала - күйік.»

«Жалқаудың жаны тәтті,

Еңбектің наны тәтті.»

М «Мектеп - қайық,

Білім - теңіз.»

«Мерей - көзден,

Ақыл - ауыздан.»

Б «Біліп тұрсаң да,сұрап ал.»

«Білім - шырақ,

Ілім - бұлақ.»

Е «Еліңді сүйсең,

Ерлік етесің.»

«Еріншектің ертеңі бітпейді.»

А «Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі.»

«Аз сөз алтын,

Көп сөз күміс.»

О «Отансыз адам,ормансыз бұлбұл.»

«Отан оттанда ыстық.»

Ойынды қорыту: Көп аударған топ, кәмпит алады, топтың қоржынын толтыру.

Синквейн: (екі топқа алтын, күміс сөздеріне синквейн құру)

4.Сергіту сәті: (Интерактивті тақтада сергіту сәті)

3 ойын: «Сандықша» Сандықтың ішінен тапсырмаларды алып

орындау.

1 жұмбақты шешіңдер.

Жұмбақтың шешуін тап

Бірі үлкен,бірі кіші,

Туысқан кісі бес кісі

(Бес саусақ)

Күндіз жоқ

Түнде бар.

(Жарқанат)

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін

(кірпі)

әдемі түнде,

мен жүрсем,жүреді

(ай)

Ойынды қорыту: Көп аударған топ, кәмпит алады, топтың қоржынын толтыру.

4 ойын: «Қай топ көп біледі?» қағазға білетін жұмбақ, мақал-

мәтелдер, жаңылтпаштарды жаз.

1 Жұмбақ

2 Мақал-мәтелдер

3 Жаңылтпаш

Ойынды қорыту: Көп аударған топ, кәмпит алады, топтың қоржынын толтыру. (Бір мақалды беріп соған постер құрату)

5.Сабақты қорыту:

Сабақты қорытындылау: Кәмпиттерді санап жеңген топ жеңімаз аталады, мақтау қағазы беріледі.

6. Рефлексия:

- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма, балалар?

- Ендеше, тақтадағы «Дана ағашын» безендірейік, кім қанша біледі?

(ОҚУШЫЛАР ТАҚТАДАҒЫ ДАНА АҒАШЫНА ДЕҢГЕЙЛЕРІ

БОЙЫНША АЛМАЛАРДЫ ІЛЕДІ.)

6.Бағалау:

Мұғалім оқушылардың алған баллдарын есептей отыра ортақ баға қояды.

7.Үй тапсырмасы:

Өткенді қайталау.

© 2010-2022