Урок по казахскому языку - Тіл дамыту

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тіл дамыту.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІV. Сөздік диктант.

Жолдастық, қадір-қасиет, мінезі жұмсақ, мінезі шапшаң, қатты сөзге келмеу, оқу озаты, іс ұзын, қара, өткізу, көк, тату.

V. Сөздік жұмыс.

түйедей құрдас - ровесники

жұбын жазбау - не расставаться

қабақ шытыспау - не обижаться

кішіпейіл - скромный

қадір тұту - ценить

мойындау - сознаться

ұсыну - предлагать

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

кішіпейіл адам ... .

4. Сөйлемдер құрау.

Менің досым кішіпейіл адам.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

VІ. «Екі дос» мәтінімен жұмыс.

а) 1 -тапсырманы орындау. Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ 3 сөйлемнен

оқып, аударады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі.

ә) 3-тапсырманы орындау. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге

синонимдерін тауып жазу.

Жауап үлгісі

Құрдас, дос - жолдас, мұғалім - ұстаз, қадірлеу - құрметтеу, достық - жолдастық, басқа - өзге, жиын - жиналыс, оқушы - шәкірт.

б) 2-тапсырманы орындау. Жақша ішіндегі сөздерді, тіркестерді аудару.

Әр оқушы өз бетінше жаттығуды орындайды. Содан кейін бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.



Жауап үлгісі

  1. Назым мен Бейсенгүл түйдей құрдас.

  2. Олар ешқашан жұбын жазбаған.

  3. Бірге ойнайды, сыныпта бір партада отырады.

  4. Оларды мұғалімдер де, балалар да қадірлейді.

  5. Олар әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтады.

  6. Оқушылар жиынында бұл екеуін мүшелікке ұсынған Мәлік.

VІІ. Сергіту жаттығуы. Жаңылтпашты жаттап алу.

Досым маған еліктеп,

Домбырамен ән салды,

Дән риза болып көп,

Дуылдады, тамсынды.

VІІІ. «Екі дос» мәтінімен жұмысты жалғастыру.

Мәтін бойынша «Мәтін бөліктері» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді оқиды. Сынып 4 топқа бөлінеді. 1-«кіріспе»; 2- «негізгі

ой»; 3-«қорытынды»; 4-«толықтыру». Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастаймыз. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады. Ойыннан соң, мәтінді тағы бір рет қарап шығып, берілген ақпаратпен салысмтырамыз, қай топтың неғұрлым нақты айтқанын анықтаймыз.

ІХ. 5-тапсырма бойынша «Көкпар ойынын» өткізу.

Ойынның шарты:

Сыныптағы оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр оқушы дорбадан асық

алып, нөміріне сәйкес сұраққа дайындалуға отырады. Содан кейін қамшыны көтеріп, тез жауап беруге тырысады. Тақтада топ аттары жазылып, ұпайлары есептеледі.

Ойынның сұрақтары

1. Сенің досың бар ма?

2. Оның аты кім?

3. Досың неше жаста?

4. Нешінші сыныпта оқиды?

5. Ол қалай оқиды?

6. Оның мінезі қандай?

7. Ол немен шұғылданады?

8. Ол қандай дос?

Х. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттап келу.



© 2010-2022