Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқытудың негізгі аспектілері

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқытудың негізгі аспектілері

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Еліміздің ең басты өзекті мәселелерінің бірі- тіл мәселесі. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші роль атқаратыны әркімге де түсінікті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын. Сондай-ақ «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу- әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға ағылшын тілін білетін тұрғындыр саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деп атап өтті. Сол себепті қазіргі уақыт талабына сай ағылшын тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Мемлекетіміздің тілдік саясатының ең маңызды мақсаттарының бірі- осы ағылшын тілін ғаламдық эконмикаға кірудің ең негізгі тілі ретінде дамыту жұмысын іске асыру.

Ағылшын тілі пәні тіл материалдарын (фонетика, лексика, грамматика), сөз әрекетінің түрлерін (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу), оқытылып отырған тілдің мәдениетаралық-коммуникативтік қызметін қамтиды.

Ағылшын тілі пәнінің мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы ағылшын тіліндегі сөз әрекетін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеріп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен дәйектеледі.

Ағылшын тілі пәні басқа пәндермен үнемі өзара пәнаралық байланыста болады, себебі ағылшын тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың білімдік әрекеттік нәтижесі оқушылардың әмбебап сипаттағы білімдерін кеңейтуде, ағылшын тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуда көрінеді.

Ағылшын тілін оқытудың әдістемелік жүйесі оқу үрдісінде көрініс табады, оның негізгі ерекшеліктері- ол ағылшын тілдік білім беру жаңа парадигмасына сәйкес әдістемелік жүйенің барлық компаненттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірнеше әдістемелік тәсілдерді біріктіреді.

Қазіргі заман талабы да күннен-күнге жоғары. Әр ұстаздың бүгінгі заман талабына сай білім беруі -кезек күттірмейтін мәселе. Ұстаз үнемі оқып, ізденіп, өзіне бір жаңалық тауып отырғанда ғана ұстаз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсеткендей, өз жұмысына жауапты қарайтын әр мұғалім сабақтарына жаңа оқу технологиясын енгізіп, кеңінен қолдана білуі керек. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына ену үшін еліміздің қамын ойлайтын, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін азаматтар дайындау мектептің яғни ағылшын тілінен дәріс беретін ұстаздардың алға қойған басты мақсаты болып табылады. Олай болса, мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігінде. «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі -бір әдісті болу, шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»,- деп әдіскер ғалым А. Байтұрсынов айтқандай мұғалімнің міндеті сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді шеберлікпен, тиімді қолдану арқылы нәтижеге жету. Осы нәтижеге жету жолында бүгінгі таңда ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ұлы кемеңгер Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға ...» деген сөзіне сүйене отырып, жалықпай, тынбай, өз білімдерін жетілдіріп , бала оқытуда жаңа үрдістер мен технологияларды үнемі меңгеріп, зерттеп, талдап қолдануда. Жаңа технологиялардың басты мақсаттары - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Міне, мен де оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім берудің парадигмасына сүйене отырып, сабақта оқытудың жаңа технологияларының әртүрлі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға тырысамын.

Мен соңғы жылдарда ұстаздардың үнемі пайдаланып жүрген жаңа технологиясының бірі- «сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс жүргізудің тиімді екендігін байқадым. Сабақтарымда СТО технологиясының әртүрлі стратегиясын қолданып жүрмін. Мұндағы үш кезең мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытады. Оқушының іс-әрекеті мұғалімге қарағанда басымырақ, яғни оқушы өзін мұғаліммен қатар қояды. Өзіндік « мені» қалыптасады. Бұл бағдарламаның міндеттерінің бірі осы оқушы «менін» қалыптастыру болып табылады. СТО-ның тағы бір ерекшелігі - мұнда «Дамыта оқытудың» элементтері де кездеседі. Мысалы, ой-толғаныс кезінде іске асатын «бес жолды өлең», «эссе» жазу стратегиялары арқылы оқушы өз бетімен ізденеді, шығармашылық деңгейге дейін көтеріледі. Ал мағынаны ажырату кезінде қолданылатын , аялдамамен оқу стратегиясы, деңгейлеп оқыту технологиясындағы «үйренушілік» деңгеймен ұқсас екенін байқауға болады. Бұдан шығатын қортынды- қай технология болмасын сабақтасып, бір-бірімен байланысып жатқанын аңғарамыз.

Сонымен қатар қоғамның басты бағыттарының бірі- білім беру үрдісін ақпараттандыру . Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осы орайда мен сын тұрғысынан ойлау технологиясымен қатар ақпараттық -коммуникативтік технологиясында өз сабағымда қолданамын. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді.

Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тарту үшін оларды қызықты материалмен қамтамасыз ету, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беру, әрбір істе жаңа әдістер қолдану әр ұстаздың міндеті.

Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің маңызы өте зор. Өз тәжірибемде дәстүрлі емес сабақтарды жиі өткізіп тұрамын.

Қазіргі уақытта мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін тек біліп қана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді.

Ағылшын тілін үйрету- қиын да, қызықты жұмыс. Ағылшын тілін үйретуде түрлі тапсырмалыр мен жаттығулар арқылы теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады.

Жаңа педагогикалық технологияларды, түрлі әдістерді бүгінгі таңда мектепте оқу процессінде қолдану неғұрлым тиімді, білімде нәтиже болатындығын тәжірибеден көріп отырмыз. Иә, нәтиже бар. Сабақ сапасы дұрысталып келе жатқаны байқалуда. Алайда, осыған қарамастан, бізде көптеген шешілмеген мәселелер көлденең шығуда.

Мәселен, ауыл мектептеріндегі компьютерлер ескірген. Ал, ақпараттық технологиялар күн сайын қарыштап дамуда, жаңа бағдарламалар пайда болуда. Яки, мектептерде интернет байланысы болғанымен, шапшаңдығы төмен, талапқа сай емес. Электронды оқулықтар да қазіргі білім жүйесіне сай келмейді. Иә, сонымен мынау ғылым мен білім қарыштап дамып келе жатқан 21 ғасырда заман талабына сай осы мәселелер шешімін тапса, ағылшын тілін оқытуда бұдан да жоғары нәтижеге жетер едік.

Жалпы ағылшын тілін үйрену бастауыш сыныптан басталғаны жөн. Ғалымдарымыздың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы -дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік, мықты болады деп ойлаймын. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың бір артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, ағылшын сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып ағылшын тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.

Сонымен, бүгінгі таңдағы ағылшын тілі пәнін мектепте сапалы түрде меңгертіп, практикада қолдана білуге үйретудің мәні зор. Егеменді еліміздің басқа өркениетті, мәдениетті елдердің қатарына жету үшін шәкірттеріміз ағылшын тілдерін, ана тілімен қатар білуі қажет. Бұл заман талабы. Әрбір қазақ азаматы өз тілімен қатар ағылшын тілін меңгерсе нұр үстіне нұр болар еді.

© 2010-2022