Конспект урока по казахскому языку на тему Ас атасы - нан 5-класс

5 -сынып Сабақтың тақырыбы:   Ас атасы  - нан Сабақтың мақсаты: А) Білімділік:                  Аталмыш тақырып бойынша оқушыларға білім       беру,                                  білімдерін бір жүйеге келтіру. ә) Дамытушылық:         Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау                                  шеберлігін, сабаққа деген қызығушылықтарын                                  дамыту. Б) Тәрбиелік:                   Нан туралы  айта отырып,                                  қасиетті  нанд...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 -сынып

Сабақтың тақырыбы: Ас атасы - нан

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Аталмыш тақырып бойынша оқушыларға білім беру,

білімдерін бір жүйеге келтіру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау

шеберлігін, сабаққа деген қызығушылықтарын

дамыту.

Б) Тәрбиелік: Нан туралы айта отырып,

қасиетті нанды сүйіп, құрметтеуге, оның

қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа материалды оқыту.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, диалог т.б. СТО

стратегиялары.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақтар, суреттер,оқулық

Сабақ барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа қатысымын, даярлықтарын тексеру.

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

Алдын-ала жаңа сабаққа қатысты сөздер берілген, оларды сөздік арқылы тауып,есте сақтау ескерілді. Бұл үй тапсырмасын (сөздік диктанты)мұғалім төмендегідей тексереді: а) әр оқушының алдына кеспе қағазы таратылады;

Ә) 1-2 минут ішінде оқушылар қазақша сөздерді орысшаға,орысша сөздерді қазақшаға аударып, кеспе қағазын толтырып, мұғалімге тапсырады.

Сөздік диктанты:

Қасиетті - Запреты -

бидай - привозят -

дәм - собирают -

қуат - поступают -

тастама - пекарня -

төңкерме - молоть -

үзбе - мельница -

б) Жаңа тақырып

I.Қызығушылықты ояту.

Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса,баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Оқушылар осы тақырып аясында қазақ тілінде сөйлейді.Өлең не туралы екенін айтады, тақырыпқа шығады, сабақтың мақсаттарын айтады.

Сабақтың басында әр оқушыға бағалау парағы тапсырылады. Оған бірінші топ мүшелері ақылдасып, баға қойып отырады, ал оқушы сабақтың соңында ғана сабаққа қатысуына қарай өзін бағалайды.

Бағалау парағы: Холманских Илья

Мақсаты: Сабақ барысында бір-бірін әділетті түрде бағалауды дамыту және сабақтың соңында өзін -өзі бағалау.

Мәтін

Өлең

Сұрақ-жауап

Диалог

Тапсырма

Өзін-өзі бағалау

Мұғалім бағасы

Топтың бағалауы



II.Мағынаны тану

1.Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға «Ас атасы - нан » деп аталатын мәтін, мәтінмен қоса сөздік таратылады.

Сөздік

еру - следовать дән - зернышко

егіс даласы -посевное поле бидай сабақтары - колосья пшеницы

басы иіліп - поникшие тоқшылық - достатак

Ең бірінші олар мәтінді (аудио) тыңдайды .Сосын рольге бөліп оқытамын.

«Ас атасы-нан» мәтінді бір рет тыңдап,екінші рет түсініп оқып, топта талқылайды,әр топ бір-біріне бірнеше сұрақ дайындайды.( 1 топ - 2 топқа; 2 топ - 3 топқа; 3 топ - 1 топқа).Сұраққа толық жауап беруге тырысады.

Бірде Рауан әжесіне еріп,егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп,әжесінен:
-Мынау өсіп тұрған не?-деп сұрады.
-Рауанжан,бұл пісіп тұрған- нан,-деп,жауап берді әжесі.
-Нан болса,таба наны қайда?
-Таба наны да осы дәннің ішінде.
-Ал тоқаш ше?
-Ол да осы дәннің ішінде.
-Бауырсақ ше?
-Бауырсақ та осы дәнге сыйып тұр.
-Әже,кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр?-деп Рауан таңғалды.
-«Ас атасы-нан,нан атасы-дән» деген. Осынша мол дүние,тоқшылық әрбір дәннің ішінде,-деді әжесі.

Сергіту сәті

2. Оқулықпен жұмыс. Өлең интерактивті тақтада және оқулықта бар.

Аудиомен бірге балалар мәнерлеп , дауыстап оқиды.

Топта жұмыс: проблемалық сұрақтар.

1 топ. Нан дастарханға қалай келеді?

2 топ. Нан өніміне қандай мамандықтардың қатысы бар?

3 топ. «Ас атасы-нан» мәтінде және «Қайдан келдің , бауырсақ?» өлеңінде нанның қандай түрлері кездесті?

Бұл тапсырманы ең бірінші топта талқылайды, сосын бір шешімге келіп,жауаптарын А4-ке сурет арқылы немесе тірек сызба арқылы түсіріп қорғайды. Өз қалаулары бойынша бүкіл топ немесе топ мүшесі жауап береді.

3. Диалог құру. Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап бере отырып, өзара сөйлеседі.Топтың ішіндегі жұптар бір -бірімен сөйлеседі, сосын жұптарымен алмасады. Топ сайлаған жұп тақтаға шығып диалогтарын айтып береді.

  • Сен нанды қай дүкеннен аласың?

  • Отбасыңа қандай нан ұнайды?

  • Нансыз тамақ іше аласың ба?

  • Сенің анаң ұннан қандай тағамдар дайындайды?

  • Сен өзің нан пісіре аласың ба?

  • Жерде нан жатса, сен не істейсің?

  • Қатқан нанды не істейсіңдер?

4. Грамматикалық тапсырма. Септіктерді қайталау. Септік жалғауларын сәйкестіреді.Интерактивтік тақтадағы кестеден дәптерге көшіріп орындайды.Бір оқушы тақтада орындайды. Кілт арқылы тексереді.

III. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы. Әр балаға сұрақ таратылады. Олар бірден жауап береді.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Диқандар не істейді?
2. Қай кезде бидайды жинайды?
3. Жинап болған соң қайда ,қай көлікпен тасиды?
4. Бидайдан не тартады?
5. Ұнды қайда апарады?

6.Ұннан не пісіреді?

7. Нанды қайда сатады?

8.Астың үлкені не ?

9.Нан туралы қандай тыйымдар білесің?

10.Нан туралы мақал білесің бе?

11.Сен қандай нанды жақсы көресің?

12.Нан дастарханға қалай келеді?

13.Нанды неден жасайды?

14.Бидай қайда өседі?

Үйге тапсырма: Нан туралы мақал - мәтел жаттаңдар.

Бағалау. Бағалау парағына өздеріне және бір-біріне баға қойып, мұғалімге тапсырады.









© 2010-2022