Денсаулық қазақ тілінен жоспар

Бұл сабақ жоспары 5-сыныпқа арналған.Тақырыбы: "Денсаулық"Сіздерге көмек болады деген үмітпенен барлық жоспарларымды сайтқа жіберіп отырмын.Кәделеріңізге жараса қуанышты болар едім.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мухамедина Асемгуль Мирбулатовна АСШ№1

Сыныбы:5а

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық.

Мақсаты:Фонетика тарауы бойынша алған білімдерін қайталау.Денсаулық өлеңінің мазмұнын түсіндіру. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету,білетін сөздерімен сөйлем құрастыра білуге жаттықтыру.

Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жылдамдыққа,әсемпаздыққа,ұшқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтық жабдығы мен көрнекілігі:карточкалар,слайдтар,жетондар.

Сабақтың түрі:Жарыс сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі:әңгімелеу,көрнекілік,топтық,сұрақ-жауап,қайталау,түсіндіру

Пәнаралық байланыс:музыка,әдебиет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасып,кезекші міндетін сұрау сұрақ-жауаптар қою.

Бүгінгі сабақтың міндеттерін айту. Сыныпта сабаққа деген психологиялық климатты орнықтыру.

Үйге берілген «Танысу» тақырыбы әңгімесін тексеру.Дәптерлерін жинап алу.

Жаңа сабақтың жүргізілу реті.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.Бұл жерде тақырыпқа байланысты сұрақ-жауаптар қойылады,өлеңнің мазмұнын айту

1.Оқушыларды екі топқа бөлу,топтың атын айту.

Бірінші топ «Астана» тобы, екінші топтың атауы «Алматы»

Жарыстың қорытындысын айтатын төрешілерді тағайындау.Олар Маципурина Ангелина,Дундукова Оля.Бұл оқушыларға алдарына бағалау қағаздары беріледі.Жетондар беріледі. 5,4,3,2,1

Бағалау қағазы.Бағалау 5 балдық жүйемен толтырылады.

тапсырмалар

Астана тобы

Алматы тобы

ескертулер

№1 кезең

5+5

5+5

№2 кезең

№3 кезең

№4 кезең

№5 кезең


Оқушыларды дөңгелек үстелге отырғызып жарысты бастау кезеңі.

Жарыстың алдында сәттілік тілеп келген қонағымызды ортаға шақырып,өзінің өнерін көрсетеді.Екінші топтың оқушылары ән айтып береді.

Әр тапсырмаға белгілі бір уақыт беріледі.Топтарға тапсырма жазылған карточкалар беріледі.Мұғалімнің сұрақты оқуы.Әр кезеңдегі тапсырманы орындаған сайын оларға балл беріліп,музыкалық сәлемдеме жүріп отырады.

Бірінші кезең.

Тапсырма екі топқада бірдей беріледі.Бұл жерде кім бірінші дұрыс жауап берсе сол топқа балл беріліп отырады.

№1Фонетика дегеніміз не? Ауызша толық жауап бер.

№2 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

№3 қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

№4 қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

№5 қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?Олардаы ата.

№6 қазақ тілінде буын түрлері қандай?мысал келтір.

№7Қазақ тіліне тән неше дауыссыз дыбыс бар?оларды ата.

№8қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?

№9Ашық буыны бар сөзге үш мысал келтір

№10Өзің туралы айтып бер

№11Тұйық буыны бар сөздерге үш мысал келтір

№12Өзіңнің мекен-жайыңды айтып бер

№13 Бітеу буыны бар сөздерге мысал келтір

№14 «Атым» сөзіне ауызша фонетикалық талдау жаса.

Музыкалық сәлемдеме.

Екінші кезең.

Берілген (10 беттегі №2 тапсырма) өлеңдң мәнерлеп оқу.

Музыкалық сәлемдеме.

Үшінші кезең.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқуға жаттығу. (10 бет,№3 тапсырма)

Музыкалық сәлемдеме.

Төртінші кезең.Мақал -мәтелдер сайысы.

Музыкалық сәлемдеме.

Бесінші кезең.Сұрақ-жауап.Екі топ бір -біріне сұрақтар қояды. Музыкалық сәлемдеме.

Алтыншы кезең.Қорытынды.Төрешілер ортаға шығып өз пікірлерін айтады.Бағалау парақтарындағы баллдың қорытындысы бойынша жеңімпаз топты құттықтап,сол топқа барлығына баға қою.жарыстың соңында музыкалық сәлемдеме.

Үйге берілетін тапсырма: нәтиже сабаққа дайындалып келу.

Осымен балалар сабағымыз аяқталды сау болыңдар!

Кітаптың авторы:Т.М.Артықова,Ж.Н.Қыстаубаева,Л.З.Бисенова,Н.Ж.Сағирова.

Алматы «Атамұра» 2010,екінші баспасы.



© 2010-2022