«Жиырма тоғызыншы қара сөз» 7 сынып

Шығарманы  түсіндіре отырып оқиды, негізгі ойды бөліп алады, кесте арқылы идеяны зерделейді, өз жобаларын ұсынады, қара сөздегі ойды өзгертуге талпынады, жақтау немесе қарсы шығу арқылы пкірлерін дәлелдейді                                                                                            Қара сөздегі негізгі ойға назар аударды, бір-біріне түсіндірді, кесте арқылы идеяға жүгінді, пікірлерді салыстырды, жаңа жоба құрастырды, ұтымды немесе ұтымсыз ойды сұрыптады.    Мұғалім 1-қара сөзді оқиды. Бұл  сөзді кім жазды, оны қашан жазған? Онда не туралы жазылған? Абайдың қанша қара сөзі бар? Қара сөздің мәнін түсіндіреді. 
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы

«Жиырма тоғызыншы қара сөз»

Мақсаты:

Шығарманы түсіндіре отырып оқиды, негізгі ойды бөліп алады, кесте арқылы идеяны зерделейді, өз жобаларын ұсынады, қара сөздегі ойды өзгертуге талпынады, жақтау немесе қарсы шығу арқылы пкірлерін дәлелдейді.

Күтілетін нәтиже:

Қара сөздегі негізгі ойға назар аударды, бір-біріне түсіндірді, кесте арқылы идеяға жүгінді, пікірлерді салыстырды, жаңа жоба құрастырды, ұтымды немесе ұтымсыз ойды сұрыптады.

Әдіс-тәсілдер:

СТО: «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Жұптық әңгіме», «Өкіл»

Ресурстар:

Слайд, маркер, «Түсіндірме сөздік», компьютер, аудиожазба, бағалау парақтары

Сабақ кезеңдері

Уақыт:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Кіріспе

5 мин

«Кім күшті?» сергіту сәті

«Ой қозғау»

Үй тапсырмасын тексереді.

Тұлғаралық қарым-қатынас орната отырып, топқа бөлу.

Оқушылар Абай өміріне байланысты жинаған мәліметтер бойынша дайындаған сұрақтарын қояды.

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

Тұсаукесер

8 мин

Білу

Мұғалім 1-қара сөзді оқиды.

Бұл сөзді кім жазды, оны қашан жазған?

Онда не туралы жазылған?

Абайдың қанша қара сөзі бар?

Қара сөздің мәнін түсіндіреді.

Оқушылар Абай атамыздың қара сөз жазудағы мақсатын айқындайды.

Негізгі бөлім

25 мин

Түсіну

1. «Жиырма тоғызыншы қара сөз»

«Жұптық әңгіме» әдісі

Қолдану

2. Концептуалдық кестемен жұмыс.

Қазақ мақалдары

Абайдың көзқарасы

Менің ойымша

Жарлы болсаң, арлы болма

Қалауын тапса, қар жанады

Атың шықпаса, жер өрте

Алтын көрсе, періште жолдан таяды

Ата-анадан мал тәтті,

Алтын үйден жан тәтті



Талдау

«Өкіл» әдісі арқылы 29-қара сөзді талдау

Жинақтау

Топтық тапсырма

«Ата-анадан мал тәтті,

Алтын үйден жан тәтті»

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды »

«Атың шықпаса, жер өрте»

Бағалау

«Қара жәшік» әдісі

-Абайдың қара сөзінен қандай тағылым, үлгі алдыңдар?

-Сенің ойыңша, бұл мақалдағы ой маңызды ма, маңызды емес пе?

-Оның жағымды немесе жағымсыз жақтары қандай?

Тәрбиелік түйіні: Кез - келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Оқушылар қара сөзді оқиды, ойланады, А оқушы Б оқушыға, кейін Б оқушы А оқушыға түсіндіре отырып, жұпта талқылайды.

Топта кестені толтырады, талқылайды.

Өздерінің дәлелді пікірлерін ұсынады.




Әр топтан бір өкіл келесі топқа жіберіледі, талқылайды, ол топ өз пкірін стикерге жазып кестеге жапсырады. Өкіл мәліметті толықтыру үшін өз тобына қайта оралады.

Оқушылар топта пікірлеседі, астарлы мағынаны анықтайды, мақалды өзгерту арқылы мәселені шешуге тырысады.


Оқушылар өз пайымы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сосын тақтада ілулі тұрған мақал-мәтелдердің қажетсізін жыртып, қара жәшікке салады.

Қорытынды

5 мин

Критериалды бағалау

Оқушылардың бағалау парақтарын жинап, қорытынды баға қояды.

« Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар!»

Абай

Топтық және жұптық өзара бағалау жүргізеді.

Оқушылар сабаққа

«Рефлексиялық нысана»әдісі бойынша сабаққа рефлексия жасайды.

Үй тапсыр-

масын беру

2 мин

1. 29-қара сөзді оқып келу.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.




© 2010-2022