6-сынып қазақ тілі пәні

6-сыныптың қазақ тілі пәніне арналған тіл дамыту сабағының жоспары.Мұғалімі: Мұхамедина Әсемгүл Мирболатқызы.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімі: Мұхамедина Әсемгүл Мирболатқызы

Сыныбы: 6-сыныптар қазақ тілі күні,айы:26.12.14

Тақырыбы:Тіл дамыту сабағы.

Міндеті: Оқушылар тапсырмалар барысында қазақша сөйлейді,сөйлеу тілдерін дамытады. Топтық жұмысқа бейімделеді.Өз бетінше жұмыс істеуге және басқаларды тыңдауға үйренеді.

Нәтижесі:Оқушылар тапсырмалар барысында қазақша сөйледі,сөйлеу тілдерін дамытты. Топтық жұмысқа бейімделді.Өз бетінше жұмыс істеуге және басқаларды тыңдауға үйренді.

Түрі: жарыс сабағы

Сабақтың барысы:1.Көшбасшылық «Шаттық шеңбері». Топқа бөлінеді сандар бойынша
І топ «Білімділер»
ІІ топ «Алғырлар»
ІІІ топ «Тапқырлар»

2.СТО:Миға шабуыл өткен материалдардан жедел сұрақтар қою. 5 ұпай

3.Автор орындығы: Өткен сөздіктерді жатқа айтып,өздерінің сөйлемдерін оқиды./үй тапсырмасын тексеру/ 5 ұпай

4.Диалогтік оқыту:әр топқа тапсырма беріледі. 5 ұпай

5.АКТ :интербелсенді тақтамен жұмыс.

6.Мағынаны тану: мәтінмен жұмыс.

7.Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту: деңгейлік тапсырмалар орындату

Тапсырмалары:
І топ Мәтінді оқып, «Абай Құнанбаев жайында не білеміз?» деген тақырыпта сөйлеу.
ІІ топ Екпін ерекше түсетін сөздерді табу.
ІІІ топ Мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді табу.
Сонымен оқушылар, «Екпін» дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңдаршы.
Оқулықпен жұмыс
Суреттер топтамасындағы 2 - суретке қарап,оқушының,ұшқыштың,батырдың мінез - қылығына лайық диалогтар құрап, әңгіме жазу.
Үш топ үздік деген әңгімелерін оқиды.
Топтың басшысы құрамындағы оқушыларын бағалайды.
Білекті бірді жығады,
Білімді бірді жығады.
Мақалдың бірінші жолына математикалық дыбыстық талдау жасау.
Ал, енді балалар сабағымызды әдебиет пәнімен байланыстырайық. Әдебиет оқулығының 141 - бетін ашыңдар. Өлеңді («Ғылым таппай мақтанба») көз жүгіртіп оқып, екпін түспейтін қосымшалы сөздерді тауып, мәнерлеп жатқа айтуға дайындалыңдар.
І «Білімділер» тобынан 1 оқушы өлеңді жатқа айтады.
ІІ «Алғырлар» тобынан 1 оқушы тақтаға шығып, «құмарланып» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
ІІІ «Тапқырлар» тобы екпін түспейтін сөздерді (таппай, мақтанба, жесеңіз, білсеңіз) атап шығады.
Сабақты қорытындылау
«Алма ағашы» берілген. Алмаларда сұрақтар жасырылған. Әр топтан 1 оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.
1 алма. Фонетика жайлы не білесің?
2 алма. Тіл білімінің салаларын ата.
3 алма. Дауысты дыбыс деген не?
4 алма. Дауыссыз дыбыс деген не?
5 алма. Буын деген не?
«Біздің үйіміз»Үйдің бөліктері берілген. Әрбір бөліктерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, үйді орнатамыз.
Ашық, қысаң дауыстыларды ата.
Еріндік, езулік дауыстыларды ата.
Әке сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Тасымал деген не?
Үйге тапсырма:сөздіктерді қайталап келу.
Бағалау: көп ұпай жинаған топты жеңімпаз атау

Кері байланыс жүргізу

© 2010-2022