Тренинг Баланың бас ұстазы ата-ана!

   Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті             №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі                                  Берсүгірова Мирамкүл         Тренинг                     Тақырыбы:«Баланың бас ұстазы ата-ана!»  Мақсаты:   Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс т...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы:«Ата-ананың бақыты балада»

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу

Көрнекілігі: интеративтік тақта, кесте,шар.

Кіріспе

Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы,еңбексүйгіштігі ,оқу мен еңбектегі табыстары.Бала ата-ана өмірінің жалғасы.Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Жазушы педагог Ж.Аймауытов:

«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек.Себебі,бала айтып ұқтырғаннан гөрі,көргеніне көп еліктегіш келеді.»

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата -ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл -ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз -ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші -ата -ана.

Тренинг жоспары:
1. Таныстыру.
2. Ой қозғау.
3. Кесте толтыру. «Мадақтау мен жазалау»
4. Ойын
5. «Жанұя бақыты»

6. Жүректен-жүрекке.

«Таныстыру», «Есімдер аллитерациясы»

Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Ой қозғау Сұрақ-жауап

1)Балаңыздың қиналатын жері бар ма?Балаңыз қай уақытта көп қиналады?

2)Балаңыздың айтқан уәдені орындауға тырысасыз ба?

3)Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау,талдау,сөгу,түсіндіру)

4) Балаңыз жанұяда кімді көбірек тыңдайды? Неге?

Кесте толтыру «Мадақтау мен жазалау»

Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.

Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында ата-аналарға қорытынды жасайды.

Ойын:

  1. «Мен және айна»

  2. «Анаңды таңы»

  3. Балаңды жақсы танисың ба?

-Балаңыздың ең жақын досы кім?

-Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?

-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

-Балаңыздың сүйікті асы қандай?

-Сүйіп тыңдайтын әні?

-Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай?

-Қандай жануарларды жақсы көреді?

4.Шар жару

Сергіту

Ата-аналар берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.

-Балаңыздың туған күні?

-Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

-Балаңыздың парталас көршісі кім?

-Балаңыз қандай өлшемелі аяқкиім киеді?

-Балаңыз кеше қандай баға алды?

-Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

-Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

-Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

-Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

-Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі?

-Балаңыздың арманы не?

-Бос уақытын қалай өткізеді?

Балаларға берілетін сұрақтар

-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?

-Анаңның туған күні қашан?

-Үйдегі адам саны қанша?

-Бауырың неше жаста?

-Үйде ыдысты кім жуады?

-Үйді кім жинастырады?

-Таңертең сені кім оятады?

-Әкеңнің туған күні қашан?

-Отбасында неше адам бар?

-Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?


«Жанұя бақыты»

Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суретті берілген сөйлемд іаяқтау арқылы жеткізу керек.

"Сөйлемді аяқта"

-Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі....

  • Отбасы бұл....

  • Отбасым бақытты болу үшін....

  • Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі....

  • Мен қалар едім отбасымның....

Жүректен-жүрекке

Мына жүрекшелерге өз балаларыңызды қалай еркелетесіздер,қандай мейірімді сөздер айтасыздар,яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар.

Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсың!

Олай болса,ата-ана жүрегі қашанда бала,ал бала жүрегі ана деп соғуы керек.

Сонымен бүгінгі тренинг өз шегіне келіп жетті .

Ата-ана көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліңе көп жубаныш,

Гүлденіп ой -өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы,гүлденген үміт арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.


















Жаттығу: «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынсатың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя-жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»

Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет.

Адамның ең басты шаттығы болып саналатын - бала.
Әр бала бір жұлдыз.
Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін - сіздерсіздер!



© 2010-2022