Сабақтың тақырыбы: «Атаның сөзі – ақылдың көзі»

Қазақ тілі 9 сынып Сабақтың тақырыбы: «Атаның сөзі – ақылдың көзі».Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйретуШешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы оқушылардың лексикасының қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамытуХалқымыздың тәлім-тәрбиесімен, ата ақылымен ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру.Сабақ түрі: пікірлесу дағдыларын қалыптастыруСабақ әдісі: практикалық, Сын тұрғысынан ойлау элементтері Саб...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Атаның сөзі - ақылдың көзі».

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету

Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы оқушылардың лексикасының қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту

Халқымыздың тәлім-тәрбиесімен, ата ақылымен ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру.

Сабақ түрі: пікірлесу дағдыларын қалыптастыру

Сабақ әдісі: практикалық, Сын тұрғысынан ойлау элементтері

Сабақтың типі: құрамдастырылған (комбинированный)

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Көрнекіліктері: кітап, презентация, слайдтар, магнит тақташалары

Сабақтың барысы:

І Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қолдарын созып, алақандарын тигізіп, бір-біріне күлімдеп қараймыз, оңға қараймыз, солға қараймыз. Бүгін көңіл-күйлерің қалай? (Рақмет, жақсы)

Бүгін бәріміз жақсы баға аламыз ба? (Иә, аламыз). Рақмет, отырыңдар.

2) Хабарландырушының сөзі: күні, айы, жыл мезгілі, ауа райы.....

3) Слайд (күз туралы суреттер). Ал, балалар, тақтаға қараңдар, бұл қандай жыл мезгілі? Иә, күз мезгілі. Енді бір-бір сөйлемнен ойлап құрастырыңдар. (Өте жақсы).

ІІ Ал, енді балалар өткен граматикалық тақырыптар бойынша білімдерімізді тест арқылы бекітеміз. Оқу жетістігін сырттай бағалауға дайындық жүргіземіз. (тесттерді үлестіру)

1) Слайд ( тест кілті) Ал, тесттерімізді ауыстырып, бір-бірін бағалайсыңдар. Сенде неше қате? Ал сенде ше? Қандай баға қоясың?

2) Балалар, өткен сабақтарда сендер нақыл сөздерді өттіңдер. Бұл сөздер біздің өмірімізде ұстанымыз болады. Енді оларды еске түсірейік.

Слайд (нақыл сөздермен) Керекті сөздерді пайдаланып дұрыс құраңдар. Қолдарын көтеріп айтыңдар.

Көңіл бәріне керек. Жақсы сөз, жылысөз отбасыңызға керек.

Кешіре біліңіз және кешірім сұрай біліңіз.

Өмірде қиындық көп кездеседі. Бақыт қиындықпен келеді.

Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.

Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылқап ас бермес-әке үлгісін көрмесе.

Адамның адамшылығы.......

Отбасының өнегесі.....

Ата-анасын сыйлайтын ұл.....

Қай кезде нан.....

Қазақтың терезе.....

ІІІ Жаңа сабақ

Слайд Ал, балалар, жаңа сабаққа көшеміз. Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбымыз: «Атаның сөзі-ақылдың көзі». Осы тақырыпты қалай түсінесіңдер, ойлаңдаршы? Аудармасын айтыңдар.

(Слова предков-источник ума)

Назар аударыңыздар осы көрме біздің тақырыбымызға арналған. Осы кітаптарды өз бетінше оқып кітапханадан алуға болады.

Бүгінгі сабаққа менің қойылған мақсатым осындай.................

  1. Дәптерге жазып қойыңдар бүгінгі күнді, тақырыпты

  2. Кітаптарыңды ашыңдар 70 бетте мәтін «Жігіт пен қария». Осы мәтінді топ бойынша жұмыс істейміз. Мәтінді абзацтарға бөлу.

  3. Топтарға тапсырмалар беріледі, сендер қазір ойлап таңдап алыңдар

Слайд 1 - диалог құрастыру (Тілшілер тобы болады)

2 - кластер жасау (Зерттеушілер тобы)

3 - мазмұнын айту (Ағартушылар тобы)

Топтарын атау, қандай жұмыс жасайтынын айту.

  1. Топтарды тексеру.

1 топ айтады, 2 топ бағалайды

2 топ айтады, 3 топ бағалайды

3 топ айтады, 1 топ бағалайды

Жарайсындар!

  1. Енді магнит тақташаларын дайындап менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

Сөз немесе сөзтіркес жазыңдар.

Арман дегеніміз ненің шындығы? Ақыл-ойдың. (Сен дұрыс жаз. Сен ойла).

Елді қандай адам бүлдіреді? Өсекші

Үйді қандай бала бүлдіреді? Ақылсыз

Әкімді не өсірмейді? Өсек

Өсекті тыңдау кімге жараспайды? Әкімге

Шындықты не бұзады? Тіл

Өсек кімді бұзады? Ерді


  1. Сөйлем тақтаға жазу синтаксистік талдау дәптерге ?

  2. ? Дәптерге деңгейлік тапсырмаларды орындау. Осы тапсырмалардың ішінде граматикалық тапсырмалар кездеседі. Орындап болғанда дәптерлерді жинап алу. Топтар әр деңгейді таңдап алады.

Уақыт қалмаса үйге тапсырма болады

  1. Сөйлем тақтаға жазу синтаксистік талдау дәптерге ?

  2. Уақыт қалса синквейн - дана-( мудрец)

Ү Сабақты қорыту. Слайд (мақал)

Меірімділікті анадан, әдептілікті данадан үйрен.

( Доброте учись у матери, вежливости у мудрого).

Осы сөздерді қалай түсінесіңдер?

Сабақтың тақырыбымыз қандай болды?

Қандай сабақта жұмыс жасадық?

Ү Бағалау.

ҮІҮйге тапсырма беру: 5-тапсырма бірнеше сұрақ құрастыру 72 бет

Рефлексия Тілек жазады не ұнады? Не ұнамады? (Балалар жазады)

Мұғалімдер жазады.



© 2010-2022