Қазақ тілінен ашық сабақ мақал-мәтелдер

5 сынып  Қазақ тілі                                                                               Сабақтың тақырыбы:  Мақал-мәтелдер Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мақал-мәтелдердің ерекшелігі мен қолдану ерекшеліктерін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың тапсырмадар арқылы білгендерін қолдана алуға, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды мақалды орынды пайдалануға, мән-мағынасын түсінуге үйрету. Сабақтың түрі: жаңа  сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мазмұндау.... Мақал Жақсы адамға жау жоқ. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Ауыртпалық ақыл қосар. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.  Ұжданы ақтың жүзі ақ. Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз. Мәтел Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру. Кәрі түлкі қақпаңға түспес. Айдағаның бес ешкі, ысқырығы жер жарады. Екі қораз ең далаға симас. Қыздың көзі қызылда. 128-жаттығу. Мәтінді оқып, автордың айтайын деген ойына сай сөйлеу мәнерін анықтаңдар. Ү. Сабақты сұрақтар арқылы бекіту. Мақал  дегеніміз не? Мәтелдер  дегеніміз не? Оларды қалай ажыратамыз?     ҮІ. Үй жұмысын беру. 125 жаттығу. Мақал мәтілдер жазып келу. .  ҮІІ. Сабақты қорытындылау
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мақал-мәтелдердің ерекшелігі мен қолдану ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың тапсырмадар арқылы білгендерін қолдана алуға, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды мақалды орынды пайдалануға, мән-мағынасын түсінуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мазмұндау.

Көрнекілік: сурет, сызба, оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

ә) сыныпты түгендеу.

- Біз бүгін сабақта тұрақты тіркестерді қайталаймыз. Ерасыл туралы оқимыз. Мәтінмен жұмыс жасаймыз.

ІІ. Ой қозғау.

- Мәтін деген не?

- Лексика дегеніміз не?

- Омоним дегеніміз не?

- Сөздің тура мағынасы деген не?

- Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІҮ . Жаңа сабақ

Тұрақты тіркестер сияқты мақал-мәтелдер де - әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал-мәтелдерде әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орынын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.

Мақал - тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер табы.

Мәтел - ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.

Мысалдар келтіру арқылы мағынасын түсіндіру. Өздеріне мысалдар келтірту.

126 - жаттығу. Мына мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

Отқа кеткеннің отыз айыз сөзі бар. Байтал түгіл бас қайғы. Батырға да жан керек. Айдағаның бек ешкі, ысқырығы жер жарады. Әзіл айтсаң да, ойлап айт. Білкенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.

Сергіту сәті.

127 -жаттығу. Мақалдарды бір бөлек мәтелдерді бір бөлек теріп жазу керек.

Мақал

Жақсы адамға жау жоқ.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Ауыртпалық ақыл қосар. Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп. Ұжданы ақтың жүзі ақ. Ең әдемі сөз - ең ақылды сөз.

Мәтел

Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру. Кәрі түлкі қақпаңға түспес. Айдағаның бес ешкі, ысқырығы жер жарады. Екі қораз ең далаға симас. Қыздың көзі қызылда.

128-жаттығу. Мәтінді оқып, автордың айтайын деген ойына сай сөйлеу мәнерін анықтаңдар.

Ү. Сабақты сұрақтар арқылы бекіту.

Мақал дегеніміз не? Мәтелдер дегеніміз не?

Оларды қалай ажыратамыз?

ҮІ. Үй жұмысын беру. 125 жаттығу. Мақал мәтілдер жазып келу. . ҮІІ. Сабақты қорытындылау

© 2010-2022