Ағылшын тілінен қолданбалы курс бағдарламасы Бізді қоршаған әлем (11-сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түсінік хат

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және кәзіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Шет тіліндегі білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы орындауда ұсынылып жатқан курс бағдарламасын тиімді бастама деп айтуға негіз бар. Ағылшын тілін үйретуде ақпараттық ортаны құруға негізделген жаңа ақпараттық құралдарды енгізу керек. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шеттілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Курс бағдарламасында берілген тақырыптар бойынша анимациялық суреттер, видео көріністер, презентациялар, әртүрлі дыбыстық құралдар тапсырмаларды түрлендіруге жәрдемдеседі. Сондықтан да курс информатика пәнімен тығыз байланыста.

Бағдарламада, мұғалім тарапынан берілген жұмысты орындай отырып,

оқушыда тілдің оқу, жазу, сөйлеу аспектілеріне қатысты дағдылар дамиды. Сөз

және оның мағынасы, қолдану ерекшеліктеріне басты назар аударылып, теорияны

практикамен ұштастыру мақсатында грамматикалық жаттығулар берілген.

Оқушының білімін жүйелендіруде, оның өз бетінше ізденуі

маңызды мәселе, бір неше жаттығуларды орындау барысында ол білімін,

дағдысын, қабілетін өсіре алады.

Әр бір тарау құрылымдық бөліктерден тұрады:

- Оқу - Reading

- Грамматика - Grammar

- Сөздік - Vocabulary

Курс бағдарламасы 34 сағатқа жоспарлаған.

-1-

Курстың мақсаты:

Ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, оқушының шет тіліндегі алған білімін тереңдету және жүйелеу, оқушының тілдік аспектілерге қатысты оқу, сқйлеу, жазу дағдыларын жетілдірумен қатар, өз бетінше шығармашыл ойлауға баулу.


Курстың міндеттері:

  • Оқушының шет тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттіліктерін дамыту;

  • Жазу, сөйлеу, оқу және тыңдау дағдыларын жетілдіру, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Қоршаған орта, болашақ , денсаулық т.б. тақырыптар бойынша дүниетанымын кеңейту және білімдерін жетілдіру;

  • Оқытудың белсенді тәсілдерін қолдана отырып, шығармашылыққа баулу.


Күтілетін нәтиже:

  • Шет тілінің грамматикасын өз тілінің грамматикасымен салыстыра отырып, өзара ерекшеліктерін ажырата алады;

  • Сөздік қоры артады, сөздің қолданылу ережелерін мәнмәтінге сәйкес аудара алады;

  • Тыңдау арқылы мәтіннің дұрыс дыбысталуына, мағынасын а көңіл аударып, өз сөзімен айтып беруге үйренеді;

  • Грамматикалық кестелерді құрастыра алады, мысалдар жазады.

  • Өз бетінше үздіксіз ізденіп, қалай оқу керектігін ұғынады.











-2-


Курстың бағдарламасы






Тақырыптары:

Сағат саны



1.



2.



3.



4.



5.



6.



Бізді қоршаған орта



Отбасы туралы ой бөлісу



Денсаулық



Ғылым және технология



Біздің болашағымыз



Өмір салты



5



5



5



5



6



8






Барлығы : 34 сағат































-3-

Курстың күнтізбелік жоспары


Сағат саны

Тақырыбы

Әдіс-тәсілдер

Уақыты



1.

2.

3.

4.

5.

5 сағат


1

1

1

1

1


"World Around Us"


Save the Earth

Eco-helpers

Born free

Scotland's national nature

Quiz



Reading and discussion

Matching

Asking questions





6.

7.

8.

9.

10.


5 сағат


1

1

1

1

1

"Talking on family matters"

Exploring your family

Family room

What makes a familyhappy?

Family disagreements

Quiz

Giving ideas

Summary ideas

Discussion




11.

12.

13.

14.

15.

5 сағат


1

1

1

1

1

"Health"


You are what you eat

Stress free

Gifts for everyone!

Idioms and sayings about food

Quiz


Asking questions

Matching

Writing situations






16.

17.

18.


19.

20.


5 сағат

1

1

1


1

1

"Science and Technology"


Learning from the past

Progress and development

Man made wonders of the world

Robots of the future

Quiz






-4-

Making tables

Filling tables


Speaking on the schemes





21.

22.

23.

24.

25.

26.

6 сағат


1

1

1

1

1

1

Our Future

Ways of expressing future

Predictions

Gadget madness

What's your opinion?

High-tech teens!

Quiz

Work on pictures

Giving ideas

Discussion

Speaking on the text



27.

28.

29.

30.

31.

32.

33.

34.

8 сағат


1

1

1

1

1

1

1

1

Lifestyles

Home on the road

Gateway to America

Alternative living

Heathrow is my home

Living in a block of flats

Englishmen's lifestyle

Quiz

Revision test

Matching sentences

Comparison of ideas

Expressing ideas







-5-

Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім бағдарламасының дамуы Астана, 2004.

2. Государственные стандарты 12-летнего образования. Астана, 2004.

3. Новое качество образование - компетентностный подход в обучении.

4. "Test Your English", В. Павлоцкий, МагнаМедиа, 2005

5. Грамматика. Сборник упражнений. Ю. Голицинский, Санкт-Петербург, 2002

6. "Advanced English". Медиахауз, 2005



Оқушыларға арналған әдебиеттер

1. "Test Your English", В. Павлоцкий, МагнаМедиа, 2005

2. Грамматика. Сборник упражнений. Ю. Голицинский, Санкт-Петербург, 2002

3. "Advanced English". Медиахауз, 2005

4. Верещагина Т.А. 'Enjoy English" "Prosvesheniye" 2004 г. часть 5-6























-6-













© 2010-2022