Абай Құнанбайұлы өмірі және шығармашылығы

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
3. Топтық міндет: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы

Сабақ барысы:
I. Қызығушылығын ояту
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен Абай.
II. Мағынаны тану
Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай - қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді.

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді: 1-топ: «Ибраһим», 2-топ: «Абай».

Әр топ Insert кестесін толтырады, бірінші және үшінші бағанын:

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?



Әр топ толтырған кестелерін оқиды.

Слайд арқылы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы шолу

Топ бойынша талдау жұмыстарын жасайды:

1-топ. Абай - ақын мәтін бойынша
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
*Абайдың бір өлеңін жатқа айту

2-топ. Абай - аудармашы мәтін бойынша
*Абай аудармалары туралы талдау жұмысын жүргізеді

*Бір аударма жұмысын айту

III. Ой - толғаныс

?

4.Сабақты бекіту:

- слайд арқылы білім мен байлықты салыстыру;

- кестенің екінші бағанын толтыру.

5.Сабақты қорытындылау:

- ақын туралы сөзжұмбақты шешу.

6.Үй тапсырмасы:

Өмірбаяны, бір өлеңін жаттау.

Бағалау.



© 2010-2022