Қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест сұрақтары

Қазақ тілі 9 – сынып I – нұсқа   1. Есімшенің жұрнағын табыңыз. А) Барса      В) Бармады       С) Баратын          Д) Барды        Е) Барғалы 2. В.В. Радлов Кім ? А) Суретші       В) Түрколог         С) Ақын      Д) Жазушы      Е) Әнші 3. Қазақ музыкасын зерттеген, насихаттаған композиторды белгілеңіз. А) М. Төлебаев     В) Қ. Жандарбеков    С) П. Шрамек    Д) А. Затаевич    Е) В. Качалов 4.Көңіл – күй одағайын табыңыз. А) Шай- шай    В) Алақай    С) Тәйт      Д) Айт      Е) Шөре – шөре 5. Конст...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

9 - сынып

I - нұсқа

1. Есімшенің жұрнағын табыңыз.

А) Барса В) Бармады С) Баратын Д) Барды Е) Барғалы

2. В.В. Радлов Кім ?

А) Суретші В) Түрколог С) Ақын Д) Жазушы Е) Әнші

3. Қазақ музыкасын зерттеген, насихаттаған композиторды белгілеңіз.

А) М. Төлебаев В) Қ. Жандарбеков С) П. Шрамек Д) А. Затаевич Е) В. Качалов

4.Көңіл - күй одағайын табыңыз.

А) Шай- шай В) Алақай С) Тәйт Д) Айт Е) Шөре - шөре

5. Конституция құрамындағы тарау санын көрсетіңіз.

А) 25 В) 15 С) 5 Д) 9 Е) 10

6. Жуан буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Қоңырау, сабақ В) Терезе, гүл С) Мектеп, мұғалім Д) Оқушы, білім

Е) Кеш, өлең

7. Түбір сөздер қатарын белгілеңіз.

А) Анашым, әкетай В) Күйші, биші С) Әнші, суретші Д) Іні, аға, көке

Е) Қалқатай, шырағым

8. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Табиғат көрінісі тамаша.

В) Қар аралас жаңбыр жауды.

С Күн аса суық болмағанмен, ызғары бар.

Д) Күн суық болды.

Е) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезелерді қырау басты.

9. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Қыс. Аппақ қар.

А) Жайылма В) Атаулы С) Жалаң Д) Толымды Е) Толымсыз

10. Бір тәуліктегі сағат санын юелгілеңіз.

А) 12 В) 48 С) 96 Д) 6 Е) 24

11. Сұраулық шылауды көрсетіңіз.

А) Жаңбыр жауды да, күн шықты.

В) Олар мектепке қарай кетті.

С) Жаяу барсам алыс емес пе ?

Д) Мен батырлар туралы кино көрдім.

Е) Көктемді және күзді ұнатамын.

12. «Тез» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Жылдам В) Ерте С) Орташа Д) Жай Е) Жақсы

13. Тұйық буынды сөздерді белгілеңіз.

А) Дәптер, мектеп, гүл В) Мереке, үлгі, аула С) Ән, ас, ал

Д) Кісі, таза, үн Е) Сұлу, жұқа, кіші

14. Болымсыз етістікті белгілеңіз.

А) Жатты В) Санамады С) Тыңдады Д) Ішті Е) Өсті

15. Ашық буыннан тұратын сөзді табыңыз.

А) Торы В) Күз С) Ант Д) Оқ Е) Тақпақ

16. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып жетекшісін іздедім.

В) Күз түсті, күн салқындады.

С) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

Д) Күн суық, әрі қар борап тұр.

Е) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.

17. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Атаулы В) Жалаң С) Жайылма Д) Толымды Е) Жақсыз

18. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

А) Ерлік В) Достық С) Мекендеу Д) Қадірлеу Е) Қоғамдық

19. Негізгі етістікті табыңыз.

А) Жазды В) Барды С) Айтқан Д) Ашты Е) Бар

20. Олжас Сүлейменов кім екенін анықтаңыз.

А) Сазгер, әнші В) Ақын, әнші С) Жазушы, тарихшы

Д) Ақын, қоғам қайраткері Е) Өнер қайраткері, сазгер

21. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.

А) Аспан В) Жұлдыз С) Жер Д) Ай Е) Планета

22. «Жарық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Қараңғы В) Биік С) Жаман Д) Қара Е) Таза

23. Атау септігінің сұрағын белгілеңіз.

А) Кімнің? В) Кім ? Не ? С) Кіммен ? Немен ? Д) Кімге ? Е) Кімді ?

24. Алматы қаласының астана болған жылдарын белгілеңіз.

А) 1925-1990ж.ж. В) 1929- 1997ж.ж. С) 1933-1985ж.ж. Д) 1931-1991ж.ж.

Е) 1940-1993ж.ж.

25. Негізгі сын есімді көрсетіңіз

А) Судай В) Салмақты С) Ақылды Д) Жібектей Е) Жарық





Қазақ тілі

9 - сынып

II - нұсқа


  1. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.

А) Орман В) Өнер С) Қолөнер Д) Жазушы )Е Мектепте

2. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар екенін көрсетіңіз.

А) 5 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 1

3. I жақтағы етістікті белгілеңіз.

А) Қуандым В) Ашуланды С) Ренжідің Д) Келесің Е) Жүр

4. Анықтауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Көлдер ластанып жатыр. В) Көлдің деңгейі төмендеген.

С) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. Д) Досым кітап сатып алды.

Е) Ол бізбен кездесті.

5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

А) д,т,р В) ә,қ,ң С) а,г,і Д) ж,з,қ Е) г,н,е

6. Бітеу буынды сөзді белгілеңіз.

А) Уық В) Қанат С) Кереге Д) Адалбақан Е) Кептер

7. Көптік жалғаулы сөзді анықтаіыз.

А) Қабырға В) Дәптер С) Ағаштар Д) Ақын Е) Өлке

8. Сын есім нені білдіреді ?

А) Заттың қимыл- әрекетін В) Заттың сынын С) Заттың атауын

Д) Заттың санын Е) Заттың ретін

9. Әміре Қашаубаевтың кім екенін анықтаңыз

А) Ақын В) Аудармашы С) Суретші Д) Әнші Е) биші

10. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Қағазды В) Кітаптың С) Әншіге Д) Қаламмен )Е Ауызды

11. «Мақсат» сөзінің синонимін белгілеңіз.

А) Орман В) Қысқа С) Даңқ Д) Жау Е) Мұрат

12. Ғалым Ғ. Айдаровтың зерттеген саласын көрсетіңіз.

А) Көне түркі жазулар В) Көне славян жазулар С) Орыс тілін

Д) Неміс тіліндегі жазулар Е) көне тарихты

13. Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алған кім ?

А) С. Тыныштығұлова В) Ә. Молдағұлова С) Ә. Өмірзақова

Д) Х. Бөкеева Е) Б. Римова

14. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Азырақ сөйледі В) Құлап қалды С) Көргені көп Д) Көп сөз

Е) Баяу қозғалды

15. Қазыбек бидің туған жылын белгілеңіз.

А) 1668 В) 1667 С) 1663 Д) 1670 Е) 1660

16. Антоним сөздерді белгілеңіз.

А) Әдейі, арнайы В) Кілтпен ашты С) Қалаға барды Д) Биік, аласа

Е) Әдепті бала

17. Тек қатаң дауыссыздан тұратын сөзді көрсетіңіз.

А) Ағаш, аула, ел В) Заң, жарыс, бет С) Қарға, жарға, апан

Д) Бет, жол, емен Е) Аққу, апта, көк

18. Табыс септігіндегі сөзді белгілеңіз.

А) Еденді В) Терезе С) Бормен Д) Төбенің Е) Есіктен

19. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Думан, той В) Бала, мұғалім С) Ажарлы, ажарсыз Д) Нәзік, толық

Е) Үлкен, кіші

20.Пысықтауышты көрсетіңіз.

А) Қайтты В) Тіршілігін С) Көктемде Д) Көптеген Е) Ғалым

21. Негізгі етістікті табыңыз.

А) Берер В) Әперді С) Салынды Д) Көр Е) Ашуланды

22. В.В. Радловтың кім екенін анықтаңыз.

А) Оқытушы В) Түрколог С) Сәулетші Д) Мұғалім Е) Жазушы

23. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимі

А) Тентек В) Баяу С) Жайлы Д) Нәзік Е) Момын

24. Жұрнағы бар сөзді белгілеңіз.

А) Қара В) Көрсеткіш С) Сары Д) Асыл Е) Сұра

25. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жастар мерекесі. В) Ол оқып жүр. С) Уақыт жоқ. Д) Мен мектепке тез жиналдым. Е) Уақыт бітті.







Қазақ тілі

9 - сынып

III - нұсқа

1.Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Ұзын, қысқа В) Мұғалім, ұстаз С) Түс, ат Д) Сұлу, әдемі Е) Ат, есім

2. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз.

А) Ашық, қысаң В) Қатаң, ұяң С Жуан, жіңішке Д) Үнді, қатаң

Е) Еріндік, езулік

3. Ұяң дауыссыз дыбыстардан тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Қыста, Зере В) Жазда, Зада С) Байлық, Дара Д) Дана, Жанар Е) Зерек, жылы

4. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Марал, қант В) Арқа, көңілге С) Өрт,ас Д) Жоқ, от Е) Бұғы, ұлт

5. Туынды түбір сөздерді анықтаңыз.

А) Ән, оқу В) Білім, білгіш С) Жерге, өзді Д) Күзге, сурет Е) Ал, алды

6. Тек қатаң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.

А) Ескерткіш В) Кешке С) Даңғыл Д) Қамқоршы Е) Денсаулық

7. Күрделі бастауышты табыңыз.

А) Астана қаласы - Қазақстанның бас қаласы.

В) Жаңбыр құйып кетті.

С) Өтеген он төрт жаста.

Д) Оқушылар мектептен қайтты.

Е) Күн жылынды.

8.Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.

А) Өмір - үлкен мектеп. В) Ұяттың үлкені - өзіңнен өзің ұялу.

С) Сегіз қырлы, бір сырлы. Д) Жығылған - күреске тоймайды.

Е) Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

9. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Биыл мектеп бітіремін және Астанаға жоғарғы оқу орнына түсемін.

В) Көктем келді де, күн жылынды.

С) Қоңырау соғылды, сабақ басталды.

Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмайды.

Е) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.

10. Жекіру одағайын табыңыз.

А) Алақай В) Бәрекелді С) Шіркін Д) Пай Е) Тәйт

11. Құрмалас сөйлемнің түрін белгілеңіз. Ол көп уайымдап, үйге келді.

А) Салалас құрмалас сөйлес В) Аралас құрмалас сөйлем С) Себеп бағыныңқылы

Д) Мақсат бағыныңқылы Е) Қимыл - сын бағыныңқылы

12. Жай сөйлемніің түрін анықтаңыз.

Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді.

А) Жайылма В) Жалаң С) Жақсыз Д) Толымсыз Е) Атаулы

13. Қосымшалары қатаң дауыссыздан жасалған сөздерді табыңыз.

А) Орманда, теңізбен, қаладан В) Рәміздер, шыршалар, өңірмен

С) Елім, мәдениетпен, татулық Д) Мектептен, оттан, оңтүстікте

Е) Өзенде, жануарлар, табиғаты

14.Негізгі түбірден жасалған сөздер қатарын анықтаңыз.

А) Жинаушы, ақылшы, айтушы В) Айлық, ілгіш, білгіш С) Бас,өнер, сурет, ән

Д) Көмекші, аспаз, оқушы Е) Көк, алу, айту

15. Зат есім, сан есім, сын есімнің орнына жүретін сөз табы қалай аталады ?

А) Сын есім В) Етістік С) Есімдік Д) Көсемше Е) Сан есім

16. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Ағасы бардың - жағасы бар. В) Таң мезгілі. С) Ел іші - өнер кеніші.

Д) Інісі бардың - тынысы бар. Е) Киімін жинастырды.

17. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз.

А) Ештеңе В) Сендер С) Түгел Д) Өзің Е) Мынау

18. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.

В) Ауылда жаңа мектеп салынды.

С) Күн бұлтты, бірақ жаңбыр жауған жоқ.

Д) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай - күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

Е) ААйгүл аттан түсті, су қайта таязданып қалыпты.

19. Қалай ? Не себепті ? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесінкөрсетіңіз.

А) Пысықтауыш В) Анықтауыш С) Бастауыш Д) Толықтауыш Е) Баяндауыш

20. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

А) Қонақтарды қарсы алды әкем. В) Әкем шешем алды қарсы қонақтарды мен.

С) Мен әкем қарсы алды шешем қонақтарды. Д) Қонақтарды әкем мен шешем қарсы алды. Е) Қарсы алды қонақтарды әкем мен шешем.

21. Туынды етісітікті белгілеңіз.

А) Ойлану В ) Жеңілдік С) Сәндік Д) Тазалық Е) Мырзалық

22. «Жетісу тарихының шежіресі» еңбегінің авторын белгілеңіз.

А) В.В. Радлов В) В. Томсен С) В.В. Бартольд Д) Н. Сауранбаев Е) Ғ. Айдаров

23. 1928 жылы Қазақстанда қолданылған алфавитті белгілеңіз.

А) Латын В) Орыс С) Қазақ Д) Түрік Е) Араб

24. Қазақ тіліне тән дыбыстар санын көрсетіңіз.

А) 9 В) 8 С) 10 Д) 12 Е) 15

25. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді белгілеңіз.

А) Құрмалас В) Жай С) Сабақтас Д) Салалас Е) Толымды




IY - нұсқа

  1. Жуан дауысты дыбыстар қатарын табыіңыз.

А) О,Ө, Ұ,Ү. В) Ұ,Ы, О,А. С) Ы,І,И,А. Д) А.Ө,І,И. Е) Ә,Е, Ы, Ү.

2. Болымсыз есімдігін белгілеңіз.

А) Ешқашан В) Барлық С) Әрбір Д) Әлдекім Е) Сол

3. Қай дыбыс жуан әрі еріндік дыбыс

А) Ө В) Ы С) А Д) Ү Е) Ұ

4. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

А) құ-мырс-қа В) тас-ы-мал С) ке- мең- гер Д) сеп- тік- ті Е) бә- се- ке- ге

5. Сын есімнің сұрақтарын белгілеңіз.

А) Қанша ? Неше ? В) Кім? Не? С) Қандай ? Қай ? Д) Не істеді? Қайтті?

Е) Қалай ? Қайда?

6. Ашық буынды сөзді белгілеңіз.

А) Қастық В) Қант С) Азықпен Д) Сақшылар Е) Балаға

7. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Тұрдық В) Жағалау С) Зиянын Д) Жұлдыз Е) Ордада

8. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

А) Өнерпаз В) Уәделі С) Даланың Д) Әкесінен Е) Ағаны

9. Синоним сөздер қатарын белгілеңіз.

А) Төңірек, құрбы, мінез. В) пысық, үлкен, ынта. С) Арман, асыл, әрең.

Д) Ескі, көне, ежелгі. Е) ақырын, көше, жай.

10. Бірге жазылатын күрделі зат есімді табыңыз.

А) Балқаш көлі В) Тас бақа С) Бала шаға Д) Қант қызылшасы Е) ата ана

11. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдарын белгілеңіз.

А) 1835 - 1865ж. В) 1841- 1889 ж. С) 1804 - 1848 ж. Д) 1837 - 1936 ж.

Е) 1845 - 1904 ж.

12. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін табыңыз.

А) Жақты, жақсыз, атаулы. В) Хабарлы, лепті, сұраулы Д) Жай, күрделі, басыңқы

Е) Толымды, толымсыз, жалаң

13. Ашық, қысаң дауыстылар қалай жасалатынын анықтаңыз.

А) Еріннің қатысына қарай В) Езудің қатысына қарай С) Жақтың қатысына қарай

Д) Салдырдың қатысына қарай Е) Тілдің қатысына қарай

14. «Құтадғу біліктін» авторын белгілеңіз.

А) Абай Құнанбаев В) Қазтуған жырау С) Ахмет Иссауи Д) Жүсіп Баласағұн

Е) Әбу Насыр әл - Фараби

15. Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.

А) Жүз жиырма бес үй. В) күз келді. С) Ауыл әлі ояна қойған жоқ.

Д) Сызықша және үтір қойылады. Е) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

16. Ыбырай Алтынсариннің шығармасын көрсетіңіз.

А) Қыпшақ Сейітқұл В) Киіз үй С) Ескендір Д) Арғымақтың баласы Е) Туған жер

17. Етістіктен болған баяндауышты табыңыз.

А) Айтпағым - осы. В) Абай кітапқа үңіледі. С) Заман жастардікі.

Д) Біз жиырма төрттеміз. Е) Отырыста Құнанбай әлі тіп - тік.

18. Салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

А) Қазақ ешқашан өз бетімен біреумен соғыспаған, ол тек жадан қорғанған.

В) Ол көптеген елдермен шектесіп, ұлан - байтақ жерді алып жатыр.
С) Әлемдегі талай елдің елтаңбасын салыстыра отырып, өз еліміздің елтаңбасын ойлап таптық.

Д) Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең болсын» деген сөз бар.

Е) Қазақ жері - бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын кең өлке.

19. Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітапты белгілеңіз.

А) Даналық кітабы В) Тіл құралы С) Құтадғу білік Д) Диуани лұғат - ат - түрік

Е) Диуани хикмет

20. Баяндамашыдан немесе шығармадан ең керекті дегендерді жазып алу

А) Тезис В) Мақала С) Күнделік Д) Баяндама Е) Конспект

21. Бұл күнде араб алфавитін жер шарындағы халықтың

А) 10 пайызы қолданады В) 20 пайызы қолданады С) 30 пайызы қолданады

Д) 40 пайызы қолданады Е) қолданбайды

22. Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді табыңыз. Мейрам кешке жақын келуі қажет.

А) Мейрам В) Кешке С) қажет Д) жақын Е) келуі

23. Нақ осы шақта тұрған дара етістікті белгілеңіз.

А) Ол үйге бара жатыр. В) Сіз оқымай отырсыз. С) Сіздер отырсыздар.

Д) Біз оқып отырмыз. Е) Мен оқып отырған жоқпын.

24. Топтау сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Алаңға жүздей адам жиналды. В) Әсем он жетіде. С) Әжей үшінші орынға отырды.

Д) Сыныптың үштен бір бөлігі - қыздар. Е) Емтиханға бес - бестен кірді.

25. Сөздері ұяң дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.

А) Баян дастарқан жайды. В) Наурыз мейрамында көже пісірді.

С) Әжем - шешендік пен әділдіктің бұлағы. Д) Немересі еңбекқор, мейірімді болып өсті. Е) Мерекені көңілді өткіземіз.

сөзді табыңыз. +





Y - нұсқа

1. Туынды сөзді табыңыз.

А) Еңбекпен В) Еңбекші С) Еңбегің Д) Еңбекті Е) Еңбектен

2. Сан есімнің қай сөйлем мүшесі болатынын анықтаңыз.

Оның жалпы ұзындығы жеті мың шақырымға созылған.

А) Бастауыш В) Анықтауыш С) Толықтауыш Д) Пысықтауыш Е) Баяндауыш

3. Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол емтиханды беске тапсырды, себебі жақсы дайындалған болатын.

В) Ұзақ сапар шеккелі, мақсатқа осы жеткенім.

С) Қалаға ол күн көтерілген соң жетті де, бірден досын іздеді.

Д) Найзаның қырлы, өткір ұшы көздеген жержен тие қоймады.

Е) Іші - бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды.

4. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Бардың ба ? В) Болмайды С) Айтты ма ? Д) Көрме ашылды ма ?

Е) Әкелдің бе ?

5. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Әркімнің туған тілі - туған шеше.

А) Толықтауыш В) Бастауыш С) Анықтауыш Д) Пысықтауыш Е) Баяндауыш

6. «Қарамады» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.

А) Аузын ашпады В) көз қырын салмады С) қоян жүрек Д) Аузы ашық

7. Жалаң сөйлемді анықтаңыз.

А) Үлкен жетістіктерге жеттік. В) Жаңбыр жауды. С) Уақыт алтыннан да қымбат

Д) Адам үшін ең қымбат нәрсе - уақыт. Е) Бүгін күн суық.

8. Жалғаулықтардың түрін табыңыз. « Не, немесе, әлде»

А) Кезектес В) Қарсылықты С) Ыңғайлас Д) Талғаулықты Е) Себеп - салдар

9. Тура мағынада қолданылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Биік сезім В) Жылы ниет С) Биік ой Д) Жылы лебіз Е) Биік тау

10. Қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.

А) Қатық В) Жалау С) Наурыз Д) Рәміз Е) Егемен

11. Жатыс септігіндегі сөзді белгілеңіз.

А) Жақын В) Батыста С) Үйді Д) Асан Е) Көлдер

12. «Дәулет» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) Байлық В) Бас С) Қас Д) Үлкен Е) Аз

13. Тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамын көрсетіңіз.

А) Наурыз В) Жеңіс күні С) Республика күні Д) Конституция күні

Е) Айт мейрамы

14. Қалау райды табыңыз.

А) Жүздескім келеді В) Жаздық С) Келші Д) Барамын Е) Барса екен

15. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

А) Егеменді В) Сөйлемді С) Бейбітшілік Д) Ғылым Е) Өнерпаз

16. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді белгілеңіз.

А) Көріңдер В) Жарату С) Отырғыз Д) Тон Е) Сыйғыз

17. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Өлді В) Көремін С) Өзендер Д) Көгереді Е) Жазда

18. Мизам мейрамы қай кезде тойланады ?

А) Күзде В) Көктемде С) Жазда Д) Қыста Е) Түнде

19. Ұяң дауыссыз дыбысқа басталған сөзді көрсетіңіз.

А) Оқулық В) Біз С) Тармақ Д) Мәдениет Е) Кездік

20. Өздік есімдіктерін белгілеңіз.

А) Барлық, күллі В) Өзі, өзім С) Бірге, саған Д) Анау, мынау Е) Ешқайда, ештеңе

21. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қонақ үйде әзілдесіп отырдық.

В) Мейіріммен сүйеді ол бар адамды.

С) ол ғұмырды келеді бір - ақ тепкім.

Д) Толқыны тулаған көк теңіз.

Е) Ана тілімізді қадірлеу- бәріміздің міндетіміз.

22. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.

А) Барлығы, түгелі В) әлдеқайда ,кейде С) солардың, осылар Д) Кейбір, біресе

Е) ешқайсы, ешкім

23. «Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түріне жатады ?

А) септеулік В) жалғаулық С) демеулік Д) болжалдық демеулік

Е) шектік демеулік

24. Омоним болатын сөзді белгілеңіз.

А) Күндіз В) кірпік С) Көктем Д) Кеш Е) Керемет

25. Бірге жазылатын күрделі зат есімді табыңыз.

А) Тас бақа В) Бала шаға С)ата ана Д) қант қызылшасы Е) Балқаш көлі



© 2010-2022